Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktiki.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
115.03 Кб
Скачать

Қорытынды

Банктер экономикалық басқарудың негізгі органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен қызмет көрсететін меншік түрінде, ведомоствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Коммерциялық банктердің несиелері ел экономикасын тұрақтандыруға, кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға, өндіріс көлемінің артуы мен экономиканың дамуына өте зор ықпал етеді. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілген, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипатты жүргізіледі.

Банктің күнделікті қызметіне басшылық ететін, банкінің жоғарғы лауызымды тұлғасының қатарына; директор кеңесінің төрағасы президент, қазынашы, бақылаушы ревизор жатады.

Коммерциялық банктер экономиканы дамытуға барынша әсер етуде, алайда халық шаруашылығын несиелеу барысында банктердің әртүрлі тәуекелдерге ұшырауы, несиелеу барысындағы елеулі мәселелер бүгінгі таңда өте өзекті.

Сондықта да бүгінгі басты міндеттердің бірі – коммерциялық банктерінің ел экономикасындағы мәні мен маңызын дұрыс талдай отырып, дамудың басым бағыттарын жетілдіре беру болып табылады. Қаржы несие алудағы қиындықтар, қарапайым адамдар мен банктердің арасындағы қатынастарды қиындатып, күрделендіріп отыр. Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінің несие алу процесіндегі көрген қиындықтары да аз емес. Олардың кепілге заттары төмен бағаланады және өндірген тауарлары өз бағасына әрі тез өте бермейді. Несие алу үшін жиналатын құжаттар тізбесі де көп, яғни, ұйымдастырушылық жұмыстардың өзі де бір төбе.

Алайда, осыған қарамастан екінші деңгейлі банктерсіз экономикалық дамуды елестету мүмкін емес. Екінші деңгейлі банктер экономикалық дамудың кепілі, яғни оларсыз даму мүмкін емес. Сондықтан да, екінші деңгейлі банктердің дің дамуын жетілдіру және олардың ел экономикасындағы маңызын ашу, қаржылық, экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету – қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі болды.

Бұрын банк қарқынды өсу стратегиясына сәйкес дамыса, қазіргі кезде Темірбанктің стратегия векторы алған орындарды сақтап қалып және жақсарта отырып, кірістілік пен жұмыс сапасын арттыру жағына қарай өзгеруде.

Банк бұрынғысынша, бизнестің барлық бағыттарында әмбебап банк ретінде дамуда.

Корпоративті кредит беру және ШОБ субъектілеріне кредит беру бөлігінде пайыздық және пайыздық емес кірістерге бөле отырып, операциялардың жиынтықты орташа кірістілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Банктер нарықтық экономикада басты делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасайды. Клиенттедiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарыз беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды.

Бөлшек кредит беру бағытында банк көшбасшылық орындарды сақтауға, кредиттік карталар арқылы кредит беру үлесін біртіндеп ұлғайтып, кредиттік өнімдерді сату көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Карточкалық бизнесті дамытуға бағытталған өткен жылғы әзірлік шараларының нәтижелері банктің төлем карталары рыногында сәтті дамуын болжауға мүмкіндік береді. Карточкалық бизнесті дамыту шеңберінде банкоматтар мен POS-терминалдар желісін бұдан былай кеңейту, банкоматтарда карта ұстаушыларға ұсынылған қызметтерді кеңейту болжанады.

Осылайша, Темірбанк қазақстандық төлем технологиялары рыногында жаңа биіктікке жетуді жоспарлап отыр, бұл клиенттерге жаңа және қызықты өнімдер мен қызметтер (кредиттер, депозиттер, аударымдар, шотты басқару, т.б.) ұсынуға мүмкіндік береді.

Бизнестің даму қарқындарына жауап беретін, Infosys компаниясының заманауи, өндіргіштігі жоғары, кең ауқымды, технологиялық Finacle платформасына өткені дұрыс болатын еді. Аталған платформа банк ұсынатын қызметтер сапасын жақсартып, банк ішіндегі өзара әрекет тиімділігін арттыруға және шығындар мен шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

Депозиттер тарту рыногындағы басты міндет депозиттік өнімдер бойынша тартымды шарттар есебінен халықтың депозиттер көлемі, желіні кеңейту және сапалы қызмет көрсету бойынша көшбасшылардың бірінші үштігіне кіру болып табылады.

Банк капиталының өсуі акционерлік капиталды өсіру және кірісті капиталға айналдыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Бүгін Банк жетекші рейтингтік агенттіктер тарапынан берілген халықаралық жоғары кредиттік рейтингтерге ие болып табылатындығын атап өту керек, бұл АТФ Банктің халықаралық рынокта мойындалғандығын растайды. Бұдан былай бұл банктің халықаралық қатынастарының дамуына – шетелдік инвесторлардың тарапынан сенімнің артуына, корреспонденттік қатынастардың кеңеюіне, кредиттік желілер мен сауда қаржыландыру лимиттерінің ұлғаюына, капиталды тартудың басқа қаржы құралдарының қолданылуына көмектеседі.

Банк қатысу аймақтарын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, жаңа филиалдар ашуды және тәулік бойы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және электрондық кассирді қолдану мүмкіндігі бар арнайы бөлімшелер түрінде және ең аз қызметтер пакетін атқаратын шағын бөлімшелер түрінде бөлімшелер желісін бұдан былай дамытуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ барлық бөлімшелерде күту аймағын құруға болатын, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын енгізуге болатын электрондық кезек жүйесін орнату қарастырылады.

Тарифтік саясат бөлігінде банк әрбір клиентке жеке көңіл бөлуге бағытталады, осыған орай баға құрылымының дифференциалау саясаты құрылады. Іс жүзінде бұл VIP-қызметті, халықтың түрлі топтарына арнайы банктік өнімдер, т.б. енгізу арқылы көрінеді.

Қазақстандық банктер арасындағы бәсекелестіктің бұрынғыдан да артуы және күшеюі бізден АТФ Банкі ұжымының кәсіби деңгейін арттыруды, ынталандыру жолдарын жақсартуды талап етеді. Бұл – банк менеджменті үшін негізгі басымдылықтардың бірі.

Осылайша, банк ел ішінде және одан тыс жерде бизнесін дамытатын стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін мүмкіндігінше мол күш жұмсайды деп айтуға болады.

Қорыта келе, мен, осы диплом алдындағы өдірісітк тәжірибесін өту барысында болашақ маман ретінде білімімді шыңдай түстім деп сенімен айта аламанын. Алған тәжірибем мен жинақтаған білімім болашақта диплом жұмысын жазуға, жұмысқа орналасқанда өз септігін тигізер деген сенімдемін.

46

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]