
агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ
.pdf
Дтың - тыңайтқыштармен жүргізілген көп жылдық далалық тәжірибелердің мәліметтері бойынша анықталған, өнім құраудағы тыңайтқыштардың үлесі,%.
Тыңайтқыштардан алынған қосымша өнімділікті: өндірістік тәжірибелердің мәліметтерінен; қосымша өнім алуға жұмсалған тыңайтқыштардың шығыны нормативінен (137-кесте) экономикалық талдаулардың материалдарынан анықтайды.
Есептеулер үшін тыңайтқыштарды қарқынды қолдану жылдары ТИҒИ (НИУИ) бойынша қосымша өнім алуға жұмсалған тыңайтқыштардың шығыны мен олардың қайтарылымы нормативтерін пайдаланады.
Тыңайтқыштан алынған қосымша өнім мөлшерін, шаруашылықта тыңайтқышсыз алынған өнімнің мәліметі болған жағдайда ғана нормасы бойынша есептейді. Тыңайтқышсыз алынған өнімді тәжірибе мәліметтері бойынша анықтауға болады.
137– кесте. Қосымша өнімге жұмсалған тыңайтқыштардың шығыны және тыңайтқыштардың қайтарылымы бойынша нормативтер.
Дақыл |
1 т өніммен тыңайтқыштардың |
1 т |
|||
|
қоректік заттарының шығыны, |
тыңайтқыштың |
|||
|
|
|
кг |
|
қосымша |
|
N |
P2O5 |
K2O |
Барлығы |
өніммен |
|
|
|
|
|
қайтарылымы, т |
Астық дақылдары |
72 |
102 |
60 |
234 |
4,3 |
Мақта |
136 |
92 |
39 |
267 |
3,7 |
Қант қызылшасы |
11 |
12 |
11 |
34 |
29,2 |
Талшықты зығыр |
176 |
314 |
320 |
810 |
1,2 |
Күнбағыс |
148 |
226 |
48 |
422 |
2,4 |
Картоп |
13 |
13 |
12 |
38 |
26,6 |
Көкөніс дақылдары |
8 |
8 |
8 |
24 |
42,3 |
Сүрлем дақылдар |
10 |
9 |
8 |
27 |
37,2 |
Малазықтық тамыржемістер |
8 |
8 |
8 |
24 |
42,9 |
Көпжылдық және бір жылдық |
21 |
32 |
33 |
86 |
11,6 |
шөптер (пішен) |
|
|
|
|
|
Шабындық және жайылым |
31 |
23 |
23 |
77 |
13,0 |
(пішен) |
|
|
|
|
|
Көпжылдық бақтар және |
27 |
23 |
21 |
71 |
14,1 |
жидектер |
|
|
|
|
|
2. Минералдық тыңайтқыштардан алынатын қосымша өнім шығындарын (А) төмендегі формула бойынша есептейді
А = А тың + Ақ + А ж + Ас + Аш,
441

ΣА - тыңайтқыш қолдануға байланысты шығындардың қосындысы, тенге.
5.Тыңайтқыш қолдану нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының өзгеруін мына формуламен анықтауға болады:
Co = |
Ao |
; |
Cy = |
Αo + Α |
|
Υo + Υтын |
|||
|
Υo |
|
мұнда, Со - тыңайтқышсыз алынған өнімнің өзіндік құны, теңге;
Ао - тыңайтқышсыз 1 га жұмсалған шығындар, теңге; А - 1 га егістікке тыңайтқыш қолдану мен қосымша өнімді
жинауға жұмсалған шығындар, теңге;
Yо - 1 га тыңайтқышсыз алынған өнім;
Yтың - 1га тыңайтқыш қолданудан алынған қосымша өнім.
6. Еңбек өнімділігі мынадай формуламен анықталынады
Πo = |
Υo ; |
Πтын = |
Υо + Υтын |
|
Τo |
|
Τо + Τтын |
мұнда, По - тыңайтқыш берілмеген танаптарда 1 адам-сағатқа
есептелген еңбек өнімділігі, ц; Птың - тыңайтқыш қолданылған танаптарда 1 адам-са-
ғатқа есептелген еңбек өнімділігі, ц; То - тыңайтқыш берілмеген 1 га танаптан өнім өндіруге
жұмсалған еңбек шығындары, адам-сағат; Ттың - тыңайтқыш қолданылған 1 га танаптан қосымша
өнім алуға жұмсалған еңбек шығындары, адам-сағат.
7. Ауыспалы егістік дақылдарына қолданылған тыңайтқыштардың барлық әсер ету кезеңіндегі рентабелділігін
(Р)мына формуламен өрнектеуге болады
Ρ= ∑C − ∑ A 100
∑A
мұнда,
ΣCауыспалы егістікке қолданылған тыңайтқыштардан
443
алынған өнім құндарының қосындысы, теңге; ΣА - ауыспалы егістік дақылдарының қосымша өнімді-
лігін жинау мен тыңайтқыш қолдануға жұмсалған шығындардың қосындысы, теңге.
10.3. Тыңайтқыш қолданудың энергетикалық тиімділіктерін есептеу
Ауыл шаруашылығы өндірісін ары қарай қарқындату, дақылдардың өнімділігінің өсуі, оның ішінде тыңайтқыштарды қолданудың жоғарылауының есебінен қайтарылмайтын энергиялардың шығыны арта түседі. Сондықтан, келешекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін аз мөлшерде энергия жұмсалатын, төмен шығынды өндірістік технологияларды жасау және пайдаланудың маңызы өте зор. Бұл мамандардан тыңайтқышты қолданудың энергетикалық тиімділігін есептеудің негізін білуді қажет етеді.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерінде жинақталған энергия мегаджоульмен (МДж) бағаланады, әрі негізгі және қосымша өнімдерде ескеріледі. Негізгі ауылшаруашылық өнімдеріндегі минералдық тыңайтқыштарды қолданудан жинақталған энергия мөлшері төмендегі формула бойынша анықталады:
Vfo = Yқ· Ri · l · 100, МДж/га
мұнда,
Vfo - негізгі өнімдегі (шаруашылыққа бағалы бөлігі) энергия мөлшері;
Yқ -тыңайтқыштан алынған ауылшаруашылық дақылдарының қосымша өнімі, ц/га;
Ri - ауылшаруашылық өнімдерін құрғақ затқа ауыстыру коэффициенті;
l - негізгі өнімнің 1 кг құрғақ затындағы жалпы энергия мөлшері, МДж;
100 - центнерді кг ауыстыру коэффициенті.
Ri және l көрсеткіштерінің мәндері 138кестеде келтірілген.
444

138–кесте. Өнімді құрғақ затқа ауыстыру коэффициенті (Ri) және энергия мөлшері (l) бірлік.
Дақыл |
Өнімді құрғақ |
1 кг құрғақ |
1 кг нақты |
|
затқа ауыстыру |
заттағы |
өнімдегі жалпы |
|
коэффициенті, |
жалпы |
энергия |
|
Ri |
энергия |
мөлшері |
|
|
мөлшері* (l), |
(Ri· l), МДж |
|
|
МДж |
|
Күздік бидай (дән) |
0,86 |
19,13 |
16,45 |
Жұмсақ жаздық бидай (дән) |
0,86 |
19,31 |
16,61 |
Қатты жаздық бидай (дән) |
0,86 |
19,49 |
16,76 |
Қара бидай (дән) |
0,86 |
19,49 |
16,76 |
Арпа (дән) |
0,86 |
19,13 |
16,45 |
Сұлы (дән) |
0,86 |
18,80 |
16,17 |
Тары (дән) |
0,86 |
19,70 |
16,94 |
Қарақұмық (дән) |
0,86 |
19,38 |
16,67 |
Күріш (дән) |
0,86 |
18,59 |
15,99 |
Үрме бұршақ (дән) |
0,86 |
20,68 |
17,78 |
Ас бүрщақ (дән) |
0,86 |
20,57 |
17,69 |
Құмай (дән) |
0,86 |
18,34 |
15,77 |
Жүгері (дән) |
0,86 |
17,60 |
15,14 |
Жүгері (көк балауса) |
0,25 |
16,39 |
4,10 |
Мақта (талшық) |
0,76 |
19,81 |
15,03 |
Мақта (тұқым) |
0,86 |
21,00 |
18,06 |
Талшықты зығыр (талшық) |
0,89 |
20,24 |
18,01 |
Талшықты зығыр (тұқым) |
0,88 |
23,50 |
20,68 |
Қант қызылшасы |
0,14 |
18,26 |
2,56 |
Күнбағыс (тұқым) |
0,92 |
19,38 |
17,83 |
Күнбағыс (көк балауса) |
0,25 |
16,80 |
4,20 |
Соя (дән) |
0,88 |
20,57 |
18,10 |
Картоп |
0,20 |
18,29 |
3,66 |
Бақша дақылдары |
0,11 |
14,90 |
1,64 |
Көкөніс дақылдары |
0,10 |
14,36 |
1,44 |
Малазықтық тамыржемістер |
0,25 |
16,39 |
4,10 |
Көпжылдық шөптер (пішен) |
0,20 |
18,91 |
3,78 |
Жоңышқа (пішен) |
0,25 |
21,83 |
5,46 |
Біржылдық шөптер (пішен) |
0,20 |
16,39 |
3,28 |
Шабындық шөптер (пішен) |
0,20 |
16,19 |
3,24 |
Дәнді-азықты дақылдар |
0,30 |
15,40 |
4,62 |
(пішен) |
0,45 |
20,20 |
9,09 |
Темекі (махорка) |
0,90 |
19,60 |
17,64 |
Кенешөп (талшық) |
0,88 |
21,00 |
18,48 |
Кенепшөп (тұқым) |
|
|
|
*өнім сапасының мемлекеттік стандарттары негізінде шартты стандартты
ылғалдылық бойынша келтірілген (техникалық талаптар).
Минералдық және жергілікті тыңайтқыштарды өндіру кезінде 1 кг ә.з. шаққанда энергия шығындарының қосындысы мынадай
445

энергия мөлшерімен (МДж) бағаланады: азот тыңайтқыштары ( aN - 86,8; фосфор тыңайтқыштары ap - 12,6; калий тыңайтқыштары ak- 8,3; көң (ылғалдылық 80%) - 0,42 (139-кесте).
139–кесте. Минералдық және жергілікті тыңайтқыйштарды өндірудегі энергия шығындары.
Тыңайтқыш түрі |
Энергия шығыны, |
|
Мдж /кг ә.з |
Минералдық тыңайтқыштар |
|
Азот |
86,8 |
Фосфор |
12,3 |
Калий |
8,3 |
Кешенді (нитроаммофоска және т.б) |
51,5 |
|
|
Жергілікті тыңайтқыштар |
|
Көң (80% ылғалдылықты) |
0,42 |
Шымтезекті-көңді (60% ылғалдылықты) |
1,70 |
Әк тыңайтқыштары |
3,80 |
Жергілікті минералдық тыңайтқыштар |
2,90 |
|
|
Фосфор және калий тыңайтқыштарымен салыстырғанда азот тыңайтқыштарының энергетикалық тиімділіктері төмен, себебі бұл тыңайтқыштарды өндіруде жұмсалатын энергетикалық шығындардың мөлшері өте жоғары болады.
Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың энергетикалық шығындары (Ао) төмендегі формула бойынша есептеледі
Ао = (HN · aN) + (Hp · ap) + (Hk · ak) МДж
мұнда,
HN, Hp, Hk - азот, фосфор және калий тыңайтқыштарының нақты мөлшерлері, кг/га ә.з.;
aN, ap, ak - азот, фосфор және калий тыңайтқыштарының 1 кг ә.з. шаққандағы энергетикалық шығындар.
Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың энергетикалық тиімділігі мына формуламен анықталады:
η = Vfo
Ao
мұнда, η - энергетикалық тиімділік (энергия қайтарылымы) не-
446
месе биоэнергетикалық пайдалы әсер ету коэффициенті (ПӘК), бірлік;
Vfo - тыңайтқыштардан алынған қосымша өнімдегі энергия мөлшері, МДж;
Ао - тыңайтқыш қолдануға жұмсалған энергия шығындары, МДж.
Нақты мәліметтер негізінде мысалдар келтірейік.
Бірінші: Шаруашылықта қарқынды технология бойынша күздік астық дақылдарын өсіруде қолданылған минералдық тыңайтқыштардың энергетикалық тиімділігін (энергия қайтарылымын) есептеу.
1.Астық дақылдарының өнімділігі 27,0 ц/га.
2.Минералдық тыңайтқыштардың мөлшері N80P64K37
3.Тыңайтқыштан алынған қосымша өнім мөлшері 7 ц/га
η = |
Vfo |
= |
700 16.45 |
= |
11515 |
= 1.43бірлік |
|
|
|
|
|
||||
Ao |
(80 86.6)+ (64 12.6)+ (37 8.3) |
8041 |
яғни, күздік астық дақылдарын қарқынды технология бойынша өсіру энергетикалық жағынан өте тиімді, себебі энергия қайтарылымы бірден жоғары болды.
Екінші. Картопты өсіру кезінде минералдық тыңайтқыштар мен көңнің энергетикалық (энергия қайтарылымы) тиімділігін есептеу.
1. Картоп өнімі 210 ц/га.
2 . Минералдық тыңайтқыштардың мөлшері N105P85K142, көң -
76т/га.
3.Тыңайтқыштардан алынған картоптың қосымша өнімі: барлығы - 126 ц/га, оның ішінде минералдық тыңайтқыштардан 70 ц/га, көңнен - 56 ц/га.
а) Картопты өсіру кезінде минералдық тыңайтқыштардың энергетикалық тиімділігі (энергия қайтарылымы);
ηмт = |
Vf 1o |
= |
700 3.66 |
= |
25620МДж |
= 2,26бірлік |
A1o |
(105 86.6)+ (85 12.6)+ (142 8.3) |
11343МДж |
447
Сонымен, минералдық тыңайтқыштардан алынған қосымша өнімге жұмсалған энергетикалық шығынның бірлігінен 2,26 бірлік энергия алынды.
б) Картопты өсіру кезінде көңнің энергетикалық тиімділігі:
|
Vf |
o |
5600 3.66 |
|
20496МДЖ |
|
|
ηк = |
|
2 |
= |
|
= |
|
= 0,643бірлік |
|
|
76000 0.42 |
|
||||
|
A2 o |
|
31920МДж |
|
в) Картопты өсіру кезінде минералдық тыңайтқыштар мен көңнің қосынды энергетикалық тиімділігі:
|
Vf |
o +Vf |
o |
25620 + 20496 |
|
46116МДж |
|
|
η = |
1 |
2 |
|
= |
|
= |
|
= 1,07бірлік |
A1o + A2 o |
|
11343+ 31920 |
42223МДж |
|||||
|
|
|
|
|
Жалпы картопты өсіруде тыңайтқыштар тиімді болғанымен, олардың энергия қайтарылымы әртүрлі екендігін (2,26 және 0,64 сәйкес) көрсетті.
Агрохимиялық қызмет мекемелері жүргізген далалық тәжірибелердің көпжылдық мәліметтері бойынша қолданылған тыңайтқыштардың орташа энергетикалық пайдалы әсер ету коэффициенті (ПӘК) жекелеген ауылшаруашылық дақылдары бойынша 0,86-дан (мақта) 2,2 бірлік (картоп) аралығында өзгереді.
Барлық астық дақылдары үшін негізгі өнім бойынша энергия қайтарылымы бірден жоғары, ал ең жоғары көрсеткіш жүгеріде (1,87 бірлік) анықталған. Биологиялық массасы бойынша барлық дақылдардың энергия қайтарылымы жоғары.
Минералдық тыңайтқыштардың 1ц қосымша өнім алуға жұмсалған энергия шығыны дақылдардың түрлеріне байланысты 805 МДж (дәндік жүгері) мен 2478 МДж (талшықты зығыр) аралығында болды (140-кесте).
Тыңайтқыштарды қолданудың агрономиялық, экономикалық және энергетикалық тиімділіктерін есептеу, ауылшаруашылық дақылдарын тыңайтудың прогрессивтік технологияларын объективті бағалауға септігін тигізеді.
448

140–кесте. 1ц қосымша өнім алуға жұмсалған энергия шығыны және тыңайтқыш қолданудың энергетикалық пайдалы әсер ету коэффициенті (далалық тәжірибелердің көпжылдық мәліметтері бойынша).
Дақыл, минералдық |
Тыңайтқыш қолданудың |
1 ц қосымша өнім |
||||
тыңайтқыштардың мөлшері, кг/га, |
энергетикалық пайдалы |
алуға жұмсалған |
||||
ә.з. |
әсер етеу коэффициенті |
энергия |
||||
|
|
(ПӘК), бірлік |
|
шығындары, МДж |
||
|
N |
|
P |
|
K |
|
Күздік бидай, N78P72K56 |
1,54 |
|
3,34 |
|
4,47 |
1063 |
Күзгі қарабидай, N85P75K67 |
1,49 |
|
4,47 |
|
5,12 |
1128 |
Жаздық бидай, N60P65K38 |
1,29 |
|
2,97 |
|
3,44 |
1292 |
Жаздық арпа, N78P72K61 |
1,76 |
|
3,70 |
|
4,31 |
939 |
Сұлы, N81P79K63 |
1,32 |
|
3,80 |
|
4,38 |
1002 |
Дәндік жүгері, N81P81K56 |
1,87 |
|
4,49 |
|
5,06 |
805 |
Картоп, N109P98K109 |
2,20 |
|
3,96 |
|
4,40 |
166 |
Қант қызылшасы, N110P123K119 |
1,95 |
|
2,46 |
|
2,74 |
131 |
Талшықты зығыр (талшық), N45P80K86 |
1,27 |
|
1,53 |
|
2,09 |
2478 |
Мақта (ұлпа), N229P157K79 |
0,86 |
|
3,71 |
|
4,08 |
1804 |
Күнбағыс (дән), N42P58K32 |
1,32 |
|
8,33 |
|
9,14 |
1318 |
449
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Агрохимия./Под ред. Б.А.Ягодина. - Москва‚ 1990.
2.Елешев Р.Е. Фосфорные удобрения и урожай. - Алматы‚
1984.
3.Елешев Р.Е.‚ Бекмағанбетов А. Агрохимия. - Алматы‚
1989.
4.Елешев Р., Смағұлов Т., Балғабаев Ә. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. – Алматы, 2000.
5.Елешев Р., Смағұлов Т., Балғабаев Ә., Рамазанова Р. Агрохимиялық зерттеулер әдістемесі. – Алматы, 2008
6.Ефимов В.Н.‚ Донских И.Н.‚ Синицин Г.И. Система применения удобрений.- Москва‚ 1984.
7.Минеев Г.В. Агрохимия. - Москва‚ 2004.
8.Научные основы и рекомендации по применению удобрений в Казахстане.- Алматы‚ 1982.
9.Национальный доклад по науке за 2005 год. Том 2. – Астана-Алматы, 2005
10.Пономарева А.Т.‚ Елешев Р.Е. Система применения удобрений. - Алматы‚ 1991.
11.Прянишников Д.Н. Избранные труды. т.1. - Москва‚ 1967.
12.Справочник по применению удобрений. /Под ред. А.Т.Пономаревой. - Алматы‚ 1981.
13.Удобрения‚ их свойства и способы использования./Под ред. Д.А. Коренькова. - Москва‚ 1982.
450