Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

САЛА САХАБАЛАР

.pdf
Скачиваний:
255
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Мәшһүр сахабалар

Бір күні сахабалардың біреуі қайтыс болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаназаға қатысып, Бақиу’л- Ғарқадқа (Мәдина мазараты) келді. Жанына барып сәлембердім.Сосынарқажағынабарып,пайғамбарлық мөрін көруге тырыстым. Ол ниетімді сезе қойды. Онсыз да иықтары ашық болатын. Осылайша көзге ұрып тұрған пайғамбарлық мөрін көрдім. Үшінші белгі де дәл монахтың сан жылдар бұрын айтқанындай. Өзімеөзім ие бола алмай айрықша толқып, құшақтап, мөрді сүйе бастадым. Аллаһ елшісі (с.а.с.): “Тоқта, тоқта!”,

– деді. Мен кейін шегіндім. Содан кейін алдына отырдым да, басымнан кешкенімді түгелдей баян еттім. Ол қаттықуанды.Тіпті,бұлайтқандарымдысахабалардың да естуін қалады...”220

Мұсылман болғаннан кейін оны Пайғамбарымыз сахабаларымен бірігіп иесінен сатып алып азат етті.

ІздегенінеқолыжеткенСәлманбүкілғұмырынхақ дінін жаюға атады.

Оныңалғашқатысқаншайқасы–Хәндәқшайқасы. Бұлшайқас–Ұхұтшайқасынанекіжылданкейінболған маңызды қақтығыстардың бірі.

Мүшріктер одақтастарымен бірігіп он мың әскер жинап, Мәдинаға шабуыл жасады. Пайғамбарымыз қаланың ішінде тұрып қорғаныс жасағанды мақұл көрді. Алайда қалаға кіруге бөгет боларлық қорғанның болмауы, қаланы жаудан қорғап қалуда қиындық туғызды. Пайғамбарымыз сахабаларымен кеңесті. Сәлман Фарисидің ұсынысы қабылданып, қаланың айналасына ор қазылды. Қазылған ор шайқаста жеңіске жетуге басты себеп болғандықтан, бұл шайқас Хәндәқ (ор) деп аталған еді. Осылайша мұсылмандар Сәлман

220 Сира, 1 228-234.

241

Cаңлақ cахабалар

Фарисидің кеңесі мен Аллаһтың жәрдемі арқасында маңызды жеңіске жеткен-ді.

Сәлман Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге бұдан кейінгі шайқастардың бәріне қатысып, Аллаһ расулының жанынан бір елі айырылмады.

Пайғамбарымызды (с.а.с.) айналшықтап, маңынан шықпайтын. Түннің бір уағына дейін сұхбаттарын тыңдайтын. Пайғамбарымызға жақын жүргендіктен, оның ілім бұлағынан қалағанынша қанып сусындаған ғалым сахабалардың бірі болды. Пайғамбарымыз Сәлман жайлы: “Шын мәнінде Сәлман ілімге қанық болды” – деген еді.

Хазірет Әли: “оған бұрынғылар мен кейінгі келгендердің ілімі берілді. Оның іліміне пара-пар келер ілім жоқ” – деген болса, Муаз ибн Жәбәл сияқты білгір сахабалардың бірі қайтыс болмай тұрып айналасындағыларғаілімдіСәлманәл-Фарисиден(р.а.) алуды айтып кеткен болатын221.

Хазірет Сәлман халифа Омардың тұсында Иранныңалынуындамаңыздырөлойнады.Ираналынғаннан кейін хазірет Омар оны Мәдәин қаласына әкім қылып жіберді. Ол міндетін адал орындап, халықтың құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді.

Сәлман (р.а.) әкім болып тұрған күннің өзінде қарапайымдылығы мен кішіпейілділігінен танбады. ХалифаОмароныерекшеқадірлейтін.Оліліміменқоса тақуалығымен де ерекшеленді.

Исламғакіруүшінқиындақилыоқиғалардыбасынанөткеріп,ақырындаИсламнұрынашомғанбұлабзал тұлға жайлы Пайғамбарымыз:

221 Табақат, 4:85.

242

Мәшһүр сахабалар

“Жәннат мына үш кісіні аңсайды: Әли, Аммар ибн ЯсиржәнеСәлман”222 деп,оныңодүниедегідәрежесінің жоғары екенін білдірген.

222 Тирмизи, манақыб:34.

243

Абдуллаһ ибн Сәлам

“Абдуллаһ ибн Сәлам – Жәннатпен сүйіншіленген он адамның он біріншісі”.

(Хадис)

Бұл қаһарманымыздың мұсылман болуы бізге хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) көптен күтілген соңғы Пайғамбар болғандығын айқындай түседі. Сондықтан оның мұсылман болуы жайлы оқиғасына кеңірек тоқталамыз.

Әл-Хусәйн ибн Сәлам болашақ ұлы мәдениеттердің қайнаған ошағы нұрлы Мәдинаның маңында өмір сүрген Яһуди тайпаларының бірі Бәну Қайнуқада дүниеге келген. Әкесі Сәлам мен атасы Харис яхудилердің арасындағы ең білгір ғалымдарынан еді.

ӘкесіХусәйнніңғалымболыпөсуінқалап,арнайы тәлім-тәрбие беріп, көзінің қарашығындай қарады. УақытөтекелеХусәйняһудилердіңарасындасаусақпен санарлық ғалым дәрежесіне жетті.

Ол халық арасында білгірлігі, діндарлығы мен туралығы жағынан танылды. Уақытының көбін синагогта уағыз жасап, ғибадат етумен және Тәуратты зерттеп үйренумен өткізетін. Тәуратты әр оқыған сайын Меккеде шығатын соңғы пайғамбардың белгілерін оқып, терең ойға шоматын. Соңғы Пайғамбардың Мәдинаға көшетінін де кітаптарынан оқып үйренген Хусәйн оның келуін асыға күтіп, Аллаһтан сол күнге жеткізуін сұрап мінәжат ететін.

244

Мәшһүр сахабалар

МәдинадағыяһудилердеӘлемдердіңрақымнұрын (с.а.с.) екі көзі төрт болып күтуде еді. Оның келуіне аз қалғанын да сезетін.

Аллаһ тағала Хусәйннің тілегін қабыл етіп, оның соңғы Пайғамбармен кездесуін және Ислам шуағын жаюжолындақызмететудінәсіпетті.Пайғамбарымызбен жолығып, мұсылман болуы жайлы өзі былай дейді:

“Аллаһ елшісінің пайғамбарлығын естіген кезде қуанышымқойнымасыймады.Өйткені,алдыналаоның атын, сипаттарын және келетін уақытын кітабымыздан оқыпбілгенедім.Солкүндіасығакүттім.Алайдаоның Мәдинағакелгенінедейінмұныешкімгеайтпаудыжөн көрдім. Аллаһ елшісінің Қубаға келгені жайлы бір кісі хабаржеткізгендеменқұрмаағашыныңбасындақұрма жинапжатқанболатынмын.НағашыәпкемХалидабинт Харисә ағаштың түбінде отырған. Аллаһ расулының (с.а.с.) келгенін естіген кезде қуанғаннан бар даусыммен“Аллаһуәкбар!”дедім.Айқайлағанымдыұнатпаған әпкем:

Өй, құдай ұрғыр! Егер Имранұлы Мұса келсе, мұншамақуанбаседің,ә?–дегендеқуаныштанжүрегім жарыла жаздап:

Әпкетайым-ау! Аллаһқа ант етейін! Имранұлы Мұса қандай дінді уағыздаған болса, ол да сол дінді жаюүшінжіберілген,–дедім.Аңтарылыпқалғанәпкем бір сәт ойланды да:

Әлде бұл біздің қияметтен бұрын келуін сарғая күткен соңғы пайғамбар ма? – дегенде, әпкеме:

Иә, нақ өзі, – дедім.

Аллаһелшісінкөруүшіноқтайұштым.Барғанымда есігінің алдында адамдар лық толы екен. Әрең деген-

245

Cаңлақ cахабалар

де қасына жақындадым. Айтқан сөздерінен алғаш естігенім мынау болды:

Ей, жарандар! Араларыңда сәлемді кең тара-

тыңдар. Елге тамақ жегізіңдер. Түн қараңғылығында, ел шырт ұйқыда жатқанда намаз оқыңдар, туған-туыстарыңмен байланыс үзбей көңілін сұраңдар, осылайша Жәннатқа кіретіндіктеріңе сенімді болыңдар.

Бұл сөздерге қатты еліткен мен бет-әлпетіне барлай қарап: “Мынадай жүзде ешбір жалғандық жоқ”, – деп бірден иман келтірдім.

Аллаһ елшісі:

Сенің атың кім? – деп сұрағанда:

Хусәйн ибн Сәлам, – дедім.

Жоқ, сенің атың – Абдуллаһ ибн Сәлам, – деді. Осыдан кейін мен басқа есіммен шақырылуды

қаламайтын болдым”.

Тегінде барлық яһуди мен христиандар Аллаһ елшісіментаныседі.Бірақ,күншілдікпенкекшілдіктері иманға келулеріне негізгі тосқауыл болып тұрды. Апанық танып білетіндері сонша – иман келтіруге тек Аллаһ елшісіне бір сәт көз тоқтатып қараса жетіп жа- тыр.Олароныңбарлықтүр-түсінжақсыбілетін.Құран- Кәрім осы ақиқат жайлы былай дейді:

“Өздеріне кітап бергендеріміз, оны өз ұлдарын танығандай таниды. (Бұған қарамастан) олардың біртобы,білетұрашындықтыжасырады”(“Бақара”, 146).

АяттаАллаһелшісінің(с.а.с.)есіміаталмай,“оны” деуі мынандай мағынаны меңзейді. Кітап иелерінің (яһуди, христиан) барлығы соңғы келетін Пайғамбары сөз етіп, “ол” деген кезде бәрі Тәурат пен Інжілде есімі жазылғанкісідепбілетін.ОлкүдіксізхазіретМұхаммед

246

Мәшһүр сахабалар

(с.а.с.)еді.ЯһудименхристиандардыңПайғамбардыөз ұлдарынан да жақсы танитынының мәні осында.

Бір күні хазірет Омар (р.а.) Абдуллаһ ибн Сәлам-

нан:

Аллаһ елшісін өз балаларың секілді танитын ба едіңдер? – деп сұрады.

Ол:

Өзбаламнандажақсытанитынедім,–депжауап қайырды.

ОмарФаруқ,екіншірет:“Қалай?”–депсұрағанда: “Балама шек-шүбә келтіруім мүмкін. Бірақ, Аллаһ елшісінің ақырғы пайғамбар екендігіне ешбір күмәнім жоқ”, – деді. Бұл жауапқа Омар дән разы болып, орнынан тұрып, Абдуллаһ ибн Сәламның маңдайынан сүйді223.

Абдуллаһ ибн Сәлам мұсылман болғаннан кейін отбасындағыларға да Исламды уағыздады. Олардың бәрі Исламды қабылдады. Абдуллаһ ибн Сәлам оларға мұсылман болғандарын әзірге ешкімге жария

етпеулерін ескертті224.

223Мухтасару тәфсири ибн кәсир 1 140; Суюти, әд-дуруль- мәнсур,1 357 ден ан-Нурул-халид, 1:47

224Негізінде бұл уақиға Пайғамбарымыздың келетінін алдына ала білген адамдардың бар болғандығын қуаттайды. Өйткені араб түбегінде өмір сүрген адамдардың арасында яһуди мен христиан дінін ұстанушылар өз кітаптарынан соңғы пайғамбардың келетінін білетін. Бұған, Тәурат пен Інжілді, Эфиопия патшасы Нажашидің оқиғасын, монах Бахира мен Уарақа ибн Нәуфәлдардың оқиғаларын және сол кезде араб түбегінде һаниф дінін ұстанған адамдардың пайғамбарды күткендіктерін тарихи кітаптардан кездестіруге болады. Яһуди ғалымы Абдуллаһ ибн Сәламның мұсылман болуы, ибнХәийабанныңИсламдықабылдауы,Сәлманәл-Фарисидің иман келтіру, Әбу Бәкірдің хақ дінге кіруі сияқты көптеген оқиғаларды дәлел ретінде келтіруге болады.

247

Cаңлақ cахабалар

Әрине,АбдұллаһибнСәламсияқтығалымдарының басқадінгеөтуіоларүшінауырсоққыболды.Мұсылман болмастан бұрын яһудилер оны пір тұтып, құрмет көрсетсе, Исламды қабылдағаны үшін одан тайқып шыға келді.

Абдуллаһ ибн Сәлам Пайғамбарымызбен (с.а.с.) ақылдасыпяһудилердісынамақболды.Пайғамбарымыз яһудилерді үйіне жинап, әдейі хазірет Абдуллаһ жайлы пікірлерін сұрады. Олар Абдуллаһтың да, әкесінің де араларындағы ең абзал, ең қайырлы, ең білімді кісілер екенін айтып мақтады. Пайғамбарымыз олардан:“ЕгерАбдуллаһмұсылманболса,сендердеиманға келесіңдер ме?”, – деп сұрайды. Яһудилер бұлай болуы мүмкін емес деп ойлағандықтан: “иә”, – деп жауап берген кезде, Пайғамбарымыздың үйінде жасырынып тұрған жерінен шыққан Абдуллаһ Мұхаммедтің (с.а.с.)ТәуратпенІнжілдежазылғансоңғыЕлшіекенін қабылдағанын айтады, бірақ яһудилер табан астында тайқып шыға келді. Алдында ғана мақтан тұтып, халқының қалаулысы, елінің елеулісі екенін айтқан яһудилер оны жерден алып жерге салды. Әкесінің де, өзінің де араларындағы ең жаман адамдар екенін беттері бүлк етпей айтып шыға келді225.

Абдуллаһ ибн Сәлам өзінің қандастарына қарап:

–Әй,яһудилер!Аллаһтанқорқыңдар.Мұхаммедтің айтқандарын қабылдаңдар. Сендер оның Тәуратта аты мен сипаттары жазылған пайғамбар екенін де білесіңдер, – деген еді. Алайда пайғамбарлықтың өз араларынан шықпағанын көре алмаған өркөкірек яһудилер ақиқатты қабылдағысы келмеді.

225 Сира, 2:164.

248

Мәшһүр сахабалар

Абдуллаһ ибн Сәламның дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына Құрандағы мына аят куәлік етеді:

“Көрдіңіздер ме? Егер Құран Аллаһтан түсіп, сендер оған қарсы болсаңдар, сондай-ақ, Израил ұрпақтарынан осы сияқты Құранда білдірілген ақиқаттарға куәлік етсе де, сендер тәкаппарлық жасап,менменсіпиманетпесеңдер,әрине,Аллаһзалым елді тура жолға салмайды” де” (“Ахқаф”, 10.)

Абдуллаһ ибн Сәлам сахабалардың арасында білімділігімен қатар тақуалығымен көзге түсіп “Абадилаус-саб‘а” (жеті Абдуллаһ) деген атпен танымал ғалым сахабалардың бірі еді. Ол жайлы Муаз ибн Жәбәл қайтыс болар кезде өзінен өсиет сұрағандарға:

“Ілім мен иманға іздеген адам жетеді. Ілімді мына төрт кісіден алыңдар: Әбу Дәрдә, Сәлман Фариси, Абдуллаһ ибн Мәсуд және Абдуллаһ ибн Сәлам. Өйткені Аллаһтың Елшісі “Абдуллаһ ибн Сәлам – Жәннатпен сүйіншіленген он адамның он біріншісі” деген болатын” деп өсиетін айтып кетті226.

226Табақат, 2:353; Усдул-ғаба, 3:177; Кеңірек мәлімет үшін қараңыз: Р. Хайламаз, Диллердеки мужде, Измир, 2003, 173191.

249

250