Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭХМ.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
109.72 Кб
Скачать

4.1 Көміртегінің айналуы.

Көміртегінің үлкен айналуын схема түрінде елестетуге болады. Көміртегінің биотикалық айналуы ағзалардың тіршілік етуіне байланысты үлкен айналымның құрамдас бөлігі болып табылады. Атмосферада (23,5 * 1011 m) немесе суда ерітілген күйінде кездесетін көмір қышқылы немесе СО2 өсімдіктердің фотосинтезі және көміртегіні тірі ағзалардың органикалық затына өңдеу үшін шикізат қызметін атқарады, яғни фотоцинтез процесінде ол сикете,сосын протсиндете, липидтерге және тағы басқаларына түрленеді. Бұл заттар жануарлар мен жердегі өсімдіктер үшін көміртегілік қорек болады, яғни әр түрлі деңгейдегі консументтердің ары қарай редуценттердің билігіне көшеді.

Ағзалар демалған кезде СО2 атмосфераға қайтып келеді. Көміртегінің белгілі бір бөлігі өлі мүше түрінде жиналадыда,қазба күйінде ауысады. Өлім келген кезде, денені сапрофагтар мен екі типтік биоредуценттер ыдыратады және минералдайды, қоректік тізбек құрады, тізбектің соңында көміртегі айналымға көбіне көмірқышқыл түрінде қайта келеді. Топырақта омір сүретін сапрофаг жануарлар және спрофатикалық микроағзалар ондағы жиналып қалған қалдықтарды органикалық материяның жаңа түрі, қоңыр немесе қара массаның қуатты гумусқа айналдырды.

Кейде ауаның жетіспеушілігінен немесе жоғары қышқылдықтан тізбек толық емес немесе қысқа болады,яғни органикалық қалдықтар торф түрінде жинақталадыда торфты батпақтар құрайды. Кей батпақтарда торф қабатының қуаты 20 м және одан да артық болады. Осы жерде табиғи айналым тоқтайды. Тас көмір немесе торфтың жинақтары бұрыңғы геологиялық кезеңдердің өсімдіктердің фотосинтез процесінің өнімі.

Алайда қазбалық отында жинақталған күн энергиясын адам отынды жаққан кезде интенсивті түрде шығаруда,осы кезде СО2 атмосфераға енеді. Биосфераны көміртегінің негізгі бөлігі мұхит түбінің карбонаты шөгінділерінде жинақалған 1,3 * 1016 т , кристалдық жыныстарда - 1,0 * 1016 т,тас көмір мен мұнайда - 3,4 * 1015 т. Дәл осы көміртегі баяу геологиялық айналымға қатысады.Жердегі тіршіліктің амосфераның газдық балансы өсімдіктер мен жануарлардағы көміртегі саны мен тұрақталады. Алайда қазіргі уақытта адам заттардың соның ішінде көміртегі айналымында өзімен жабады.

Осылай, мысалы, барлық үй жануарларының қосынды биомассасы жер бетіндегі барлық жабайы жануарлардың биомассасынын асып тұрғаны есептелген. Мәдени өсімдіктердің ауданы табиғи биогиоценоздардың ауданына жақындап қалған және экожүйенің көптеген мәдени өсімдіктері өзінің өнімділігі бойынша табиғи өсімдіктерден артып кеткен. Басқа жағынын, энергия тасушыларды жағу нәтижесінде атмосфераға енетін көміртегінің диоксиді биосферадағы жаппай бұзылуларға жылулық баланстың бұзылуына алып келеді. Барлық антропогенді СО2-нің жартысы атмосферада қалады, қалғаны әлемдік мұхитпен жұтылады. Экожүйелер СО2-нің 12% жуығын пайдаға асырады,оны ауыстырудың жалпы уақыты - 8 жыл.

Н.М. Кузьменко, Е.А. Стрельцов және А.И. Кумачевтің «Химия сабақтарындағы экология» кітабында көрсетілгендей 1962 жылы климатолог және метеоролог М.И.Будыко отынды көп мөлшерде жағу атмосерадағы СО2-нің артуына әкелетін ескерткен. Осылай, 1956 жылы СО2 құрамы - 0,028%, 1985 жылы - 0,034%, 1989 - 0,035% болған, яғни 33 жылда СО2 құрамы бастапқы өлшемінен 25%-ға артқан.

Жорамалдар бойынша ХХI ғасырдың ортасына қарай CO2-нің құрамы екі есе артады. Бүкіл әлемдегі атмосферада СО2-нің жинақталуы «бу әсерімен» байланыстырылады (бұған CH4,CFCl2,N2O-ніңжиналуыда әсер етеді). Көміртегі диоксиді күн радиациясының CO2 жерден шыққан ИҚ-сәулеленуді ғарышқа өтізбейді.