Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
колик куралдарын багалау.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
840.19 Кб
Скачать

2.4. Табыстың кемуіне негізделген әдіс

Табыстың кемуіне негізделген әдіс физикалық тозудың өсуімен, жабдықтың әкелетін табысының пропорционалды кемитініне негізделген. Физикалық тозу коэффициенті формула бойынша анықталады:

(2.12)

Мұнда, – жаңа машиналар мен жабдықты пайдаланған кезде түскен табысы;

–ағымдағы уақыт аралығында түскен табысы.

Берілген әдіс экономикалық жағынан жан – жақты қорытынды бере- ді, бірақ ол күрделі болып келген және үлкен көлемде мәліметтерді қажет

етеді. Берілген жабдықтың статистикалық берілген талдауы негізінде мыналарды анықтау қажет:

- жүргізілген толық жөндеу жұмыстарының уақыт аралығы;

- жөндеу жұмыстары арасындағы жабдықтың өнімділігінің төмендеуі;

Табысты есептеу үшін берілген жабдықта өндіріп жатқан өнімнің бағасын білу қажет. Ал шығындарды есептеу үшін пайдаланып жатқан қуаты, материалдарға, саймандарға, төлем ақы тарифтеріне, жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды, үстеме шығындардың және салықтардың ставкасын анықтау қажет.

Мысал 2.5. 2.1 - кестеде термопластавтоматтың 1996 - 1997 жылдары жұмыс істегені туралы берілгендер көрсетілген:

Кесте 2.1

Термопластавтоматтың жұмыс істеу көрсеткіштері

Көрсеткіштер,млн.тенге

Жылдар

1996

1997

тоқсан

І

ІІ

ІІІ

ІV

I

Табысы

150

150

144

142

135

Табыстың төмендеуі

-

-

6

8

15

І және ІІ тоқсанның табыс көрсеткіштері жаңа термопластавтоматтың пайдалануына сәйкес (150 млн.тенге). 1996 жылдың ІІІ тоқсандағы тозуды (2.12) – формула бойынша анықтаймыз:

Ал ІV және V тоқсан үшін:

,

2.5. Машина құрылымын жекелей есептеу әдісі

Берілген әдіс машиналардың және жабдықтардың жеке тораптарының физикалық тозу коэффициенттерін анықтауға негізделген. элементінің тозуымәнінен табылады:

, (2.13)

Мұнда, элементінің нақты физикалық тозуы;

машиналар мен жабдықтардыңэлементінің өзіндік құны;

машиналар мен жабдықтардыңэлементінің нормативті қызмет ету мерзімі.

Жалпы объектінің тозуы барлық элементтердің суммасының қосындысы ретінде анықталады:

(2.14)

Мысал 2.6. Металлкесуші станоктың нормативті жұмыс істеу мерзімі 20 жыл. 2.2 – кестеде көрсетілген берілгені бойынша станоктың физикалық тозуын анықтау қажет.

Кесте - 2.2

Тозуды есептеуге арналған берілгендері

Элементтері

Нақты физикалық тозуы, %

Өзіндік құны, млн.тг.

Жұмыс істеу мерзімі, жыл

Корпустық бөлшектер

10

45

20

Жылдамдықты ауыстыру қорабы

60

10

10

Шпиндельді топ

30

10

5

Электр жабдығы

20

5

5

Жалпы станоктың өзіндік құны:

млн.тг. құрайды,

Корпустық бөлшектердің тозуын есептеу:

%,

Жылдамдықты ауыстыру қорабының (), шпиндельді топ (), электр жабдығының () тозуы:

%,

%,

%.

Жалпы станоктың физикалық тозуы:

,

%.