Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аудтит.doc
Скачиваний:
229
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
760.83 Кб
Скачать

3. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.

Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Дж.Робертсон "Постулат-бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту". Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса мањызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К.Маутц және Х.А.Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады. 1982 жылы америкалық ғылым Т.А.Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж.Робертсон, Р.К.Мауц пен Х.А.Шараф постулаттарын "экономикалық тиімділіктің максимасы" деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда, А.Белкаоуи, Р.Адамс, Я.В.Соколов, К.Ш.Дүйсембаев, М.С.Ержанов және басқалары жекелеген постулаттардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын ұсынды.

Әр түрлі ғалымдар мен маман - практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:

1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.

2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.

3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі.

4. Есептеме дұрыс жасалмаған.

5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді.

6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.

7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.

8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорциональды.

9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі және әрдайым ақпараттылығы аз болады.

10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.

11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы.

12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау (30,34,36, 39,44,47 жєне т.б.).

Осылайша, аудит саласын стандарттау жєне теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. Олар аудитордың тәжірибелік жұмыстарына міндетті түрде қажет болады. Оларды күнделікті іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың, нормалардың, мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда қолданылуы аудиторлық қызметтің тиімділігіне оң әсер ететін, кәсіби маман топтар талқыға салатын постулаттардың нақты жүйесі негізге алынуы керек.

Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді, бұл аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

ТМД мемлекеттерінде шыққан арнайы әдебиеттерде «аудит» жөнінде әр түрлі анықтамалар кездеседі. Біреулері өте қысқаша түрде анықтама берсе, басқалары керісінше ұзақтау және қиындау түрінде береді, ал үшіншілері оның да, бұның да анықтамаларының қосындысынан айтылады.

Осыған орай аудит жөніндегі анықтама, Қазақстан Республикасының өз ерекшеліктерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңында «Аудитке» төмендегідей анықтама береді. Аудит – бұл қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

Аудитті шаруашылық жүргізуші субъектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт негізінде тәуелсіз жеке адамдар, аудиторлық ұйымдар жүзеге асырады.

Аудиторлық тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпорындар шаруашылық қызметінің заңлығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.

Егер белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген және аудиторлық қызметпен айналысу құқығы біліктілік комиссиясының аттестациясынан өтпеген болса, бірде-бір заңды ұйым немесе нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде көрсете алмайды.

Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар :

1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер

2.Ақпараттар

3.Аудиторлардың кәсіби мамандылығы

4.Материалдарды жинау және оларды бағалау

5.Стандарттар мен критериялар(белгілер)

Бірінші компонент – бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.

Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.

Үшінші компонент – бұл аудиті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.

Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.

Аудиттің алтыншы компоненті – аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі тереңде қарастыру мақсатымен біз мына үш түсініктеме бердік.

  1. Аудиторлық- кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.

  2. Шаруашылық субъектісі кәсіпорының, оғанаудитор қорытындысы керек.

  3. Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді.

Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі:

1. Ғылыми аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті неғұрлым толық бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика жағдайында әрекет жасаушы талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады, өйткені ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір білім және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.

2. Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді.

Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық процедуралардың жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]