Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмұны.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
47.95 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................2Негізгі бөлім І. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі........................3-4 І. 1.Қазақстан Республикасының бюджет заңдары..........................................5-6 І. 2.Бюджеттің құрылымы,принциптері..........................................................7-12 ІІ.Біріңғай бюджеттік сыныптама..................................................................13-14 ІІ.1. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер.............................................................................................15-16 ІІІ. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастары реттеу саласындағы құзырет......................................................................................17-22

Қорытынды............................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................24

Кіріспе

Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған.

Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;

1) мемлекеттік бюджет –экономикалық категория ретінде қарастырылады.

2) мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.

3) мемлекеттік бюджет-қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы.

Айта кетететін жайт, қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде мемлекеттік бюджет өз кезегінде экономикалық категория болып табылады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық –заттық түрінде болады; бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процесстер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары- салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар тағы сол секілді өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерінің, шығыстарының, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджеттің негізгі жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлінедегі маңызды орнын, жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай ақ қоғамдық ұдайы айрықша рөлін анықтайды.

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]