Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

127–кесте. Суперфосфаттағы негізгі қоспалар (Франсуа Рамад, 1981).

Қоспалар

Мөлшері, мг/кг

Қоспалар

Мөлшері, мг/кг

Мышьяк

1,2-2,2

Қорғасын

7-92

Кадмий

50-170

Никель

7-32

Хром

66-243

Селен

0-4,5

Кобальт

0-9

Ванадий

20-180

Мыс

4-79

Мырыш

50-1430

Улы элементтер минералдық тыңайтқыштарға ең алдымен оларды өндіретін шикізат арқылы және технологиялық процестер нәтижесінде түседі. Мысалы, фосфатты шикізаттан түсетін 50-80% фтор тыңайтқышта қалады, сондықтан өсімдіктерге қажетті 1 т фосфордан егістікке 160 кг жуық фтор беріледі. Бұл топырақтың қасиеттері мен құнарлығын, ондағы биохимиялық процестердің жүруін нашарлатып, өсімдіктердің биологиялық процестерін бұзады.

Фтор фотосинтез бен ақуыз биосинтезіне кері әсер етіп, энолаза, фосфоглукомутаза, фосфотаза сияқты ферменттердің қызметін тежейді. Ол бидай, картоп, күріш, азық-түлік өнімдерінде жинақталып, жануарлар мен адам денсаулығына зиянды әсерлерін тигізеді.

Қазіргі химияландыру салдарынан 1га, мысалы, бірнеше грамм кадмий түседі және топырақтың бұл элементпен жеткілікті баюы үшін (0,1 мг/кг) 100 жыл қажет. Дегенмен, топырақтың қарқынды техногенді ластануы тек минералдық тыңайтқыштар және кадмиймен ғана емес, басқа да улы элементтермен кешенді жүретінін есепке алуымыз керек. Мысалы, топырақта кадмийдің жиналу көзі көң болып табылады. Көңнің құрғақ затында кадмийдің орташа мөлшері 0,4 мг/кг, қорғасын – 6,6 мг/кг шамасында. Көңнің 5т құрғақ затымен 1 га егістікке жыл сайын 1-4 г Сd/га түседі, бұл топырақтың беткі қабатында кадмийдің 1%-ын құрайды.

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің топырақтарын ластаудың негізгі көзі тыңайтқыштар ретінде қолданылатын өндіріс, ағын су қалдықтары, фосфогипс, сондай-ақ шөгінділер және т.б. болып табылады. Көбіне оларда биогенді элементтердің мөлшерінің аз болуынан, олардың жоғары мөлшері қолданылады. Оларды жүйелі қолдану топырақта ауыр металдар мен түрлі улы қосылыстардың жиналуына әкеледі. Пирит 40-63%

411

темір, 1-2% күкірт, 0,42-1,35% мырыш, 0,32-0,58% қорғасын мен басқа металдардан тұрады. Жаңа пирит үйінділерінде 0,15% мышьяк кездеседі.

Атмосфералық жауын-шашын әсерінен көптеген улы заттар сілтісізденіп, топырақ пен су көздерін ластайды. Пирит жоғары мөлшерін (5-6 ц/га), мысалы, мысты тыңайтқыш ретінде қолдану топырақты қорғасын, мышьяк және басқа металдармен ластануына әкеледі, демек ауылшаруашылық өнімдерінде олардың мөлшері жоғарылайды.

Апатитті концентраттағы фосфогипстің орташа химиялық құрамы мынадай (%): Ca -28.3, SO3 -55.5, P2O5 -1.5, Sr -1.8-2. Фосфогипстің әртүрлі жағдайларға байланысты қолданау нормасы 5- тен 20 т/га құрайды, онымен топыраққа 100-ден 400 кг/га Sr түседі. Жем-шөптің сапасы ондағы Sr (мг) және Ca (г) ара - қатынасымен анықталынады. Оның оңтайлы мөлшерінің шамасы 160 тең. Көрстеліген ара - қатынас 80-ге не одан төмендесе жем-шөп құнсыз болады. Бұл қалдықтың 40 т/га және оданда жоғары мөлшерін қолданғанда стронцийдың топырақта өте көп мөлшері түзіледі.

Фосфогипс құрамындағы фтор топырақ құнарлығын төмендетіп, деградацияға ұшыратады және өсімдіктердің фторидтермен ластану қауіпі туындайды.

Топырақтың улы элементтермен ластануы тыңайтқыш ретінде ағынды су қалдықтарын қолдану кезінде болуы мүмкін. Салыстыру мақсатында ағын су қалдықтары мен Шотландияның оңтүстікшығысындағы ластанбаған жыртылған жер топырақтарынан сірке қышқыл ерітіндісімен бөлініп алынған микроэлементтердің орташа деңгейі (мг/кг) келтірілген (128-кесте).

128-кесте. Ағынды су қалдықтары (АСҚ) мен Шотландияның ластанбаған топырақтарындағы микроэлементтер мөлшері.

Талдау нысандары

B

Cu

Ni

Pb

Zn

Cd

Ағын су қалдықтары

13,3

146

7,2

37,1

489

1,9

Топырақтар

0,6

4,0

1,1

1,2

3,4

0,13

Шотландия ғалымдарының мәліметтері бойынша құрамында 5 мг/кг сіңімді кадмий бар қалдықты тыңайтқыш ретінде, тіпті 25 т/га мөлшерінде қолданғанда топырақтағы сіңімді кадмий деңгейін 50%-ға арттырады, ал сіңімді кадмийдің топырақта 5 мг/кг артуы экология тұрғысынан қауіпті.

412

АҚШ-та суару үшін ағын суларды үздіксіз пайдалану жағдайында барлық топырақ типтерінде Cd - 0,01; Cr - 0,10; Cu - 0,20; Pb - 5,0; Ni - 0,2; Zn -2 мг/л аспау керек.

Соңғы жылдары шөгіндіні (сапропель) органикалық тыңайтқыш ретінде кең қолдану жөніндегі мәселе қойылып отыр. Онымен топыраққа ауыр металлдар мен улы қосылыстар түсуі ықтимал. Катре мәліметтері (1980, ГФР) бойынша Мюнхен шөгіндісінде кадмий мөлшері 90-180 мг, ал Некар шөгіндісінде - 50-100 мг/кг құрғақ массасын құрайды. Соңғысын топыраққа еңгізу кезінде өсімдік массасындағы кадмий 0,02-1,1 мг/кг құрғақ массаға, ал топырақта - 6-73 мг/кг артқан.

Шөгіндіні қолданбас бұрын оның химиялық құрамын жанжақты зерттеп, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын шөгіндідегі ауыр металдар мен улы қосылыстардың сіңімді мөлшерін анықтау керек.

Агрохимиялық құралдарды қолдану қоршаған ортаның ластануына септігін тигізіп, биосфераның барлық бөліктеріне жанжақты жағымсыз әсер етеді.

Тыңайтқыш және химиялық мелиорант ретінде қолданылатын тыңайтқыштар мен түрлі қалдықтардың жағымсыз әсерлерін негізінен келесідей тұжырымдауға болады:

Тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау қоректік заттардың айналымы мен балансын, топырақтың агрохимиялық қасиеттері мен құнарлығын нашарлатады.

Тыңайтқыштарды қолданудың агрономиялық технологиясының бұзылуы, минералдық тыңайтқыштардың сапасы мен қасиеттерінің жетілмегендігі ауылшаруашылық дақылдарының түсімі мен өнім сапасын төмендетуі мүмкін.

Тыңайтқыш пен топырақтан беттік ағыс арқылы қоректік элементтер жер асты ыза суына түсіп, балдырлардың қарқынды дамуына, планктондардың түзілуіне, яғни бұл жағымсыз әсерлер табиғи судың өлуіне соқтырады.

Тыңайтқыштар мен олардың қосылыстарының атмосфераға түсуі ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындар қызметіне, жануарлар мен адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Топырақ пен азот тыңайтқыштарының денитрификацияға ұшырауы нәтижесінде түзілетін N2O стратосфераның озонды қабаттарын бұзуы мүмкін.

413

• Өсімдіктің макрожәне микроэлементтермен қоректенуінің бұзылуы өсімдіктерді түрлі ауруларға, оның ішінде фитопатогенді саңырауқұлақ ауруларына ұшыратады, топырақ пен егістіктің фитосанитарлық күйін нашарлатады.

9.3. Агрохимиялық құралдардың топырақ қасиеті мен құнарлығына әсері

Топырақ – биосфераның маңызды буыны және ол ең алдымен тыңайтқыштар мен басқа да агрохимиялық құралдардың келесі әсерлерді тигізетін күрделі кешенді ықпалына ұшырайды; ортаны қышқылдау немесе сілтілендіру; топырақ қасиетін, биологиялық және ферменттік белсенділігін жақсарту немесе нашарлату; физикалық-химиялық сіңіру әсерінен топырақ ерітіндісіне иондарды ығыстыруына мүмкіндік туғызу; биогенді және улы элементтерді химиялық сіңіруіне мүмкіндік туғызу немесе кедергі жасау; гумустың минералдануын күшейту немесе оның синтезделуіне мүмкіндік жасау; атмосферадан биологиялық азоттың фиксациялануын әлсірету немесе үдету; топырақтың немесе тыңайтқыштың басқа қоректік элементтерінің әсерін арттыру немесе азайту; топырақтың макрожәне микроэлементтерін мобилизациялау немесе иммобилизациялау; қоректік элементтерді антагонизм не синергизмге ұшыратып, сәйкесінше өсімдіктерге сіңірілуіне елеулі әсерін тигізу.

Топыраққа агрохимиялық құралдардың жан-жақты әсер етуін келесі мысалдан көруге болады. Физиологиялық қышқыл минералдық тыңайтқыштарды шымды-күлгін топырақтарға жүйелі қолданғанда, олардың қышқылдылығы артып, жыртылған қабаттан кальций мен магнийдің шайылуын жылдамдатады, топырақтың негіздермен қанықпауы жоғарылайды, сөйтіп жалпы топырақ құнарлылығын төмендетеді. Бұл жағдайда минералдық тыңайтқыштарды қолдануды топырақты химиялық мелиорациялау әдісі, яғни әктеумен үйлестіру қажет. Кешен ішінде өсімдіктің қоректенуіне оңтайлы жағдай жасалынады және топырақ қасиеттері жақсарады. Әктеу топырақтың қышқылдығын төмендетіп және оның қасиеттерін жақсартып қана қоймай, биологиялық белсенділігін арттырып, фосфор мен молибденді тиімді түріне көшіріп (мобилизация), ал темір, мырыш, никель, мыс, кобальт,

414

марганец және басқа элементтерді иммобилизациялайды, кадмий, қорғасын, стронций, сынап және басқа элементтердің өсімдіктерге сіңімділігін азайта отырып улылығын әлсіретеді.

Тыңайтқыштарды қолдану топырақтың жекелеген қоректік элементтерін тек тиімді түріне көшіріп қана қоймай, оларды иммобилизациялайды, яғни оларды өсімдіктерге сіңірілмейтін түрге көшіріп, байланыстырады. Мысалы, фосфорлы тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін әсіресе карбонатты қара топырақта біржақты қолдану, топырақтағы жылжымалы мырыш мөлшерін біршама азайтып, өсімдіктерде мырыштың тапшылығына ұшыратады да, өнім түсімінің мөлшері мен сапасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан фосфорлы тыңайтқыштарды қолданғанда мырышты тыңайтқыштарды еңгізу қажеттілігі туындайды.

Бұл элементтердің пайдалы әсері тәжірибе нәтижелерінен дәлелденді (129-кесте).

129–кесте. Фосфорлы және мырышты тыңайтқыштардың өзара әсері.

P2O5 мөлшері, кг/га

Zn мөлшері, кг/га

Жүгері дәнінің өнімі, ц/га

0

0

81,2

90

0

73,9

0

24

67,6

90

24

108,5

Топырақ құнарлығын ескере отырып, ауылшаруашылық дақылдарына тыңайтқыштарды тиімді қолдану, өсімдіктерге улы элементтердің түсуін біршама азайтады. Өсімдіктер неғұрлым қоректік элементтермен жақсы қамтамасыз етілген болса, соғүрлым олардың ара қатысы оптимумға жақын болып, өсімдіктерге 65Zn, 90Sr, 137Cs радионуклидтер аз түседі.

Ауыр металдар мен басқа улы элементтерді сіңірудегі өсімдік қорегінің макрожәне микроэлементтермен теңгерім мәселелері, ең алдымен түрлі улы элементтер және қосылыстармен топырақтың техногенді ластануы артып отырған өнеркәсіптері дамып келе жатқан аудандардағы егіншілік үшін теориялық және практикалық мәнге ие. Радионуклидтердің стронций, цезий және т.б өсімдік шаруашылығы өнімдеріне түсуін біршама азайтатын агрошаралар эксперименттік мәліметтер бойынша ғылыми жағынан негізделді. Оларға жататындар:

415

топыраққа түскен радионуклидтерді салмақсыз қоспа ретінде химиялық аналогтармен сұйылту (кальций, калий және басқа);

топырақтағы радионуклидтерді сіңірілмейтін түрге көшіретін заттарды еңгізу жолымен сіңімділік дәрежесін азайту (органикалық заттар, фосфаттар, карбонаттар т.б.);

ластанған топырақ қабатын тамыр жүйелер тараған аймақтан төмен тереңдіктегі (50-70 см тереңдікте) жыртылған қабатқа сіңіру;

радионуклидтердің аз мөлшерін жинайтын дақыл мен сорттарды таңдау;

ластанған топырақтарға техникалық дақылдарды орналастыру, бұл топырақтарды тұқым өсіретін алқаптарға пайдалану.

Топырақтың әртүрлі элементтермен техногенді ластануы оның химиялық құрамына, агрохимиялық, физикалық-химиялық және биохимиялық қасиеттеріне; топырақ биотасының құрамы мен белсенділігіне біршама әсерін тигізеді. Шымды–күлгін және қара топырақтарды зерттеу нәтижесінде, бір–екі кларк деңгейінде мыс, хром, мырыш, никель, қорғасынмен ластануы (ластанбаған топырақпен салыстырғанда) биоталарының өзгеруіне; жалпы бактериялар санының азаюына, олардың споротүзуінің, актиномицеттің жалпы санының күрт төмендеуіне және саңырауқұлақтар мөлшерінің артуына, топырақтағы жәндіктер мен жауын құртының санының төмендеуіне (қоңыз, қара қоңыз т.б) әкеліп соқтыратындығы анықталды. Топырақта ферменттердің белсенділігінің төмендейтіні байқалды. Ластанған топырақтардың мутагенді белсенділігі, өсімдіктердің тіркелетін тамыр меристиматикалық клеткаларында ластанбаған топырақтармен салыстырғанда 5-10 есе жоғары. Топырақтың гумустық күйі мен ТСК (топырақ құнарлығы мен оның өздігінен тазалану потенциалын сақтаушы) өзгерісі ластағыштардың топыраққа жағымсыз әсерінің көрсеткіші болып табылады. Сондықтан, орта реакциясы, ТСК құрамындағы кальций мен магнийдің ауыр металдардың орнын басуы, гумустың минералдануы, топырақтың физикалық жағдайының өзгерісі, топырақ ерітіндісі мен топырақ ауасының химиялық және санитарлық жағдайы қалыпқа келтірілуі керек.

416

Қазіргі егіншілікті қарқынды химияландыру жағдайында адамзат баласының алдына қойылған басты мәселе – ол жоғары сапалы өсімдік өнімдерін өндіру болып табылады.

Егер тыңайтқыштар мен басқа агрохимиялық құралдарды қолдану барысында ауылшаруашылық дақылдарының қорегіне қолайлы жағдай жасалынса, онда жоғары сапалы өнімдер алудың барлық алғы шарттары бар. Мысалы, күздік бидайдың азотпен қоректенуін қолайландыру барлық егіншілік аймақтарында нәрлілік пен нан пісіру қасиеттерінің талаптарына сай келетін жоғары ақуызды дәндер алуға мүмкіндіктер береді. Қант қызылшасына еңгізетін тыңайтқыштардың макрожәне микроэлементтерінің ара қатынасының дұрыс болуы – тамырлы жемістердің қанттылығын арттыру есебінен жоғары қант түсімін жинаудың нақты және тиімді жолы. Картоп түйнегінің сапасы, майлы дақылдардың тұқымдарындағы май мөлшерін арттыру, жемістер мен көкөністердегі қант пен дәрумендерінің мөлшерін арттыруды да айтуға болады.

Дегенмен, өсімдік шаруашылығының өнімдерінің сапасына табиғи ортаның улы заттармен техногенді ластануы мен тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми принциптерінің бұзылуы біршама әсерін тигізеді. Қоршаған ортаның техногенді ластануының негізгі жолдарына: өнеркәсіптер мен транспорттардан бөлініп шығатын улы қосылыстар мен элементтер; олардың қоспа түрінде топыраққа тыңайтқыштармен түсуі; әртүрлі қалдықтарды тыңайтқыштар ретінде жүйесіз және бақылаусыз қолдану жатады. Қоршаған ортаны ластағыштарға фтор, ванадий, хром, марганец, кобальт, никель, мырыш, мышьяк, молибден, сынап, қорғасын және т.б. жатады. Аталған элементтердің кейбірі аз мөлшерде ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерінің түсімі мен сапасына пайдалы әсерін тигізеді. Ластаушылардың ішінде ерекше орын алатындары ауыр металлдар (қорғасын, кадмий, сынап). Олар гумустылығы жоғары, грануломтерлік құрамы ауыр топырақтардың жыртылған қабаттарында жақсы адсорбцияланады.

Ауыр металдардың өсімдіктерге улы әсері әртүрлі жолмен көрінеді. Бұл олардың маңызды ақуыз метаболизм қасиеттерінің өзгеруіне тигізетін әсерлері. Ағзалардың метаболизм жүйелері үшін ақуыздың катализдік және реттегіш рөлі өте көлемді болып табылады, бұзылуы әртүрлі алмасу тармақтарын қамтуы мүмкін.

417

Фосфорды метаболизм үшін сіңірілмейтін және қиын еритін ауыр металдардың фосфаттарына өзгертуі мүмкін, сондай-ақ ауыр металлдардың қажетті минералдық қоректік элементтермен бәсекелесуі, метаболизм тізбегінде бұл элементтің ерекше жылжымалы және таратқыштарға алмасуы оның тапшылығына соқтырады. Ауыр металдармен ластанған топырақтарда дәнді дақылдардың өнім түсімі 20-30%, қант қызылшасында -35%, бұршақ тұқымдастарда -40%, картопта -47% төмендегені байқалды.

Қоршаған ортаның ауыр металллдармен ластануы өнеркәсіп салаларының қарқынды даму салдарынан күрделене түсуде және топырақ пен өсімдіктердің қоректік және улы элементтерді жинап алатын биосфераның жалғыз буыны емес. Олар атмосферадан өсімдікке тамыры арқылы емес, жапырағы арқылы да жинала алады.

Ауыр металллдардың өсімдікке түсуін төмендететін негізгі факторларға төмендегілер жатады.

Қышқыл топырақтарды әктеу. Ортаның рН көрсеткіші төмендеуінен ауыр металллдардың жылжуы және олардың өсімдіктің өсуін тежеудегі рөлі артады. Әк қиын еритін қосылыстарды түзу арқылы, олардың топырақтағы байланыс беріктігін жоғарылатады.

Топырақтағы гумус мөлшерін арттыру мақсатында органикалық тыңайтқыштар еңгізу. Органикалық заттар ауыр металдарды ұстайтын жоғары қасиетке ие. Сондықтан органикалық заттардың мөлшері төмен топырақта өсірілетін өсімдіктерде, олардың концентрациясы жоғары. Сонымен қатар, топырақтың органикалық коллоидтары ауыр металдармен тұрақты хелатты кешендер түзеді.

Фосфорлы тыңайтқыштарды еңгізу, ауыр металллдардың өсімдікке түсуін төмендетеді. Әсіресе, қышқылды топырақтарға тыңайтқыш пен әкті бірге қолдану тиімді.

Өсімдіктердің минералдық қоректенуін қолайландыру дақылдардағы ауыр металдар деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Тыңайтқыштардың өнім түсімінің сапасына тигізетін кері әсерлерінің негізгі себептеріне олардың оптималды мөлшерінің бұзылуы, топырақтағы қоректік элементтердің мөлшерін және тыңайтқыштың мерзімін, түрлерін ескермей қолдану жатады. Бұл өсімдіктегі қосылыстардың метаболизміне, әсіресе өсімдіктердегі

418

аминқышқылдар мен ақуыз синтезіне кері әсерін тигізеді. Бір мезгілде өсімдіктерде нитраттар, нитриттердің артық мөлшері жиналып, қышқыл ортада екіншілік аминдермен байланыса отырып, канцерогенді және мутагенді қасиетке ие нитрозаминдер түзеді. Азотпен қалыпты қоректендіргенде сау өсімдіктерде нитраттар мен нитриттер бос күйінде жиналмайды. Өсімдіктерде олар нитратредуктаза мен нитритредуктаза әсерінен тотықсыздану процестеріне ұшырайды. Түзілген аралық қосылыс - гидроксиламин немесе аммиак - органикалық қышқылдармен байланысып, амин қышқылдарына айналады. Демек, нитраттар топырақта және биологиялық процестерінде бұзылған жағдайда өсімдіктерде артық мөлшерде жиналуы мүмкін. Көң және компостпен тыңайту, біртіндеп әсер ететін азот формасы ретінде минералдық тыңайтқыштармен еңгізілген эквивалентті азот мөлшерімен салыстырғанда, көкөністерде нитраттардың аз мөлшерінің жиналуына әкеледі.

Өсімдіктердің азотпен қоректенуін қолайландыру олардың биологиялық ерекшеліктеріне сай азот тыңайтқыштарының еңгізу мерзімін анықтайды. Бұл әсіресе көкөніс дақылдарын, оның ішінде вегетативті бөлігін қоректенуде пайдаланылатын өсімдіктерді тыңайтуда ескеріледі. Вегетациялық өсу кезеңінде өсімдіктердегі нитрат мөлшері азаяды, сондықтан дақылдарды, әсіресе көкөністерді қолайлы кезеңде жинау қажет, ал өсімдіктерде азоттың нитратты түрі толық сіңірілуі үшін, оны өнімді жинаудан 1,5-2 ай бұрын азотпен қоректендіреді.

Тамыр жүйесі арқылы түскен барлық элементтерді өсімдіктердің жақсы пайдалануы, соның ішінде нитраттарды пайдаға асыруы, өсімдіктің жоғары фотосинтетикалық іс-әрекеті кезінде болады. Жарықтың аз түсуінен нитраттардың тотықсыздануы мен амин қышқылдардың түзілуі тежеледі. Мұны ашық топырақта өсірілген өсімдіктерге қарағанда, қыс уақытында жылы жайларда өсірілген көкөністерде нитраттардың артық мөлшерінің жинақталуымен түсіндіруге болады.

Егіншілікте әртүрлі органикалық тыңайтқыштар түрін қолданудың ғылыми негізделген технологиясының бұзылуы да өнім сапасын төмендетеді. Көңнің орташа жылдық еңгізу нормасы (өнім сапасы мен мал азығының желінуінің нашарлауынан қауіптенбей) құрамында 1 га 200 кг көп емес мөлшерде азотты қолдану

419

ұсынылады, ал еңгізуге ең тиімді мезгіл - күз, аңыздықты жырту кезеңі. Көң ауыспалы егіс дақылдарының бір қатарына әсер ететін болғандықтан, төсенішсіз көңнің жоғары мөлшерін қолдану да сабан мен минералдық тыңайтқыштармен үйлесімділігін - топырақтың құнарлығы мен қасиеттеріне әсерін, ауыр металдардың жиналуын, гумус түзілу мен оның минералдану процестеріне, топырақ кескіні бойынша қоректік элементтерінің жылжуына, жер асты ыза суының нитраттар мен ауыр метал тұздарымен ластануына әсер етуін білу маңызды, сондай-ақ аталған жағдайлардың ауыспалы егістің барлық дақылдарының өнім сапа көрсеткіштеріне әсерін ескеру керек.

Агрохимиялық құралдарды топыраққа еңгізу, биогенді және улы элементтерді мобилизация мен иммобилизацияға ұшыратуы және өнім түсімінің сапасын өзгертуі мүмкін. Бұл жағдайда топырақ гумусының рөлі өте зор, яғни олар ауыр металдарды хелатты кешендерге байланыстырып, өсімдіктерге сіңірілуін төмендете отырып улылығын азайтады. Осы арқылы жоғары гумусты топырақтарда ауыр металдар мөлшері мен оларды өсімдіктердің пайдалануы арасындағы тәуелділікті түсіндіруге болады.

Қышқыл топырақтарды әктеу ауыр металдардың ерігіштігі мен улылығын төмендететін тиімді әдіс.

9.4. Табиғи сулардың эвтрофирленуі мен сапасына агрохимиялық құралдардың әсері

Антропогенді эвтрофирлену - бұл адам іс-әрекетінің салдарынан су нысандарының бассейндеріне өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың суға түсуінің артуы және бұл жағдай балдырлар мен жоғары сатылы су өсімдіктерінің өнімділігін арттыруына әкеледі. Бұл қазіргі кездегі маңызды мәселенің бірі. Су қоймаларына азот және фосфор қосылыстары бар көп ағындар келіп құйылады. Бұл егіс алқап маңайынан тыңайтқыштардың су қоймаларына шайылуымен байланысты. Нәтижесінде осындай су қоймалары антропогенді эвтрофикацияға ұшырап, пайдасыз өнімділігі артады, фитопланктон, су жиегіндегі өскіндер, балдырлардың, "судың гүлденуі" және т.б. дамуын күшейтеді. Терең жерлерінде анаэробты үрдістер үдеп, күкіртсутек, аммиак т.б. жиналады. Тотығу-

420