Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

II БӨЛІМ

ЖӘННАТПЕНСҮЙІНШІЛЕНГЕН ОН САХАБА

Ашарату мубашшара

“Мына он кісі Жәннатқа кіреді: Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Зүбәйр ибн Әууәм, Талха ибн Ұбайдуллаһ, Сағд ибн Әбу Уаққас, Әбу Ұбайда ибн Жаррах, Абдуррахман ибн Ауф және Саид ибн Зәйд (р.а.)”.

(Хадис)

Көз тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген осы он кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа сахабалар Жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені, сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар20. Демек, Аллаһ тағала разы болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз. Алайда, жоғарыда атап кеткендей, олардың арасынан да дәрежелері әр түрлі сахабалар ұшырасады. Бұл сахабалардыңкөзтірісіндеЖәннатпенсүйіншіленуінің өзіндік бірнеше себебі бар:

Кей уақытта жасалған істің басқа кезде жасалған істерден артықшылығы болады. Бұл сахаба-

20Қараңыз: (Мәида, 119; Тәуба, 110; Фәтх, 118; Мужәдәлә, 22; Бәййінә, 8)

31

Cаңлақ cахабалар

лар Исламның алғашқы қиын-қыстау кезеңінде мұсылмандықты қабылдады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеде Исламды уағыздай бастаған алғашқы кезде (өзгелердің теріс айналғандарына қарамастан), олар Құранның әмірлеріне құлай сеніп, мойынсұнды. Қауіп-қатерге толы сол күндері көзсіз ержүректілік танытқандар болмаса, мұсылманболуғакезкелгенніңбатылыбарабермейтін. Хазірет Әбу Бәкір: “Басымызды өлімге тікпейінше сыртқашығуғада,біржергекіругедежүрексінетінбіз”,– деуі арқылы сол күндердің көз көрген қиыншылығын тілге тиек еткен.

Бұлардың ешқайсысы алған бетінен қайтпай, Әлемдердің Рақым Нұрының (с.а.с.) жан серіктері болып,Исламдышынайыкөңілменқабылдап,өмірлерінің соңына дейін қасиетті жолдан бас тартпады.

Олардың барлығы Аллаһ тағала тарапынан әмір түскен кезде бала-шаға, мал-мүліктен айрылып қалу қаупіне қарамастан, қиындыққа көз жұмып, тәуекелге бел байлап һижрет етті. Бұлардың арасында шетелдерменқатынасыпсаудаменайналысарлықтайасабайАбдуррахман ибн Ауфтың бәрін тастап Мәдинаға көшіп келгенінде, өмірін қайта бастауына тура келгендігін айтакетукерек.Демек,оларбірғанамақсаттыкөздеді: тек қана Аллаһтың разылығына бөлену.

Жәннатпен сүйіншіленген бұл он кісінің ортақ ерекшеліктерінің бірі – ел тізгінін ұстай алатын парасаттылықты иеленуі. Әу бастағы төрт халифаның өмірі бұған дәлел. Хазірет Пайғамбардың “Үмбетімнің сенімдісі”дегенмарапатынаиеболғанӘбуҰбайданың бойында әйгілі қолбасшы Халидті он орап аларлық парасаттылық бар еді. Міне, осындай қабілеттеріне,

32

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

дарақасиеттерінеқарамастанПайғамбарымызға(с.а.с.) еруі – ардақтылықтың үлгісі болатын.

Атыаталғантұлғалардыңбәрітектіжерденшыққан. Хазірет Әлидің әкесі аса дәулетті болмаса да, Меккеде сөзі өтетін беделді кісілердің бірі еді. Исламның болашағы бұлдыр тартып тұрса да байлық пен шеншекпенгекөзсатпай,бастарынқатергетіккендігіүлкен жанқиярлықтың белгісі емей немене?!

Олардың ешбірі дүниеге бас имеді. Керек жерінде Хазірет Осман бес жүз түйені үстіндегі жүгімен қоса садақаға берсе, Абдуррахман ибн Ауф дүниесінің ауырлығынан Жәннатқа кірерде кеш қалатынын естіп, қолындағы бар затын көзі қиып, тегіс Аллаһтың ақ жолына жұмсай білді.

Исламныңаяғынтәй-тәйбасқаналғашқыкезеңінде қиындыққакеудесінтосушылардыңбіріболуыолардың дәрежесін басқалардан ерекшелеп жоғары көтерді.

Бұлардыңішінендәрежесіжағынантөртхалифаең алдакеледі.Ендігіжердесолардыңөмірлерінеқысқаша тоқталуарқылысахабалардыңдәуірі,олардыңсіңірген еңбектері жайлы мәлімет беруге тырысамыз.

33

Төрт халифа

“Аллаһ сахабаларымды пайғамбарлардан өзге бүкіл адамдардан абзал етті. Әсіресе, мына төрт кісіні: Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлиді қайырлы етті”.

(Хадис)

Аллаһтың Сүйікті елшісі (с.а.с.) Раббысынан алған уахиларымен адамдық қасиеттерден жұрдай болған араб қоғамындағы адами құндылықтардың толығымен жоғалып кетуін тежеп, адамдардың өмірге деген көзқарасын тұтастай өзгертті. Ол өз қызметін толық орындап, бұл істі жалғастырар артында сахаба жамағатын тастап кетті. Ислам туын биікте желбірету жолындағы шайқаста жанын пида етуден тайынбаған сахабалар Аллаһ пен Расулының (с.а.с.) разылығын дүниенің көз тартып, көңіл байлар алдамшы салтанатынан әрқашан да жоғары қойды.

АлғашқыИсламмемлекетіндеПайғамбарымыздан (с.а.с.) кейін билік басына келген төрт халифа әділдікті орнату, халықты жоқшылық пен азғындықтан құтқару, мейірімділік пен жанашырлық, халықты бір-бірінен бөле-жармай бәріне тең қарау секілді қасиеттері арқылы қайталанбас, біртуар басшылар ретінде адамзат тарихының абыройлы беттерінен ойып тұрып орын алды.

Отыз жылдық бұл қысқа заман «Хулафа-ур- Рашидин дәуірі» (әділетті, турашыл халифалар) делінеді.Осыуақытаралығындамемлекетбасқаруісінде Исламдық басқарудың ең тамаша үлгісі көрсетілді. Төрт халифа да ел билеген кезінде қарапайымдылық

34

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

пен кішіпейілділікті паш етіп, жұрт сүйіспеншілігіне бөленді. Айталық, хазірет Әбу Бәкір халифа болмай тұрып Синх аймағындағы халықтың қойларын сауып, оларғажәрдемдесетін.Олхалифаболыптағайындалған кезде көрші аймақтағы бір күңнің: “Сірә, Әбу Бәкір бұдан кейін біздің қойларымызды саумас”, – дегенін естіген Әбу Бәкір: “керісінше, өміріммен ант етейін, мен бұдан кейін де қойларыңызды сауамын. Мойныма алғанбұлжауапкершілікмінез-құлқымменәдеттерімді өзгерте қоймас”, – деп жауап берген. Ол қой саууды Мәдинаның орталығына көшкенге дейін алты ай бойы жалғастырған.

Хазірет Омар (р.а.) да саудамен айналысатын. Ол мемлекет басшысы болып тағайындалғаннан кейін халық қамына кірісіп, саудамен айналысуға уақыты қалмағанды. Сахабалардың ұйғаруымен оған өзіне және отбасына жетерліктей ғана айлық бекітілді. Омар бұған қанағат етіп ризашылық көрсетті.

Хазірет Осман (р.а.) қызметкерлерге айлық таратқан кезінде, жағдайы нашарларға өз байлығынан қосымша қаражат бөлетін. Онсыз да Осман (р.а.) жомарттығымен, садақа таратуымен және Аллаһ жолында дүние бағыштауымен атағы шыққан кісі еді.

Хазірет Әлидің де жағдайы осы кейіптен тыс кетпеді.Осыорайда,солшақтасалтанатқұрғанәділдік пен теңдіктен бір шағын мысал келтіре кетпекпіз.

Бір күні хазірет Әлиге Жуда ибн Хубайра келіп:

–Ей,мүминдердіңбасшысы!Кейдебіреуісеніжа- нындайжақсыкөретін,екіншісісағанжанықасекіадам келіп сенің төрелігіңе жүгінеді. Сен екінші адамдікін – дұрыс, бірінші адамдікін – жаңылыс дейсің. Бұл қалай болғаны? – деп сұрағанда, оған хазірет Әли:

35

Cаңлақ cахабалар

–Бұлөтекүрделімәселе...Бұлісмағанғанабайла- нысты болса, өзімнің пайдама қарай шешер едім. Бірақ бұл Аллаһтың әмір еткен әділдік жүйесі болғандықтан, оны бұзуға менің хақым жоқ,– деп жауап берген21.

Халифалардың қара қылды қақ жарған турашылдығы Исламдық тәрбиеден, Аллаһқа деген сүйіспеншілік пен қорқыныштан туындаған еді. Олар Аллаһ тағаланың алдында өз жауапкершіліктерін терең сезініп, қандай да бір қате басқан қадамдары болса, қияметте оған жауап беретіндіктеріне сенетін. Олардың басқаруындағы халық та Ислам тәрбиесінде болғандықтан,басшыларынақалтқысызбағынды.Осылайша, алқаракөк аспаннан сәуле шашқан жұлдыздар шоғырындай боп тарихтың айқара бетіне өрнек салып, өшпес із қалдырған бірқауым үмбет пайда болды22.

21Ибн Асакир, Канзуль-уммаль, 3/166.

22М.Шакир; Дөрт Халифа, ауд. Ф. Айдын, Истанбул, 1994, 1017.

36

1. Әбу Бәкір Сыддық

“Исламға шақырған кезімде, Әбу Бәкірден басқада алғашқыда сәл іркіліс пен күдіктену болды. Бірақ Әбу Бәкірге Исламды түсіндіргенімде, еш күдіктенбестен, кідірместен иман келтірді”.

(Хадис)

Хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бірнеше жас кіші. Әкесінің аты Осман болғанмен Әбу Кухафа деген атпен танымал еді. Анасының есімі – бүкіл жақсылықтардың анасы дейтін мағынаға саятын Үммул-Хайр, жұбайының есімі – Үмму Румман, одан бұрын Асма бинт Умейске үйленген еді. Әбу Бәкір үш қыз бен үш ұлдың әкесі болды.

Ислам дінінің Пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейінгі ең ардақты тұлғасы – Әбу Бәкір (р.а.). Ол Ислам діні жолында жанын да, малын да пида етуімен, туралық, шынайылығыменбасқаларғажарқынүлгіболды.Бүкіл ғұмыры биязылық, жомарттық, жанкештілік тәрізді адамдық асыл қасиет өрнектеріне толы.

Хазірет Әбу Бәкір әлемге Ислам шуағы төгілмей тұрып та сол қараңғылық дәуірдің өзінде жан дүниесі нұрға толы еді. Ешқашан жансыз, қимылсыз, ақылсыз, өзге түгіл өзіне де пайдасы не зияны жоқ дәрменсіз, мешеу пұттарға бас иіп табынбаған. Ішімдік пен құмар сияқты жәһилия дәуірінің әдеттеріне мойын бұрмаған, туа біткен асыл рухты болатын.

Ол Меккеде бай әрі беделді, көпшілікке сыйлы кісі еді. Құрайыштың түп шежіресі мен тарихын жетік білетін. Ел дау-дамайға әділдік іздегенде соның

37

Cаңлақ cахабалар

төрелігінежүгінетін.ӘбуБәкірСыддықсаудаменайна- лысатын,сауда-саттықтаешқулықжасамайтын.Айтқан сөзіне берік, кедей-кепшікке жәрдем етуді жақсы көретін. Сауда барысында көптеген елді-мекендерді көрген, ішкі мәдениеті жоғары, қырағы қырандай байқағыш ол өз дәуірінің адамдық құндылықтардан жұрдайболыпруханитығырыққатірелгенінайқынсезе білді.

Адамзатты бұл қорқынышты қараңғылықтан жарыққа алып шығар бір құтқарушының келуін зарыға күтті. Әрине, ол тұста Әбу Бәкір сияқты зерде көзі ашық, көкірегі ояу хазірет Ибраһимнен (а.с.) қалған Тәухид дініне сенген ханифтер де бұл нұрға ынтызар болатын.

Көңілі тыншымай сан-саққа кетіп ізденіс үстінде жүрген Әбу Бәкірдің мұсылман болуына мына жағдайлар себепші болды:

1.Сол дәуірдің атақты шайыры Қус ибн Сайда үнемі Указ алаңында хұтба жасап, Хақ Пайғамбардың келуінің жақын екендігін ескертетін.

2.Сирия сапарында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) поп Бахирамен кездесуіне куәлік етуі, Йемендегі поп Настураныңжақындабірпайғамбардыңкелетінінхабарлауы, өзінің көрген түсі: түсінде Меккеге толықсыған айдың шуағын төгіп, сәулесінің үйіне енгенін көріп, Тәурат пен Інжілді жақсы білетін дін адамдарына жорытады. Олар соңғы Пайғамбардың (с.а.с.) Меккеден шығатынын және Әбу Бәкірдің Соған еретінін айтады.

3.Адамзаттың асылымен (с.а.с.) бала кезден дос болып, оны жақсы тануының да айрықша маңызы бар.

Әбу Бәкір сауда сапарымен Йеменде жүргенде, Мекке халқы Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлықтың

38

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

келгендігі туралы хабарды естіп, толқу үстінде болатын. Өз кітаптарынан жаңа пайғамбардың келетінін оқыса да, кейбір яһудилер мен христиандардың өздеріне де бұл хабар тосын естіліп аң-таң болып жатса, мүшріктер:

”Ішіміздегі ешкімі жоқ жетімекке пайғамбарлық қалай келмек? Пайғамбарлық келер болса руымыздың ішіндегі беделді біреуге келуі керек емес пе еді?”– деп бұлқан-талқан боп, алатайдай бүлінеді. Олар, әсіресе, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өздері “тәңір” деп табынғанпұттарыныңешдәрменсізекендігінайтқанын көңілдеріне қондыра алмай, оған наразылық танытып, қарсылық көрсетумен болды.

Йеменде жүрген Әбу Бәкір бұл соңғы жаңалықтан мүлдем хабарсыз еді. Меккеге оралған кезде, оны Әбу Жәһил,ҰтбаибнМуайтсияқтықаланыңбеткеұстарлары ортаға алады. Олар Әбу Бәкірдің Мұхаммедке (с.а.с.) жақындосекенінжақсыбілетін.ӘбуБәкірболмағанда, олар Пайғамбарымыздың әрекетіне (с.а.с.) әлдеқашан тосқауыл қоймақшы еді. Әбу Бәкір оларға:

Жайшылықпа?Жаңалықбарма?Менжоқкезде әлде бір нәрсе болды ма? – деді.

Иә,маңыздыжаңалықбар.Елішіндеүлкенбүлік шықты. Әбу Тәліптің жетімегі аталарымыздың дініне тіл тигізіп, өзіне пайғамбарлық келгенін айтуда, – деп тегіс жамырасты.

Бұны өзі айтты ма?

Иә, өзі айтуда және біздің табынатын пұттарымызға үнемі тіл тигізуде.

Егер бұны өзі айтқан болса, онда оныкі – рас! Әбу Бәкір бұл хабарды оның өз аузынан естігісі

келіп, сол бетте Пайғамбарымыздың үйіне бет алды.

39

Cаңлақ cахабалар

Өйткені, жақын досы Мұхаммедтің (с.а.с.) жалған сөйлемейтінін ол жақсы білетін. Осы қасиеті үшін де оған дүйім жұрт: “Мухаммадүл-әмин”, яғни “сенімді Мұхаммед” деген жоқ па еді?!

Әбу Бәкірдің жүрегі қуаныштан аттай тулап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасынан бір-ақ табылады. Пайғамбарымыз оны нұр тұнған көздерімен күлім қағып қарсы алады. Өйткені, Әбу Бәкірдің өзін қолдайтындығына толық сенетін.

Уа, Әбу Қасым, пайғамбарлығыңды жария еткенің рас па? – дейді оған Әбу Бәкір келген бойда сұрақты төтесінен қойып.

Иә,ӘбуБәкір.Мен–сағанжәнекүлліадамзатқа ӘлемдердіңРаббысыныңжібергенелшісімін.Халықты бір Аллаһқа ғана иман етуге, пұттарға табынудан бас тартуға шақырамын.

Әбу Бәкір бұл шақыруға еш кідірместен:

Менкуәлікетемін,ей,Мұхаммед,сенАллаһтың елшісісің! – деп алғаш иман еткендердің қатарына қосылу бақытына ие болды.

Әбу Бәкірдей бір қауым елге сөзі өтімді беделді кісінің мұсылманшылықты қабылдауы, хазірет Айша (р.а.) анамыздың айтуынша, Пайғамбарымызды (с.а.с.) ең қатты қуантқан оқиғалардың бірі болды.

Бұл жайлы Пайғамбарымыз бір хадисінде:

Исламға шақырған кезімде, Әбу Бәкірден басқа да сәл тосырқау мен күмән болды. Бірақ Әбу Бәкірге Исламды түсіндіргенімде еш күдіктенбестен, кідірместен иман келтірді, – деп оның осы жақсы қасиетін айтқан23.

23Ибн Кәсир, ал-Бидаия уән-нихая, Бейрут, 1978, 3:30; Ибн Хишам, Сиратун-нәби, Бейрут,1:129.

40