- •Хамзин с.Қ. Абдушкуров ф.Б.
- •Қазақстан республикасының стандарттары (қр ст), мемлекетаралық стандарттар (мст), олардың атқаратын міндеті мен құрылуы Стандарттардың міндет атқаруы
- •Стандарттардың құрылуы
- •1. Құрылыс материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері
- •1.1. Физикалық қасиеттері
- •1.1.1. Шын тығыздықты анықтау
- •1.1.2. Орташа тығыздығы анықтау
- •1.1.2.1. Орташа тығыздықты геометриалық пішіні дұрыс нұсқаларда анықтау
- •1.1.2.2. Орташа тығыздықты геометриялық пішіні дұрыс емес
- •1.1.3. Сусымалы материалдардың үйілген тығыздығын анықтау
- •1.1.4. Кеуектіні анықау
- •1.1.5. Жылу өткізгіштікті анықтау
- •1.2. Механикалық қасиеттер
- •1.2.3. Уатылуды анықтау
- •2. Табиғи тас материалдары
- •2.1. Жыныс құрайтын минералдарының қасиеттерін
- •2.2. Тау жыныстарының қасиеттерін оқып білу
- •3. Керамика материалдары
- •3.1. Сыртқы байқаумен кірпіш сапасын анықтау
- •3.3 Кірпіштің маркасын анықтау
- •4. Органикалық емес (минералды) байланыстырғыш заттар
- •4.1. Құрылыс гипсі
- •4.1.1. Гипс қамырының су қажеттілігін анықтау
- •4.1.2. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау
- •4.1.3. Гипс байланыстырғыштарының тарту майдалығын
- •4.1.4.Гипс тасының беріктігін (гипс маркасын)
- •4.2.Құрылыс ауа ізбесі
- •4.2.2. IзбестiЊ температурасын ж‰не сЌндiру
- •Iзбес сЌндiру уа‹ытын сынау н‰тижелерi
- •4.2.3. Iзбестегi сЌндiрiлмеген тЏйiрлердiЊ
- •СЌндiрiлмеген тЏйiрлердiЊ мЌлшерi
- •4.3. Портландцемент
- •4.3.1. Цемент ‹амырыныЊ суЉа ‹ажеттiлiгiн аны‹тау
- •4.3.2. †Стасу мерзiмдерiн аны‹тау
- •4.3.3. Цемент кЌлемiнiЊ Ќзгеру бiркелкiлiгiн аны‹тау
- •4.3.4. Цемент тартуыныЊ майдалыЉын аны‹тау
- •4.3.5. Цемент маркасын аны‹тау
- •…Зiн-Ќзi ‰зiрлеуге арналЉан сЋра‹тар
- •5. Аур бетон толтыргыштары
- •5.1.4. Құмның түйір құрамын және ірілік модулін
- •5.2. Қиыршықтас пен малтатас
- •5.2.3. Фракциялы емес қиыршықтастың (малтатастың)
- •6. Бетондар
- •6.1. Ауыр бетонның құрамын анықтаудың есеп-эксперименттiк әдiсi
- •Бетон қоспасының 1 м3 судың ұйғарында шығыны
- •6.2. Сынақ илеу дайындау және бетон қоспасының жылжымалылығын не қаттылығын анықтау
- •6.2.2. Бетон қоспасының қаттылығын анықтау
- •6.3. Бетонның шығу коэффициенттерiн анықтау
- •6.4. Бетон құрамын анықтау
- •6.5. Нұсқалар дайындау
- •6.6. Бетонның берiктiгiн анықтау
- •7. Қ¦рылыс ерiтiндiлерi
- •7.1. Құрылыс ерітіндісінің құрамын іріктеу
- •7.2. Ерітінді қоспасының жылжымалылығын анықтау
- •7.3. Ерітінді қоспасының тығыздығын анықтау
- •7.2. Болат цилиндрлік сауыты
- •7.4. Ерітіндінің иілісте және қысуда беріктік шегін анықтау
1.1.3. Сусымалы материалдардың үйілген тығыздығын анықтау
Үйілген тығыздық ρүй – түйірлі не ұнтақ материалдар массасы мен бөлшектерінің арасындағы кеңістікті қоса алғанда олардың ие болатын көлемінің қатынасы.
Өлшеуіш сауыт өлшеніледі және май құйғыш астына қойылады (1.5-сурет). Май құйғышқа зертелінетін материал салынады. Май құйғыштың қақпасын ашып, сауытты бас жағы пайда болғанша толтырады, сосын оны сызғышпен кесіп алып, сауытты материалмен өлшейді. Үйілген тығыздық үш өлшеудің орташа арифметикалық мағынасы ретінде мына формула бойынша анықталады.
ρүй = m1 – m2/ V ,
мұндағы m1 – материалмен бірге өлшеуіш сауыттың массасы, кг; m2 - өлшеуіш сауыттың массасы, кг;
V - өлшеуіш сауыттың көлемі, м3.
1.5-сурет. Үйілген тығыздықты анықтауға арналған май құйғыш
Сынау нәтижелері 1.5 - кестеге енгізіледі
1.5-кесте
Үйілген тығыздықты анықтау нәтижелері
Материал
|
Массасы, г |
Материал көлемі, см3 |
Үйілген тығыздық, г/см3 | ||
өлшеуіш сауыт-тың |
материал-дың сауыттпен бірге |
материалдың
| |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1.1.4. Кеуектіні анықау
Кеуектік – материал көлемін саңылаулар толтыру дәрежесі. Кеуектік көбінесе материал көлемінен пайызбен көрсетіледі.
Кеуектіні анықтаудың тікелей әдісі материалдағы саңылау кеңістікті сұйылған гелиймен немесе басқа ортамен орнын бастыруға негізделген. Кеуектіні анықтаудың эксперименттік – есептік әдісі шын және орташа тығыздықтың мағыналарын анықтау үшін пайдаланылады. Кеуктік мына формула бойынша анықталады.
К = (1 – ρо/ ρ) 100% ,
мұндағы К - кеуектік, % ;
ρо – орташа тығыздық, г/см 3 ;
ρ - шын тығыздық, г/см3.
1.1.5. Жылу өткізгіштікті анықтау
Жылу өткізгіштік деп жылуды бір беттен басқаға беретін материалдың қасиетін атайды. Бұл қасиет жылылықты өткізбейтін материалдардың үлкен тобына калай болса, үймереттердің сыртқы қабырғалары мен жабындарын жасауға қолданатын материалдарға да сондай ең маңызды болады. Ауаның жылу өткзгіштігі λ =0,023 Вт/м град, бұл құрылыс материалының қаңқасын құрайтын қатты заттан едәуір кіші. Сондықтан материалдың кеуекті болуын ұлғайту оның жылу өткізгіштігін азайтудың негізгі тәсілі болады. Материалдың жылу өткізгіштігінің көрсеткіші жылу өткізгіштік коэфиценті болады, ол оның кеуекті болуына байланысты және профессор В.Н. Некрасовтың эмпиризмдік формуласымен көрсетіледі
λ =1,16- 0,16 ,
мұндағы λ - жылу өткізгіштік коэфиценті;
ρо - орташа тығыздық, г/см3.
1.2. Механикалық қасиеттер
1.2.1. Сығуда және иілісте беріктікті анықтау
Материал беріктігі беріктік шегімен – нұсқаның қыйрауына қозғайтын тиісті күштің ең үлкен кернеуімен сипатталады.
Аспаптар: гидравликалық пресс, сызғыш.
Материалдар: дұрыс пішінді нұсқалар түріндегі бетон, ерітінді (текше, цилиндр, параллелепипед) – беріктікті сығуға анықтау үшін;
4х4х16 см арқалықтар - беріктікті иіліске анықтау үшін.
1.2.1.1. Сығуға беріктік шегін анықтау
Анықтау әдістемесі: нұсқаның көлденең өлшемдерін өлшейді, сосын оны қысатын күштер әсерінің астында пресспен қыйрауға ұшыратады.
Сығуға беріктік шегінің шамасы Rсығ, кгс/см2 не МПа, мына формула арқылы есептелінеді
Rсығ = P / F = n . Fп / F ,
мұндағы P – қыйрату жүгінің шамасы, кгк;
F – көлденең қиманың ауданы, см2;
n – манометр көрсетулері, кгк;
Fп – поршень ауданы, см2 .
Сынау нәтижелері 1.6- кестеге енгізіледі.
1.6-кесте
Беріктік көрсеткіштері
Мате- риал
|
Нұсқа өлшемдері, см |
Көл-денең, қима-сының ауданы, см2
|
Мано-метр көрсе-тулері |
Пор-шень ауданы, см2 |
Қира-ту жүгі, кгк |
Сығуға беріктік шегі, кгк/см2 (МПа) | ||
1 жа-ғы |
2 жа-ғы |
диа-метрі | ||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1.2.1.2. Иіліске беріктік шегін анықтау
Иіліске беріктік шегі Rиіл – екі тіректегі арқалық түріндегі материал нұсқасын сынау арқылы анықталады
Rиіл= 3 Р l1/ 2 b h2,
мұндағы Р - қирату жүгі, кгк ;
l1 - тіректер арасындағы арқалық = 20 см ;
b - ені, см ;
h - биіктігі, см ;
R – иіліске беріктік шегі, кгк/см 2; МПа .