Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

5.ИбнХажарәл-Асқалани(773-852),әл-Исабафи-

т-тамиизис-сахаба.

Құран кәрімдегі сахабалар жайлы аяттар Сахабалардың ерліктері, табандылықтары

мен шынайылықтарын мадақтап, дәрежелерінің қаншалықты жоғары екендігін кейінгі ұрпаққа білдіру үшінАллаһтағалаҚұранкәрімніңкөптегенаяттарында сахабалартуралыбаяндаған.Олар–еңқайырлыүмбет. Бұл жайлы «Әли-Имран» сүресінің 110-аятында:

“Сендер елді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю үшін шығарылған қайырлы үмбет-

сіңдер”–делінген.СахабаларжайлыТәуратпенІнжілде де оларды сипаттап, мадақтаған аяттар бар. Ол жайлы Құранда:

“Мұхаммед – Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге өте қатал, ал өз араларында тым мейірімді. Сен оларды рұкұғда, сәждеде көресің. Олар Аллаһтан мәрхамат пен разышылық тілейді. Жүздерінде сәжденің іздері бар. Олардың Тәураттағы сипаттары осы. Інжілдегі сипаттары болса:бұлбасжарып,сосынбара-баракүшейген,жу- андапөзсабағындатіктұрғанмасаққаұқсайды.Бұл егіншілерді таңғалдырып, кәпірлерді ызаландырады. Олардың ішінен иман етіп, ізгі істер істегендерге Аллаһ кешірім мен үлкен сыйлық беруді уәде етті”

(Фатх, 29) делінеді.

“Иман келтіріп, һижрет жасағандар, Аллаһ жолында соғысқандар, оларды үйінде қонақ еткендер, оларға көмектескендер, міне, бұлар нағыз иман еткендер. Оларға жарылқау мен қымбатты ырзық бар” (Әнфал,74).

21

Cаңлақ cахабалар

Аллаһтағаланыңоларданразыболғандығыжайлы мына аяттарда былайша баяндалады:

“Мұһажир, ансарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта соларға ергендерге Аллаһ разы, олар да Аллаһқа разы болды. Аллаһ олар үшін мәңгі тұрақтайтын, астарынан өзендер ағатын Жәннаттар дайындады. Міне, нағыз үлкен бақыт, үлкен жетістік осы” (Тәубе, 100).

Бұл жердегі мұһажирлер мен ансар Аллаһты разы етерлік қандай әрекет жасаған еді? Әуелі, мұһажирлер үй-жай, бала-шаға мен бүкіл Меккедегі байлықтары мен сауда істерін Аллаһтың діні үшін тәрк етіп Мәдинаға көшті. Ал, ансарлар оларды құшақ жая қарсы алып, барын солармен бөлісіп, құтты қонақ етті. Мысалы, Меккеден келген Абдуррахман ибн Ауфпен бауырластырылған10 Сағд ибн Раби бауырына үйінің есігін айқара ашып, бүкіл нәрсесін тең бөліп беруге ырзалық білдірді. Алайда Меккеде саудаға машықтанған дәулетті сахаба Абдуррахман ибн Ауф оған рақметін жаудырып, оларға масыл болмау үшін “базардың жолын көрсет” деп арқанын асынған күйі жүк тасып күн көруге шыққан еді11.

Осылайша сахабалар шынайы бауырластықтың үлгісін көрсетті. Дәустен көшіп келіп мұсылмандықты қабылдаған, Аллаһ расулының хадистерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді мұрат еткен Әбу Һурәйра (р.а.) күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқып, таң атқаннан қас

10Пайғамбарымыз Мәдинаға көшіп барғаннан кейін мухажирлер мен ансарларды жағдайларына қарай бір-бірімен бауырластырды.

11Бухари, Бую´, 1,49.

22

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

қарайғанша аш жүретін. Бұндай күндері тіпті жиі болатын.

Бірде Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп бірнеше күннен бері аш құрсақ жүргенін айтады. Осы тұста өзінің ең жақсы көретін құрма бағын Аллаһ жолында бағыштаған Әбу Талха келіп, үйінде бойға қуат боларлықтай азық болмаса да, хазірет Әбу Һурәйраны үйіне қонақ етті. Әбу Талха әйеліне: “Балаларды ертерек жатқыз. Не бар болса бәрін дастарханға әкел. Шамды білмеген болып өшіріп ал. Қараңғыда кімнің жегені, кімнің жемегені белгілі бола қоймас. Мен де қасығымды қолыма ұстап астан жегендей болып отырайын. Әйтеуір қонағымызды аш түнетпейік”,– дейді. Әйелікүйеуініңайтқанынорындап,ештеңеденхабарсыз Әбу Һурәйра осылайша қарнын тойдырады. Ертесіне екеуітаңнамазыноқуғамешіткебарып,Аллаһелшісіне (с.а.с.) ұйып, намаздарын оқиды. Намазды бітірген соң Пайғамбарымыз бұрылып, күлімсіреп “Аллаһ тағала мына аятты түсіретіндей бұл түнде не істедіңдер?”, – деп төмендегі аятты оқиды:

Бұлардан бұрын Мәдинаға қоныстанып

жүректеріне иман ұялатқандар қастарына көшіп келіп қоныстаған дін бауырларын сүйеді, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбің болмайды. Сондай-ақ өздері таршылықта бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Кімде-кім нәпсісінің қалауы мен құмартуларынан аса алса, солар нағыз құтылушылар.Оларданкейінкелгендер:“Ей,Раббымыз,біздіжәнебізденбұрыниманеткенбауырларымызды кешіре гөр! Иман келтіргендерге жүрегімізде

23

Cаңлақ cахабалар

кек ұялатпа! Раббымыз, шүбәсіз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің” дейді” (Хашыр, 9-10)12.

Міне, мұһажирлер мен ансарлардың адамды тәнті қылып, өзгелерге үлгі боларлық шынайы достықтары!

Сахабалардың батырлығы мен өжеттілігі жайлы:

“Оларға адамдар: - Дұшпандарыңыз сіздерге қарсы қол жинады, қорқыңдар! - дегенде, бұл сөз керісінше олардың имандарын күшейте түсті де: - Аллаһ бізге жетіп асады. Ол нендей жақсы дос”

деді” (Әли Имран, 173).

Бұл аяттар сахабаның Аллаһ тағаланың назарында қаншалықты құрметті екендігін көрсетумен қатар, кейінгі нәсілге солардың жолымен жүріп, Исламның әмірлерінесахабаларсияқтымойынсұнып,солжолдың ыстығына күйіп, суығына тоңудың маңыздылығын көрсетеді.13

Сахабалар жайлы хадистер

Исламдінінжаюүшінмашақатқатолықиынжолда өзіне серік болып, бүкіл тауқыметті арқалаған саңлақ сахабаларжайлыпайғамбарымызхазіретМұхаммедтің (с.а.с.)хадистерікөп.Қиыншылықтарғақарамастан,бұл жолда соңына дейін Аллаһ расулымен бірге болуға сөз беріп, уәделерінде тұрған адал достары жайлы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мақтан тұтар сөздері қалайша көп болмасын?! Кішкене жақсылықтың өзін елеп-ескеріп жадынан еш шығармаған Ардақты елшінің (с.а.с.) сын

12Бухари, Тафсир, 59, 6.

13Сахабаларға байланысты бұлардан басқа мына аяттарды да қараңыз: Тәубә, 20; Бақара, 218; Хашыр, 9; Әнфал, 74, т.б.

24

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

сағаттарда қасынан табылған сахабаларын ұмытуы мүмкін бе?! Төмендегі хадистер осының нақты дәлелі:

“Меніңсахабаларымдыжамандапсөзайтпаңыздар. ЕгерсіздерденбіріңіздіңҰхұттауындайалтыныболып, оны тұтастай Аллаһ жолында бағыштаса, бұл олардың біруыстықбағыштарына,тіптіоныңжартысынадатең келмейді”14.

“Адамдардың ең жақсылары менің ғасырымда өмір сүргендер (сахабалар), содан кейін олардан кейін келгендер(яғни,таби‘ун),соданкейіндеоларданкейін келгендер (атбаут-табиин)…”15.

“Сахабаларым көктегі жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңіз де тура жолды табасыз”16.

Әлемдерге рақым етіп жіберілген ақырғы Пайғамбарға (с.а.с.) серік болған сахабалар өздерінен кейін келетін бүкіл ұрпақтар үшін үлгі-өнеге. Шынайы Ислам түсінігі мен өмір сүру дәстүрі сахабалардың кезінде айқын көрініс тапты. Хадисте айтылғандай, олардың өмірі – кейінгі ұрпақ үшін қараңғы түнекте бағыт сілтейтін шамшырақ іспетті.

Сахабалардың Ислам тарихындағы орны

Сахабалар ғасыры Ислам тарихында “асрусса‘адат” (алтын ғасыр) деп аталады. Себебі, олар тек өздерініңғанаемес,баршаИсламүмбетініңбақытыүшін жан аянбай күресті. Өмірде адамдар арасындағы, қара халық пен басқарушылардың, әр түрлі дін өкілдерімен қарым-қатынаста (“өзі тоқ болып, көршісі аш жатқан

14Бухари, Фадаилу-с-сахаба, 5; Муслим, Фадаилу-с-сахаба, 221.

15Бухари, Фадаилус-сахаба, 1; Муслим, Фадаилус-сахаба, 212.

16Ажлуни, Кашфул-хафа, Бейрут, 1351,1:132.

25

Cаңлақ cахабалар

бізден емес”, “бір адамның көңілін қалдыру, Қағбаны жыққанментең,зыммиге(мұсылмандардыңбасқаруын өз еркімен қабылдаған, бірақ мұсылман болмаған өзге діндегі) зәбір көрсетсе, маған зәбір көрсеткендей”, “Аллаһтың алдында бүкіл адамдар тең” (ұлтына, жынысына,түсіне,қоғамдықжағдайынақарамастан)яғни, қоғамдық өмірдің барлық саласында Исламның басты ұстанымдарынжасампаздәстүргеайналдырғансахабалартарихтатеңдессізізқалдырды.Әділеттітөртхалифа дәуірінде“қойүстінебозторғайжұмыртқалағанзаман” орнауы, хазірет Омардың халифалығы тұсында халық тұрмысыныңкөтеріліп,садақаберерлікадамқалмауы– олардың Ислам ұстанымдарын жетік меңгергендігінің айғағы.

Сахабаларелбасқарудымақтанышемес,керісінше, жауапкершілігі өте жоғары, міндеті тым ауыр іс деп қабылдады. Ақыретте сол жауапкершілігі үшін сұралатынын білгендіктен басшылыққа ұмтылмады. Айталық, Омар ибн Хаттаб баласын өзінен кейін халифа етіп тағайындауға үзілді-кесілді қарсы шығып, “бір үйден бір құрбандық жетер” деуі сөзіміздің дәлелі.

Сахабалар дәуірі – жер бетінің Рахман нұрына шомылған шағы. Аллаһ тарапынан түсірілген ақиқаттарға (Құранның түсірілуіне) куәлік етіп, Жаратушының әмірлері мен тыйымдарын өмірмен үйлестіріп, өміршең дәстүрге айналдыру үшін “әлемдерге рақым” етіпжіберіленСүйіктіелшінің(с.а.с.)ғұмырыолардың көзалдындаөтіпжатты.Пайғамбарымыздыңуахитүскен кездегі халі, Құран аяттарының түсу себептері, әрбір аяттың астарындағы Жаратушының мұратын дұрыс түсіне білу, сондай-ақ Пайғамбарымыздың жеке өмірі,

26

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

құлшылығы,мінез-құлқыныңкөркемдігі,өмірініңбүкіл кезеңі сахабалардың көрсеткен қайратының арқасында кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра болып қалды.

Олар Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естіген, көргендерінің бәрін үмбетіне жеткізу үшін көп еңбек сіңірді. Сахабалардың арасында аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермес шешен, ділмәр кісілер де бар болатын. Осыған қарамастаноларасылсөздіңЗергері(с.а.с.)сөйлегенде, зейін қойып тыңдап, айтқанына мойынсұнатындықтары соншалық “оның құзырында басымызға құс қонақтағандайасасақтықтанытып,әрбірсөзінемұқият ден қоятынбыз”17,– дейді олар.

Сахабалар Рахман көгінен жауған мейірім нұрына шомылып,иләһиқұдіреттіңкөзтоймас,ақылғасыймас хикметтерін жан-тәнімен бойларына сіңіріп, кемеңгер Тәрбиешінің (с.а.с.) өз қолында тәрбиеленді.

Оған қоса, намазға шақыру үшін бір күні Ұлы Жаратушыныңжаршысыболғаназанныңилхамболуы, тағы бір күні ішкілік пен құмардың харам етілуі, басқа бір күні Аллаһтың әмір-тыйымдарының хикметтерінің түсіндірілуі мен үйретілуі олардың рухына қанат бітіріп, үнемі биіктерге шақыратын.

Сахабаларөмірдегітүрліжағдайларғабайланысты түсірілгенҚұранаяттарынақашандакуәболғандықтан, бұлқына бұғау үзіп, буырқанған ғұмыр кешті. Сахабалардың көз алдында Аллаһтан тікелей әмірлер алып,олардыбойынасіңіріп,адамзатқасолақиқаттарды паш еткен Аллаһ елшісі (с.а.с.) тұрды. Сахабалардың санасы мен жүрегіне иман нұрын себелеп, хақ жолын

17Бухари, Жихад, 37;Әбу Дәуіт, ас-сунән. Иххяус-суннәтин- нәбәуиия, Тыбб, 1.

27

Cаңлақ cахабалар

көрсетуші Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) көз алдында болуы олардың бойындағы құлшынысты (динамизмді) үнемі жоғары деңгейде ұстады.

Сахабаларға тән бұл өмірдегі ең ұлы арман

– Аллаһтың разылығына ие болу. Олар өз өмірін “Аллаһтың разылығына қалай қол жеткіземіз?” деген асылдаасқақмұраттыңтөңірегіндеөріпөрбітті.Бүкілісәрекеттері,сұхбаттары,ниеттерініңбәріосымақсаттың төңірегінде тоғысты. Тіпті бір-біріне жолыққан кезде “кел,отырыпбіразиманымыздыарттырайық”18–дейтін. Адамның екі дүниеде де бақытты болуына мұрындық болуы арқылы Аллаһтың разышылығына кенелуге болатындығын Пайғамбардан (с.а.с.) үйренген олар бүкіл өмірін жақсылық жолындағы қызу жарыспен өткізді.

Сахаба үшін бұл дүниедегі бақыт – ақыреттегі бақытқа жетудің баспалдағы ғана. Олар бұл дүниенің бүкіл қызықшылығы мен өткінші ләззаттарына еш алданбады. Исламның кез келген мәселесін дүниенің ең үлкен пайдасына айырбастамай, түрлі қауіп-қатер мен қиыншылықтарғақарамастан,иманментуражолданеш ауытқымаған сахабаның мәртебесі, әрине, аса жоғары. Бұлжайлыжәннатпенсүйіншіленгенонсахабаныңбірі Саид ибн Зәйд былай дейді:

“Бір адамның Расулаллаһтың ғұмыр кешкен кезеңінде өмір сүріп, жиһадқа қатысуы, сіздердің араларыңыздағы біреудің Нұхтың (а.с.) өміріндей ғұмыр кешіп, сол уақыт ішінде жасаған ізгі істерінің бәрінен жақсы”19.

18Бухари, Иман, 1.

19әл-Исаба, 1:10

28

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

Өмір сүрудің күллі шарттары сіздің жолыңызды кесетінөткелбермесот-дариябоптұрғанкезінде,Ислам ақиқатына мойынсұнып, қатерге бас тігу, шынайылық пен төзімділікті қажет етеді. Әлі Ислам дінінің келешегінің қандай боларына толық көз жеткізбестен бұл қатерлі жолға бас тігу адам ақылымен жасалынатынісемеседі.Бірақ,сахабаларалдарында“Әмин”(өте сенімді) деп білген Пайғамбарды (с.а.с.) көргендіктен, олар бұлтартпастан, бұра тартпастан бұл жолдың тауқыметін арқалауға шынайы көңілдерімен көнді. Міне, сахабалар зор қиыншылықтарға қарамастан, бүкіл тосқауыл мен бөгеттерді бұзып-жарып шығуға ынта-шынтасымен кірісіп, өршелене тырысып алға ілгеріледі. Аллаһ тағаланың өз дінін орта жолда қалдырмайтынына бар көңілімен сенген бұл жамағат табысқа жетті.

Сахабаның табысқа жетуінің бір сыры – турашылдық пен шынайылықта. Неге десеңіз, сахаба мұсылмандықты қабылдай салысымен дереу жамандықтан жақсылыққа ұмтылды, қараңғылықтан жарыққа талпынды, қоғамның барша індетінен бойды аулақ салды. Исламның жүректегі төңкерісінен кейін алдамшы дүниеден мейлінше қашықтап, алдау-арбау секілді түрлі жамандықтардың қараңғылығына қайта оралмады. Осы тұста бір қынжылтатыны, ақиқат пен жалғанға қатар жүгінген қазіргі шақта көпшіліктің мұны жете түсіне бермейтіндігі.

Жанқияр рухты асыл ерлер, саңлақ сахабалар, Пайғамбарымыздың(с.а.с.)адамзатқаұсынғандәстүрін жүзеге асырудың әбден мүмкін екендігін дәлелдеп, нағыз үлгі-өнеге көрсете білді. Олар пайғамбарлардан

29

Cаңлақ cахабалар

кейінгіАллаһтағалағаеңжақынадамдар,өйткеніоларды ең соңғы хақ Пайғамбардың (с.а.с.) өзі тәрбиеледі. Рухын биіктетіп, жүректерін өмірдің кірбіңінен өзі тазартты. Аллаһ тағала олардың баршасына разы болсын!

30