Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
колик куралдарын багалау.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
840.19 Кб
Скачать

2.3. Жөндеу цикліне байланысты әдіс

Жөндеу цикліне байланысты әдіс машиналар мен жабдықтарды пайдаланғанда, олардың тұтынушылық қасиеті физикалық тозудың өсуімен төмендейтін ұйғарымға негізделген. Есептеу жүргізген кезде, тек қана толық жөндеу жұмыстарын ескереді. Тұтынушылық қасиеттің () кемуі екі толық жөндеу жұмыстарының уақыт аралығында болады.

Жөндеу жұмысының соңындағы тұтынушылық қасиеттің төмендеу коэффициентін () деп белгілейік. Сонда жөндеу циклінің соңында тұтынушылық қасиеттің мәні мынаған тең болады:

(2.3)

Мұнда, жөндеу циклінің соңындағы тұтынушылық қасиеттің мәні;

жөндеу жұмысының басындағы тұтыну қасиетінің мәні (жабдықты пайдалануға кірістірген кезде);

жөндеу жұмысының соңындағы тұтынушылық қасиеттің төмендеу коэффициенті.

Жөндеу циклінде тұтынушылық қасиеттің төмендеу интенсивтілігі ға пропорциялы болады. Олай болса,

Мұнда, тұтынушылық қасиеттің төмендеу интенсивтілігі;

жөндеу циклінің ұзақтығы.

(2.3) формуласының мәнін есептей келе:

(2.4)

Машиналар мен техникалық жабдықтарды толық жөндеуден өткізу жабдықтың тұтынушылық қасиетін біраз шамаға көтереді:

(2.5)

Мұнда,толық жөндеу жұмысынан кейінгі тұтынушылық қасиеті;

жөндеу циклінің соңындағы тұтынушылық қасиеттің мәні;

жөндеу жұмысының соңындағы тұтынушылық қасиеттің төмендеу коэффициенті.

жабдықтың тұтынушылық қасиетінің өсуі.

Жүргізілген толық жөндеу жұмысынан кейінгі тұтынушылық қасиеттің жоғарлауын көрсетейік:

(2.6)

Мұнда, жабдықтың тұтынушылық қасиетінің өсуі;

жүргізілген толық жөндеу жұмысынан кейінгі тұтыну қасиетінің жоғарлау коэффициенті;

жөндеу жұмысының басындағы тұтыну қасиетінің мәні (жабдықты пайдалануға кірістірген кезде).

(2.6) - формуланы есептей келе мына формуланың мәнін көрсетеміз:

, (2.7)

Жөндеу жұмысынан кейінгі уақытта тұтынушылық қасиеттің төмендеу шамасы.

, (2.8)

Бағалау жүргізген кезде тұтынушылық қасиетті формула бойынша анықтаймыз:

немесе (2.8) формуласын есептей келе

, (2.9)

Физикалық тозу коэффициентін формула бойынша анықтаймыз:

(2.10)

(2.4),(2.7) және (2.9) - формулаларды есептей келе (2.10) - формуланың мәнін табамыз:

(2.11)

Мысал 2.4. Металл кесуші станок бір толық жөндеуден өтті. Толық жөндеуден кейін станок 20 ай (20 ай) жұмыс істеді. Берілген жабдық түрінің ауысым коэффициенті1.5; ауысым ішінде пайдалану коэффициенті= 0.6; жөндеу циклінің ұзақтығы=16 800 сағат. Бір айда жұмыс күндерінің орташа саны22 күн. Ауысым ұзақтығы8 сағат. Физикалық тозу коэффициентін анықтау қажет.

Шешімі:

1. Ұқсас жабдықты пайдалану тәжірибесін ескерсек, онда жөндеу циклінің соңында бағаланып жатқан станоктың тұтынушылық қасиеті екі есе төмендейді:

Жабдықты толық жөндеу жұмыстарынан өткізу тұтынушылық қасиетті 20 % - ға жоғарлатады (Δ Т = 0.2 ).

2. Толық жөндеуден кейінгі жұмыс істеу уақытын формула бойынша анықтаймыз:

,

3.Физикалық тозу коэффициентін формула бойынша есептейміз (2.11):

Егер толық жөндеу жұмыстарының саны i > 1 болса, онда i жөндеу жұмысын өткізген соң, бағалап жатқан жабдықтың тұтыну қасиеті мына мәнге сәйкес болады:

Берілген жағдайда физикалық тозу коэффициенті мына формуламен анықталады:

.