Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu срс.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
35.64 Кб
Скачать

Тақырып 8 – Ислам

1. Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Қазақстан жеріне және Орталық азия территориясына мұсылмандық идеялардың енуі б.з.д VII-VIIIғ. анықталады.

Қазіргі Қазақстан аумағында ислам дінінің тарауы бірнеше ғасырға созылған үрдіс. Алғашында жана дін ооңтүстік аудандарға енді. Х ғ. Соңында жетісу мен Сырдарияның отырықшы халықтарының арасында тұрақталды.

Ислам дінінің жергілікті халықтар арасына енуі бейбіт жолмен жүрді және халықты қыспаққа алмады. Исламды түрлі ұлтатар мен түрлі тап өкілдері өз еркімен қабылдады.

2. Құран кітабы басқа әдебиеттерден «кіріспе» немесе «негізгі бөлім» деген әдеттегі бөліктерден құралмаған, тізбекті емес, тармақталған құрылымнан тұрады. Сонымен қатар Құрандағы сүрелер мен қиссалар біріне-бірі ерген түрде келмеген, аралары үзік. Сахабалар мен олардың ізбасарлары Құран Кәрімді Рамазан айында хатым етуді (яғни толықтай оқып шығу) жеңілдету үшін оны айдың отыз күніне сай келетіндей бірдей бөліктерге (джуз немесе пара) бөлген. Бұл бөліктер сахабалардың иджтиһадының жемісі болғасын, бұл бөліну міндетті түрде орындалуы керек емес. Отыз параға бөлінген секілді кей ғалымдар Құранның парасын екі хизбке бөлген, ал хизбты төртке (рубғ) және т.с.с. бөлген. Құран «сүре» деп аталатын ұзындығы әртүрлі 114 бөліктен тұрады. Олардың орналасқан ретінің түсу тарихына қатысы жоқ — ертерек түскен сүрелер Құранның аяқ жағында да келуі мүмкін. Өз кезегінде бұл сүрелер түсу мерзіміне байланысты меккелік сүре және мединелік сүре деп екіге бөлінеді.

Мұхаммед пайғамбардың  кезінде аяттардың арасын бөлу жүзеге аспағаннан соң, олардың саны аят арасын бөлу үлгісіне байланысты болып келеді. Аяттардың саны уахидың мәтініне қатысы жоқ, тек олардың арасын бөлуге қатысты

  • Әбу Джафар: 6210 аят

  • Шәйба ибн Нассах: 6214 аят

Құран сөздері мен әріптерінің сандары туралы мұсылман ғалымдарының бірнеше пікірі бар, себебі Ислам дінінің бастапқы кезеңінде араб жазуы жаңа тұрақтана бастағаннан соң кей ғалымдар әріп деп санаған белгілерді басқалары әріп деп есептемеген, сондықтан сандар арасындағы қайшылықтар туған

  • Джалалуддин әс-Суюти: 77,439 сөз

  • Әбу Хамид әл-Ғазали: 77,200 сөз

  • Ата ибн Ясар: 77,439

Әріп саны:

  • Муджаһид: 321,180 әріп

  • әл-Фадл ибн Ата: 323,015

  • Ибн Касир: 320,015 әріп

  • Әбу Хамид әл-Ғазали «Ихйа улум әд-дин» кітабында: 321,250 әріп

  • әл-Хәджадж ибн Юсуф жинаған хафиздар мен ғалымдардың жиыны: 340,740 әріп.

3.

Бағыттары

суниттер

шииттер

сопылық

Атақты өкілдері

Әһл әс-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифаны мойындау (Әбу Бәкр, Омар, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб), алты хадистер жиынтығын мойындау (Сахих әл-Бұхари, Сахих Муслим, Сунан Әбу Дәуд, Жамиғ әт-Тирмизи, әс-Сунан әс-Суғра, Сунан Ибн Маджаһ)

Әли ибн Әбу Талиб, шииттер оны «Мұртаза» атайды;

Хасан ибн Әли ибн Әбу Талиб; шииттер оны «Муджтаба» атайды;

Хусәйн ибн Әли ибн ӘБу Талиб; шииттер оны «Шәһид» атайды;

Әли ибн әл-Хусәйн ибн Әли; шииттер оны «Зәйн әл-абидин» атайды;

Мұхаммед ибн Әли ибн әл-Хусәйн; шииттер оны «Бақыр» атайды;

Джафар ибн Мұхаммед; шииттер оны «әс-Садиқ» атайды;

Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шииттер оны «Казым» атайды;

Әли ибн Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шиитер оны «Риза» атайды;

Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииитер оны «Тақий» немесе «Джәууад» атайды;

Әли ибн Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииттер оны «Нақий» немесе «Һади» атайды;

Хасан ибн Әли ибн Мұхаммед; шиитер оны «Зәкий» немесе «Аскәри» атайды;

Мұхаммед ибн Хасан әл-Аскәри; шииттер оны «Мәһди» немесе «Худжжатул-қаим әл-Мунтазыр» атайды. 

Дарқауи тариқатының сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба

Негізгі сипаттама

араб тілінде «тура, дұрыс жол, үлгі алатын іс-әрекет» деген мағынаға ие. 

 Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым.

зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту жәнерухтың дәрежесін көтеру. 

Тақырып 10 – Жаңа діни қозғалыстар

1. 1. Неохристиандық бірлестіктер.

«Игова куәгерлері»

2. Неоориенталистік ағымдар

3. Шайтандық топтар.

4. Саентологиялық ілім.

5. Оккультизм және емдеулік культтер.

«Алля Аят»

«Ата жолы»

Бахаизм

Ахмадие қауымы.

2. «Игова куәгерлері» - ұйымның негізі қалаған Чарльз Тейз Рассел. Ол 1878 ж. Питсбургте өзінің шіркеуін құрды. 1884 жү Расселдің құрылған шіркеуі негізінде «Күзет мұнараның, Інжілдің және трактаттардың қоғамы» ұйымдастырылды, ал 1931 жылдан бастап бұл ұйым «Иегова куәгерлері» деп аталынады. Қазақстан территориясында «Иегова куәгерлері» ілімнің таралуы мен қауымдардың құрылуы ХХ ғ. 40-50 жж. болды.

Иегова куәгерлерінің ілімі протестантимзнен пайда болды, бірақ негізгі христиандық түсіндірмелер өзінің жеке түсіндірмесіне ие болды. Олардың іліміне сәйкес біртұтас Құдайдың есімі – Иегова болды. Ұйымның мүшелері Троицаны, яғни Құдайдың үш тұрғыда тіршілік етуін (Құдай-ата, Құдай-бала және қасиетті рух тұрғысында) қабылдамайды. Олар Иисус Христосты Құдайдың бірден-бір ипостасі емес, ал Құдайдың ең алғашқы жаратылуы, қасиетті адам Михаил Архангелмен теңестірілетін оның ең жоғарғы туындысы деп түсінеді. Иисус крестке емес, бағанаға керілген деп Иегова куәгерлері есептейді, соныдқтан діни таңба ретінде кресті пайдаланбайды. Икона мен крестке табынуды олар пұтқа табынушылық деп санайды.

Иегова куәгерлері кез-келген мемлекетті шайтанның қаруы ретінде санайды, оларға әскерде болуға, мемлекеттік әнұранды айтуға, сайлауларға қатысуға, ресми құрылымдарда қызметте болуға қатаң тыйым салынған, бірақ салықтарды төлеуге болады. Иегова куәгерлері әртүрлі зайырлы ұйымдарға енбейді. Олар қан құюға қарсы болады. Көптеген христиандық бағыттар Иегова куәгерлерін христиандар деп санамайды. ҚР-да Әулиелердің Иисус Христос Шіркеуінің (мормондар) алғашқы ұйымы 2000 жылы тіркелген болатын.

Бұл ұйымды 1830 ж. АҚШ-да Джоеф Смит құрды. Оның өлімінен кейін шіркеуді 12 апостолдардың шіркеу кеңесі басқарды, бұл кеңес ары-қарай басқару кеңесіне ауыстырылды. Інжілден басқа, мормондар өзінің діни практикасында өзінің жеке жазуларына да негіздейді, олардың ішінде «Мормон кітабы», «Ілім және өсиет», «Асыл інжу». Дж.Смит авторының бұл үш кітабы інжіл сияқты өте маңызды болып табылады.

Шіркеудің рәсімдік тәжірибесінде дәстүрлі христиандық конфессиялардың өкілдері соқыр сенімді және неопұтқа табынушылық деп аталатын діндер кездеседі. Шіркеудің ұйымдасуы қатаң иерархияға сәйкес құрылады: басында пайғамбар тұрады, оның қол астында коллегия болады – 12 апостол және 70 оқушы. Қауымның мүшелері арасында ақсақалдар, діндар басшылары, ұстаздар, епископтар және т.б. ерекшелінеді. Шіркеу мүшелері міндетті түрде десятина сияқты салықты төлеу керек. Мормондар белсенді миссионерлік жұмысты жүргізеді, олардың қауымдары әлемнің көптеген елдерде бар.