Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭХМ.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
109.72 Кб
Скачать

6.2. Су нысандарындағы ластаушы заттарды нормалау.

Біздің елімізде негізге су сапасының «табиғи» нормативтері (яғни, санитарлы-гигиеналық нормаларды жасақтау кезінде де нормаланатын заттардың зияндылығы дәрежесін биологиялық бағалауға базаланған). Бұл АҚШ-та қабылданған, «standards» деп аталатын «техникалық» нормативтермен салыстырғанда үлкен қадам болып табылады. Соңғы жылдары онда «criteria» биологиялық нормативтері пайда болды, бірақ олар міндетті болып табылмайды.

Техникалық нормативтер ағынды сулардың әдістерінің мүмкіндіктерімен анықталады және олар практикада көп қолданылады. Биологиялық нормативтер, өз кезеңінде, су экожүйелерінің шынайы күйін бағалауға мүмкіндік береді және ластануды жоюдың тиімді әдістерін қолданады.

Су қоймаларының ластануы деп – ондағы адам қызметімен тікелей немесе жанама байланысқан заттардың түсуімен туындаған кез келген теріс әсері (су тұтыну жағдайларының бұзылуы немесе нашарлауы) айтылады. Ластанудың үш түрі бар:

  1. Бірінші реттік ластану – ластаушы заттардың келіп түсуінен және олардың айналу процестерінен туындаған. Бірінші реттік циклде екінші және келесі ластаушы заттар пайда болуы мүмкін.

  2. Екінші реттік ластану – бірінші реттік ластанудың салдары ретінде дамиды және ластанудың жаңа циклі болып табылады.

  3. Қайта ластану – бірінші реттік ластану нәтижесінде ластаушы заттардың қайта шығарылуымен туындаған. Мысалы, су көтерілуімен мұздың еруі кезіндегі мұнай өнімдерінің (түбіне түсіп қалған, мұзға қатып қалған) шығарылуы.

Су нысандарының ластану көздері локализацияланған түсу орнымен және тастандыға арналған құрылғылармен (қожалық-тұрмыстық ағындар, өндірістік ағын сулар) ұйымдастырылған; локализацияланған шығу орны жоқ және шығаруға арналған құрылғылары жоқ (сал ағызу, егіндік жерден тыңайтқыштардың шайылуы, авиа өңдеу кезіндегі пестицидтердің әкелінуі) ұйымдастырылмаған; айтылған екі жағдайдың біреуі бар (бұрғылау төбелері, складтар территорияларын шаю, транспорт мекемелері ж.т.б.) жартылай ұйымдастырылған бола алады. Әсер ету уақыты бойынша су қоймаларының ластануы тұрақты (жылдың бүкіл вегетациялық бөлігі аралығында түсетін), кезеңдік (су қоймасы ластаушы заттардың түсуі аралығында аралығында өзінің қасиеттерін қалпына келтіруге үлгермейді) және бір реттік (су қоймасы қалпына келуге үлгереді) бола алады.

Ластаушы заттардың тікелей әсерінің интенсивтілігі келесі параметрлермен анықталады:

  • тірі ағзалардың 10 күнге дейінгі бірнеше уақыт аралығында өлімін туғызатын өткір концентрациялармен;

  • тірі ағзалардың аса ұзақ мерзімге дейін уақыт аралығында өлімін туғызатын созылмалы өлімге әкелетін концентрациялармен;

  • негізгі өндірістік функциялар – бой, көбею, зат алмасуды бұзатын суб өлімге әкелетін концентрациялармен;

  • стимулдаушы концентрациялармен;

  • әсер етпейтін концентрациялармен.

Ластаушы заттардың су қоймаларына және су ағзаларына әсер ету сипаты зияндылықты шектейтін көрсеткіштері (ЗШК) деп атау қабылданған негізгі үш топқа бөлінеді.

  1. Жалпы санитарлық ЗШК. Құрамына су қоймаларының трофиясының өзгеруі, ерітілген оттегінің концентрациясының төмендеуі, ортаның температурысы мен тұздылығының өзгеруі, қатты және сұйық заттармен механикалық ластану жатады.

  2. Улы ЗШК. Заттардың су ағзаларына улы әсерін көрсетеді.

  3. Қожалық (балық шаруашылығы) ЗШК, өндірістік су ағзаларының тауарлық сапасының бүлінуін көрсетеді.

Су ортасына түсетін ластаушы заттарға арналған нормативтердің екі тобы бар:

  1. Су қоймаларының және оның тұрғындарының қажеттерін берілген нормативтермен қорғалатын, сақталатын ластаушы заттардың түсу нормативі – шекті мүмкін шығын (ШМШ).

  2. Су қоймаларының қорғалатын қасиеттері бұзылмайтын құрам нормативтері – шекті рауалды мөлшер (ШРМ).

ШРМ ең аз концентрация бойынше келесі әсер етудің жақтарын ескерумен орнатылады: судағы зиянды заттардың тұрақтылығы, олардың су қоймаларының санитарлық режиміне әсері (өзін-өзі тазартуға қабілеттілік), судың органолептикалық қасиеттеріне әсері, суды тұтынатын тұрғындардың денсаулығына әсерін тигізеді.

Тақырып 7. Атмосфераның химиялық экологиясы

Атмосфера ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және литеорогиялық режімнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды.Атмосфераның газдыққұрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура + 15 С емес -18 С болар еді.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтық қа орын ауыстыруы, басқа сфералармен әсіресе мұхитпен байланысы жатады мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді (СО2) мен оксидін (СО) күкірттігаз және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ зонасына кіреді. Жылдам араласқыш қасиетімен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады. Адам атмосфераның әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Адам ауа құрамына кіретін негізгі химиялық элементтер – азот пен оттегінің концентрациясына елеулі әсер етпейді. Бұл газдардың концентрациясының өзгермеуі, олардың концентрациясының жоғары (азот -78, 09 , оттег 20,95) болуына байланысты. Бірак мұны біз көмір қышқыл газының атмосферада аз (0,03 %) болуы жағдайында келіп түскен мөлшерінің анағұрлым жоғары болуына байланысты.

Сонымен қатар атмосфераның міндетті емес заттарының концентрациясы елеулі өзгерістерге ұшырауда бұларға ең алдымен көптеген ластаушылар, соның ішінде тіршілік үшін бөгде (ксенобиотиктер) заттар жатады. Адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға атмосфера үшін бөтен немесе атмосфераға тән заттардың концентрациясының өзгеруіне байланысты ластанушы зат болып табылатын жүздеген заттар келіп түседі. Мысалы, СО2 атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосфераға жиналуға қабілетті.

Көміртегі (I) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО мен басқада қосылыстарға айналады.

Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150-200 милион тонна (жылына) шығарылуына байланысты күкірт длаксиді (SO) немесе күкіртті ангидридтің қауіптілігі зор. Ол өткір иісі бар, түзсіз газ. Оның сумен қосылыстары адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп , зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымның бұзылуымен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Күкіртті газ әсіресе өсімдік үшін қауіпті. Олар жануар мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. Өсімдік газдың алардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауыншашынмен келіп түсу нәтижесінде зақымданады.

Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотасына әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемде тұрған ластаушы.

Күкірт пен оның қосылыстары атмосфера табиғи және антропогенді әсер нәтижесінде шығарылады. Күкірт пен оның қосылыстарының атмосфераға табиғи жолмен шығарылуының 3 негізгі көзі бар.

1.Сульфаттардан оттегінің ано робты сульфатредукциялаушы микроорганизмдердің көмегімен бөлініп шығуы нәтижесінде күкірт бос күйінде көмірсутекке тотықсызданған күйде болады;

2.Вулкандардың қызметінің нәтижесінде бұл кезде күкіртті ангидрид күкіртсутек немесе бос күйінде бөлініп шығады.

3.Мұхиттардың бетінен су тамшыларының булануы нәтижесінде; Бұл кезде күкірт негізінен салыстырмалы түрде зиянсыз сульфаттар түрінде болады.

Атмосфераға антропогенді күкірттің келіп түсуі отынды жағумен байланысты. Қоңыр көмірді SО2 өте көп. (10-15%-ға дейін) калориясы көмірде кем, мұнай мен табиғи газда одан да кем.

Күкіртті газдың біраз мөлшері атмосфераға күкіртті кендерді өңдеу нәтижесінде шығарылады. (темір, никель, мыс және т.б.). Мысалы ФРГ- де күкіртті ангридтің 63 % ға жуығы қоршаған ортаға энергетикадан, 23% өнеркәсіптен 10%-ы – тұрмыстық және ұсақ тұтынушылар қалдығы шамамен 5%- ы транспорт есебінен шығарылады.

Атмосфераны басқа ластаушыларының ішінен азот тотықтарының, көмірсулардың бензо (а) пирен, хлор, фтор және басқа қосылыстардың маңызы зор. Бұлардың көпшілігі жылу балонының өзгеруі (көміртегі қос оксиді, азот тотықтары, метан, фреондар және т.б.) немесе озонның бұзылуы (фреон, азот топырақтары) арқылы әсер етеді.