- •Хамзин с.Қ. Абдушкуров ф.Б.
- •Қазақстан республикасының стандарттары (қр ст), мемлекетаралық стандарттар (мст), олардың атқаратын міндеті мен құрылуы Стандарттардың міндет атқаруы
- •Стандарттардың құрылуы
- •1. Құрылыс материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері
- •1.1. Физикалық қасиеттері
- •1.1.1. Шын тығыздықты анықтау
- •1.1.2. Орташа тығыздығы анықтау
- •1.1.2.1. Орташа тығыздықты геометриалық пішіні дұрыс нұсқаларда анықтау
- •1.1.2.2. Орташа тығыздықты геометриялық пішіні дұрыс емес
- •1.1.3. Сусымалы материалдардың үйілген тығыздығын анықтау
- •1.1.4. Кеуектіні анықау
- •1.1.5. Жылу өткізгіштікті анықтау
- •1.2. Механикалық қасиеттер
- •1.2.3. Уатылуды анықтау
- •2. Табиғи тас материалдары
- •2.1. Жыныс құрайтын минералдарының қасиеттерін
- •2.2. Тау жыныстарының қасиеттерін оқып білу
- •3. Керамика материалдары
- •3.1. Сыртқы байқаумен кірпіш сапасын анықтау
- •3.3 Кірпіштің маркасын анықтау
- •4. Органикалық емес (минералды) байланыстырғыш заттар
- •4.1. Құрылыс гипсі
- •4.1.1. Гипс қамырының су қажеттілігін анықтау
- •4.1.2. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау
- •4.1.3. Гипс байланыстырғыштарының тарту майдалығын
- •4.1.4.Гипс тасының беріктігін (гипс маркасын)
- •4.2.Құрылыс ауа ізбесі
- •4.2.2. IзбестiЊ температурасын ж‰не сЌндiру
- •Iзбес сЌндiру уа‹ытын сынау н‰тижелерi
- •4.2.3. Iзбестегi сЌндiрiлмеген тЏйiрлердiЊ
- •СЌндiрiлмеген тЏйiрлердiЊ мЌлшерi
- •4.3. Портландцемент
- •4.3.1. Цемент ‹амырыныЊ суЉа ‹ажеттiлiгiн аны‹тау
- •4.3.2. †Стасу мерзiмдерiн аны‹тау
- •4.3.3. Цемент кЌлемiнiЊ Ќзгеру бiркелкiлiгiн аны‹тау
- •4.3.4. Цемент тартуыныЊ майдалыЉын аны‹тау
- •4.3.5. Цемент маркасын аны‹тау
- •…Зiн-Ќзi ‰зiрлеуге арналЉан сЋра‹тар
- •5. Аур бетон толтыргыштары
- •5.1.4. Құмның түйір құрамын және ірілік модулін
- •5.2. Қиыршықтас пен малтатас
- •5.2.3. Фракциялы емес қиыршықтастың (малтатастың)
- •6. Бетондар
- •6.1. Ауыр бетонның құрамын анықтаудың есеп-эксперименттiк әдiсi
- •Бетон қоспасының 1 м3 судың ұйғарында шығыны
- •6.2. Сынақ илеу дайындау және бетон қоспасының жылжымалылығын не қаттылығын анықтау
- •6.2.2. Бетон қоспасының қаттылығын анықтау
- •6.3. Бетонның шығу коэффициенттерiн анықтау
- •6.4. Бетон құрамын анықтау
- •6.5. Нұсқалар дайындау
- •6.6. Бетонның берiктiгiн анықтау
- •7. Қ¦рылыс ерiтiндiлерi
- •7.1. Құрылыс ерітіндісінің құрамын іріктеу
- •7.2. Ерітінді қоспасының жылжымалылығын анықтау
- •7.3. Ерітінді қоспасының тығыздығын анықтау
- •7.2. Болат цилиндрлік сауыты
- •7.4. Ерітіндінің иілісте және қысуда беріктік шегін анықтау
4. Органикалық емес (минералды) байланыстырғыш заттар
Органикалық емес не минералды байланыстырғыш заттары деп физика-химиялық процестер нәтижесінде сумен араластырған кезінде өздігінен қатуға қабілетті созымды-жабысқақ қамыр құрайтын ұнтақ тәрізді материалдарды атайды. Қату шарттары бойынша байланыстырғыштар 3 топқа бөлінеді:
- ауада қатуға және ұзақ уақыт беріктікті сақтауға қабілетті ауа байланыстырғыштары (ауа ізбесі, магнезиалды байланыстырғыш, гипстік байланыстырғыш,сұйық шыны,қышқылға төзімді цемент);
- тек ауада ғана емес,суда да солай қататын және ұзақ уақыт беріктікті сақтайтын гидравликалық байланыстырғыштар (партландцемент және оның бір түрлері,цементтер,гидравликалы ізбес,роман цемент);
- шылыққан су буы және жоғары қысым ортасында (0,8-1,5МПа) қататын автоклавта қатылатын байланыстырғыштар (ізбес-кремнеземді, ізбес-күлді, ізбес-шлакты, нефелинді цемент және т.б.).
4.1. Құрылыс гипсі
Гипстік байланыстырғыш заттар табиғи гипс тасын (CaSO4 x 2H2O), ангидритті (CaSO4) не химиялық өнеркәсіптің қалдықтарын жылумен өңдеу температурасына байланысты гипс байланыстырғыштары 2 топқа бөлінеді: төмен күйдірілген және жоғары күйдірілгендерге.
Төмен күйдірілген гипс байланыстырғыштары табиғи гипс тасын кальций сульфатының жартылай гидратына дейін (CaSO4 x 0,5H2O) жылумен өңдегенде алынады. Оларға құрылыс, қалыптайтын және жоғары берікті гипс жатады.
Жоғары күйдірілген гипс байланыстырғыштары шікі затты 600-1000оС температураларда күйдіру арқылы алынады және ангидридтен (CaSO4) тұрады. Оларға жоғары күйдірілген гипс және ангидритті цемент жатады.
Сынаулар МСТ23785-79 сәйкес жүргізіледі.
4.1.1. Гипс қамырының су қажеттілігін анықтау
Гипс қамырының су қажеттілігіне стандартты консистенциялы қамыр алу үшін қажет байланыстырғыш массасынан пайызбен көрсетілетін су мөлшері қабылданады.Бұл шама гипс қамырының ұстасу мерзімдерін және гипс тасының беріктігін анықтауға қажет.
Аспаптар:Суттард вискозометрі (4.1 – сурет), секундомер, таразы, қамыр дайындайтын резеңке тостаған, бұлғауыш, өлшеуіш цилиндр.
Материалдар: құрылыс гипсі
Алдын ала дымқылды матамен сүртілген таза аяққа гипс массасынан 50-70% су құйады, сосын суға 300г гипс байланыстырғышын себеді, суға гипсті салу басынан уақыт есебімен 30 секунд бойы қамыр араластырылады.Араластыру аяқталған соң цилиндр гипс қамырымен толтырылады, артығы сызғышпен кесіп алынады. Цилиндр мен әйнек алдын ала матамен сүртіледі. Гипсті суға салғаннан бастап 45 секундтан соң цилиндрді өте тез 15-20 см биіктікке тік жоғары көтереді және шет жаққа бұрады. Шелпектің жайылу диаметрі екі перпендикулярлы бағыттарда өлшенеді. Егер жайылу диаметрі
4.1-сурет. Суттард вискозиметрі
а) –жиналған түрінде; б) –гипс қамырынан жасалган шелпектін жайылуы ; 1- жез цилиндр ; 2 – центрлес шеңберлері бар шыны пластинка; 3 – адеттегі су қажетті гипс қамырынан жасалған шелпек
180±5 мм сәйкес келмесе, сынауды судың өзгертіл
ген массасымен қайталайды. Алынған мәліметтер 4.1-кестеге енгізіледі .
4.1-кесте.
Су қажеттілігін анықтау нәтижелері
№ |
Гипс массасы |
Су мөлшері |
Шкала бойынша жайылу, мм |
Әдеттегі қоюлық, % | |
см3 |
% | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |