Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Халид ибн Уәлид

“Халид сияқты адам Исламнан қалайша нәсіпсіз қалады? Бойындағы күш-жігерін мұсылмандардың игілігіне жұмсаса, өзіне де абзал болар еді”.

(Хадис)

ЖеңілудібілмейтінқолбасшыХалидибнУәлидтің (р.а.) өмірі мүлдем қызық. Исламды қабылдағанға дейін мұсылмандарға қарсы шайқасып, үлкен зиянға ұшыратса, жүрегі иман нұрымен шайылғаннан кейінгі бүкіл ғұмыры Аллаһтың дұшпандарына қарсы қылыш сермеумен өтті. Өзінің өмір тарихын Аллаһ елшісінің қолын қысып, кәлима айтқан күннен ғана басталғанын қалайтын. Қолынан келсе, қараңғылықта өткізген күндерін жадынан із қалдырмай өшіріп тастар еді.

Халид ибн Уәлид мүшріктердің мұсылмандарға қарсы ұрыстарының бәрінде де алдыңғы шепте жүрді. Алайда әр шайқастан кейін өзімен өзі соғысқандай күй кешіп, ағат басқандай жан сарайы жадауланып алайдүлей болатын.

Хұдайбия келісімі Халид ибн Уәлидтің мұсылман болуына жол ашты. Табиғаты арпалысты сүйетін жауынгер рухты Халид үшін бұл бейбіт келісім мұрсат мерзімідеседеболады.Өйткені,жекеқалғантүндерінде шұғыласышартарапқакеңжайылып,күнненкүнгетуы жоғарыда желбіреген жаңа дін жайлы бір сәт болса да дұшпандық ниетінен арыла отырып, шынайы пейілмен ойлана бастады. Аллаһтан тура жолға түсіруді тіледі. Көкірегіндегі дұшпандығы мен жаман пейілінен арылып, бар пейілімен ой тұңғиығына терең бойлаған

201

Cаңлақ cахабалар

сайын Халид Мұхаммедтің (с.а.с.) нағыз пайғамбар екендігіне көзі жете бастады. Ол мұсылман болудың оңтайлы кезеңін асыға күтті.

Хұдайбия келісімі бойынша мұсылмандар орындай алмаған Умра сапарларының қазасын өтеуге Меккеге келген-ді. Халид Аллаһ елшісінің көзіне көрінуге ыңғайсызданып, жасырынып жүреді. Меккеге келген мұсылмандардың арасында інісі Уәлид ибн Уәлид те бар еді. Ол Халидті қанша іздестірсе де таба алмады. Ағасына төмендегі хатты жазып тастап кетті:

“Бисмиллаһи-р-Рахмани-р-Рахим!

ОсыншамаақылдыболатұраИсламдықабылдаудан қашқаның ақылға қонымсыз. Ислам тәрізді ақиқат дініненкімалшақтұраалады?Расулаллаһменен“Халид қайда?”,–депсұрады.Мен:”Аллаһоныалыпкеледі”,– дедім. “Халид сияқты адам Исламнан қалайша нәсіпсіз қалады? Бойындағы күш-жігерін мұсылмандардың игілігіне жұмсаса, өзіне де абзал болар еді”, – деді. Бауырым, есіңді жи. Тезірек жет. Мүмкіндікті уыстан шығарып алма”.

Бұл хат Халидтың Исламға құлшынысын арттыра түсті. Әсіресе, Пайғамбарымыздың арнайы сұрап іздегенінестігенкезде,төбесікөккежеткендейқуанды. Түсінде өте тар және құрғақ жерден кең әрі жап-жасыл біралаңқайғашыққанынкөріп,кейінолтүсінИсламды қабылдауға жорыған еді.

Халид Аллаһ елшісінің (с.а.с.) құзырына баруға белінбекембуды.Алайдажалғызбаруғаыңғайсызданып серік іздеді... Жолда Осман ибн Талхаға кездесті. Оған ниетін айтып, екеуі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бірге баруға келісті. Хиддә деген жерге барған кезде Эфиопиядан оралған Амр ибн Асқа жолықты. Амр да оларға

202

Мәшһүр сахабалар

қосылды188. Амр ибн Ас Мекке мүшріктерінің ең айлалы, көзіқарақты саясаткері болатын. Мүшріктердің қатарында жүрген кезде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қатерлі қастандық жоспарын құрушы азулы дұшпандарының бірі болатын.

Нұрлы Мәдинаға үшеуі бірге жетті. Оларды Халидтің бауыры Уәлид күтіп алып:

“Тезірек жүріңіздер. Расулаллаһ сіздердің келе жатқандарыңызды есітіп, қатты қуанды. Ол сіздерді тосып отыр”, – деп сүйінші хабар жеткізді.

Исламбақытынабөленугебеталғанбұлүшбаһадүр жайлы Аллаһ елшісі:

“Мекке өз сүйіктілерін құшағымызға табыс етті”,

– деді. Шынында да, бұл үшеуі мұсылмандарға қарсы шайқасқан мүшріктердің ең жаужүрек ерлерінен еді. Әрине, мұндай күштердің мұсылмандарға келіп қосылуыИсламныңбұғанасынқатырып,буынынбекіте түспек. Тағдыр тамаша сыйын тарту етті.

Аллаһ расулы (с.а.с.) өзіне топтанып келгендерді ғана емес, жеке келген адамдарға да айрықша мән беретін. Амр ибн Ас және Халид сияқты құрайыштың асыл ұлдары, дара тұлғалардың алдынан шығу үшін өзінің сахабаларын жіберіп үлкен ілтипат көрсетті. Халид сияқты Меккенің белді кісісіне жылы шырай мен ыстық ықыласын білдіргенде, Халид ибн Уәлид бақыттанбасыайналады.Пайғамбарымыз(с.а.с.):“Мен Халид осыншама ақылды бола тұра қалайша күпірлік ішіндежүрдептаңқалып,сеніңбіркүнікеліпИсламды қабылдайтыныңа нық сенімді едім”, – деді.

Халид ибн Уәлид ескі күнәларын еске алып, іштей қынжылды. Пайғамбарымыздан күнәларының

188 Муснәд; 4:158.

203

Cаңлақ cахабалар

кешірілуі үшін дұға етуін қатты өтінді. Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыз: “Ислам бұрынғы күнәларды санамайды, толығымен өшіреді”,

– десе де, қанағаттанбай дұға етуін сұрайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қолын көкке көтеріп: “Аллаһым, елжұртты сенің жолыңнан алыстату үшін жасағандарын кешіре гөр!” – деді.

Пайғамбарымыздың жылы шырайынан тебіреніп, бұдан кейінгі саналы ғұмырын, бойындағы бүкіл қуатын Ислам байрағын байтақ әлемге желбірету жолында жұмсады.

Бұл үш батырды қылыштың күшімен, мұсылман ету мүмкін емес еді. Олар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) шынайылығы мен табандылығына, аз уақыттың ішінде өзінің айналасына бірөңкей асылзада адал серіктер жинап, олардың ең сүйіктісіне айналғанына таңғалып, Исламға ықыластылық танытты. Ислам – зорлықпен қабылданатын дін емес, адамдарды бақытқа жеткізер ақиқатжолы.Арытаза,зерсалыпойланғанадамдаңқты сахабалар сияқты бұған анық көз жеткізе алады.

Халид ибн Уәлидтің алғаш қатысқан шайқасы – Мутаұрысы.БұлшайқасПайғамбарымыздыңгрекпатшасына жолдаған Харис ибн Үмәйрдің Шам әкімі тарапынан өлтірілуінен туды. Бұл оқиға Аллаһ елшісіне ауыр тиді, өйткені, ол кезге дейін Елші өлтірілмейтін. Харис ибн Үмәйр Пайғамбарымыздың елшілерінен – ең алғашқы әрі соңғы шейіт. Расулаллаһ шұғыл түрде үш мың кісіден тұратын әскер жасақтады. Әскер басы болып Зәйд ибн Хариса тағайындалды.

Халид ибн Уәлид Мутә соғысына қатысқан кезде екі ай бұрын ғана мұсылман болған еді. Мутә шайқасына аттанар кезде қолбасшылардың арасында

204

Мәшһүр сахабалар

оның аты да аталмаған. Ол шайқасқа қарапайым әскер ретінде қатысты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хазірет Зәйд, Жағфар, Абдуллаһ ибн Рәуәхалардың аттарын атап: “Егер бұларәлдеқандай жағдайға тап болса, Аллаһ қылыштарының біреуі істі мойнына алсын” деген. Бұл жердеесімайтылмасада,тарихАллаһқылышыныңХалид екендігін көрсетті…

Шайқас алты күнге созылды. Алтыншы күні тағдырдыңжазуыболып,Аллаһелшісініңайтқанындай үш қолбасшы да майдан даласында бірінен кейін бірі шейіт болды. Ислам әскері қолбасшысыз қалды. Византиялықтармұсылмандардытегісқырыпжіберудің аз-ақ алдында тұрды. Көптеген сахаба шейіт болды.

Соғыстың жан берісіп, жан алысқан шағында байрақты Сәбит ибн Әкрәм қолына алды. Сәбит артындағыХалидтыкөресалатудысоғанұсынды.Енді ғана мұсылман болған Халид алдында өзінен бұрын мұсылман болған мұһажирлер мен ансарлар бар кезде оларғақолбасшыболуғалайықемеспіндепкішіпейілдік танытты. Туды алғысы келмей тартыншақтады. Сәбит ибнӘркәм:“Тудысенқолыңаал.Өйткені,соғыстәсілін сен менен әлдеқайда жақсы білесің. Мен туды саған беру үшін алдым”, – деп бастырмалады. Сахабалардың қолқалауымен Халид байрақты қолына алды. Сол түн Халидтың түні болды. Әртүрлі стратегия жасап, дұшпанныңесіншығарды.Солқанаттағыларды–оңға, оңдағыларды – солға, арттағыларды – алға шығарып, бейне бір жаңа күш келіп қосылғандай көрсетуге тырысты. Көзі таныс үйреншікті адамдарын көре алмаған византия әскерлері шынымен де жаңа қуат келді екен деп сасқалақтап қалады. Халид (р.а.) шабуылды үстіүстіне үдетіп, бастырмалатып, жеңіліп бара жатқан

205

Cаңлақ cахабалар

Ислам сайыпқырандарын жеңіске бастады. Қалған мұсылман әскерлерін Мәдинаға шашау шығармай аман алып қайтты. Осы шайқаста Екі Жаһан Сардары (с.а.с.) қаһарман Халидке “Сәйфуллаһ” – Аллаһ қылышыдегенаттаңды189.Тарихшылардыңайтуынша, мұсылмандардың саны – үш мың, византиялықтардың әскер саны – жүз мың болыпты.

Сахабаларды теңдессіз етіп тәрбиелеуде алдына жансалмағанАллаһелшісіәркімніңқабілет-қарымына қарайқызметартқандықтанолміндетінтолықатқарған. Сәйфуллаһ атанған Халид барлық жерде Аллаһтың алып түсер алмас қылышы болып, ешқашан жеңілуді білмеді. Аллаһ елшісі уаһиге сүйенген парасаты арқылы мемлекеттің негізін ұстап тұратын тетіктерді орнымен қолдана білді. Ол қасиетті мектебінде Халид сияқты талай әскери тарландарды, әлемге әйгілі соғыс қолбасшыларын тәрбиеледі. Яғни, олардың қабілеттерін шыңдады. Хазірет Халид сол мектепте тәлім алып, бойындағы қабілеттерін кемелдендірген ұлы қолбасшы дәрежесіне жетті.

Мутә ұрысы – Исламның атақ-даңқы жер жаруына септігін тигізген шайқас. Бұл шайқас – қолбасшы Халидтің „Аллаһ қылышы” деген атқа лайық екенін көрсеткен шайқас. Үшбу шайқаста Аллаһ елшісінің ең жақсы көрген сахабаларының үшеуі шейіт болған еді. Жеңіске жеткізген Мутә шайқасынан кейін күллі шартарапқа Исламның саяси ықпалы мықтап мойындалды. Бұдан кейін Бәну Асфарда Исламның атағы жайылып, Аллаһ елшісінің аты ол жаққа да жетті.

Иә, саңлақ сахабалары да адамзатқа сый ретінде жіберілген Нәбиге (с.а.с.) жасалған бір тарту бола-

189 Табақат, 2:128-130; әл-исәбә, 1:413.

206

Мәшһүр сахабалар

тын. Ислам шапағаты демесек, аз уақытта, болмашы күш, соғыс тәжірибесі жағынан да басқа мемлекеттерден әлдеқайда тәжірибесіз, бір-бірімен үнемі қырқысып өткен “жалаң аяқ” арабтардың (бұл сөз оларды кемсіту мақсатында емес, қайта оларға тәнті болғандықтан қолданылды) мұншама жетістікке жетуін қалай түсіндіруге болады? Олар бұл іске шын жүректерімен кірісіп, шынайылықпен ауыр міндетті мойындарына алу арқылы Аллаһ расулының (с.а.с.) терең сүйіспеншілігіне ие болған. Егер біздің ұрпақ та солар сияқты “ақиқат жолы осы” деп одан тайынбаса, сахабалар сияқты олар да Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүйіспеншілігіне бөленбек.

Ардақты елші (с.а.с.) Халидты өз үйіне қоңсы қондырып, атты әскерге қолбасшы етіп тағайындады. Бұл Ардақты елшінің «Аллаһ қылышына» деген көрсеткенқұрметіеді.ОлТаифқоршауында,Меккенің алынуында, Хунәйн соғысында және де басқа да іріліұсақты ұрыстарға қатысып, Ислам майдангері бола білді. Хунәйн соғысында жараланды. Аллаһ елшісінің берекетті дұғасының арқасында жарақаттары жазыл-

ды190.

Сүйікті елші Мекке алынғаннан кейін Ұзза пұтын талқандау үшін Халидті жіберді. Халид мелшиген меңіреу қара пұтқа қарап:

“– Ей, Узза! Мен саған сенбеймін. Сені құрметтемеймінде.Өйткені,Аллаһтағаланыңсағанеш құрмет етпейтінін түсіндім”, – деп пұтты күл-талқан қылды. Өйткені, Ұлы құдірет Аллаһтың қасында дәрменсіз қара тақтайдан жасалған пұттың еш құны жоқ.Халидқарапұттыталқандауүшінқұлшынакірісті.

190 Усдул-ғаба, 2:103.

207

Cаңлақ cахабалар

Пұттың бейнесіндегі бүкіл шіркке қарсы күрескендей жігер көрсетті. Бұл маңызды істі бітіргеннен кейін Аллаһ елшісіне барып міндетін атқарғанын айтты. Аллаһ елшісі:

“Уззаның абыройы айрандай етілді. Бұдан былай арабтар үшін Узза жоқ. Оған енді ешкім табынбайды”,

– деді.

Халид де Аллаһқа мадақ айтып:

“– Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге Исламдай ақиқат дінінсыйлап,құрдымғакетуденсақтапқалғанАллаһқа мадақ! Мен әкемнің жүз түйесі мен қойының ішінен ең жақсысын таңдап, Узза үшін сойғанын, оның қасында үш күн қалып үйге қуанышы қойнына сыймай келгенін көрдім. Әкемнің бүкіл ғұмырын пида еткен сеніміне, естімейтін, көрмейтін, зияны да, пайдасы да жоқ қу тақтайдан жасалған пұтқа құрбандық шалып, соншалықты алданғанына қайран қаламын”, – деді191.

Басқа да сахабалар сияқты хазірет Халидтің де Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі шексіз еді.

Халид Ұхұтта мұсылмандарды үлкен зиянға ұшыратсадаАллаһрасулына(с.а.с.)келіпмойынсұнып, серттесіп қол қысқаннан кейін, өзін Аллаһ елшісінің (с.а.с.)бірбөлшегісияқтысезінді.Тіптіалғашшайқасқа оны алып шықпау Халидке ауыр тиіп, таң ағарып атқанша боздап жылаған еді.

Йәрмук шайқасынан көтерілген шаңнан күн тұтылғандай. Қан судай ақты. Ажал қылыштары сермеліп, зыңылдай ұшқан жебе, зулаған оқтардан көз тұнады. Осындай сәтте даңқты қолбасшы Халид басынан түсіп қалған сәлдесін іздеп алас ұрды да қалды. Ажалқатеріқаперінедекірмейді.Әскерлерінесәлдесін

191 Табақат, 1:339; Сира, 4:239.

208

Мәшһүр сахабалар

қайткенкүндедетабуғабұйрықберді.Сарбаздарәмірді екі етпей жыртылып-жыртылып қалған сәлдесін тауып береді. Түте-түтесі шыққан сәлдесін “сонша іздетудің құпиясы не” деп таңданған әскерлеріне қарап:

Расулаллаһ (с.а.с.) Умра жасар кезде шашын алғызды. Сахабалардың бәрі оның шаштарын жерге түсірместен қағып алып жатты. Мен де бәрінен шапшаңқимылдап,мүбәракшаштаналыпосысәлденің ішіне сақтадым. Содан бері қандай шайқасқа кіріссем де жеңіске жеттім”192 деп Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігін көрсеткен еді.

ХалидибнУәлидтіңбатырлығыменжаужүректігін Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлденеше рет мақтан еткен. Мекке алынып мұсылмандар жан-жақтан жиналған кездеХалидті(р.а.)байқапқалғанПайғамбарымызӘбу Һурәйраға қарап:

Мына келе жатқан кім? – деп сұрады. Әбу Һурәйра:

Халид ибн Уәлид, – дегенде:

Бұл – Аллаһтың ең жақсы құлы, – деді193.

Тағы бір ретінде Пайғамбарымыз хазірет Халид жайлы:

“Ол бәрін сендер үшін берді. Барын да, жоғын да шайқастарда Аллаһ жолында сарп етті”, – дегенді194.

Халидтің (р.а.) дүниедегі татқан ләззаты – дін жолындағы жиһады. Жиһадты “ең жақсы көріп үйленген әйеліммен өткізген түннен немесе ұлды болып сүйіншіленген күннен де тәтті” дейтін. Ол сондай күндерінің бірін былайша баяндаған екен:

192Хаятус-сахаба, 3:506.

193Муснәд, 2:1360.

194Сунән, 1:163.

209

Cаңлақ cахабалар

“Расулаллаһтың әскерлерінің сапында едім. Түн тастай қараңғы. Дұшпанмен бетпе-бет келу үшін таң ағаруын сабырсыздана күттім. Мен үшін әлемде сол түннен асқан ләззатты түн жоқтай көрінді. Жетістікке жеткілерің келсе, жиһадтан тайынбаңдар”195.

Хазірет Халид тек соғыс алаңында күреспен ғана шектелмей өзіне жүктелген Исламды үгіттеу ісін де өз дәрежесінде орындады. Мысалы, Нәжранға Харис ұлдарына Исламды уағыздауға жіберілді. Оларға Исламды түсіне аларлықтай дәрежеде айтып жеткізді. Харис ұлдары Халидтің уағыздауының нәтижесінде Исламды қабылдады.

Халид ибн Уәлид қатысқан шайқастарында Аллаһтыңразылығыналудыкөздейтін.Ярмуксоғысында гректердің қолбасшысына Исламды уағыздады. Екі жақтың әскерлері бел суытып жатқан мезгілдің бірінде Халид ибн Уәлидтің әскери тәжірибесіне таңғалып оныменсөйлескісікелді.ВизантиялыққолбасшыГеоргий Халидтен:

Уа, Халид, шындықты айт. Азат адам жалған сөйлемейді…

Сермегеніңді қақырата қаусататындай сендегі қылышты Аллаһ пайғамбарға көктен түсіргені ме? Халид:

Жоқ.

Олай болса, неге “Аллаһтың қылышы” деп аталдың?

Аллаһ бізге пайғамбар жіберді. Кейбіреу оны мойындаса, кейбіреу оның айтқандарына сенбейді. Мен де сол сенбегендердің қатарында болатынмын.

195 Хаятус-сахаба, 1:333.

210