Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
47.95 Кб
Скачать

Қорытынды.

Қорыта келгенде, соңғы жылдары мемлекеттік бюджет жағдайы жақсарып келеді. Себебі кейінгі жылдарда мемлекеттік бюджеттегі артықшылықты (профецит) байқап отырмыз. Ол әрине оң нәтижелерге алып келетін жағдай. Мемлекет өз кезегінде әрқашан, яғни жыл сайын 1%-2,5%-3% ға дейін бюджет тапшылығын (дефецит) жоспарлап отырады. Ол тек қана біздің Қазақстан Республикамыздағы ғана тән нәрсе емес. Ол әрбір мемлекетте қаралады және жүргізіледі.

Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізінде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттердің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетеді. Ал бюджет профециті-бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен терілетін кредиттерді ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профецитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі-бюджет тапшылығын (профецитін пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді;

Оның қос арналымы бар;

1) тапшылық болған жағдайда-ішкі көзден (Ұлттық банктен, комерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту.

2) профецит кезінде-жоспардан тыс түсімдерді, біріншісі кезекте мелекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттегі бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.

Бюжеттік жоспарлау –мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың маңызды экономикалық мәні елдің жалпыұлттық элеуметтік экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджетті жоспарлау мен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының мемлекеттік бағдарламасының экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне және оған қоса табиғи, материал, еңбек және қаржы ресурстарына белсенді ықпал жасады. Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізінде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті алынатын түсімдердің, соңында ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі. Бюджеттің шығыстары- бұл бекітілген шегінде қайтарылмайтын негізінде бөлінетін қаражаттар.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://1referat.kz

  2. http://malimetter.kz

  3. http://bigox.kz

  4. Құлыпыбаев С. Қаржы. Оқу құралдары-Алматы; Мерей 2000 ж.-154 б.

  5. Құлыпыбаев С., Баязитова Ш., қаржы теориясы. Оқұ құралы-Алматы: Мерей, 2001ж-176 б

31

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]