Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Ғалым сахабалар

Омардың хадис алқасына сүйенеді. Мәдинада хадис үйрету тобын құрып, елге хадис үйретті. Хадис үйрету үшін бүкіл күш-жігерін жұмсады.

Хадис ғылымында Абдуллаһ ибн Омар → Нафи → Малик ибн Әнәс арқылы келген хадистер ең мықты риуаяттар болып саналады. Хадис ілімінде бұл хадис шынжырын “алтын шынжыр” дейді. Абдуллаһ ибн Омардан Абдуллаһ ибн Аббас, Жабир ибн Абдуллаһ, Саид ибн әл-Мусаииб, Саид ибн Жубәйр, Хасан Басри, Нафи’, Мужаһид, Тауус және өзінің балалары Хамза, Біләл,АбдуллаһжәнеҰбайдұллаһсындығалымдархадис үйренген. Сондықтан да ол “муксирун” (көп хадис риуаят еткен) сахабалардан болды.

Абдуллаһтың шәкірті Нафи өзінің азат еткен басыбайлысы еді. Абдуллаһ ибн Омар ғалым болумен қатар тақуа әрі жомарт, кеңпейілді, дарқан жан еді. Үйі қонақтан босамайтын. Кешкі асын жалғыз өзі ішкен кездері өте сирек. Қонақ жоқ болса, шақыртып алатын.

Құл азат етуді қайыры көп іс көретін. Имам Нафидің айтуынша, ол мың құл азат еткеннен кейін қайтыс болған және шын ықыласымен соны тілеген.

Абдуллаһ ибн Омар Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннанкейіналпысжылөмірсүріп,көппәтуаберген. Алайда пәтуа берерде аяғын аңдап басатын. Аллаһтан қорыққандықтан қандай да бір үкім беруден тартынатын251.

Бір мәселенің анық-қанығын толық білмесе немесе оның шешіміне күмәнданса “мен бұл мәселені білмеймін” деп білмейтінін ұялмай мойындап,

251 О. Кескиоглу, Фықыһ тарихи ве Ислам һукуку, Анкара, 1999, 72.

271

Cаңлақ cахабалар

кішіпейілдік танытатын. Жұрттың бәрі оның бұл қасиетіне сүйсінетін.

Бірде біреу келіп, бір мәселе жайында пәтуа сұрады. Хазірет Абдуллаһ кеңесші бола алмайтынын айтты. Алайда пәтуа сұраған адам қайта-қайта келуін қоймағанда еріксіз оған “саған бола өзімді Тозаққа қия алмаймын” деп, жаңылыс-жаңсақ нәрсе айтып қоюдан барынша тартынған еді. Істеген әр ісін Аллаһтың разылығы үшін жасайтын.

Абдуллаһ ибн Омар – тек хадисші емес, сонымен қатар үлкен фақиһ. Ол өмірін Мәдинада өткізді. Мәдинаның фиқһ ғұламалары пәтуаларының көбінде оған сүйенген. Әһли сүннеттің төрт имамының бірі, имам Маликтің фиқһында хазірет Абдуллаһтың пәтуаларыөтекөпкездеседі.Оныңпәтуаларыжиналар болса, көлемді бір кітап болады. Мысырлық ғалым М. РәууәсКал´ажи“мәуду’атуфиқһиАбдиллаһибнОмар” деген атпен бір кітап шығарған (Бейрут, 1986).

Ол өте жомарт, қияметке дейінгі Ислам үмбетінің жол сілтеуші жарық жұлдыздарының бірі болды. Мейірімді, жұмсақ мінезділігімен қоса әділетсіздікке куә болғанда жаны шыдамайтын. Ақиқатты айтудан тайсалмайтын. Мұсылмандар арасынан бұрқ ете қалған бүлікке қатыспай бейтараптылық ұстанды. Бүліктерге (фитнә) араласпады. Не хазірет Әлидің тарапына, не сириялықтардың тарапына қосылмады. Ибн Омардың (р.а.) әһли бейтке деген құрметі жоғары еді. Залым Хажжажға қарсы келуден қаймықпайтын. Бірде Хажжаж жұма хұтбасын ұзақ созып жібереді. Бұған шыдамаған Абдуллаһ “күн сені күтіп тұрмайды ғой” дейді. Ішіне кек сақтаған Хажжаж Абдуллаһтың өлімінесебепболады.Олхижраның78-жылсанауында

272

Ғалым сахабалар

86жасындақайтысболды.Оныңтөмендегісөздеріілім іздегендерге шын мәнінде жол көрсетеді:

“Бойында мына қасиеттер болмайынша, адам шынайы ғалым бола алмайды: Өзінен білімі жоғарыны күндемейді, өзінен төменгілерді кемсітпейді. Ілімін дүниелік пайда үшін сатпайды”252.

252 Сахабилер ансиклопедиси, 1: 187-188.

273

Абдуллаһ ибн Мәс′уд

“Кімде-кім Құранды жаңа түсіп жатқандай оқығысы келсе, оны Ибн Умми ′Абдтың қырағатымен оқысын”.

(Хадис)

Әбу Әбдуррахман Абдуллаһ ибн Мәс′уд – алғаш иман еткендердің ішінде алтыншы болып мұсылмандықты қабылдаған бақытты жандардың бірі. БалакезіндеӘбуЖәһил,ҰқбаибнМуайтсияқтыазулы мүшріктердің қойларын бағатын.

Ғаламның рақым нұрымен (с.а.с.) танысқаннан кейін қасынан көлеңкесіндей екі елі ажырамай еріп жүретінеді.СуффалықсахабалардыңбіріАбдуллаһтың Аллаһелшісінежақындығысондай,Пайғамбарымыздың нұрлы шаңырағына қалауынша еркін кіріп-шығатын. Оны көргендер әһли бәйттен (Пайғамбарымыздың туысқаны) деп ойлайтын253. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қызмет жасап, Одан көп нәрсе үйренді.

Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) оны «Ибн Умми ‘Абд» дейтін. Пайғамбарымыз ол жайлы: “Кімде-кім Құранды жаңа түсіп жатқан кезіндегідей оқығысы келсе,оныИбнУмми‘Абдтіңқырағатыменоқысын”254деп, Құран оқудағы қасиетін жоғары бағалайтын. Пайғамбарымыз бір күні оған:

– Маған Құран оқышы, тыңдайын, – дегенде, ибн Мәс‘уд:

253Бухари, фадаилус-сахаба, 27; Табақат, 3:153.

254Мустәдрәк, 2:318; әл-Исәбә, 2:369.

274

Ғалым сахабалар

Уа, Расулаллаһ! Құран саған түсті. Мен оны саған қалайша оқимын, – деп таңданысын жасыра алмайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) :

–Құрандыөзгедентыңдаудыұнатамын,–дегенеді. Пайғамбарымыздыңөтінішінжергетастайалмағанибн Мәс′уд “Ниса” сүресін оқиды. “Ниса” сүресінің: “Әр

үмбетті куәларымен (қайта тірілткенде) әкеліп, сені де солардың алдында куә ретінде тартқанда қандай күн болмақ?!” деген қырқыншы аятына келген кезде, Пайғамбарымыздың қос жанары манаурап, жүрегі толқып:

– Жә, жетер, – деп қолын көтеріп, тоқтатқанды255. Хазірет Абдуллаһ қоңыр даусымен Құранды мүшріктерге жария етуден қорықпайтын. Бар әлемге жалғыз өзі төтеп беретіндей иман күшіне ие Абдуллаһ Мекке мүшріктерінің алдына шығып дауыстап Құран оқыды.Оныңбұлқылығышымбайынабатқанмүшріктер оны сол мезет соққыға жықты. Алайда олардың таяғын шыбын шаққан құрлы көрмеген ол тағы да қайталамақ болғанда,қасындағыбасқасахабалароныңетегіненба-

сып, жеңінен тартқылап, жібермей ұстап қалды256. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына Құранды

төрткісіденүйренудіескертсе,солтөрткісініңбіріосы

– Абдуллаһ ибн Мәсуд257.

Мүшріктердің қорлығы мен азабына төзе алмай Эфиопияға көшкендердің арасында Абдуллаһ ибн Мәсудтабар.БірақПайғамбарымызғадегенсағынышы жібермей, Меккеге қайта оралды. Ол жерден кейінірек Мәдинаға һижрет етті. Ибн Мәсуд Пайғамбарымызбен

255Тирмизи, Тафсируль-Қур’ан, 5.

256Усдульғаба, 3:257.

257Тирмизи, манақыб: 38.

275

Cаңлақ cахабалар

бірге бүкіл соғыстарға қатысып, үлкен ерлік танытты. Бәдір шайқасында Аллаһтың дұшпаны Әбу Жәһилді өлтірген – осы Абдуллаһ.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ибн Мәсудқа деген ілтипаты айрықша еді. Бірде Ол: “Менен кейін Әбу Бәкір мен Омарға бағыныңдар. Аммардың жолымен жүріп, ибн Мәсудтың айтқандарын бұлжытпай орындаңдар”, – деген еді258.

Абдуллаһ ибн Мәсуд Пайғамбарымыздың үйінде тәрбиеленді. Аллаһ елшісі арқылы ақиқатқа көзі ашылып, ізгі қасиеттерін бойына сіңірген еді. Хазірет Әбу Хузәйфа оның жүріс-тұрысы, өмір сүруі, жол көрсетіп, адамдарға ақиқатты үйрету тұрғысынан және мінезі жағынан Аллаһ расулына (с.а.с.) ең қатты ұқсайтын сахаба екенін айтады259.

Аллаһ елшісін жақыннан танып, оның ұшан-теңіз білімінен сусындап, бүкіл өмірін Құранды үйренуге арнаған суффа асхабының бақыттыларының бірі – ибн Мәсудтың білімі шалқар болатын. Әсіресе, тәпсир ілімінде оның орны бір төбе. Бұл жайлы ол өзі былай деген:

“Жалғыз тәңір Аллаһқа ант етейін! Аллаһтың Кітабында қай аяттың қай жерде, не үшін түскенін менен жақсы білетін ешкім жоқ. Егер менен жақсы меңгерген адам бар болса және оған жету мүмкін болса, міндетті түрде оған барар едім”260.

ХазіретАбдуллаһ–Құранілімдері(улумуль-Қуран) менфиқһсаласыныңасабілімдарғалымы.ХазіретОмар оны Куфаға мұғалім етіп жіберді. Куфалықтар одан

258Тирмизи, манақыб:38.

259Сахабилер ансиклопедиси, 1, 180.

260Муслим, фадфилус-сахаба:115.

276

Ғалым сахабалар

хадис пен фиқһ саласы бойынша тәлім алды. Ол бір мәселенің шешімі бойынша нақты дәлел (Құран аяты немесе хадис) насс болмаған жағдайда рәй (ақылды қолдану арқылы дәлел келтіру) арқылы шешу жолын таңдаған.Мінесондықтанкуфалықтарменбасралықтар «рәй», «фиқһ» мектебінің қағидаларын ұстанды. Әбу Ханифа да осы мектепке қарайды.

Хазірет Әли Куфаға келгенде, сол жердің тұрғындары Абдуллаһты: “Ол сияқты көркем мінезді, жылы сөзді, білікті ұстаз, Аллаһтан қорқатын адам көрмедік”, – деп мақтайды. Әли олардың сөзін растап, оныңбойындаодандажақсыбасқадақасиеттердіңбар екенін айтқан еді. Құранды әуеніне салып, мақамдап оқитын. Харамды – харам, адалды – адал деп білетін. Фақиһ әрі үлкен хадис ғалымы болды.

Хазірет Абдуллаһ қайтыс болар кезде төсек тартып жатып қалды. Халифа Осман оның көңілін сұрап, қандай шағымының бар екенін білгісі келгенде ибн Мәсуд :

Бір ғана шағымым бар, ол күнәларым, – дейді. Хазірет Осман:

Не қалайсың? – деп сұрағанда, көкейінде көптен күткен үмітін айтып:

Аллаһтың рақымын, – деген еді. Хазірет Осман:

Жылдар бойы алмай тартынған мемлекет тағайындаған айлығыңның берілуін әмір етейін бе? – дегенде, ибн Мәсуд:

Бұдан кейін оның еш пайдасы бола қоймас, – дейді. Осман:

Артыңдағы балаларыңа қалар.

Балаларымкедейболыпқаладыдепқорқамысың? Мен оларға әр түні “Уақиға” сүресін оқыңдар деймін.

277

Cаңлақ cахабалар

Өйткені Аллаһ расулының: “Кімде кім әр күні жатарда “Уақиға” сүресін оқитын болса, дүниеде таршылық көрмейді” дегенін естіген едім261, – деп жауап берген еді Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жол серігі бақытты сахаба.

Хазірет Омар мен Османның дәуірінде Куфада әкім болып, хижраның 32жыл санауында Мәдинада қайтыс болды262.

261Усдул-ғаба, 2:259.

262Кескиоглу, 69.

278

Зәйд ибн Сәбит

“Мирас ілімін ең жақсы білетін Зәйд”. (Хадис)

ҚұранаяттарыменсүрелерітүскенкездеАллаһрасулы(с.а.с.)олардыөзіғанажаттапқоймай,басқаларға дажаттатқызатын.Әріжазабілетінсахабаларынауахиді жаздыратын.Түскенуахилардыхатқатүсіретінбірнеше сахаба болатын. Солардың бірі – Зәйд ибн Сәбит.

Пайғамбарымыздың маңдайалды сахабаларының бірі Зәйд ибн Сәбит ансарлардың Хазрәж тайпасының Нажжарұлдары руынан шыққан. Лақаб аты – Әбу Сайд немесе Әбу Абдурраһман263.

Хижра жыл санауынан он бір жыл бұрын дүниеге келген хазірет Зәйд Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға келген кезде, әлі ойын баласы болатын. Тарихи деректер сол тұста оның он бір жаста болғандығын айтады.

Мәдинада сахабалар Бәдір соғысына дайындалып жатқан кезде, жасы әлі он үшке толмаған нұр жүзді, зерек бір бала келді. Қолында өзінің бойынан ұзын қылышы бар ол Аллаһ елшісінің қасына барып: “Уа, Расулаллаһ! Сен үшін жаным садаға. Сенімен бірге болып, сенің туыңның астында дұшпанға қарсы соғысуға рұқсат бер”, – деді. Бұл әрекетіне сүйсінген Аллаһ елшісі оған мейірім толы көздерімен қарап, арқасынан қақты. Жасы жетпегендіктен оны әскер қатарына алмады264.

263Усдул-ғаба, 2:278; әл-Исәбә, 3:22.

264Усдул-ғаба, 2:278.

279

Cаңлақ cахабалар

Әскерге алынбағанына Зәйд қапаланып қайғырды. Оның мақсаты – қиын кездері Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасынан табылып, оған жақын болу. Алайда Зәйд өзінің зеректігінбасқасаладакөрсетті.Ол–Құранжаттап,ілім үйрену еді.

Зәйд – өте зерек, ақылды және есте сақтау қабілеті күшті алғыр сахабалардың бірі. Он бір жасында-ақ он жетісүреніжатқаоқиалатын.Оныңбұлқасиетінетәнті болғандар Зәйдті Аллаһ расулының (с.а.с.) қасына апарып:“Уа,Расулаллаһ!Бұл,Зәйдбаламыз,онжетісүрені жатқабіледі.Сүрелердісізгеқалайтүскенболса,солайша тура оқиды. Ол өте қабілетті. Оқу-жазуды да біледі. Ол сізге жақын болуды қатты қалайды. Қаласаңыз, сынап көріңіз”, – дейді.

Пайғамбарымыз(с.а.с.)Зәйдтіңжаттағансүрелерін тыңдады. Ол Құранды шын мәнінде керемет оқыды. Тоқтайтын жерінде тоқтап, сөздерге ерекше мән беріп мәнерлеп оқуы – оның Құранды жақсы оқуымен қоса, жақсы түсінгендігінің белгісі еді.

ЗәйдтіңбұлқасиетінбайқағанАллаһелшісі(с.а.с.) оғанИврит(көнееврей)менСуряни(көнеСирия)тілін үйренуді тапсырды. Өйткені, Пайғамбарымыз әртүрлі елдерденосытілдердежазылғанхаттаралатын.Оларды оқып, реті келгенде жауап беру қажеттігі туындайтын. Пайғамбарымыздың өзі оқу-сызуды білмегендіктен, бұлардыбасқаадамдарғаістетугемәжбүрболды.Бірақ бөгде біреулердің хаттардың мазмұнын білгенін де қаламайтын.СондықтандаЗәйдибнСәбитіскекірісіп, аз уақытта бұл тілдерді оқып-жаза алатын дәрежеде үйреніп алды. Осыдан кейін ол Пайғамбарымызға келген хаттарды оқып беріп отырды, қажет болғанда оларғажауаптажазатын.ОсылайшаолРасулаллаһтың

280