Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
47.95 Кб
Скачать

Іі. Біріңғай бюджеттік сыныптама

Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттердің барлық деңгейлері үшін бірыңғай және міндетті болып табылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы заң актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде әзірленеді.

Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы бюджет түсімдерінің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің белгілі бір сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негізделген топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясатты іске асыруды бейнелейтін функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:

функционалдық топтардан;

функционалдық ішкі топтардан;

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен;

бюджеттік бағдарламалардан және ішкі бағдарламалардан тұрады.

3. Функционалдық топ – бюджет шығыстарын салалық белгілер мен функционалдық бағыт бойынша біріктіру.

Функционалдық ішкі топ бюджет қаражатының функционалдық топ ішінде жұмсалу бағытын нақтылайды.Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, функционалдық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің анықтамасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде дербес пайдаланады, олардың тиімді, нәтижелі және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері мен мәслихаттарының аппараттары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]