Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аудтит.doc
Скачиваний:
229
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
760.83 Кб
Скачать

4 Курстық жұмыс

4.1 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Студенттердің өзіндік жұмысының ең маңыздыда, жауапкершілікті түрі- бұл курстық жұмысты орындау және «Аудит» пәнән оқып үйренуде соңғы бекіту кезеңі болып табылады. Курстық жұмыс іс жүзіндегі жеткілікті тәжірибелік материалдар негізінде материалдар негізінде жазылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- Жеке мәселелер немесе бекітілген курс тақырыптарын тереңдете игеру барысында студенттердің теориялық білімін нығайту;

- Аудит әдістері мен процедураларын қорыту барысында жалпы теориялық базаның пайдалануды студенттердің өзіндік жұмыс дағдысына қалыптастыру және аудит ақпарат көздеріне: алғашқы құжаттар қолданылатын есеп регистрлері мен қаржы және салық әдістемелеріне талдау жасау;

- Аудиторлық пікірлерді қалыптастыру, маңыздылықпен тәуекелділікті анықтау, ішкі бақылау жүйесін түсіну, талдау және таңдап алынған бағыт бойынша аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құрып, құжаттарын жинау;

- Таңдап алынған тақырып бойынша жалпы құжаттарды талдап, аудиторлық ұсыныс жасау және аудиторлық есеп құру;

- Шаруашылық субъект есебін бақылауды ұйымдастыру, ішкі аудит мәселелерін шешу жолынісдестіру және студенттердің өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге дайындықтарын тексеру.

Экономиканы тиімді басқаруды арттыру, бұл – қалыпты деңгейде ұсынылған қаржылық есептегі экономикалық ақпараттардың нақтылығына байланысты. Осыған орай, аудит алдында қаржылық есептің нақтылығын анықтау міндеті тұрады. Қаржылық есептің ұсынылуы мен концептуальдық негізінің ашылуы аудиторлық пікірге байланысты. Бұл міндеттің шешімі ұйымға есеп жүйесін талдауды, заң актілерін білуді, экономикалық теория негізін және клиент бизнесін тануды терең оқып үйренуге негіздейді.

Курстық жұмыстың мазмұны, егер автор тәжірибеде өз ұсыныстарын қолданып, ол шаралардан экономикалық тиімділік көрсетіп жатса, тіпті арта түседі. Студент курстық жұмысты жазу барысында таңдаған тақырыпты жан-жақты қарастырып, оның бүгінгі күндегі өзекті мәселелеріне тоқталуы керек.

Курстық жұмысты жазу барысында студент Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Аудит стандарттарын, ғылым-оқу әдебиеттерін, үкіметтің нормативті-құқықтық құжаттарын және баспасөз материалдарын қарауы керек.

4.2 Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі

Курстық жұмысты тақырыптарын оқытушы құрастырып, оны кафедра мәжілісінде бекітеді. Курстық жұмыстардың тақырыптарына «Аудит» курсы бойынша өзекті тақырыптар алынған.

Студент таңдалған тақырып бойынша «Аудит» пәнінен алынған білімдерін, оны ұйымдастыру мен әдістемесіне қатысты сұрақтармен толықтырып, болашақта алатын мамандығына байланысты білімін жетілдіре түседі.

Курстық жұмыстың тақырыптары студенттермен таңдалған соң, оқытушы ол тақырыпты сол студентке бекітеді. Одан соң студент тақырып бойынша жоспар жасап, оқытушымен әрі қарай жұмыс жасауға келіседі.

Жұмыстың жоспарын құру жауапты кезең болып табылады. Себебі, кез келген тақырып, ерекше бағыттар алып бірнеше вариантта жасалуы мүмкін. Бірде теориялық бағыты басымболса, екіншісіндетәжірибелікжағына үлкен көңіл бөлінуі мүмкін. Кейде тақырыптың қазіргі жағдайы проблемалық мәселелері және тарихы баяндалып қана қойылуы мүмкін. Курстық жұмыстың бағыты қолданылған көрсеткіштермен тақырыптың ұйымдастырылу деңгейіне байланысты. Жоспар бекітілгеннен кейін студент курстық жұмысты жазуға кіріседі. Оқытушы студентке курстық жұмыстың мазмұны мен безендірілуі бойынша кеңес береді. Тақырыпты таңдау кезінде студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығына көңіл бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]