Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

1.2.3. Уатылуды анықтау

Уатылу деп материалдың майдалайтын күш әсерінен көлемі мен массасының кішірею қабілетін атайды.

Аспаптар: ЛКИ майдалау шеңбері, техникалық таразы, салмағы әр түрлі гирлер, сызғыш.

Сыналатын материалдың нұсқасын 0,01 г деінгі дәлдікпен таразыда өлшейді. Өлшенген нұсқаны шеңбер құрсауына орнатады және шеңбер бетіне қысады (1.6-сурет). Уатылуға тартылатын нұсқаның ауданы шеңбердің көлденең бетімен толық беттесу керек. Сосын аспап шеңбері қозғалысқа келтіріледі. Шеңбер айналу кезінде нұсқа астына мезгіл-мезгіл ұсақ кварц құмын салып отырады.

Уатылу бір циклі жолдың 150 метріне тең.

Материал уатылуының дәрежесі мына формула бойнша анықтлады

У = m – m1 / F ,

мұндағы m - уатылуға дейінгі нұсқа массасы, г ;

m1 - уатылудан кейінгі нұсқа массасы, г ;

F - уатылу ауданы, см2 ;

У - уатылу, г/см2 .

Сынау нәтижелері 1.7 -кестеге енгізіледі

1.7-кесте

Уатылу дәрежесін анықтау нәтижелері

Материал

аты

Айналым саны, n

не өту жолы, м

Уатылу-ға дейінгі мате-

риал массасы,

г

Уатыл-ғаннан кейінгі мате-риал массасы,

г

Уатылу ауданы,

см2

Уаты-луы, г/см2

1

2

3

4

5

6

7

1.6-сурет. ЛКИ-3 типті майдалау шеңбері

1 – майдалайтын диск; 2 – сыналатын нұсқалар;

3 – жүктейтін құрылғы; 4 – айналымдар санауышы;

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

1. Орташа тығыздық деген не? Формуласы мен өлшемін жазыңыз.

2. Материалдың шын тығыздығы. Анықтау формуласы.

3. Ылғал тартқыштық деген не?

4. Су сіңіруі және оны анықтау тәсілі.

5. Дымқылдықтың материал қасиеттеріне әсері.

6. Кеуектік деген не және ол қалай көрсетіледі?

7. Кеуектіге байланысты құрылыс материалдардың қасиеттері.

8. Материалдың аязға төзімділігі, оны анықтау тәсілдері.

9. Кеуекті болудың және саңылау түрінің аязға төзімділікке әсер етуі.

10. Су өтпеушілік. Ол қалай анықталады?

11.Материалдың жылу өткізгішті деген не? Жылу өткізгіштікті анықтайтын формуланы жазыңыз.

12. Жылу өткізгіштікке саңылау құрылымы және температура қандай әсер етеді?

13. Отқа беріктік. Отқа беріктік дәрежесі бойынша құрылыс материалдардың айырмашылығы.

14. Отқа төзімділік. Отқа төзімділік дәрежесі бойынша құрылыс материалдардың айырмашылығы.

15. Материал беріктігінің анықтамасын беріңіз.

16. Материал беріктігіне әсер ететін факторлар.

17. Жұмсау коэффициенті деген және ол қалай көрсетіледі?

18. Материал қаттылығы, оның анықтамасы.

19. Газ өтпейтіндігі деген не? Қандай материалдар үшін бұл қасиет қажет.

2. Табиғи тас материалдары

Табиғи тас материалдары не тау жыныстары деп бір (мономинералды) немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан тұратын минералды қоспаны атайды. Минерал деп жер қыртысында болатын физика-химиялық процестер нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физика-механикалық қасиеттері бойынша табиғи біртекті денені атайды

Пайда болу жағдайларына байланысты тау жыныстары үш түрге бөлінеді: алғашқы не магмалық; екінші не шөгінді; түрі өзгерген не метаморфиялық.

Алғашқы не магмалық жыныстар жер тереңдігінен төгілген және қатып қалған магмадан пайда болған. Бұл жыныстар терең жататындарға (интрузивтілерге) және төгілгендерге (эффузивтілерге) бөлінеді. Терең жататындар жоғары температура және жоғары қысым жағдайларында жер бетінен үлкен тереңдікте магма суыну нәтижесінде пайда болған. Төгілген жыныстар жер бетінде (ең жаңа) немесе жер бетіне жақын (ежелгі) магма суыну нәтижесінде пайда болған.

Екінші не шөгінді жыныстар басқа бұрын пайда болған жыныстар (сынық) желге мүжілу нәтижесінде, организмдер қалдықтарынан (органогенділер) және су ерітінділерінен тұздар тұнудан (химиялық) пайда болған.

Түрі өзгергендер не метаморфиялық жыныстар жоғары температура мен үлкен қысымдар әсерінен магмалық және шөгінді жыныстардың терең өзгерістері (қайта кристалдану) нәтижесінде пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]