Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

дық тыңайтқыш мөлшерiн агрохимиялық талдаудың нәтижелерiне сүйене отырып белгiлейдi. Алайда әрбiр үстеп қоректендiруде бiр шаршы метрге берiлетiн азот 5 грамнан‚ калий 5-10 грамнан көп болмағаны дұрыс. Қияр мен қызанақ өсiмдiктерiн жылыжай жағдайында 5-8 рет үстеп қоректендiредi.

8.7. Темекiні тыңайту

Темекi дақылының өнеркәсiптiк құнды бөлiгi - оның жапырағы. Темекi өнiмi топырақ түрiне, ауа-райына және қолданылған тыңайтқышқа байланысты. Өсiмдiктiң құрғақ затында орта есеппен 2-3 пайыз азот, 18 пайыз күл болады.

Темекiде ақуыз заттары көп болса, оның сапасы кемидi, хлордың мөлшерi 0,4 пайыздан аспауы керек. Сондықтан, темекiге құрамында хлоры бар калий тұздарын беру оның сапасына керi әсер етедi.

Темекiнiң жапырақ өнiмi гектарына орта есеппен 20 центнерден айналатын болса, онда ол топырақтан 120 кг азот, 32 кг фосфор және 90 кг калий пайдаланады.

Азот темекi жапырағының мол түзілуiне, фосфор оның тезiрек гүлдеуiмен, тамыр жүйесiнiң жақсы дамуына, калий өнiм сапасының жоғары болуына әсер етедi.

Алматы облысының Шелек ауданы жерiнде азот мөлшері өте төмен, жылжымалы фосформен орташа қамтамасыз етiлген, ал алмаспалы калий мөлшерi өте жоғары боз топыраққа гектарына

N140-160P70-100K30-40 бергенде, 15-18 центнер құрғақ жапырақ жинаған.

Республиканың ғылыми мекемелерi мен озат шаруашылықтарының тәжiрибелерi топырақ пен алғы дақыл ерекшiлiктерiн ескере отырып, темекi егiсiнiң гектарына 60-120 кг азот, 60-90 кг фосфор, 30-60 кг калий қолдану жоғары сапалы мол өнiм алуға болатынын көрсетті.

Гектарына 20-30 тонна көң ендiру де жақсы нәтиже бередi. Мұнда көң мен фосфор, калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерiн түгелдей сүдiгер жыртар алдында, азоттың жылдық мөлшерiнiң 30-50 пайызын күзде немесе гранулометриялық құрамы жеңiл топырақтарға тұқымды себер алдында культивациялауда, қалған мөлшерiн үстеп қоректендiруде беру керек.

391

Темекi егiсiне аммоний сульфаты, аммоний селитрасы, қос суперфосфат, аммофос, калий сульфаты, калиймагнезия сияқты минералдық тыңайтқыштарды қолданған дұрыс.

Шаруашылықта темекi көшетiн өсiру үшiн құрамында 50 пайыз қарашiрiндiсi бар топырақты пайдаланады. Осы топырақпен көшетжайды (парник) толтырады, оның әрбiр шаршы метрiне 10-12 г аммоний сульфатын немесе 7-8 г аммоний селитрасын, 12 г суперфосфат, 2-3 г калий сульфатын бередi.

Тыңайтқыштарды көшетжай бетiне бiркелкi етiп шашады да тырмалайды. Темекi көшетiн 3-4 рет минералдық тыңайтқыштармен үстеп қоректендiредi.

Үстеп қоректендiру үшiн көшетжайдың әрбiр шаршы метрiне 2 грамнан азот, фосфор, калий салады. Осы норманы суда ерiтедi де көшетке бүркедi. Сөйтiп таза сумен суарады. Көшеттi үстеп қоректендiру үшiн құс саңғырығының судағы ерiтiндiндiсiн пайдалануға болады. Ол үшiн бiр шелек құс саңғырығын 8-10 л суда ерiтедi.

8.8. Дәндi бұршақ дақылдарын тыңайту

Дәндi бұршақ дақылдары құрамы жағынан аса бағалы дақылдар тобына жатады. Олардың бәрiнде ақуыз мөлшерi дәндi дақылдармен салыстырғанда 2-3 есе көп болады. Сонымен қатар олар қоректiк элементтердi көп пайдаланады.

Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының деректерi бойынша соя өсiмдiгi 1 тонна дән және сондай мөлшерде сабақ-жапырақ түзу үшiн 80 кг азот, 22 кг фосфор, 50 кг калий қабылдайды.

Бiздiң Республикамызда арзан өсiмдiк ақуызын алу үшiн соя өсiрудiң практикалық маңызы үлкен.

Соя өзiнiң вегетациялық дәуiрiнде керектiк заттарды бiркелкi қабылдамайды. Ол көктегеннен бастап гүлдеуге дейiн бүкiл вегетациялық дәуiрiнде пайдаланатын азоттың 35 пайызын, фосфордың 34 пайызын, калийдiң 36 пайызын сiңiредi.

Осы элементтердiң қалған мөлшерiн гүлдеу мен толық пiсу аралығында пайдаланады.

Соя дақылына фосфор мен калий тыңайтқыштарын қолдану тиiмдi (116-кесте).

392

116-кесте. Фосфор және калий тыңайтқыштарының соя өнiмiне әсерi.

Тәжiрибе

Өнiм,

Қосымша

Тәжiрибе

Өнiм,

Қосымша

варианттары

ц/га

өнiм,ц/га

варианттары

ц/га

өнiм, ц/га

Тыңайтқышсыз

17,8

-

N30Р60

25,0

-

Р60

24,2

6,4

N30Р60К30

26,0

1,0

Р90

29,5

11,7

N30Р60К60

26,5

1,5

Р120

28,5

10,7

N30Р60К90

26,5

1,5

Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметiне сүйенсек, соя тұқымын нитрагинмен (бактериалды препарат) өңдеу оның өнiмiн 43,6%-ға арттырған.

Нитрагинмен тұқымды себуге пайдаланған жағдайда топырақты жыртар алдында мочевина немесе аммоний селитрасы түрiнде гектарына 30-60 кг азот беру керек.

Сояға қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың тиiмдiлiгiн арттырудың ең тиiмдi тәсiлi-олардың орташа мөлшерiн топыраққа таспа түрiнде еңгізу (117-кесте).

117-кесте. Фосфор-калий тыңайтқыштарын беру

 

тәсiлiнiң

соя өнiмiне әсерi.

 

 

 

 

 

 

 

Тәжiрибе

 

Ылғал 60-70-70%

Ылғал 70-70-80%

варианттары

 

Өнiм,

 

Қосымша

Өнiм,

Қосымша

 

 

ц/га

 

өнiм, ц/га

ц/га

өнiм, ц/га

Тыңайтқышсыз

 

25,3

 

-

26,3

-

Р60К30 (шашу)

 

29,0

 

3,7

29,4

3,1

Р60К30 (таспалап)

 

31,0

 

5,7

34,4

8,1

Р120К60 (шашу)

 

30,6

 

5,3

33,9

7,6

Р120К60 (таспалап)

 

30,4

 

5,1

32,4

6,1

Қазақстанның суармалы аймағының қара қоңыр, боз топырақтарында өсiрiлетiн соя егiстiгiне микроэлементтердi қолданудың тиiмдi екенiн байқауға болады.

Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институты соя тұқымын аммоний молибдатының 1%-тiк ерiтiндiсiмен өңдеуден гектарынан 8,7 ц қосымша өнiм жинаған.

393

8.9.Жемiс-жидек дақылдарын тыңайту

8.9.1.ЖЕМIС АҒАШТАРЫН ТЫҢАЙТУ

Жемiс ағаштарының қоректiк заттарды пайдалануы олардың вегетациялық дәуiрiне және жасына қарай өзгерiп отырады.

Бұл дақылдардың да өнiмiн арттырудың бiрден-бiр жолы - тыңайтқышты тиiмдi пайдалану болып саналады.

Жемiс ағаштарын тыңайту жүйесi топырақ-климат жағдайларына‚ жемiс ағашының түрiне‚ тағы басқа факторларға байланысты. Бұл дақылдарға тыңайтқыш қолдану жемiс ағаштарының екпе көшетiн‚ жас және жемiс беретiн бақтарды тыңайту жүйесiнен тұрады.

Сапалы материал алу үшiн жемiс ағаштарының екпе көшетiне тыңайтқышты тиiмдi пайдаланудың маңызы үлкен. Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс аймақтарында бiр немесе екi жылдық екпе көшеттi пайдаланады. Екпе көшеттi питомниктiң қалыптастыру бөлiмшесiнде бiр немесе екi жыл өсiредi.

Жылыжай өсмiдiктерiн микроэлементтермен қоректендiру олардан тұрақты қосымша өнiм жинауды қамтамасыз етедi. Микротыңайтқыштарды негiзгi тыңайтуда 3-5 жылда бiр рет бередi (118-кесте).

118-кесте. Жылы жай топырағының микроэлементпен қамтамасыз етiлу деңгейi және қолданылатын микротыңайтқыш мөлшерi.

 

 

 

 

Қоректiк

Топырақтың

1кг топырақтағы

2 топыраққа берiлетiн

микроэлементпен

микроэлемент

микротыңайтқыш

элемент

қамтамасыз етiлу

мөлшерi,

мөлшерi,

аты

деңгейi

мг

г (әсерлi зат)

 

 

Төмен

10

3,0

 

Төмендеу

10-25

1,0-3,0

Мырыш

Қолайлы

25-50

0-1,0

 

Көтерiңкi

50-80

0,10

 

Жоғары

80

-

 

Төмен

10

4,0

 

Төмендеу

10-25

2,0-4,0

Мыс

Қолайлы

25-40

0-2,0

 

Көтерiңкi

40-60

-

 

Жоғары

60

-

Бор

Төмен

0,8

0,3

394

 

Төмендеу

0,8-1,5

0,1-0,3

 

Қолайлы

1,5-2,5

-

 

Көтерiңкi

2,5-3,5

-

 

Жоғары

3,5

-

Бiр гектар танаптағы екпе ағаштар (50 мың дана) бiрiншi жылы 25 кг азот‚ 6 кг фосфор‚ 12-15 кг калий‚ ал екiншi жылы 100120 кг азот‚ 28-31 кг фосфор және 60-77 кг калий пайдаланады. Осыған байланысты екпе ағаш отырғызылатын топырақты жыртар алдында оған гектарына 35-40 т көң және Р90-120К30-90 бередi. Екпе ағашын отырғызар алдында гектарына 20-30 кг фосфор қолданады. Азотты үстеп қоректендiруге гектарына 30-60 кг есебiнде маусым айында пайдалану керек.

Жаңа бақты отырғызар алдында гектарына 50-60 т көң‚ 300 кг фосфор және 250 кг калий берiп топырақты 50-60 см тереңдiкте жыртады. Жемiс ағашын отырғызуға арналған әрбiр шүңқырға қосымша 10-15 кг шiрiген көң‚ 200-300 г фосфор және 150 г калий бередi. Егер бақ әбден тегiстелген жерге орналасатын болса‚ көң мөлшерiн гектарына 100 тоннаға дейiн көбейтедi.

Фосфор мен калий мөлшерiн 120 килограмға дейiн азайтады. Қатар арасына жоңышқа себедi. Үшжылдық жоңышқаны жыртар алдында гектарына 80-100 т көң және 300 кг фосфор‚ 200 кг калий қолданған пайдалы. Қара топыраққа орналасатын бақ үшiн гектарына 30-40 т көң‚ Р120К120 және әрбiр шүңқырға 2‚5 кг шiрiген көң 100-150 грамнан фосфор мен калий қолдану ұсынылады.

2-5 жылдық жас баққа жемiс бергенге дейiн гектарына 60 кг азот немесе N60P60K60 қолданады. Суармалы жас баққа үш жылда бiр рет гектарына 30-40 т көң беруге болады. Суарылмайтын тау бөктерiнiң қара топырағына орналастырылған жас баққа қолданылатын азот мөлшерiн 30 килограмға дейiн азайтып‚ фосфорды 90-100 килограмға дейiн көтеру керек.

Суармалы жемiс ағаштарының гектарына N120P90K120 қолдану мол өнiм жинауды қамтамасыз етедi. Суарылмайтын тау бөктерiндегi жемiс беретiн ағаштарды тыңайту үшiн N60P90K60 қолдану қажет.

Осындай мөлшерде берiлген тыңайтқыштан гектарына қосымша 16-32 центнер өнiм алынады.

395

8.9.2. ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫН ТЫҢАЙТУ

Бiздiң елiмiзде негiзiнен құлпынай‚ қой бүлдiрген‚ қарлыған‚ таңқурай‚ қарақат сияқты жидек дақылдары өсiрiледi. Бұл өсiмдiктер қоректiк заттарды көктем‚ жаз‚ күз айларында қарқынды түрде сiңiредi. Сондықтан оларға макро-микротыңайтқыштарды екi рет: ерте көктемде (сәуiрдiң аяғынан мамырдың басына дейiн) және жазда (шiлде-тамыз) тиiмдi. Барлық жидек өсiмдiктерi отырғызған соң екiншi‚ үшiншi жылы өнiм беретiндiктен топырақта қоректiк заттардың жеткiлiктi болуын қалайды. Бiрақ барлық жидек дақылдарына сыртқы орта жағдайлары бiрдей дәрежеде әсер етпейдi және олардың қоректiк заттарды пайдалануында өзiндiк ерекшелiктерi бар. Жидек дақылдарының iшiнде суыққа және құрғақшылыққа ең төзiмдiсi - қой бүлдiрген. Ол вегетациялық дәуiрiнде пайдаланатын қоректiк заттардың жалпы мөлшерiнiң 15- 20%-ын гүлдегенге дейiн‚ гүлдей бастаған соң 1‚5 ай iшiнде азоттың 40%-ын‚ фосфор мен калийдiң 55%-ын қабылдайды. Таңқурай қоректiк заттарды жаздың аяғына дейiн қарқынды түрде сiңiредi. Қарақат өсiмдiгi басқа элементтерге қарағанда азотты көп пайдаланады. Жидек дақылдары отырғызылатын учаске топырағын күзде

дайындайды. Ол үшiн гектарына 40-60 т көң және Р100-300К100-300 берiп 30-35 см тереңдiкке жыртады (119-кесте).

119-кесте. Жемiс беретiн жидек дақылдарына қолданылатын тыңайтқыштың орташа мөлшерi. (Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынысы).

Жидек өсiмдiгi

Топырақ

Көң‚

 

Минералдық тыңайтқыштар‚

 

өсiрiлетiн аймақ

түрi

т/га

 

 

кг/га (әсерлi зат)

 

 

 

 

N

 

P2O5

K2O

Zn

 

B

 

 

Қой бұлдiрген

 

 

 

 

Оңтүстiк шығыс

Қара қоңыр

40-60

100

 

100

50

2‚5

 

1‚2

Солтүстiк

Қара

60

70

 

60

70

-

 

-

 

 

Қарақат

 

 

 

 

 

 

Оңтүстiк шығыс

Қара қоңыр

40-60

100

 

100

50

-

 

-

және батыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық

Күңгiрт

60

90

 

180

60

-

 

-

 

қара қоңыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстiк

Қара

60

120

 

180

120

-

 

-

 

 

Таңқурай

 

 

 

 

 

 

Солтүстiк

Қара

60

120

 

120

120

-

 

-

Оңтүстiк шығыс

Қара қоңыр

60

100

 

100

50

-

 

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

396

Таңқурай мен қарақатқа тыңайтқышты олардың қатар аралықтарына 10-15 см, ал қой бұлдiргенге 5-7 см тереңдiкке еңгізу керек.

8.9.3. ЖҮЗIМДI ТЫҢАЙТУ

Жүзiм өсiмдiгiне тыңайтқыш қолдану оның өнiмi мен сапасын арттыруда шешушi рөл атқарады. Бұл дақылдың 100-143 ц өнiмi 63-80 кг азот, 16-23 кг фосфор, 48-63 кг калий, 55-58 кг кальций және 11-18 кг магний пайдаланады. Жүзiм қоректiк заттарды ұзақ мерзiм қабылдайды. Тыңайтқыштың жүзiм өнiмiне әсерiн мына деректерден анық байқауға болады (120-кесте).

120-кесте. Минералдық тыңайтқыштардың жүзiм өнiмi мен оның сапасына әсерi.

Тәжiрибе

 

Ркацители сорты

 

 

Рислинг сорты

 

варианттары

Өнiм‚

Қосымша

Қант‚

Қыш

Өнiм‚

Қосымша

Қант‚

Қыш

 

ц/га

өнiм‚

%

қыл

ц/га

өнiм‚

%

қыл

 

 

ц/га

 

дығы‚%

 

ц/га

 

дығы‚%

Тыңайтқышсыз

92,2

-

18,6

0,78

82,1

-

16,9

0,80

 

 

 

 

 

 

 

 

 

N60P60К120

119,5

27,5

19,0

0,86

96,2

14,1

17,2

0,71

N120P60К120

113,1

20,9

19,4

0,73

94,0

11,9

17,2

0,76

Жүзiмдiктi алғашқы салу алдында топырақты жеткiлiктi тыңайтуға көңiл аудару керек. Ол үшiн гектарына 40-60 т көң және 150-200 кг мөлшерiнде фосфор мен калий берiлiп терең жыртылады. Екпе көшеттi отырғызғанда әрбiр шүңқырға 5-10 кг қарашiрiкпен 200-300 г суперфосфат салады. Сол себептi жас жүзiмдiкке 2-3 жыл бойы тыңайтқыш қолданбайды. Жемiс салу кезiнде жүзiмге толық минералдық тыңайтқыш беру керек. Мұнда гектарына N60P60K120 (қара қоңыр топырақ) және N120-180P90K60-90 (боз топырақ) пайдалану мол өнiм жинауды қамтамасыз етедi. Минералдық тыңайтқыштарды ерте көктемде, жүзiм бүршiк атпастан бұрын қатар аралығына 30-35 см тереңдiкке еңгізу керек. Жүзiмдiктi микротыңайтқыштармен үстеп қоректендiру ұсынылады. Ол үшiн мырыш сульфатының 0,1%-тiк ерiтiндiсiмен гүлдеу алдында және жүзiм пiсер алдында бүркедi (1 гектарға 400 л ерiтiндi). Жемiс-жидек дақылдарына қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiне топырақ және өсiмдiк құрамындағы қоректiк заттардың деңгейiне сәйкес түзету еңгізген дұрыс (121, 122-кестелер).

397

121-кесте. Жемiс-жидек дақылдары үшiн топырақты құрамындағы жылжымалы фосфор алмаспалы калий мөлшерiне қарай топтастыру (мг/кг).

Топырақтағы жылжымалы

 

Р2О5

 

К2О

Р2О5 немесе К2О деңгейi

0-20 см

 

20-40 см

0-20 см

20-40 см

 

 

 

 

 

 

Төмен

<20

 

<10

<150

<70

Орташа

20-30

 

11-16

150-210

70-100

Көтерiңкi

30-40

 

17-22

220-280

110-140

Жоғары

40-50

 

23-28

290-390

150-180

Өте жоғары

>50

 

>28

>350

>180

122-кесте. Жемiс-жидек дақылдарының жапырағының құрамындағы қоректiк заттардың қолайлы мөлшерi (құрғақ затта % есебiмен).

Дақыл

N

P2O5

K2O

CaO

MgO

Алма‚ алмұрт

1,8-2,5

0,3-0,5

1,2-1,8

1,4-2,0

0,4-0,6

 

 

 

 

 

 

Шие‚ қара өрiк

1,8-2,5

0,3-0,5

1,6-2,4

1,8-2,8

0,4-0,6

 

 

 

 

 

 

Қарақат

2,2-3,4

0,5-0,7

1,6-2,4

1,8-2,8

0,3-0,5

 

 

 

 

 

 

Қарлыған

2,1-3,1

0,5-0,7

1,6-2,4

1,8-2,8

0,4-0,6

Таңқурай

2,3-3,5

0,5-0,7

1,3-1,9

1,5-1,3

0,4-0,6

Қой бүлдiрген

2,0-3,0

0,5-0,7

2,0-3,0

2,3-3,5

0,2-0,4

Топырақта қоректiк элементтiң жылжымалы түрiнiң мөлшерi төмен болған жағдайда қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiн 30-50%-ға арттырады, ал көтерiңкi болса 25%-ға, жоғары болса 50%-ға азайтады.

398

9-тарау. АГРОХИМИЯНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

9.1. Агрохимиялық құралдарды бағалау, қоршаған ортаның тыңайтқыштармен ластану жолдары

Әлемдік және отандық қарқынды егіншілік тәжірибесі, өсімдік шаруашылығында сандық және сапалық өнім алудың негізі әрі өсімдік үшін биогенді элемент көзі – тыңайтқыш екендігін дәлелді көрсетіп берді.

Биогенді элементтер дегеніміз – ағзалар құрамына кіретін және нақты бір биологиялық функцияларды атқаратын химиялық элементтер. Агрохимиялық құралды қолданудың ғылыми негізделген жүйесі келесі мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді: топырақ құнарлығын арттыру, биогенді элементтер мен гумустың «топырақ – өсімдік – тыңайтқыш» жүйесіндегі жеткілікті оң балансын, өсімдік шаруашылығында химиялық құрамы мен қоректік құндылығы теңерілген өнімдер алу, ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігін көтеру, ауыл шаруашылығындағы экологиялық жағдайларды жақсарту.

Сонымен қатар, тыңайтқыштар мен басқа химиялық шикізаттарды қолдану табиғи ортаға қарқынды әсер етуде. Минералды тыңайтқыштардың құрамында әртүрлі улы қоспалардың болуы, олардың сапасының қанағаттандырылмауы, сондайақ оларды қолдану технологиясының бұзылу ықтималдығы кері залалдарын тигізуі мүмкін.

Қазіргі кезде өндірісі қарқынды дамыған елдерде, сонымен қатар еліміздің бірқатар аймақтарында минералдық тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері қолданылуда, олардың қоршаған ортаға жағымсыз әсері қауіпті және ауқымды көлемдегі сипатқа ие болуда. Сондықтан, елімізде табиғатты қорғаудың тиімді шараларын арттыруға, ауыл шаруашылығында ғылыми негізделген жүйелерді, жетілдірілген технологияларды ендіруге ерекше көңіл бөлінуде. Ал осыларды жүзеге асыру үшін еліміздің әрбір азаматын табиғи байлықтарымызды сақтауға және көбейтуге, ұқыпты пайдалануға деген жауапкершілік сезімде тәрбиелеуіміз керек.

399

Табиғатқа саналы және ұқыпты қарау әрбір адамда бала кезінен, яғни отбасында, мектепте, орта және жоғары оқу орындарында және тікелей өндірісте қалыптасуы керек.

Табиғатты қорғау – ауыл шаруашылығындағы қызметкерлердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Топырақтанушы, агрохимик, жалпы айтқанда әрбір егінші өз қызметі барысында табиғатта тәртіп орнатушы, ең басты сақтаушысы болып саналады, ал жер бетінде шаруашылықты тиімді жүргізу оның гүлденуінің маңызды шарты.

Бұл бөлімде агрохимиялық құралдарды қолданудың экологиялық аспекттері, ең алдымен олардың топырақтар мен басқа биосфера топтарын ластау жолдары мен зиянды әсерлері қарастырылған.

9.2. Қоршаған ортаның тыңайтқыштармен ластану себептері және олардың зиянды әсерлері

Қоршаған ортаның тыңайтқыштармен ластануының басты, яғни оларды жоғалту жолдары мен тиімсіз қолдану себептері келесілер:

тасымалдау, сақтау, тыңайтқыш қоспалары мен тыңайтқыштарды еңгізу технологияларының жетілмегендігі;

оларды ауыспалы егіс пен жекелеген дақылдарға қолданудың агрономиялық технологияларының бұзылуы;

топырақтың су және жел эрозиясы;

минералдық тыңайтқыштардың сапалық қасиеттерінің нашарлығы;

өндіріс, қалалық және тұрмыстық қалдықтардың химиялық құрамын жүйелі, әрі жан-жақты тексерусіз тыңайтқыш ретінде қарқынды қолдану.

Тыңайтқыштарды тасымалдау мен ендіру технологиясының жетілмегендігінің бірнеше кезеңдерін атап өту қажет. Сонымен, тыңайтқыштарды тасымалдаудың кемшілігі зауыттан егістік алқабына дейін тасымалдау жүйесіне негізделуінде және арнайы тасымалдау көліктерінің тапшылығында. Агрохимиялық құралдар жалпы қолданбалы өзі түсіретін көліктермен тасымалданып біршама шығын әкеледі.

400