Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аудтит.doc
Скачиваний:
229
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
760.83 Кб
Скачать

4.5 Курстық жұмысты қорғау және бағалау

Курстық жұмысты қорғаудың мақсаты- студенттің таңдалған тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, тәжірибелік тапсырмаларды орындауда теориялық білімді қолдана білу, негізделген экономикалық ұсынымдар беру және нақты пікір жасау болып табылады.

Орындалған жұмыс кафедраға өткізіліп, арнаулы журналға тіркеледі. Оқытушы жұмысты тексереді. Дұрыс орындалмаған, өңделмеген жұмыс қайтадан студентке қайтарылады. Тексерілген жұмыстарға пікір жазылып, қорғауға жіберіледі (босатылады).

Курстық жұмысты студенттер кафедрада бекіткен арнаулы комиссия алдында қорғайды. Кафедра шешімі бойынша курстық жұмыстарды бір оқытушы қабылдауы мүмкін. Студент бүкіл жұмыс бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді.

Қорғау кезінде студент өз ойын жетік баяндап, негізгі түйіндерге тоқталады, қосымша сұрақтарға жауап береді.

Курстық жұмысты бағалау мына кезде жүргізіледі, егер автор:

- зерттеу мақсатын дұрыс айқындап, өзекті мәселені айқындап білсе;

- жоспарда тақырыптың негізгі сұрақтарын ашса;

- сәйкес қорытындылар мен түйіндер жасаса;

- жұмыста теориялық материалды тәжірибелік деректермен ұштастыра білсе;

- жұмысты жақсы безендіріліп, таза, қатесіз жазса.

Курстық жұмыстың бағасын мына жағдайларда төмендетіледі:

- курстық жұмыс жоспары тақырыптың өзекті сұрақтарын ашпаса;

- жұмыста тақырыпқа сараптама жасамай, тек теориялық негізде орындаса;

- қарапайым бақылау нормалары сақталмаса.

Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, бағасы қойылады.

&&&

4.6 Курс жұмысының тақырыптары

1.Аудит түсінігі және оның мазмұны. Аудит принциптері.

2.Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу.

3.Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.

4.Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері.

5.Аудиторлық тексеру жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері

6.Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы

7.Аудиторлық тәуекел компоненттері мен олардың өзара байланысы

8.Аудиторлық дәлелдеулер және олардың аудиттегі ролі

9.Аудиттегі таңдамалы әдіс. Аудиторлық таңдама

10.Аудитордың жұмыс құжаттарының мазмұны мен типтері

11.Аудит жүргізу тәртібі мен оны ұйымдастыру. Аудит кезеңдері

12.Аудиттегі жоспарлау

13.Есептілік және аудитор қорытындысы

14.Аудиттегі жұмыс сапасын бақылау

15.Мүмкін болатын қателер мен аудиттелінетін қаржылық есептіліктің зиян шегуі

16.Қаржылық есептілік аудиттің ақпараттық базасы ретінде

17.Компьютерлік жүйе ортасындағы аудит

18.ҚР қаржылық бақылау жүйесі. Аудит түсінігі. Аудиторлық қызмет мақсаты мен міндеттері

19.«ҚР аудиторлық қызмет туралы» заң, оның мазмұны, аудиттің дамуы мен қалыптасуындағы оның мәні мен ролі

20.Аудитке қатысты қызметтер. Қатысты қызметтердің маңызы мен қысқаша сипаттамасы

21.Міндетті аудит. Міндетті аудит мазмұны, субъектілері

22.ҚР аудиторлық қызметті нормативтік реттеу. ҚР аудитті құқықтық қамтамасыз ету

23.Аудиторлық бірігулердің ішкі ережелері (стандарттар), аудиторлық (түсінігі, құрамы, жіктелуі, арналымы)

24.ХАС сәйкес аудитті жоспарлау

25.ХАС сәйкес, аудиторлық дәлелдеулердіжинау әдістерінің мазмұны мен құрамы

26.ХАС сәйкес, аудитордың жұмыс құжаттарын рәсімдеуі, талаптар және мазмұны

27.ХАС сәйкес, аудиттегі маңыздылық дәрежесін қолдану мен орнату

28.Аудиторлық ұйымның сыртқы құжаттары

29.Аудиторлармен персоналды компьютерді қолдану кезінде, мәліметтерді компьютермен өңдеу жүйесіндегі аудит жүргізудің ерекшеліктері

30.Аудиторлық қызметті автоматизациялау жүйесінің функционалдық құрылымы. Міндет құрамы және олардың арналымы

31.Бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдерінің аудиті кезінде, персоналды компьютерлерді қолдану

32.Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру

33.Ішкі бақылаудың негізгі мақсаты мен міндеттері

34.Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ішкі бақылау құралдары

35.Ішкі бақылау процедураларын жіктеу

36.Ішкі аудит маңызы мен түсінігі. Оның ролі мен ұйымды басқару жүйесіндегі жалпы маңызы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]