Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебекке баулу.2-сынып (2).doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
297.47 Кб
Скачать

2 Сынып

Еңбекке баулу Сабақ №

Мұғалім:

Тақырып: Көлемді бұйымдар, қағаздан шыны жасау.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Көлемді бұйымдар, қағаздан шыны аяқ құрастырып жасауға үйрету, әшекейлеу, құрастыру, ойын жеткізе білуге дағдыландыру, еңбектену, әсемдікпен, ептілікке баулу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі қүралдар: Қағаз, ыдыс, ою-өрнек, клей, қайшы.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ. Сөздік қормен жұмыс:Құты, жиек, түбі, шыны, өрнек

Сабақ жоспары:Жаңа сабақ. А) кіріспе.Б) мұғалімнің түсіндіруі, көмегі. Пысықтау, оқушы еңбегі. Қорыту.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру . Жаңа сабақ. А) Кіріспе Балалар сендер қағаздан көлемді бұйымдар жасап көрдіңдер ме? Б) мұғалімнің түсіндіруі. Бүгінгі сабақта қағаздан шыны аяқ дайындаймыз. Ол үшін жолақ қағаз бен құты таңдап алу кеерк. Желім керек.

Пысықтау : Жұмысты жоспарлап жасау керек. Құтыны қағазбен 3 қайтара айналдырып ораймыз. Әр ораған сайын желімдейміз. 2 рет .Жиегін иректеп қиямыз. Түбін желімдеу үшін қағаздың шетін бүгеміз. Ыдыстың түбін қатырма қағаздан қиып аламыз. Желімдейміз. Дайын аяқтап өрнектеп, әшекейлейміз.

Қорыту: Бұл ыдысты қайда пайдаланамыз. Неге желім жағылады? Немен иректеп қидың? Немен иректеп және олай жасадың ? Әшекейле .Сабақты қорытындылау, бағалау.

Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру .Әсемдік деген не? Ойлан

Үйге тапсырма беру :122-123 беттті оқу

2 Сынып

Еңбекке баулу Сабақ №

Мұғалім:

Тақырып:Қатырма қағаздан қобдиша жасау

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:1.Қатырма қағаздар қобдиша жасауды үйрету.

2.Дұрыс сызу ,қию,қайшыны ұстау,дұрыс сызуға дағдыландыру.3.Еңбекке баулумен қатар ұқыптылыққа,әдептілікке баулу

Құрал –жабдықтар, көрнекті құралдар: Қатырма қағаз, жіп, қайшы , клей

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.Сөздік қормен жұмыc:

Сабақ жоспары:Ұйымдастыру .Жаңа сабақ 1.а) Кіріспе. б) Мұғалімнің түсіндіруі, көмегі.2. Пысықтау, оқытушы еңбегі, қорыту

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Жаңа сабақ.а) Кіріспе. Балалар, қалай ойлайсыңдар қобдиша не үшін керек болады? б) Мұғалімнің түсіндіру. Қобдиша ұсақ түйек салу үшін керек. Қобдишаның негізі –қорап.

Пысықтау :Қобдишаның түбін, қабырғаларын түсті қағазбен желімдейміз. Оны сызғышпен, алақанмен тегістейміз. Өстіп, қобдишаның екінші бетін жасаймыз. Біткен соң әшекейлейміз. Оқушы еңбегі және мұғалім көмегі

Қорыту :Қобдишаны желімдеу ретін айт. Қалай әшекейлейміз. Кімге сыйлайсыңдар?

Бауды немесе таспаны қалай жасайсың? Бүгінгі сабақта не істедік? Қалай? Саған ұнады ма? Ұқыптылық деп қалай түсінесің? Сабақты қорытындылау, бағалау.

Бағалау:Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, әшекейлеу.

Үйге тапсырма беру:124-126 бет оқу

2 Сынып

Еңбекке баулу Сабақ №

Мұғалім:

Тақырып: Аяққап жасау.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:Ұлттық сәндік қолданбалы өнер жайлы қайталау., аяққап жасауды үйрету, өздігінен шешім шығара білу, еңбек етуге, ерінбеуге дағдыландыру, адамгершілікке баулу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Қатырма қағаз, жіп, таспа, кілей, қайшы.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.Сөздік қормен жұмыс: аяққап, ыдыс-аяқ, пішін

Сабақ жоспары. Ұйымдастыру Жаңа сабақ А) кіріспе Б) мұғалімнің түсіндіруі, көмегі.

Пысықтау, оқушы еңбегі.Қорыту

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру : Жаңа сабақ. А) Кіріспе. Аяққап деген не? Естулерің бар ма?

Б) Мұғалімнің түсіндіруі .Бұрын қазақтар көшпелі өмір сүрген . Олар киіз үй үшін заттарын бірге алып жүрген. Ыдыс аяқ сынбасын деп аяқ қапқа салған. Аяққап ықшамды, жеңіл, ыңғайлы.

Пысықтау:Кітаппен жұмыс дұрыс оқу, суретін зерттеу, пішін үлгімен қиып ал , қолға ұстау үшін бауын кез келген таспадан жасау , ою өрнек жапсыру , жиегін күлтелеп сәндеу

Қорыту: Көркем бұйымдардың қандай түрлерін білесің? Аяққап не үшін керек? Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау

Бағалау :Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу.

Үйге тапсырма беру: 126-127 бет