
агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ
.pdfтотықсыздану процестері бұзылып, оттегі тапшылығы туындайды. Бұл жағдай бағалы балықтар мен өсімдіктердің өлуіне соқтырып, суы ішуге ғана емес, жуынуға да жарамсыз болып қалады. Осындай эвтрофирленген су қоймалары өзінің шаруашылық және биогеоценоздық маңызын жоғалтады. Сондықтан, таза су үшін күрес - табиғатты қорғау мәселелерінің ішіндегі маңыздыларының бірі болып саналады.
Табиғи эвтрофты жүйелерде жақсы тепе-теңдік жасалынған. Биогенді элементтерді жасанды жолмен еңгізгенде антропогенді әсерлердің әрекетінен биологиялық топтардың қалыпты қызметі бұзылады және ағзалар үшін қауіпті экожүйенің тұрақсыздығы қалыптасады. Егер осындай су қоймаларына бөтен заттардың түсуі доғарылса, онда олар өзінің бастапқы қалпына келеді.
Судағы өсімдіктер мен балдырлардың қалыпты өсуі, суда фосфор мен азоттың концентрациялары 0,09-1,8 мг/л және 0,9-3,5 мг/л болғанда байқалады. Бұл элементтердің одан төмен концентрациясы балдырлардың өсуін шектейді. Су қоймаларына түскен 1 кг фосфордан 100 кг фитопланктон түзіледі. Судың балдырлар есебінен гүлденуі, фосфордың судағы концентрациясы 0,01 мг/л жоғары болғанда ғана туындайды.
Адам денсаулығын қорғау үшін судағы нитраттар мен улы заттардың мөлшері рұқсат етілген шекті концентрациядан (РЕК) аспау керек. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарымен (ВОЗ) ауыз судағы нитратты азоттың РЕК-сы белгіленген, қоңыржай белдеулерде 22 мг/л, ал тропиктерде - 10 мг/л. Бірақ азотты тыңайтқыштар қарқынды қолданылатын аудандардағы ауыз суларда нитратты азот концентрациясы РЕК-тен жоғары болып келеді.
Биогенді элементтер, соның ішінде азот пен фосфор өзендер мен су қоймаларына өнеркәсіп пен тұрмыстық ағын сулармен, ауылшаруашылық алқаптарының ағын суларымен және азоттың биологиялық фиксациялануы нәтижесінде түседі. Табиғи су көздерінің эвторфикация қауіптілігін сондай-ақ мал шаруашылық қалдықтары, әсіресе ірі мал шаруашылығы кешендерінде ірі қара малдарды төсенішсіз ұстау туғызады. Төсенішсіз көңдерді жинау, сақтау және қолдану технологияларының жетілмегендігі, фермаларда көп мөлшерде сүйық көң ағынының жиналуына әкеледі. Олардың бір бөлігі өзендер мен жыраларға түсіп, табиғи
421

ортаға үлкен зиянын тигізеді, екінші бөлігі топырақ кескінімен жылжып отырып, жер асты ыза суына дейін жетеді де, оларды шаруашылық қажеттілігіне жарамсыз етеді. Пайдаланатын жерлерінің көлемі шектелген шарушылықтарда төсенішсіз көңнің жоғары мөлшерін қолдану, табиғи су көздерінің ластануына, топырақтың құнарлығы мен қасиеттерінің нашарлауына, өсімдік шаруашылығы өнімдерін азық-түлік пен мал азығына жарамайтындай етуі мүмкін. Сондықтан, мал шаруашылығының қалдықтарын тиімді пайдалану технологияларын мейлінше жетілдіру - табиғи ортаны ластанудан сақтаудың маңызды шарты.
Биогенді элементтердің біршама бөлігі өзендер мен көлдерге ағын сулармен келеді, дегенмен көп жағдайларда элементтердің беттік сулармен шайылуы әсіресе, шайылмалы режимді аудандардағы топырақ кескінімен миграциялану нәтижесінен біршама төмен. Табиғи сулардың биогенді элементтермен тыңайтқыш пен топырақ есебінен ластануы және олардың эвтрофикациясы ең алдымен тыңайтқыштарды қолданудың агрономиялық технологиясы бұзылғанда туындайды және агротехникалық шаралар кешені орындалмайды, жалпы егіншілік мәдениеті төмен деңгейде болады.
Қазіргі кезде табиғи судың сапасының мәселесі бүкіл елдердің ғылыми және ғылыми-техникалық мекемелерінің назарын аударып отыр, себебі, табиғи су сапасының қауіптілік көлемі артып келеді.
130-кестеде ауыз судағы улы заттардың рұқсат етілген шегінің мөлшері көрсетілген.
130–кесте. Ауыз судағы кейбір улы заттардың рұқсат етілген мөлшерінің шегі, мг/л.
Токсиканттар |
Концентрация |
Мышьяк (As есептелген) |
0,05 |
Кадмий (Cd есептелген) |
0,01 |
Цианидтер (CN есептелген) |
0,05 |
Қорғасын (Pb есептелген) |
0,1 |
Сынап (Hg есептелген) |
0,001 |
Селен (Se есептелген) |
0,01 |
Нитраттар (NO3 есептелген) |
45 |
Табиғи судың ластану мен эвтрофикациясын алдын алудың бір қатар талаптарын келтіруге болады.
422
1.Тыңайтқыштарды қолданудың қолайлы мөлшерін, ара қатысын, түрін, еңгізу мерзімі мен тәсілдерін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне, аймақтардың топырақ - климаттық ерекшеліктері мен минералдық тыңайтқыштар мен жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес ғылыми негізделген технологияларын қатаң түрде орындау.
2.Түрлі органикалық тыңайтқыштарды, әсіресе ірі қара малдан алынған төсенішсіз көңді жинау мен тиімді байланыстыруда, сақтау мен қолдануда агрономиялық ережелері мен санитарлық-гигиеналық нормаларын орындау.
3.Ауылшаруашылық өнімдерін өсіруде ғылыми негізделген ауыспалы егістерді игеру.
4.Топырақтың су және жел эрозиясын болдырмаудың кешенді шараларын жүзеге асыру: беткей ерекшеліктерін ескере отырып топырақты дифференциалды өңдеу, беткей шеттерін жыртуға тыйым салу, эрозияға қарсы ауыспалы егісті ендіру, тік беткейлерді және мал азығына пайдаланылатын жерлерді шалғындандыру.
5.Егіс алқаптарын, жыраларды, арналарды сондай-ақ орман алқаптарының баурайларын қорғайтын өсімдіктер отырғызу. Бұл биогенді элементтердің өзендерге, тоған және көлдерге шығын болуын болдырмаудың тиімді жолы.
Судың антропогенді эвтрофикациясы мен улы элементтермен ластануын болдырмау үшін өнеркәсіп және тұрмыстық ағындарды азот пен фосфор қосылыстарынан, ауыр металлдар мен басқа да заттардың артық мөлшерінен тазалау керек.
9.5.Агрохимиялық құралдарды өндіру мен қолдануда атмосфераның ластануының ықтимал жолдары
Атмосфераны ластаудың негізгі көзі өнеркәсіптер мен транспорт болып саналады. Тыңайтқыштарды пайдалану барысында, әсіресе түйіршікті және сұйық тыңайтқыштарды қолданғанда атмосфераның ластануы болмашы болғанымен, оның да ерекше орны бар. Тыңайтқышты қолданғаннан кейін атмосферада азот, фосфор және күкірттен тұратын қосылыстар түрі байқалады. Минералдық тыңайтқыштарды өндіргенде атмосфераның біршама ластануы мүмкін. Себебі, калий өндірісінің шаңды-газды қалдықтарында, құрғатушы бөлімдерінің түтінді
423
газдарына зиянды компоненттер болып табылатын шаң концентраттары, хлорсутек, флотреагенттер буы және т.б. кіреді. Қышқылды әдістер кезінде хлорлы калийдің хлорсыз калий тыңайтқышына және сульфатты-хлорлы калийлі рудаларды гидротермиялық өңдегенде аралық өнім ретінде хлорсутектен тұратын газдар, ал калий нитратын алғанда Cl2 түзіледі. Сондықтан экономикалық және тазалық тұрғысынан калийдің шаңды-газды қалдықтарын пайдаға асыру және залалсыздандыру қажет.
Жұмыс аймағындағы ауада аммиак буының РЕК 20мг/м3, нитрофоска шаңының мөлшері -2-5, фосфорит ұны - 5 мг/м3 аспау керек. Хлорлы калий шаңының шекті концентрациясы 10 мг/м3, улы концентрациясы - 50-150 мг/м3. Атмосфераның агрохимиялық құралдармен ластануы тыңайтқыштарды және химиялық мелиоранттарды, сусыз аммиак пен аммиак суын т.б. қолдану технологияларының бұзылуы кезінде болуы мүмкін. Химиялық шикізаттармен жұмыс тәжірибесі бар ауылшаруашылық қызметкерлерінің жауапкершіктері мен кәсіби шеберліктерінің арқасында ауаның ластануын болдырмауға болады.
Табиғи ортаның ластануының тағы бір көзі - тыңайтқыштар мен топырақтардан азотты қосылыстардың газ түріндегі шығын болуы, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарды, әсіресе төсенішсіз көң мен көңді ағыстарды жүйесіз қолдану. Көп мөлшерде азоттың жоғалуы топырақтағы биологиялық процестер - аммонификация, нитрификация, денитрификация, сонымен қатар азотты тыңайтқыштардың карбонатты және сілтілі топырақтардағы химиялық әрекеттесуі салдарынан болады. Денитрификация нәтижесінде тыңайтқыштардан азоттың шығын болуы шамамен 15-30% құрайды. Денитрификация процесінің қарқындылығы көптеген себептерге: топырақ қасиеттеріне, энергетикалық материалдардың болуына, микрофлоралар құрамына, қоректік режимдеріне, гидротермиялық жағдайларына, қолданылатын азотты тыңайтқыштардың түріне т.б. тәуелді. Тыңайтқыштарды топыраққа сіңіру азоттың шығынын біршама азайтады.
Көп жағдайда төсенішсіз көңді дұрыс сақтамау және қолдану атмосфераға ерекше әсерін тигізеді. Оны ашық ыдыстарда сақтау кезінде аммиак, молекулалық азот және т.б. қосылыстары атмосфераға бөлінеді. Сонымен қатар органикалық тыңайтқыштар-
424
дың ыдырауы мен ыдыраудан түзілген газ тәріздес өнімдердің жағымсыз иістерінен қоршаған ортаның құрамы нашарлайды.
Төсенішсіз көңдерді және ірі қара мал мен шошқаның көңді ағындарын еңгізу қарқынды бактериялық зиян әкеледі. Патогенді бактериялар егіншіліктің суармалы алқаптарында 4-5 айға дейін сақталады. Топыраққа көң ағындарын ылғалды себелеу әдісімен еңгізу кезінде ауада 400 м-ге дейінгі аралықта гельминтердің жұмыртқасы таралады.
Агрохимия ғылымында азоттың тыңайтқыштар және топырақтан азоттың газ түрінде шығын болу мөлшері жақсы зерттелген. Бұл қоршаған ортада азоттың шығынын болдырмауға ықпал ететін ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін пайдалану барысында агрономиялық шаралар кешенін қолдануға мүмкіндік туғызады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: ауыспалы егістің әрбір дақылдары үшін азотты тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшерін анықтау; оларды дұрыс мерзімде еңгізу; топыраққа тыңайтқышты жырту, қопсыту немесе дискілеу кезінде сіңіру; азот тыңайтқыштарының түрлерін олардың қасиеттерін, дақыл талаптарын, топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып таңдау. Әрбір шаруашылықта шаңды тыңайтқыштармен және химиялық мелиоранттармен, сусыз аммиакпен, төсенішсіз көңмен жұмыс жүргізгенде агрономиялық және санитарлы-гигиеналық талаптарды ескере отырып, технологиялық ережелерді қатаң сақтау керек.
Азот тыңайтқыштарымен жұмыс кезінде нитрификация ингибиторларын қолдану ұсынылады. Ингибиторлармен нитрификация бактерияларының көбеюін уақытша басу, тыңайтқыш азотының аммиакты түрде сақталуына мүмкіндік туғызады және оның шығыны азотты тыңайтқыштарды ингибиторсыз еңгізумен салыстырғанда10-12% төмендейді. Барлық аталған кешенді шаралар егістіктегі өсімдік жамылғысының жоғары тығыздалуымен қабысып азоттың газ түріндегі шығынын біршама төмендетеді.
Өсімдіктердің аурулар мен зиянкестерге қарсы тұруына агрохимиялық құралдар маңызды әсерін тигізеді. Олар мәдени өсімдіктермен патогендерге тікелей немесе жанама әсер ету нәтижесінде олардың дамуына жағдай жасайды немесе тежейді. Қоректік элементтерінің біреуінің жетіспеуі өсімдіктерді дертке
425
шалдықтырады. Мысалы, зығыр бор тапшылығынан бактериоз ауруына ұшырайды.
Негізгі макроэлементтер патогеннің дамуына әртүрлі әсер етеді. Азотты артық мөлшерде немесе басқа тыңайтқыштармен бірге еңгізу, көбінесе саңырауқұлақты аурулардың дамуын арттырады.
Азот мөлшерін өсімдіктің түрі, сорты және жасына, гидротермиялық жағдайларына, топырақтағы азот мөлшерінің деңгейіне, азотты тыңайтқыш түріне, құнарландыру деңгейіне және басқа жағдайларды ескере отырып қолайландыру патологиялық процестерді біршама төмендетеді.
Фосфорды біржақты немесе азот және калиймен үйлестіріп қолданған жағдайда аурулардың зияндылығын төмендетеді. Бұл фосфордың тамыр жүйелерінің дамуының күшеюіне мүмкіндік туғызатын, яғни өсімдіктердің өсуінің қолайсыз жағдайларға тұрақтылығын арттыруымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, фосформен оңтайлы қоректендіру өсімдіктердегі органикалық қосылыстардың, соның ішінде склеренхимді ұлпалардың синтезін арттырады, яғни бұл қосылыстар өсімдіктердің паразиттер енуіне қарсы тұру қабілетін күшейтеді.
Калий тыңайтқыштары өсімдіктердегі саңырауқұлақты аурулардың дамуын тежейді, өйткені калий жасуша қабырғаларын жуандатып, ұлпаның механикалық беріктілігін күшейтіп, жоғары сатылы өсімдіктердің камбий ұлпаларының өсуі мен дифференциациясын арттырады. Осы процестердің бәрі өсімдіктердің жұқпалы аурулармен зақымдануларына қарсы физиологиялық тұрақтылығының артуына мүмкіндіктер жасайды.
Микротыңайтқыштардың өсімдіктердегі түрлі саңырауқұлақты ауруларды дамытуда немесе тежеудегі әсері жеткіліксіз зерттелген. Дегенмен, микроэлементтердің микроағзалардағы физиологиялық - биохимиялық процестерге бір-шама әсер ететіндігі белгілі. Соның ішінде саңырауқұлақ, дегидрогеназа, каталаза, протеолиттік және амилолиттік ферменттер белсенділігіне әсері белгілі. Көптеген саңырауқұлақтардың жақсы дамуы үшін қоректік ортада темір, мырыш, марганец, мыс, бор болуы қажет.
Әр түрлі топырақтарда микроэлементтердің жылжымалы мөлшерлерінің әртүрлі болуына байланысты, микроағзалардың белгілі бір тобы мен түрінің дамуына алдын ала жағдай жасалынады.
426
Мәдени өсімдіктердің зиянкестермен бүлінуіне тыңайтқыштардың әсері аз зерттелген, бірақ азот тыңайтқыштарының әсерінен өсімдіктің егеу шыбынмен, зиянды бақашық, біте және басқа зиянкестермен бүлінуі арасындағы нақты байланыстар анықталған.
Фосфор-калий тыңайтқыштарының әсерінен өсімдіктердің зиянкестермен бүлінуі төмен болады. Осының бәрі әртүрлі химиялық заттарды егіншілікте пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсерін жан-жақты кешенді зерттеуді талап етеді.
9.6. Агрохимияның экологиялық функциялары
Агрохимиялық құралдардың агроэкожүйеге, оның ішінде топырақ, климат, тыңайтқыш және өсімдік факторларының өзара әсерлерін талдау, агрохимияның негізгі экологиялық функцияларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Олар әлемдік және отандық егіншіліктің ұзақ уақыт тарихи дамуынан түзілген.
1.Агроценоздағы биогенді элементтердің активті балансының қолайлы айналымын қамтамасыз ету. М.Г.Павлов (1825 ж) тыңайтқыштарды қолданудың мақсаты топырақтағы қоректік элементтерді көбейту, немесе өсімдіктер өнім түсімін құрау үшін топырақтан алған олардың мөлшерін қайтадан қайтару деп жазды.
Неміс ғалымы Ю.Либих 15 жыл өткеннен кейін адам мен табиғит арасындағы зат алмасуды саналы түрде реттеу идеясын дәл айтты, өніммен шығарылған элементтерін топыраққа қайтару қажеттілігі жөніндегі ілімі, К.А.Тимирязевтің пікірі бойынша ғылымның маңызды жетістігі болып есептелді.
Егіншіліктегі зат айналымының күйін бағалау критериі ретінде агроценоздардағы қоректік элементтердің активті балансын тек тыңайтқыштардың ғылыми негізделген мөлшерлерін қолданғанда ғана ұстап тұруға болады. Сондықтан, Д.Н.Прянишников агрохимияның басты міндеті егіншіліктегі зат айналымды, кейбір шаралардың және өнімнің түсімі мен сапасын арттыратын және топырақ пен өсімдіктерде өтетін химиялық процестерге әсерін зерттеу деп санаған.
Егіншіліктің жалпы стратегиялық міндеттері - топырақ жамылғысының құнарлығын сақтау және арттыру, кез келген мемлекеттің байлығы ретінде, ғаламшардағы адамзаттың тіршілік
427
етуінің материалдық негізі ретінде - оның экологиялық тазалығы осы анықтамаға толық сәйкес келеді.
Егіншіліктегі элементтердің айналымының балансы мен биологиялық белсенділігін ұстап тұру - агроэкожүйелер өнімділігінің негізі.
Топырақ - өсімдік жүйесіндегі биогенді элементтер балансы бұзылса, топырақтың, табиғи сулар мен өсімдіктердің химиялық құрамы нашарлайды, ал бұл өнімнің сапасына кері әсер етіп, адам мен жануарларды түрлі функционалды ауруларға шалдықтырады.
В.В. Ковальский "ортадағы элементтердің шекті концентрациясы" деген түсінік еңгізді, олардың мөлшері жоғары немесе төмен болғанда нақты бір биологиялық реакция байқалады (соның ішінде ауруға ұшырау). Сондықтан, заттардың биологиялық айналымын реттей отырып, олардың топырақ пен өсімдіктердегі оңтайлы балансы мен мөлшерін қалыптастыруда агрохимия маңызды экологиялық функциялары атқарады.
2. Топырақтың құнарлығын арттыру, қасиеттері мен гумусты күйін жақсарту. Кәзіргі кезде бұл міндеттер егіншілікте агрохимиялық құралдарды, оның ішінде органикалық және минералдық тыңайтқыштарды топырақты химиялық мелиорациялаумен үйлесімді қолдану барысында табысты шешілуде. Тек агрохимиялық құралдарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесі құнарлылық көрсеткіштерінің параметрлері мен топырақтың негізгі химиялық, физикалық-химиялық қасиеттерін оптимизациялауға мүмкіндік береді.
Барлық егіншілік аудандарда топырақтың экологиялық аспектілерін шешуде гумустың рөлі өте жоғары. Бірақ осы топырақтың маңызды құнарлылық көрсеткіші барлық топырақклиматтық аймақтарда жүйелі түрде төмендеп келеді. В.В.Докучаев атындағы топырақтану институтының мәліметтері бойынша, 100 жыл ішінде қара топырақтағы гумустың азаюы оның қорының 2530% жуығын құраған. Жыл сайын 1 га егістікпен шамамен 400-600 кг жуық гумус жоғалады, ал эрозия қатты дамыған жерлерде гумустың шығыны 1 т/га жетеді. Осы кері экологиялық процестерді болдырмау үшін агроценозда агрохимиялық құралдарды кешенді түрде қолдану қажет.
Оларды әсіресе әлсіз құнарланған шымды-күлгін топырақтарда қолдану жоғары нәтиже береді (131-кесте).
428

Агрохимиялық құралдарды 41 жыл бойы қолданау құнарлығы аз қышқыл шымды-күлгін топырақтарды өзінің қасиеттері бойынша, өсірілетін мәдени өсімдіктердің тиімді өнімділігін қамтамасыз ететін, құнарлылығы жоғары топыраққа өзгеруіне мүмкіндік береді.
3. Мәдени өсімдіктердің биогенді макрожәне микроэлементтермен қоректенуін қолайландыру. Ауылшаруашылық дақылдарының вегетациялық өсу кезеңінде қоректік элементтердің қолайлы мөлшерімен қамтамасыз етілуі және ара қатысы физиологиялық кедергілердің, өсімдіктерге улы элементтер мен заттардың, әсіресе, адамның негізгі қоректік өнімі болып табылатын генеративтві бөлігінің қызметін күшейтеді. Әртүрлі елдерде орындалған көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, ауыр металлдардың өсімдік биомассасындағы таралу сипаты анықталынды: тамыр > жер бетіндегі бөлігі > дәні. Бұл үш қорғаныш механизмінің, яғни кедергінің бар екенін көрсетеді: топырақ – тамыр, тамыр – сабақ, сабақ – дән. Биогенді және улы элементтердің тамырға түсу механизмін, олардың жер беті бөлігіне және генеративті органдарына тасымалдануын біле отырып, өсімдік өнімдеріндегі улы заттардың жиналуын біршама төмендетуге болады. Агрохимияның бұл экологиялық функциясы тереңірек әрі дәлірек зерттеуді талап етеді.
131–кесте. Шымды-күлгін топырақтардың қасиеттері мен құнарлығын жақсартуда агрохимиялық құралдарды ұзақ мерзім қолданудың әсері.
Вариант |
рН |
ммоль/100гHr топырақ |
ЖылжымалыAl топырақгмг/100 |
ммоль/100гS топырақ |
%V, |
Қарашірік% |
P |
топырақгмг/100 |
K |
топырақгмг/100 |
|
KCl |
|
|
|
|
|
O |
|
O |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау фоны
0 |
4,4 |
4,25 |
3,2 |
7,2 |
62,9 |
1,96 |
|
6,0 |
3,0 |
NPK |
4,1 |
6,20 |
6,4 |
5,6 |
47,4 |
2,26 |
|
22,0 |
24,0 |
|
|
|
|
Әктеу |
|
|
|
|
|
0 |
6,9 |
1,05 |
0,49 |
9,8 |
90,3 |
2,18 |
|
10,0 |
10,0 |
NPK |
6,9 |
1,20 |
ізі |
11,3 |
90,4 |
2,58 |
|
18,0 |
20,0 |
|
|
|
Әк + органикалық тыңайтқыш (көң) |
|
|
||||
0 |
6,9 |
1,05 |
0,18 |
13,0 |
92,9 |
3,16 |
|
9,3 |
16,0 |
NPK |
6,9 |
1,20 |
0,09 |
11,8 |
90,7 |
3,78 |
|
26,2 |
22,4 |
429
Қоректенуді қолайландыру дақылдың тиімді өнімділігін қамтамасыз ете отырып, өсуі мен дамуын жақсартады, сапалы өнімдер түзіліп, өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы түрлі келеңсіз жағдайларға қарсы тұру қасиетін жақсартып (құрғақшылық, температураның төмендеуі, аурулармен зақымдану) өсімдіктердің экологиялық функцияларын күшейтеді.
4. Агрожүйелердің ауыр металлдармен және басқа улы элементтермен глобальді және локальды техногенді ластануының кері салдарын төмендету. Агрохимияның бұл экологиялық функциясының қоршаған ортаның түрлі қауіп тудыратын улы заттармен глобальды және локальды ластануының артуына байланысты, уақыт өткен сайын өзектілігі арта түсуде. Олардың топырақ жамылғысында және мәдени өсімдіктерде көп жинақталуы азықтүлік өнімдерінде ауыр металдардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан артық жиналуына әкеліп соқтырады, бұл адам денсаулығы үшін өте қауіпті.
Аталған мәселені жан-жақты зерттеу, топырақтағы ауыр металдардың жылжымалы түрін инактивациялау және олардың өсімдіктерге түсуін біршама төмендетуде агрохимия ғылымының мүмкіндігінің жоғары екендігін көрсетеді. Мысалы, топырақтың қышқылдығын әктеу жолмен төмендету, органикалық тыңайтқыштарды қолдану және еңгізілетін макрожәне микроэлементтердің ара қатынасы мен мөлшерлерін қолайландыру және басқа агрохимиялық әдістер өсімдіктерге улы ауыр металдардың түсуін бірнеше есеге азайтады. Жалпы, бұл агрохимиялық әдістер ауыр металдармен ластанған топырақтардан экологиялық қауіпсіз өсімдік шаруашылығының өнімдерін алуға жағдай туғызады.
М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің топырақ–экологиялық орталығындағы оқу-тәжірибелік алқаптарында ұзақ мерзім станционарлық тәжірибелік зерттеулер бойынша, органикалық және минералды тыңайтқыштар жүйесін әктеумен үйлестіргенде топырақтың жыртылған қабатында жылжымалы кадмий мөлшері 2 есе, қорғасын - 4 есе төмендеген (132-кесте).
Осындай агрохимиялық құралдарды қолдану жүйесі басқа мәдени дақылдарға ауыр металдардың түсуін біршама төмендетеді (133-кесте).
5. Агроэкожүйедегі радиоэкологиялық жағдайларды жақсарту. Радионуклидтер трофикалық тізбектерге түсіп, биосфе-раға,
430