Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Баспасөз қалай қалыптасты?

  1. Әріптерді ойып басатын тақтаны кім ойлап тапқан?

  2. Алғашқы газет қашан шыққан?

  3. «Gazzetta» ұғымы нені білдіреді?

  4. Наполеон газет туралы қандай ой айтқан?

  5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  6. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

7.Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін қойыңыз.

... қалада газет редакциясында ... .

Редакцияда ... маған ... .

Бізде талантты ... ... .

Біздің еңбек ұжымымызда қырық шақты ... ... .

... ынтымақта ... ... .

БӨЖ тапсырмалары

БАҚ-тың қызметтері ортақ болғанмен, олардың ақпаратты жеткізуде бір-бірінен айырмашылығы да бар. Электронды ақпарат құралдары (теледидар, радио) ақпаратты аса бір ұшқырлықпен жеткізсе, мерзімді басылымдар ақпаратты тасқа басқандай қаттап қоюымен ерекшеленеді. Оның үстіне, көпшіліктің мерзімді басылымдарды қалаған уақытында алып оқуына мүмкіндігі бар.

(Р.Тұяқбаева)

8. Пікірсайыс: «Сіздің ойыңызша бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрі тиімді?»

Әңгіме жоспары:

  • Бұқаралық ақпараттың қандай түрлерін білесіздер?

  • Халыққа қай түрі тиімді деп ойлайсыз?

  • Оның себебі неде?

  • Қандай бағдарлама болғанын қалайсыз?

9. Қазақстандағы БАҚ жұмысы туралы интернеттен ақпарат алыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

  1. Әріптерді ойып басатын тақтаны кім ойлап тапқан?

  2. Алғашқы газет қашан шыққан?

  3. «Gazzetta» ұғымы нені білдіреді?

  4. Наполеон газет туралы қандай ой айтқан?

  5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

10 сабақ

Журналист қалай жұмыс істейді

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Журналиске блокнат не үшін керек?

2. Блокнатқа нені жазу керек?

3. Диктофонды үнемі пайдалануға бола ма?

4. Сіз қалай жұмыс істегенді қалар едіңіз?

2. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Журналист кітапшамен де, диктофонмен де, өзінің есіне сақтап та жұмыс істей алады. Кейбіреу есте сақтауы қиын болғандықтан, блокнотқа жазып жүреді. Әсіресе біреумен әңгімелескенде, жазып отырады. Бұл тәсіл әңгімелесушіні ыңғайсыз күйге түсіреді, дегенмен ол үйрене бастайды.

Оның әңгімесінің қажеті болмаса да, жазған болып отыра берген дұрыс, себебі оның әңгімесі бөлінсе, ол тоқтап қалуы мүмкін.

Блокнотқа ең қажетті, басты деген нәрселерді жазу керек. Қажет болғанда материалды реттеп алуға болады. Есте сақтағанда, мұндай жұмыс істей алмайсың. Диктофон әңгімелесушіні сескендіріп алады. Диктофонмен жұмыс істеген журналист түрлі-түсті суреттен натура салған суретші сияқты. Пленканы бәрібір тыңдау керек, одан очерк жаза алмайсың.

Жол үстінде, жүріп келе жатқанда, аязда блокнотқа түрлі белгілер түсіруге болады. Мүмкіндік болғанда, соған қарап, еске түсіресіз, жаза бастайсыз.

(В.Ворошилов,«Журналист»)

3. Сөзтіркестерімен жұмыс жасаңыз.

Жол үстінде, жүріп келе жатқанда, аязда блокнотқа түрлі белгілер түсіруге болады.

Еске түсіріңіз:

Қыстарма сөздер мен сөйлемдер айтушының ойын,оқиғаға көзқарасын білдіреді. М: меніңше, біріншіден, ойлап қарасаңыз, шынын айтқанда т.б.