Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аудтит.doc
Скачиваний:
229
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
760.83 Кб
Скачать

3 .Аудит туралы келісім-хат.

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме — хат жазуға тиісті.

Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.

Міндеттеме хаттың түрі және мазмүны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:

  • қаржы есебін тексерудің мақсаты;

  • тапсырушылардың тексеретін мәліметтерінің дұрыстығына жауапкершілігі;

  • аудит жүмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданатын заң қүжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;

  • тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;

  • жүргізілетін аудит жүмысының бағдарламасы;

  • аудит жұмысының төлем ақысы.

Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.

Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жүмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық қүпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері көрсетіледі.

Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жүмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтында беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.

Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына бірінші хаттама тіркеледі. Онда аудит жүмысына төлем нақты көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.

Шартта қажет болған жайғдайда қосымша төлем жасау мүмкіңдіктері келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысында шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.

Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.

Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған себеп тапсырушы шарт талаптарын орындамаудан болады.

4. Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі.

«Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15-бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандартына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қортынды есеп жасалады.

Қазақстан Республикасы қортынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 «Қаржылық қортынды есеп бойынша аудиторлық қортынды есеп», 710 «Салыстырмалы көрсеткіштер», 800 «Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.

Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесінде есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізілуі керек. Аудитормен келісімнің орындалуы Қазақстандық 5 стандарт бойынша қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы және сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің аудиторлық қорытындысымен анықталады.

Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:

  • есептің басқалардан ерекшеленетін тақырыбы болуы керек;

  • есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;

  • егер аудит есебі басылымға ұсынылса, оған қоса негіз болатын қаржы құжаттары да жариялануы керек;

  • есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.

Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде тексерудің жалпы көлемі, мазмұны көрсетіліп, оның құқықтық жақтары сәйкес стандарттарға жүргізілгендігі көрсетіледі.

Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі: 1. Тест арқылы талдау жасау- қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу; 2. Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету; 3. жалпы қаржылық есепке баға беру.

Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын, оның заңдарға, нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.

700 «Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында аудитордың шолу жасауы және қаржылық қортынды есепке қатымты пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәләлдеулер бойынша жасалынған қортындыларды бағалау қарастырылады. Аудиторлық қортынды есепке жалпы қаржылық қортынды есеп беру бойынша анық жазбаша пікір болдыруға тиісті . Сондықтан білдіретін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қортындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

  • Ескертусіз аудиторлық қорытынды;

  • Ескертулер бар аудиторлық қорытынды;

  • Аудиторлық қортындыны беруден бас тарту;

  • Теріс аудиторлық қорытынды.

Аудиторлық қортындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қортынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы.

Қортынды есептің атауы. Аудиторлық қортынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қортынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қортынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қортынды есептерінің арасында айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның тауында « Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етеді.

Адрес иесі. Аудиторлық қортынды есеп жергілікті ережелер мен келісім шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуі тиісті.

Кіріспе бөлім. Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебінде қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытындыны есеппен бірдей болуға тиісті.

Қортынды есепке қаржылық қортынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, сонымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қоытындыны есеп жайында өзінің қортындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.

Қаржылық қортынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпартаттар. Ондай қортынды есепті дайындау басшылықтанелеулі есепік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қортынды есепті дайындау екзіндепайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принцптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама-қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қортындыны есеп бойынша өзінің қортындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылады.

Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім. Аудиторлық қортынды есептіе аудиттің Халықаралық аудит стандарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масшатабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады.

Аудиторлық стандарттар немесе тәжірбие ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірбие ескертіліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірбиесі есептелінеді.

Қортынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қортынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдар болуға тиісті.

Аудиторлық қортынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:

  • Қаржылық қортындыны есепте ашылып көрсетілген ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;

  • Қаржылық қортындыны есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принцптерін бағалау;

  • Қаржылық қортынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;

  • Жалпы қаржылық қортынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.

Қортынды есепке аудиттің қортынды жасау үшін қолайлы негізде қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.

Қортынды жасау бөлімі. Аудиторлық қортынды есеп қаржылық қортынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндіегі аудитордың қортындысын анық көрсетуге тиісті.

Аудиторлық қортындыны білдіру үшін пайдаланылатын «дұрыс және көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген» терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қортынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғанда көрсетеді.

Қаржылық қортынды есепті дайындау тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуы мен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігі пайдаланылатын контекст жөнінде хабардар ету үшін қорытынды «Халықаралық аудит стандартына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қортындыны есепті дайындап тапсыру негізінде көрсетуге тиісті.

Дұрыс және дәл көрініс жөніндегі қортындыға қосымша ретінде аудитордан аудиторлық қортынды есепке қаржылық қортынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен және заңдармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қортынды кіргізу талап етілуі мүмкін.

Есеп беру мерзімі. Аудитордың қортынды есебінде қойылатын мерзім болып табылады. Бұл- аудитордың қаржылық қортынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандағы туралы оқырмандарды хабардар етеді.

Аудитордың адресі. Қортынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт көрсетілуге тиісті.

Аудитордың қолы. Қортынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің атынан, егер ол қажетболса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қортынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.

Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарилерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қортынды жалпы қаржылық қортынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.

Аудиторлық қортынды аудитор мен қаржылық қортынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады. Аудиторлық қортынды есептің негізін қалаушы кейбір концепциялар бұрын қарастырылған болатын. Бұл тарауда 700 «Қаржылық қортынды есепке қатысты аудиторлық қортынды есеп» деп аталатын. Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес стандартты аудиторлық қортынды есептің толық тексті келтірілді.

Ескертусіз аудиторлық қортынды аудитор қаржылық қортынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді деген қортындыға келген жағдайда жасалынады.

Ескертусіз қортындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кезкелген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қортынды есепте ашылатындығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.

Фактіні бөліп көрсету- бұл ақпарат пайдаланушылардың назарын қаржылық қортынды есепке әсер етуші фактілерге, сонымен бірге осы позиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескертуі бар аудиторлық қортынды болып табылмайды. Әдетте ол қортынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қортындының шартты емес екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады:

  1. Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесінекөңіл аудару үшін. Егер қаржылық қортынды есепте тексеру нәтижелері мен бірдей ашып көрсету нәтижелері бар болса, онда аудитор ескертуі жоқ қортынды жасауға және аудиторлық қортынды есепті, оған қаржылық қортынды есепке түсіндірме есептемелерге назар аудару арылы кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі: «Ескертусіз қортынды бере отырып біз сіздердің назарларыңызға қаржылық қортынды еспке №____ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын 200 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған бір жылдың ішінде *** мөлшерінде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінен *** сомаға артық болады. Бұл факторлар №___ ескертпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болғандығына едәуір күмән тудырады».

  2. Шешім табу кәсіпорынның тікелей бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалармен байланысты елеулі дәрежедегі сенімсіздік жағдайында күтпеген жағдайлар бойынша ақпараттарға жүгіну қажет. Халық-аралық аудит стандарты бойынша текстің мысалы төменде қарастырылады

«Ескертусіз қортынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қортынды есепке №___ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын потеннтік құқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапкер болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қояды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым талап бойынша алдын –ала тыңдау және соттық іс қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қортындысын бүгінгі күні анықтау мүикін емес, және де міндеттеме туындаған жағдайда қаржылық қортынды есепке оны жабатын резерв құрылған жоқ».

  1. Сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің қаржылық қортынды есебі елеулі бұрмаланған және тиісті сандық көрсеткіштер ағымдағы кезеңде соған сәйкес өзгеретін жағдайлар болады.

Барлық ескертулер аудит масштабының шектеулілігінің немесе келісе алмаушылықтың нәтижесі болып табылады.

Аудиторлық қортынды жасау үшін ескетулерді жіктеу

Ескертулердің себептері

Елеулі ескетулер

Маңызды ескетулер

Аудит масштабының шектеулілігі

Аудит өткізу бойынша жұмыстардың масштабы шектелген. Дәлелдеулердің жетіспеушілігіне байланыста, мысалы, жоғалған немесе жойылған бухгалтерлік жазулардың жетіспеушілігінен немесе соған парапар ақпартаттардың және директорлардың түсініктемелердің жетіспеушілігіне байла- нысты аудитордың процедуралар орындау мүмкіндігі болмайды

Қортындыны

«қоспағанда»

Аудитордың қортынды жасауға мүмкіндігі жоқ және қаржылық қортынды есепте дұрыс әрі дәл ақпа- раттардың көрсетілгендігін білмейді

Қортынды есеп беруден «бас тарту»

Келісе алмаушылықтар

Аудитор есеп жүргізу мен немесе ақпартаттарды ашып көрсетумен келіспейді.

Қортынды

«қоспағанда»

Қаржылық Қортындыны есеп дұрыс әрі дәл ақпараттарды көрсетпейді

Теріс қорытынды

Жалпы қаржылық қортынды есепте көрсетілген ақпараттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол қаржылық қортынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпартаттардың бар екендігін көрсетеді; белгісіздік жағдайында ол аудитордың ескетусіз қорытынды жасай алмауына әкеліп соқтырады.

Маңызды және елеулі ескертулердің арасындағы айырмашылық маңыздылық дәрежесімен анықталады. Бір аудитор үшін елеулі немесе басқасы үшін маңызды болып табылатын ескертулерді анықтау ушін шүбәсіз факторлар жоқ. Маңызды ескертулер тәжірибеде өте сирек кездеседі, теріс аудиторлық қортынды ешуақытта жасалынбайды, ал биржада бағаланатын кезкелген компания үшін қандайда болмасын шартты қортынды ерекше жағдай болып табылады. Шартты қортынды жасау белгілі бір зардап шегуге әкеліп соқтыруы мүмкін, мысалы қор биржасында кәсіпорын өзінің бағасын төмендетіп алуы мүмкін.

Қортынды жасаудың барлық жағдайларында аудитор ескертулердің бпрлық маңызды себептерін дәл бейнелеуге, сонымен бірге кәсіпорын шегетін зардаптарды, егер оларды бағалау мүмкін болса, көрсетуге тиісті.

Ескертулерді бар аудиторлық қортынды жасауды қажет ететін жағдайларды анықтау және бағалау. Ескртулері бар аудиторлық қортындыны ең болмаған жағдайда ғана жасалуға тиісті. Берілген қортындының типі жайында аудиторда күмән туындайтын болса, онда ол мәселені ескертулерсіз шешуге мүмкіндік алу үшін кәсіпорын басшылары мен кеңесуге тиісті. Әдетте кәсіпорын басшылары ескертулерден аулақ болуға тырысады және сондықтан көбінесе өзінің позициясын өзгерте алады немесе аудитор кәсіпорын тарапынан ешқандай шара қоланылмайтын болса ескертулер жасалатындығы туралы клиентке емеурін білдірген жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады. Осы айтылғандардың негізінде ескертулері бар қортынды жасау кезінде төмендегі тұжырымның пайдаланатындығын атап көрсетуге болады: келесі алмаушылықтардың болуынан туындағанды «қоспағанда».

«Біздің пікіріміз бойынша жоғарыда көрсетілген фактілерді қоспағанда, қаржылық қортындыны 200 жылғы 31 желтоқсандағы күйі бойынща кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы сенімді және шын ақпараттар көрсетілген».

Аудитор қаржылық қортынды есеп бойынша теріс аудиторлық қортынды жасауға мәжбүр болған кезде, қортынды бөлімде төмендегілер қарастырылуы тиісті:

«Біздің пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген фактілердің әсеретуінен қаржылық өортынды есеп 2000 жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл көрінісін бере алмайды».

Егер аудиторлық тексеру жүргізу процесінде аудитор тексеруді жоқтауға мәжбүр болатын және оның жүргізуден бас тартатын жағдайы туындайтын болса, онда ол бас тартуының себебін көрсетуге тиісті.

«Жоғарыда көрсетілген фактілердің маңыздылығына байланысты біз қаржылық қортынды есеп бойынша қортынды бере алмаймыз».

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Аудитті жүргізудің масштабын анықтаудың қандай кезеңдері бар?

2.Аудитті жоспарлаудың мақсаты не?

3.Жоспарлау принциптерін атаңыз.

4.Аудитті жоспарлаудың кезеңдері қандай?

5.Алдын-ала жоспарлау кезеңінде қалай орындалады?

6.Аудиттің жоспары мен бағдарламасын дайындау туралы не айтасыз.

7.Аудитті жүргізуде жасалатын келісім-шартта не көрсетіледі?

8.Аудитті жүргізудің бағдарламасы деген не?

9.Аудиторлық қорытынды есеп дегеніміз не?

10.Аудиторлық қорытынды есепте не көрсетіледі, оның қандай бөлімдері бар?

11.Аудиторлық қорытынды есептің қандай түрлері бар?

12.Аудиторлық қорытынды есепті дайындаудың тәртібі туралы не айтасыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]