Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Зүбәйр ибн Әууәм

“Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ! Сені өлтірілді деп естідім. Мүшріктерге сазайын тартқызайын деп бара жатқан едім”.

(Зүбәйр ибн Әууәм)

Пайғамбарымыздың:“Әрпайғамбардыңкөмекшісі бар, менің көмекшім – Зүбәйр”134 деп мақтаған Зүбәйр ибн Әууәм – Исламға алғаш көңіл ашқан бақыттылардың бірі. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ақиқатты жаю жолындағы ең жақын жолдастарының қатарынан табылды. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) әрі шешесі, әрі Хадиша анамыз жағынан туыстығы бар. Анасы – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) апайы (әкесінің әпкесі)Сафиия,әкесі–ӘууәмболсаХадишаанамыздың бауыры.

Зүбәйр ибн Әууәм 14-15 жасында Исламды қабылдады. Ол Исламды қабылдаған кезде мұсылмандардың санаулы-ақ кезі.

Әкесінен жастай айырылған Зүбәйрді анасы өзі тәрбиелеп, өмірдің тауқыметтерінен жеңілмеу үшін оны темірдей тәртіппен ұстады. Ара-тұра, оның тұщы етіне ащы таяқ тигізіп, сазайын тартқызып сабап та алатын. Мұны көріп оған: “Байғұс баланы неге сонша қинайсың, өлтіретін болдың ғой”, – дегендерге:

“Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды. Мен баламды жек көргендігімнен ұрмаймын, оның келешекте ақылды, жаужүрек, дұшпан әскерін ойсырата жеңіп,

134 Муслим, фадаилус-сахаба:48.

161

Cаңлақ cахабалар

олжаәкелерқаһарманболыпөсуіүшінтәрбиелеймін”135,

– дейді екен.

Шешесінің бұл тәрбиесі хазірет Зүбәйрдің келешектегі қиыншылықтарға төтеп беруде, өмір бойы ақиқатқа араша түсіп, бұл жолда ешнәрседен шімірікпеуінде үлкен көмек берді. Немере ағасы оны дінінен бас тартқызу үшін асып қойып, отқа қақтап, талай қинады. Зүбәйр ибн Әууәм “Аға, не істесең де, бұдан кейін өмір бақи күпірлікке қайта кірмеймін”, – деп қайсарлықпен табан тіреді136.

Жүрегін кір басып, ақиқаттың шырағына көздерін бітепалғанМеккемүшріктерініңмұсылмандардыазаптауы шегіне жеткенде, «Пайғамбарымыз (с.а.с.) өлді» деген суыт хабар құлағына келіп жетті. Жастығына қарамастан, мәселенің анық-қанығына әлі көз жеткізбестен қылышын жалаңдатып, мүшріктерге қарсы біленіп, олардың көкесін көзіне көрсетпек болып жолға шықты. Жолда оны көрген Пайғамбарымыз

(с.а.с.) :

– Не боп қалды, Зүбәйр? – деп сұрады.

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тірі екенін көріп, өз көзіне өзі сенбей, аң-таң болған Зүбәйр:

– Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ! Сені өлтірілді деп естідім. Мүшріктерге сазайын тартқызайын деп бара жатқан едім, – деді. Пайғамбарымыз оның бұл әрекетіне сүйсініп, көңілін орнына түсіріп, оған бата берді137.

Осылайша күпірлікке қарсы алғаш қылышын қынынан суырған сахаба хазірет Зүбәйр болды.

135Табақат, 3:101.

136Хильятуль-әулия, 1:89.

137Усдул-ғаба, 2:197.

162

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Ақиқаттың даңғыл соқпағына түскен Зүбәйр мүшріктердің талай құқайы мен қоқаңын көрді. Қызық болғанда бұл қиыншылықтар оны алып түсер алмас қылыштай жаныды. Сөйтсе де мүшріктер оны қанша қинап бақса да, мұқалта да, мұқата да алмай дымы құрыды.

Аллаһ үшін ел-жұртын тастап Эфиопияға һижрет еткеналғашқытоптыңішіндехазіретЗүбәйрдебареді. Кейінірек ол жерден Мәдинаға һижрет етті.

Мәдинада адамзаттың Ардақтысының (с.а.с.) қасына бір жетіп алғаннан кейін; қуанышты да, қайғылы да күндердің бәрінде бірге болды. Бүкіл шайқастарда жанынан табылып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оққағары болды. Бұл жайлы өзі былай деген:

“Аллаһ елшісімен бірге соғысқан шайқастарда жарақат алмаған жерім қалмады”. Тіпті бұл жарақаттардың ұятты жерлеріне дейін барғандығы айтыла-

ды138.

Бәдір шайқасында дұшпандарын жандарынан түңілдіріп, қарсысына келгенін бүлдіргідей бүлдірді. Бірақ өзі де жарақаттанбай қалған жоқ. Оның баласы Үруә әкесінің денесіне терең түскен жарасы туралы “менбалакезімдебұлжараныңорнынасаусақтарымды сұғып ойнайтынмын” деп айтқан139.

Хазірет Зүбәйрдің Бәдір шайқасындағы батырлығына бас иген Пайғамбарымыз (с.а.с.) :

“Періштелердің сары сәлдемен Зүбәйрдің бейнесінде түскендерін көрдім” деп марапаттаған еді140.

138Тирмизи, манақыб:25.

139Бухари, фадаилу асхабин-нәби, 13.

140Табақат, 3:103.

163

Cаңлақ cахабалар

Ұхұт шайқасында да Пайғамбарымыздың жанында ұрыс салған, көкіректерін қалқан еткен қайсар сахабалардыңбірі–Зүбәйр.Өйткені,олПайғамбарымыз (с.а.с.) үшін “өлімге” ант еткен еді.

Хәндәк шайқасында да мүшріктердің шабуылына тосқауыл қойып, беттерін қайтарған батыр Әлидің қасында хазірет Зүбәйр де бар еді.

Құрайза яһудилері Пайғамбарымызбен (с.а.с.) жасаған бейбітшілік келісімдерін бұзған кезде Пайғамбарымыз оларға қарсы аттанатын әскерге қолбасшы іздеді. “Кім қол бастап барады?” деп сұрағанда, тағы ортаға суырылып шыққан Зүбәйр болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зүбәйрдің бұл шынайы ықыласына сүйсініп: “Әке-шешем саған пида болсын, ей, Зүбәйр!”, – деп қолдаған еді.

Қаршадай бала кезінен қиындыққа көнтері Зүбәйр ибн Әууәм, соғыс алаңдарында жаужүректілігімен ерекшеленді. Хайбар соғысында яһудилердің батыры Ясирмен шайқасты. Шайқастан шаң борады. Бұл шайқастаанасыдабареді.Балапаныүшіншырылдаған анасы Сафиия Пайғамбарымыздан (с.а.с.) :

Ұлым шейіт болды ма, Расулаллаһ, әлде?.. – деп сұрады.

Жоқ, иншаллаһ, балаң оны өлтіреді, – деді. Аз уақыттан соң хазірет Зүбәйр дұшпанын сұлатып сал-

ды141.

Алып тұлғалы батыр, жауынгер Зүбәйр Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен халифалар тұсындағы бүкіл

шайқастарға қатысып, үлкен ерлік танытты. Ол

– Йәрмуқ соғысында, Сирия мен Мысырдың алы-

141 Сира, 3:348.

164

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

нып, Ислам мемлекеті болуына да үлкен үлес қосқан сайыпқыран сахабалардың бірі.

ХазіретЗүбәйрбатырлығы,қаһармандығыменқоса тақуа, мейірімді, шыншыл, адал да арлы, саф көңілді, хақ діні үшін жанын да, малын да аямайтын мәрт адам еді. Саудамен айналысып, өз қажеттілігін қамтамасыз еткен хазірет Зүбәйр бай сахабалардың бірі болды. Сонша бай, дәулетті болғанына қарамастан, жайторы мінген қойшының қоңыртөбел ғұмырын кешті. Көптеген пақыр мұсылман бауырын мұқтаждықта зарықтырмай, оларға әрдайым қол ұшын созды.

Зүбәйр ибн Әууам (р.а.) мұсылмандардың арасында да аманатқа қиянат жасамайтын сенімділігімен әйгіленген. Сахабалар ең құнды нәрселерін оған аманатқа тастайтын. Бұл сипатына байланысты Омар ибн Хаттаб оған “діннің бір тірегі” деген.

Халифа Османның дәуірінде саяси мәселелерге араласпайөздігіненкүнкешкенЗүбәйрибнӘууәмӘли халифаболғаннанкейінТалхаибнҰбайдұллаһпенбірге Әлиге (р.а.) барып, халифа Османның қанына қолын былғағанқаныпезерлердіжердіңжарығынатүсіпкетсе де іздеп тауып, олардың жазаға тартылуын талап етті. Жәмәл соғысында Айша анамыз жағында сап түзеді.

Соғысу ниетінде болмаған екі әскер қарсыласқан кезде бүлікшілер араға іріткі салып, еріксіз қантөгіс белең алды.

Ертеңінде Зүбәйр ойда жоқта хазірет Әлимен кездесіпқалады.ХазіретӘлиоданнегеқарсышыққанын сұрап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір хадисін есіне түсірді:

– Бір күні Аллаһ елшісімен бірге келе жатқанымызда саған жолығып, Расулаллаһтың саған “сенікі

165

Cаңлақ cахабалар

дұрыс болмаса да бір күні Әлимен соғысасың” дегені есіңде ме? – деп жасаған ескертуінен кейін, хазірет Зүбәйр:

Иә, есіме түсті. Бұл ертерек есіме түссе, орнымнан қозғалмас едім. Аллаһқа ант етейін, мен сенімен соғыспаймын, – деді. Содан кейін хазірет Айшаға барып, соғыстан бас тартатындығын айтып, райынан қайтты. Басқалардың “жарты жолдан тастап кетесің бе?” дегеніне қарамастан, шындық жолында шыбынды да үркітпейтін Зүбәйр (р.а.) соғыс алаңынан сытылып шықты142.

Шындыққа бас иген Зүбәйр ол жерден кері қайтқанда артына Амр ибн Жүрмүз деген қанішер түседі.Зүбәйрдіңнамазоқуғатұрғанкезінпайдаланып, сәждеге барған кезінде, оны шейіт қылды143.

Қанішер хазірет Зүбәйрдің атын, қылышын және жүзігін алып Әлиге (р.а.) барып сүйінші сұрамақ болды. Зүбәйрдің (р.а.) көзіндей көрген заттарына жанары түскен хазірет Әли:

Сафиияның ұлын өлтірген адамға тозақтық екенін ескерт, – деді.

ЗүбәйрибнӘууәмАллаһтанқаттықорыққандықтан жәнеАллаһелшісінедегентереңқұрметісебептіөтеаз хадис риуаят еткен. Мұның себебін сұраған ұлына:

Балам, басқалардың көргендерін мен де көрдім. Бірақ мен Пайғамбарымыздың “кім менің атымнан бір жалған айтса, тозақтағы орнына дайын болсын» дегенін өз құлағыммен естідім. Оның айтпағанын айтты деп, байқамай жалған сөйлеп қоямын ба деп

142Асру саадат, 1:344.

143Табақат, 3:112.

166

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

қорыққандықтан көп хадис риуаят ете алмадым, – деген144.

Хижраның отыз алтыншы жылы шейіт болған хазіретЗүбәйрөзініңақыреттегіорнынкөзініңтірісінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан естіп біліп кетті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) “Талха мен Зүбәйр – Жәннатта менің көршілерім”145 деген болатын.

Омар Фаруқ бұ дүниедегі татар дәмі таусылар шағындаөзіненкейінхалифаболыпсайлануынқалаған адамдардың бірі Зүбәйр ибн Әууам болатын.

144Муснәд, IV; 367.

145Тирмизи, манақыб: 22.

167

Саид ибн Зәйд

“Ислам үшін жылаймын. Омардың шейіт болуы – Исламда ашылған бір ақау. Бұл ақау қияметке дейін жабылмайды”.

(Саид ибн Зәйд)

Хазірет Саид (р.а.) – көзінің тірісінде Жәннатпен сүйіншіленгендердің бірі. Әкесінің аты – Зәйд ибн Амр. Әкесі Аллаһтың барлығы мен бірлігіне сенген таза жүректі, ақиқатқа көзі ашық кісілердің бірі, Пайғамбарымызға (с.а.с.) пайғамбарлық берілместен бұрын да тек тәңірлік (тәухид) дінін ұстанатын. Өз дәуірінде Ханифтік атпен белгілі болған хазірет Ибраһимнің дінінде болғандығын “менің тәңірім – Ибраһимнің Аллаһы, дінім де – Ибраһимнің діні” деп білдірген146.

Зәйд Мекке мүшріктерінің дінін көңіліне медет тұтпай, жансыз пұттарға табынудың ақымақтығын ерте сезініп, шынайы дінді іздеп шарқ ұрды. Сирияға дейін сапар шегіп көптеген христиан және яхуди дін ғалымдарыменкездесті.Алайдаолардыңбергенжауаптары бойында қоз боп жанған оттың ұшқынын сөндіре алмады. Зәйдтің бойындағы бұл жалынды байқаған бір попшірктенжәнеәртүрліжаңылыссенімдерденалшақ хазіретИбраһимніңханифдінінұстануынұсынды.Зәйд ханифтікті үйренгеннен кейін Меккеге қайта оралды.

Зәйдмүшріктердіңжабайы,жатәдеттеріненбойын аулақ ұстады. Ішкілік ішпеді, қыз балалаларды тірідей

146 Табақат, 3:379.

168

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

көмуге қарсы тұрды. Өз бүлдіршіндерін шімірікпестен топыраққа көмбекші болғандарды көрсе, олардың қыздарын аман алып қалып, тастандыларды өсіріп жеткізгенсоң,қыздарынқайтыпалғыларыкелгендердің тілегін аяқ асты етпейтін. Зәйд “Аллаһым, саған қалай құлшылық жасалынатынын білсем, солай құлшылық етер едім” деп көп қынжылатын. Өзінің ұлы Саидтен жиі-жиі “бір Аллаһқа сенейін бе, әлде мың тәңір мен пұттарға ма?” деп сұрайтын. Міне, әкесінің осындай халі Саидтің Исламды тез қабылдауына себеп болғанды.

Мұсылман болған соң Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкесінің басынан кешірген күйін әңгімелеп, оның жағдайыныңқалайболатынынсұрағанда,Аллаһелшісі “Оны қиямет күнінде жалғыз өзін бір үмбет қылып тірілтеді”147 – деп Саидті сүйіншіледі.

Саид ибн Зәйд 19-20 жасар албырт шағында мұсылман болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінін уағыздай бастаған уақытта естігендерінің әкесінің ұстанымына сәйкестігіне көзі жетіп, мұсылмандықты қабылдады. Ол Расулаллаһ саусақпен санарлық сахабаларымен Әркәмніңүйіндежиналмастанбұрын–онүшіншінеме- се он екінші болып Исламды қабылдаған болатын148.

Саид ибн Зәйд (р.а.) – Омар ибн Хаттабтың күйеу баласы. Омардан (р.а.) бұрын қарындасы мен күйеу баласы Исламды қабылдады. Хазірет Омар олардың мұсылман болғанын естіген кезде терісіне сыймай тепсініп, екеуінің сазайын тартқызамын деп салыпұрып үйіне барады. Алайда аталарының дінін ұстанып,

147Усдуль ғаба, 2:307.

148Усдуль ғаба, 2:306-307.

169

Cаңлақ cахабалар

шірктің күңсіген қоқысында аунаған Омар бұл үйден шыққанда мұсылман болу бақытына ие болған еді149.

Ислам дінінің тағдыры қылпыған, қиып түсер қылыш жүзінде кезек аунаған сол бір қиын-қыстау кезеңде Исламды қабылдап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанынан айырылмаған Саид имандылықтың асыл ері боп ғұмыр кешті. Ислам үшін жан аямай күресті. Мұсылман болғаннан кейін ол да басқа сахабаларсияқтымүшріктерденжәбіркөрді.Меккедекөзге түсудің өзі қияметке айналғанда, Пайғамбарымыздың рұқсатымен Эфиопияға һижрет етті. Кейін Мәдинаға көшкенде Ұбай ибн Қағбпен бауырластырылды150.

Саид ибн Зәйд Пайғамбарымыздың (с.а.с.) заманында Бәдір шайқасынан өзге бүкіл соғыстарға қатысты. Бәдір шайқасынан бұрын Саид және Талха ибн Ұбайдуллаһты (р.а.) Расулаллаһ (с.а.с.) Сирияға кеткен мүшріктердің керуені жайлы мәлімет жинау үшінарнайыжібереді.Олардыңміндеті–қандайдабір мәліметтіқолғатүсірер-түсірместенізінсуытпайдереу Мәдинаға жеткізу. Бұл мақсатпен жолға шыққан екі сахаба Мәдинаға қайта оралғанда, Бәдір шайқасының жеңіспен аяқталғандығын естіді. Бұл шайқасқа қатыса алмағандарыүшінқаттыөкінгенекіқаһармандыАллаһ елшісі (с.а.с.) соғысқа қатысқандардың қатарында санап, екеуін де құр алақан қалдырмады151.

Бұл бақытты сахаба өмірін Ислам үшін арнады. Пайғамбарымызды(с.а.с.)жанынажақынтұтып,қашан да маңайынан табылатын. Саид ибн Жүбәйр бұл жайлы:

149Хазірет Омар бөліміне қараңыз.

150Усдуль ғаба, 2:387.

151Табақат, 3 :382-383.

170