Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktiki.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
115.03 Кб
Скачать

3.2 Несиелеу бөлімі.

Несие экономикалық категория ретінде құнның қайтарымды қозғалуын қарастырады және қарыз түрінде сипатталады. Яғни несие- пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін судалық капитал қозғалысы. Банк несиенің бірнеше түрін ұсынады.

Жеке тұлғалар үшін:

  • Депозит кепілімен берілетін несие

  • Шұғыл мұқтаждықтарға несие

  • Ипотека

  • Автонесиелеу

  • Қайта қаржыландыру

Депозит кепілімен берілетін несие-Атауы: шартты. Тұтыну мақсатында беріледі. Міндетті шарты Депозит пен несие валютасының сәйкес келуі.Несие валютасы Теңге, АҚШ доллары, еуро. Сыйақы мөлшерлемесі

- депозит бойынша мөлшерлемеге 1,5%, несие сомасы 10 000 000 теңгеден бастап - депозит бойынша мөлшерлемеге 2%, несие сомасы 5 000 000 теңгеден бастап (қоса есептегенде) - депозит бойынша мөлшерлемеге

Несие берілетін ең қысқа мерзім- 1 ай, Несие берілетін ең ұзақ мерзімі- Депозит мерзімінен бір ай бұрын. Ең аз несие сомасы 150 000 теңге немесе 1000 еуро/АҚШ доллары. Ең көп несие сомасы- Депозит сомасының көп дегенде 90%.

Өтеу тәртібі

• Аннуитетті төлемдермен (негізгі борыш + сыйақы)

• Сыйақы – ай сайын; негізгі борыш – Клиенттің қалауымен (тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе несие мерзімінің соңында)

Шұғыл мұқтаждықтарға несиеАтауы Шарттары.

Несие түрі: Жаңартылатын несие желісі,Жаңартылмайтын несие желісі

Несиені қамтамасыз ету :Жылжымайтын мүлік. Пәтер, Тұрғын үй, Коммерциялық жылжымайтын мүлік

Несие валютасы -Теңге.Несие мерзімі -84 айға дейін.Несие сомасы -75 000 000 теңгеге дейін.Сыйақы мөлшерлемесі 15% бастап 20% дейінгі жылдық. Қамтамасыз ету түрі мен кірістерді растау шарттарына байланысты Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 17%жылдықтан бастап

Комиссиялар:Несиені ұйымдастыру үшін – қарыз сомасының 1%; Өтінімді қарастыру үшін комиссия – 2 000 теңге

Несие өтінімін қарастыру мерзімі - Көп дегенде 5 (бес) жұмыс күні

Қажетті құжаттар тізімі:жеке басын куәландыратын құжат, тіркелген жерін растайтын құжат, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші, техникалық және сәйкестендіру құжаттары, Қарыз алушының жұмысын немесе кірістерін растайтын құжаттар (кірістерін растау шарттарына байланысты). Банктің талап етуімен басқа да құжаттар сұралуы мүмкін.

Ипотекалық несие Атауы - Шарттары.Мақсатты мәні- Жылжымайтын мүлік сатып алу, Пәтер,Тұрғын үй,Коммерциялық жылжымайтын мүлік

Несиені қамтамасыз ету: Сатып алынатын жылжымайтын мүлік,Қолдағы бар жылжымайтын мүлік.

Несие валютасы - Теңге, Несие мерзімі - 37 айдан бастап:

- 180 айға дейін (кірістер растамасымен);

- 120 айға дейін (кірістердің жанама растамасымен және кірістер растамасынсыз)

Несие сомасы - 75 000 000 теңгеге дейін

Сыйақы мөлшерлемесі 14%жылдықтан бастап:қамтамасыз ету түріне, кірістерді растау шарттарына байланысты. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15%жылдықтан бастап.Комиссиялар: Несиені ұйымдастыру үшін – қарыз сомасының 1%;тӨтінімді қарастыру үшін комиссия – 2 000 теңге. Несие өтінімін қарастыру мерзімі Көп дегенде 5 (бес) жұмыс күні.

Қажетті құжаттар тізімі: жеке басын куәландыратын құжат, тіркелген жерін растайтын құжат, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші, техникалық және сәйкестендіру құжаттары, Қарыз алушының жұмысын немесе кірістерін растайтын құжаттар (кірістерін растау шарттарына байланысты)

Банктің талап етуімен басқа да құжаттар сұралуы мүмкін.

Автонесиелеу-Атауы- Шарттары.Мақсатты мәні Сатып алу:Жаңа автокөлік,Пайдаланылған автокөлік. Несиені қамтамасыз ету :Сатып алынатын авто,Несие валютасы- Теңге. Несие мерзімі 6 айдан бастап:60 айға дейін (кірістер растамасымен);36 айға дейін (кірістердің жанама растамасымен және кірістер растамасынсыз). Несие сомасы -300 000 теңгеден 7 500 000 теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі:Жаңа автокөлік – 15%бастап 18%жылдыққа дейін (кірістерді растау шарттарына байланысты); пайдаланылған автокөлік – 16%бастап 19%жылдыққа дейін (кірістерді растау шарттарына байланысты); Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі -16,9%жылдықтан бастап. Алғашқы жарна мөлшері -15%бастап Комиссиялар: Несиені ұйымдастыру үшін – қарыз сомасының 1%;Өтінімді қарастыру үшін комиссия – 2 000 теңге,

Қажетті құжаттар тізімі:Қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжат, тіркелген жерін растайтын құжат, жылжымалы мүлікке құқық белгілеуші, техникалық және сәйкестендіру құжаттары, Қарыз алушының жұмысын немесе кірістерін растайтын құжаттар (кірістерін растау шарттарына байланысты). Банктің талап етуімен басқа да құжаттар сұралуы мүмкін. Қайта қаржыландыру-Атауы- Шарттары.Қайта қаржыландыру бағдарламамыз «АТФ Банк» тиімді шарттарда несие алып, оның есебінен басқа банкте ертеректе алған несиені өтеуге мүмкіндік береді.

Несиені қамтамасыз ету Жылжымайтын мүлік:Пәтер,Тұрғын үй, Коммерциялық жылжымайтын мүлік

Ерекше шарттар:Қарыз алушының оң несие тарихының болуы. Қайта қаржыландырылатын несиенің қызмет мерзімі – кем дегенде 12 (он екі) ай

-Кепіл мүлкінің техникалық сипаттамаларында ертеректе анықталған, заңдастырылмаған өзгерістердің болуы (планын өзгерту, қайта құрылымдау, қайта жабдықтау, т.б.)

-Ағымдағы жеке өтеу кестесінің болмауы/төлем мерзімін кешіктірмеу/қайта қаржыландырылатын несие бойынша мерзімін ұзартпау

Заңды тұлғалар үшін несиелер:Корпоративті клиенттерді несиелендіру кезінде, аз уақытта айналым капиталын қаржыландыру, орта мерзімде және ұзақ мерзімде инвестиция мақсатында қаржыландыру жүргізіледі.

Кепіл зат алушыға қаржылық құралдарды қолдануға мүмкіншіліктер ұсынылады, олар: банк несиелері, овердрафттар, сайыстарға қатысу үшін тендерлық кепілдеме және келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындауға арналған кепілдемелер.

Банк несие және шартты міндеттемелері бойынша бәсекелестік мөлшерлемесін ұсынады. Қаржыландыру бағасы мерзіміне, қаржыландыру валютасына, құралдар түрлеріне және жобаның тәуекел деңгейіне байланысты дифференцияландырылған.

Корпоративті клиенттерді несиелендіру артықшылықтары:

• Несие хабарламасын тез түрде қарастыру;

• Қаржыландыру мерзімімен бағасын жеке түрде қарастыру;

• Астаналлқ және аймақтық компанияларды қаржыландыру

Заңды тұлғалар үшін несиелердің түрлері:

  • Қарыз алушының айналымдағы капиталын толықтыру мақсатында несиелендіру

  • Қарыз алушының айналымдағы капиталын толықтыру мақсатында несиелендіру

  • Айналымдағы қаражатты толықтыруға қысқа мерзімді несиелендіру (овердрафт бойынша лимит)

  • Ақша кепіліне қарыз алушыны несиелендіру

  • Бланктік тендерлік кепілдіктер және шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдіктер беру

  • Тендерлік кепілдіктер және ақшалай қаражат кепіліне жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдіктер беру

Қарыз алушының айналымдағы капиталын толықтыру мақсатында несиелендіру.Өнім атауы- Айналымдағы қаражат

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар: Өтінім берілгенге дейінгі кем дегенде 6 ай жұмыс істеген тұрақты бизнес (үздіксіз)

Қаржыландырудың лимиттік мерзімі -3 жылға дейін, Қолма-қол ақшалай қаржыландыру бойынша транштардың мерзімі -18 айға дейін

Қаржыландырдың мақсаты - Айналымдағы капиталды толықтыру

Қаржыландырудың нысаны - Қарыз, несие желісі, шартты міндеттеме

Максималды қарыз сомасы - 1 200 000 000 теңге.Қарыз валютасы - теңге

Қолма-қол ақшалай қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесі 13%жылдықтан бастап

Өтеу кестесі - Ай сайын аннуитетті төлемдермен немесе негізгі борыш теңдей үлестермен. Мерзім соңында траншты өтеу мүмкіндігімен қарызды өтеудің оңтайлы кестесіне жол беріледі.

Мерзімінен бұрын өтеу Толық немесе бір бөлігін өтеуге жол беріледі.

Кепілді қамтамасыз ету құрылымы Жылжымалы және жылжымайтын мүлік

Негізгі құралдарды сатып алу және жаңарту мақсатында несиелендіру

Өнім атауы - Негізгі құралдарды сатып алу, жаңарту, инвестициялар

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар- Өтінім берілгенге дейінгі кем дегенде 6 ай жұмыс істеген тұрақты бизнес (үздіксіз)

Қаржыландырудың лимиттік мерзімі - 7 жылға дейін

Транштар мерзімі - Қаржыландыру лимиті күшінде болатын мерзім шегінде

Қаржыландыру мақсаты - Негізгі құралдарды сатып алу, жаңарту (кеңейту/жақсарту/қайта құрылымдау)

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі - Нысан пайдалануға енгізілген мерзімге дейін, бірақ көп дегенде 6 ай

Максималды қарыз сомасы - 1 200 000 000 теңге

Қарыз валютасы - теңге

Қолма-қол ақшалай қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесі -13%жылдықтан бастап*

Өтеу кестесі - Ай сайын аннуитетті төлемдермен немесе негізгі борыш теңдей үлестермен. Қарызды өтеудің оңтайлы кестесіне жол беріледі.

Мерзімінен бұрын өтеу Толық немесе бір бөлігін өтеуге жол беріледі.

Кепілді қамтамасыз ету құрылымы -Жылжымалы және жылжымайтын мүлік

Айналымдағы қаражатты толықтыруға қысқа мерзімді несиелендіру (овердрафт бойынша лимит).Өнімнің атауы - Овердрафт бойынша лимит

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар- Өтінім берілгенге дейінгі кем дегенде 6 ай жұмыс істеген тұрақты бизнес (үздіксіз)

Қаржыландырудың лимит мерзімі - 6 айға дейін

Транштар мерзімі - 30 күнге дейін, күнтізбелік ай шегінде

Қаржыландыру мақсаты - Айналымдағы қаражатты толықтыру

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең - Нысан пайдалануға енгізілген мерзімге дейін, бірақ көп дегенде 6 ай

Максималды қарыз сомасы - 450 000 000 теңге, бірақ көп дегенде Банктің орташа айлық таза несие айналымының 30% немесе соңғы 6 айдағы басқа ЕДБ орташа айлық таза несие айналымының 20%

Қарыз валютасы- теңге. Сыйақы мөлшерлемесі 16% жылдықтан бастап

Өтеу кестесі Негізгі борыш пен Сыйақы – қарыз мерзімінің аяқталуынан кешіктірілмей. Мерзімінен бұрын өтеу Мерзімінен бұрын өтеуге мораторий жоқ.Кепілді қамтамасыз ету құрылымы Бизнестегі қатысу үлесі 10% асқан барлық меншік иелерінің кепілдігі

Ақша кепіліне қарыз алушыны несиелендіру. Өнімнің атауы - Ақша кепіліне қарыздар. Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар - Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік. Несиелендіру мерзімі - Ақша орналастырылған мерзімге. Қаржыландыру мақсаты - Коммерциялық мақсаттар

Максималды қарыз сомасы- Шотта орналастырылған ақша сомасы шегінде

Қарыз алушының кірістері мен шығындарын талдау Талап етілмейді

Өтеу кестесі- Аннуитетті төлемдермен немесе сыйақы – ай сайын, негізгі борыш мерзім соңында. Мерзімінен бұрын өте-Мерзімінен бұрын өтеуге мораторий жоқ.Кепілді қамтамасыз ету құрылымы Шоттағы ақша кепілі.

Қамтамасыз ету сомасы берешек сомасына 3 айлық сыйақы қосылғаннан кем болмау керек.

Бланктік тендерлік кепілдіктер және шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдіктер беру. Өнім атауы- Бланктік тендерлік кепілдіктер және шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдіктер беру. Кепілдік мерзімі - Тендерлік құжаттама немесе шарт талаптарына сәйкес.Қаржыландыру мақсаты- Қарыз алушының тендерге қатысуы, Шартты қамтамасыз ету. Кепілді қамтамасыз ету құрылымы Қатысу үлесі 10% асқан Компанияның барлық меншік иелерінің кепілдігі.

Ерекше шарттар «АТФ Банк» АҚ несие тарихы бар Клиенттерге ғана шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына/аванстық төлемнің қайтарылуына бланктік кепілдіктер беріледі.

Тендерлік кепілдіктер және ақшалай қаражат кепіліне жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдіктер беру.Өнім атауы - Тендерлік кепілдіктер және ақшалай қаражат кепіліне жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдіктер беру. Кепілдік мерзімі - Тендерлік құжаттаманың немесе шарттың талаптарына сәйкес.Қаржыландыру мақсаты - Қарыз алушының тендерге қатысуы. Шартты қамтамасыз ету. Кепіл қамтамасыз етуінің құрылым «АТФ Банк» АҚ орналастырылған ақша, қамтамасыз ету сомасы берешек сомасынан кем болмау керек.

Банктің несиелік қызметі Бизнестің үш бағытын атап көрсетеді: 1.Корпоротивті бизнес (КБ).2. Шағын және орта бизнес (ШОБ). 3.Жекешеленген бизнес (ЖБ).

Әр бір бизнес бағытының қызметі 3 топқа бөлінеді:

А) фронт офис ( Несиелік проект бойынша құжаттарды қалыптастыру және банктік өнімдерді сату және клиентпен өзара қарым-қатынас үшін жауапты)

Б) мидл офис (банктің ішінде несиелік проектілерді алып жүру (сопровождать), сараптама жүргізуне жауапты)

В) бэк офис (бухгалтерлік есеп бойынша тексеріс жүргізу және есептеу).

Бұл жерде тәуекелдік департаменті келесі қызметтерді атқарады. Несиетің тәуекел бойынша тексеру жүргізеді. Қарыз алушыға байланысты қандай тәуекелдер болуы мүмкін, оның төлем қабілеттілігі, қаржылық жағдай, осы мәселерге байланысты жүйелі түрде зерттеу жүргізеді.

Банкінің заң бөлімшесі несиелік проекке қатысатын тұлғалардың құжаттарына құқылық дәрежесіне қарай, оның құқығын анықтайтын және несиенің мақсаты игерілетін Қазақсытан Республикасының заңнамасының көлемінде Банктің ішкі нормативтік құжаттарындағы, іс әрекеттердің орындалуына ықпал етуі, заңдастырылуына сараптама жүргізеді. Осы сараптама негізінде проблемалық несиелердің қайтарылуыда қамтыладық. Бұл жерде құжаттарды әзірлеу 2 жұмыс күнде біту керек, ал жұмысты қарау 32 жұмыс сағаты болу керек.

Банктің қауіпсіздік бөлімшесі: Несиелік проекке қатысатын тұлғалардың тұрақты мекен-жайы туралы, оның несиені қайтару мүмкіндігімен несиеге қояр кепілдік шарасының мүмкіндігін тексеріп анықтау. Несие алушы бұрын соңды сотталған ба, заңға қайшы келді яғни банк өзінің қауіпсіздігі үшін толық тексеру жүргізеді.

Банктің қазынашылық бөлімшесі-ақша қаражаттарының қозғалысын бақылап, қаражаттарды сақтық қорда сақталуын, Банктің өкілеттір органы белгілеген көлемде қаржыландыруды банктің қазынашылық бөлімшесі жауапты болады.

Банктің директордар кеңесі- алғашқа несиелік комитет келісімдегі шарттармен танысқан соң және қабылдаған шешімнен кейін директорлар кеңесі көрсетілген сұрақтарды қарайды.

Банктің ішкі несиелік саясатын несиелік комитет жүзеге асырады. Несиелік портфельдің сапасын бақылайды және займды беру туралы бастапқы шешімін айтады.

Несиелік комитет -банктің несиелік процесін бақылауды, жүзеге асыруды, ұйымдастыруды және қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Несиелік комитет банктің бір органы болып табылады.

Банкте несиелеу бойынша өтініш әкелген күннен бастап несие бойынша шешім шығару 45 жұмыс күн болып табылады.

Банктің әр бір берген несиесі бойынша несиелік құжаттамасы болуы тиіс. Бұл құжаттама несиелік процесс басталғаннан бастап, несиелік келісім-шарт жойылғанша банкте сақталады.

Несиелер мен портфельдердің сапасының деңгейі (2013ж)

Банктің атауы

01.09.13ж.бойынша несилер

Берілген несие көлемі-нің өзгеруі

өсу қарқы-ны бойын-ша орны

Мерзімі өткен несиенің

Бар- лығы

90күн-нен жоғары

1

АО «КАЗКОММЕРЦБАНК

2449014729

3,90

30

31,38

26,87

  1. 2

АО «БТА Банк»

2057487173

-055

32

83,12

81,10

  1. 3

АО «Народный Банк Казакстана»

1636945552

22,70

22

20,44

16,92

  1. 4

АО «Банк Центр Кредит»

872336056

5,26

29

17,93

13,01

  1. 5

АО «АТФ Банк»

710093960

-11,26

34

51,57

48,25

АО «Каспи Банк»

665978782

54,32

15

21,07

12,19

ДБ АО «Сбербанк»

658021026

38,71

19

3,29

2,53

АО «Цеснабанк»

613513799

50,06

16

3,92

2,62

АО «Альянс Банк»

605584888

7,74

27

52,66

47,13

АО «Евразияский банк»

436515044

24,22

21

14,49

7,78

АО «ТЕМІРБАНК»

268325220

13,56

24

45,81

40,89

АО «НұрБанк»

189550101

-2061

37

51,602

37,62

АО «ЖилстройБанкКазахстана»

162801867

55,04

14

2,79

0,91

АО «Делта банк»

151650454

90,95

8

0,31

0,30

АО «СитиБанк Казахстана»

127756276

1,60

31

0,00

0,00

АО «ДБ»Альфа-Банк»

112844541

72,86

12

1,34

0,48

АО «Банк RBK»

112652606

129,71

6

8,04

3,93

ДО АО «Банк ВТБ»

95845754

43,62

17

4,97

3,14

АО «БанкХом Кредит»

92231004

78,69

10

13,24

6,75

ДБАО «HSBC Банк Казахстана»

74856150

5,42

28

7,33

6,05

АО «Казинвестбанк»

73409780

9,00

26

14,91

13,41

АО «ASIACreditBank»

56294566

106,47

7

14,33

3,63

АО «ЭКСИМБАНК КАЗАХСТАН»

45185702

-19,89

36

2,26

2,09

АО «Банк KassaNova»

3747600

83,23

9

5,42

0,69

АО «Банк Астана-Финанс»

35500081

-18,09

35

8,96

5,62

АО «RBS Kazakhstan»

29043793

214,21

3

0,08

0,01

АО «Forte Bank»

24114244

76,65

11

6,68

6,38

АО «КЗи БАНк»

16163936

156,02

5

7,71

5,81

АО «Qazaq Bank»

16099471

344,87

1

1,77

0,04

АО «БАНК Позитив Казахстан»

15751227

21,56

23

6,73

6,24

АО «Банк Китая в Казахстане»

1208211810

212,97

4

0,00

0,00

АО «Заман Банк»

11233040

63,97

13

8,14

5,73

АО «Шинхан Банк»

10433364

12,83

25

0,38

0,00

АО «Таиб Казахскаий Банк»

7727486

286,91

2

5,56

5,42

АО «RNB»-Казахстан»

6462093

43,25

18

22,81

21,75

АО «Исламскаий Банк AL Hilla»

566757

-26,67

38

0,00

0,00

АО «НБ Пакистана» В Казахстане

5061225

25,74

30

30,98

13,73

АО «ТПБ Китая г.Алматы»

4187581

-10,88

33

0,00

0,00

Барлығы

1250892175

13,61

33,5

29,71

Кестеде көріп отырғандай берілген несиенің өсу қарқыны бойынша үздік 10 банкті атап айтса болады. Оларға: АО «Qazaq Bank» оның берген несиесі 16099471 мың. тг құрайды. Келесі АО «Таиб Казахскаий Банк» берген несиесі 7727486, АО «RBS Kazakhstan» 29043793 мың тг, Банк АО «Банк Китая в Казахстане» 1208211810 мың тг., АО «КЗи БАНк» 16163936 мың тг , Банк АО «RBS Kazakhstan» 29043793 мың тг., АО «ASIACreditBank» 56294566 мың тг. АО «Делта банк» 151650454 мың тг, АО «Банк KassaNova» 3747600 мың тг, АО «БанкХом Кредит» 92231004 мың тг құрайды.

Жұмыс жасамайтын несиелер- бұл несие, қайтарылуы күмәнді б.т және ол қарыз алушының ақша қаражатының дағдарысының нәтижесі. Сол себептіде банк несиені ұсынған кезде несие бойынша шығындарды азайту үшін шаралар қолдану қажет

Күмәнді несиелер мен ұзартылған несие бойынша Депозиттің кепілзат ретіндегі несиеден басқа несиелік бөлімшедегі қызметкердің атқаратын жұмыс тәртібі.

Орындау мерзімі

Несие бөлімшесіндегі қызметкердің атқаратын іс-әрекеті.

1

Мерзімі өткеніне 1-2 күн

  • Бірінші қоңырау шалуы

2

Мерзімі өткеніне 5 күн аспай

  • Мерзімі өткен берешектің қайтарылу туралы хабарлама жіберу.

  • Несие бөлімінің қызметкері мерзімі өткен берешектің қайтарылуы туралы хабарлама дайындайды және оны заң бөлімшесінің қызметкерлерімен ақылдасады. Келісу 1 жұмыс күннен аспауы керек.

  • Несиелік келісімде несиелік линияны ашу туралы келісімде көрсетілген мекен-жай бойынша арнаулы хатты қарыз алушыға мерзімі өткен берешектің қайтарылуы туралы хабарлама жібереді.

  • Қарыз алушының алған уақыты мен қолына алғандығы туралы немесе қарыз алушының мерзімі өткен берешектің қайтарылуы туралы хабарламаның екінші данасын несиелік құжаттамаға тіркейді.

3

Мерзімі өткеніне 3-40 күн аралығы

  • Қоңырау шалып есіне салу

  • Несиені өтеу мониторингі

  • Қарыз алушының бизнесінің барына көз жеткізу мақсатында қарыз алушының бизнесінің орналасқан жеріне қызметтік сапармен бару және мерзімі өткен берешектің пайда болу себептерін анықтау және өткізудің болашақтағы үміті.

  • Қарыз алушының немесе қарыз алушымен байланысты тұлғалардың (жұбайы, балалары, заңды тұлға) банктің портфелінде басқа несие барма соны анықтайды.

  • Несиелік карта бойынша жұмыс жасайтын лимиттерді анықтап және ағымдағы шотына шек қою.

Күмәнді несиелер мен ұзартылған несие бойынша несиелік бөлімшедегі қызметкер осындай қызмет атқарады.

Депозиттің кепілзат ретіндегі несие мен несие бөлімінің қызметкерлерінің атқарған жұмысының тәртібі

Орындау мерзімі

Несие бөлімшесіндегі қызметкердің атқаратын іс-әрекеті.

1

Мерзімі өткеніне 1-3 күн аралығы

  • Бірінші қоңырау шалуы

2

Мерзімі өткеніне 4-9 күн аралығы

  • Қоңырау шалып есіне салу

  • Несиені өтеу бойынша мониторинг

3

Мерзімі өткеннен 10 күннен кешіктерімей

2 данада Депозиттің кепілзат ретіндегі несие бойынша мерзімі өткен берешектің пайда болған туралы қарыз алушыға, мерзімі өткен берешекті қайтару бойынша хаттама жібереді.

Хаттамада міндетті түрде келесі мәселелер көрсету керек. Кепіл бойынша келісім-шартқа сәйкес мерзімі өткен берешекті өтемеген жағдайда, Банк жинақ шотындағы ақша қаражатты мерзімі өткен берешекті өтеу үшін аударады.

Хаттаманы заң бөлімшесінің қызметкерлерімен келіседі. Хаттама 2 данада жасалады. Бірінші дана кепіл бойынша келісім-шартқа сәйкес көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі. Екінші данасы жіберілді деген түбіртекпен несиелік құжаттамаға тіркеледі.

4

10 күннен жоғары

  • Мидл-офиске несиелік бөлімшесі Депозиттегі қаражатты алу үшін қаулы дайындауға қызметтік хат жібереді.

Алынған көзі: «АТФ Банк» АҚ ішкі несиелік саясатының мәліметі негізінде құрастырылған

Егер Депозиттен алынған қаражат мерземі өткен берешекті жабуға жетпесе онда қарыз алушының несиелік құжаттамасы заң бөлімшесіне жіберіледі. Олар мерзімі өткен қарызды толығымен өтеу үшін қарыз аулышының қосымша қандай қаражаттары бар соны анықтайды.

Қарыз алушының бизнесі жоқ деп танылған жағдайда және оған несие бөлімшесінің қызметкері хаттаманы бере алмаған жағдайда онда Акт бойынша заң бөлімшесіне және банктің қауіпсіздік бөлімшесіне қарыз алушының қалыптасқан жағдайы бойынша керекті құжаттарды жіберді. Заң бөлімшесі мен қауіпсіздік бөлімшесі қарыз алушыға байланысты қажет болған жағдайда соған сәйкес іс –әрекет жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]