Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
47.95 Кб
Скачать

Негізгі бөлім. І. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі

Қаржылық байланыстардың орасаң зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен мемлекеттің шаруашылық жүргізушісі субьектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қлғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мелекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнан құрайды.

Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетін обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі обьективті қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндірістің қажетіліктерімен, мелекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақаша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы әкономиканың жұмыс етуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үлесін қамтамасыз етуге, оның салық және аумақтық құрылымын жетілдіруге, экономиканың салдарын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, әрі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және әлуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылды.

Сөйтіп обьективті обьективті бөлгіштік қатынастырдың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшылықты қоғамдық арналымды орындайды-жалпы мемелекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше бегілер тән; бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылды, мақсаты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Құндық бөліністің айрықшылықыты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

а) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқушылармен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.

б) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сферасы қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.

в) қоғамдық өнімнің тауар нысандағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылды, ал қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар –ақша қатынастарымен тығыз тойқаласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық заттық түрінде болады; бюджет қатанастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында-бюжеттік қорында затталынды.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизімдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жыйынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономика реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырады. Ақырында мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң).

Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызынан ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. (Қосымша 1)

Мемлекеттік бюджет-ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджет (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30 пайыз жалпы ішкі өнімнің 20 пайыз жалпы қоғамдық 10 пайыз бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып сала аралық аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланып келеді. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды кешенді мақсаты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамытуды тездетуге және халықтың ең аз қамтыған жігін әлеуметтік қорғауға бағыталуы тиіс.

Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. әлеуметтік саясаттағы басымдықтар- халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от басыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау бөлімі, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]