Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

107-кесте. Жылжымалы фосфор мен алсмаспалы калий мөлшерi орташа күңгiрт боз топыраққа орналасқан мақталы-жоңышқа ауыспалы егiсiн тыңайту жүйесi.

Дақылдар

Минералдық тыңайтқыштың

Көң т/га

 

жылдық мөлшерi, кг/га

 

 

N

Р2О5

К2О

 

Астық жабындысына

90

120

120

 

егiлген жоңышқа

 

 

 

-

Екiншi жылдық жоңышқа

-

-

-

-

Үшiншi жылдық жоңышқа

-

-

-

-

Мақта

100

120

120

-

Мақта

120

90

90

-

Мақта

140

80

60

-

Мақта

120

60

-

20-30

Мақта

130

70

60

-

Мақта

150

60

60

-

108-кесте. Жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшерi орташа кәдiмгi боз топыраққа орналасқан мақталы-жоңышқалы-жүгерi ауыспалы егiсiн тыңайту жүйесi.

Дақылдар

Минералдық тыңайтқыштың

Көң,

 

жылдық мөлшерi, кг/га

т/га

 

N

Р2О5

К2О

 

Сүрлемдiк жүгерi

120

180

120

-

жабындысына егiлген

 

 

 

 

жоңышқа

 

 

 

 

Екiншi жылдық жоңышқа

-

-

-

-

Үшiншi жылдық жоңышқа

-

-

-

-

Мақта

120

150

120

-

Мақта

150

120

90

-

Мақта

180

90

90

-

Мақта

150

90

-

20-30

Мақта

180

90

60

-

Дәндiк жүгерi

200

120

90

-

Мақта

180

60

-

30-40

Мақта

200

90

60

-

Мақта

230

90

60

-

Минералдық және органикалық тыңайтқыштардың 107,108кестелерде көрсетiлген мөлшерi гектарынан 100-120 ц жоңышқа шөбiн, 35-40 ц күздiк бидай немесе арпа дәнiн, 350-400 ц жүгерiнiң көк балаусасын, 60-70 ц жүгерi дәнiн, 35-40 ц шиттi мақта алуға есептелген.

381

8.6. Көкөніс дақылдарын тыңайту

Көкөнiс дақылдары қоректiк заттарды көп пайдаланады. Сондықтан олар топырақта қоректiк заттар қорының мол болуын ұнатады.

Көкөнiс дақылдарының iшiндегi қоректiк элементтердi капуста көп, қызанақ, сәбiз, пияз орташа, ал қияр, шалғам аз мөлшерде пайдаланады. Тағы ескеретiн жай - көкөнiс дақылдарының жеке қоректiк элементтердi сiңiру дәрежесi бiрдей емес. Мысалы, сәбiз, асханалық қызылша‚ пияз капустамен салыстырғанда азотты аз мөлшерде сiңiредi. Қызанақ‚ бұрыш‚ баклажан басқа көкөнiс дақылдарына қарағанда фосфор элементiн көп қажет етедi.

Көкөнiс дақылдарының күлiнiң 60%-тi калий элементiнiң үлесiне тиедi. Калий көмiрсу‚ амин қышқылдары‚ ақуыз сияқты органикалық заттардың синтезделуiне қатысады. Көпшiлiк көкөнiс дақылдары жапырағындағы калий мөлшерi 1‚5%-тен төмендегенде оны қажетсiнедi. Ал калий мөлшерi 2‚5% немесе одан көп болса калийдi қажетсiнбейдi. Басқа көкөнiс дақылдарымен салыстырғанда тамыржемiстiлер мен қияр калийдi көп қажет етедi.

Көкөнiс дақылдарының топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясына төзiмдiлiгi бiрдей емес. Капуста‚ асханалық қызылша‚ қызанақ дақылдарының топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясына төзiмдiлiгi қияр мен пиязға қарағанда жоғары. Көкөнiс дақылдары үшiн топырақ ерiтiндiсiнiң ең қолайлы концентрациясы 0‚02-0‚05%.

Көкөнiс дақылдары өздерiнiң биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес қоректiк заттарды әртүрлi мөлшерде пайдаланады (109кесте).

109-кесте. Көкөнiс дақылдарының қоректiк заттарды пайдалануы.

Дақыл

100 ц өнiмнiң пайдалануы‚ кг

 

Арақатынасы

 

N

P2O5

K2O

N

 

P2O5

K2O

Қызанақ

30

12

42

2,5

 

1

3,5

Қияр

30

12

52

2,5

 

1

4,3

Ақ қауанды капуста

40

10

50

4,0

 

1

5,0

Пияз

37

10

40

3,7

 

1

4,0

Сәбiз

33

11

55

3,0

 

1

5,0

Асханалық қызылша

40

9

85

4,4

 

1

9,4

Шалғам

50

14

54

3,6

 

1

3,9

Қауын

35

12

50

2,9

 

1

4,2

Қарбыз

42

12

50

3,5

 

1

4,2

382

Көкөнiс дақылдарының қоректiк элементтердi пайдалануы жөнiндегi 109-кестеде келтiрiлген деректер жергiлiктi жағдайды және топырақ ерекшелiктерiн ескере отырып, тыңайтқыш мөлшерiн белгiлеуде мiндеттi түрде негiзге алынуы тиiс.

8.6.1. АҚ ҚАУДАНДЫ КАПУСТАНЫ ТЫҢАЙТУ

Ақ қауданды капустаның ерекшелiгi - қысқа мерзiм iшiнде көп мөлшерде органикалық заттар түзетiн және қоректiк заттарды қарқынды пайдаланатын өсiмдiк. Оның көшетi егiстiкке отырғызылған соң алғашқы айында баяу өседi және шамамен 8‚5% азот‚ 6‚7% фосфор және 7‚5% калий пайдаланады (Журбицкий‚ 1963). Ал бас жарған кезде өзiнiң өсiп-жетiлуi кезiнде қажет болатын азот‚ фосфор‚ калийдiң 85%-ын пайдаланады.

Қазақ ғылыми-зерттеу картоп-көкөнiс шаруашылығы институтының суармалы ашық қара қоңыр топырақта жүргiзген көпжылдық тәжiрибесiнiң қорытындысы бойынша тыңайтқыш мөлшерi артқан сайын капуста өнiмi де өседi. Мысалы‚ гектарына

N60-100P60K45-60 бергенде оның өнiмi 44 пайызға‚ N90-150P60-90K70-100 қолданғанда 64 пайызға жоғарылаған.

Капустаға органикалық тыңайтқыш қолдану оның өнiмiнiң көбеюiне және тезiрек пiсуiне әсер етедi. Әсiресе көңге қосымша азот және шамалы мөлшерде фосфор қосып беру өте тиiмдi. Сол сияқты капустаны көң берiлген алғы дақылдан соң отырғызу да оның өнiмiнiң артуына жақсы әсер етедi.

Капуста өнiмiнiң сапасының жақсаруына микроэлементтердiң пайдасы үлкен. Мысалы‚ мырыш әсерiнен капуста өз бойына аскорбин қышқылын көп жинайды. Бор қолдану оның қанттылығын арттырады.

Жалпы капуста өсiмдiгiне қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi оның сортына‚ өнiм шамасына‚ топырақтағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң мөлшерiне және топырақ типiне байланысты (110-кесте).

8.6.2. ҚЫЗАНАҚТЫ ТЫҢАЙТУ

Қызанақ қоректiк элементтермен толық қамтамасыз етiлетiн болса өте мол өнiм бередi. Қызанақ көшетiн отырғызарда аз мөлшерде шiрiген көң берген дұрыс. Жетiле келе азот‚ фосфор тыңайтқыштарымен үстеп қоректендiру керек. Алғашқы үстеп қо-

383

ректендiруде гектарына 20-30 кг‚ кейiңгi жолы үстеп қоректендiруде 30-40 кг азот бередi. Жемiс сала бастағанда қызанақ фосфор мен калийдi көп сiңiредi. Қызанаққа минералдық тыңайтқышты көңмен ұштастырып қолдану пайдалы. Ол үшiн көңнiң жылдық мөлшерiн толық‚ фосфордың жылдық мөлшерiнiң 80%-тiн‚ калийдiң жылдық мөлшерiнiң 50-60%-ын күзде‚ ал азоттың жылдық мөлшерiн толық‚ фосфор мен калийдiң қалған мөлшерiн үстеп қоректендiру үшiн пайдаланады. Жалпы тыңайтқыш әсерi топырақтағы қоректiк заттардың шамасына байланысты болады (110-кесте). Қара топырақ жағдай-ында қызанақ дақылына фосфор тыңайтқышын (Р20-30) қолдану тиiмдi. Қара қоңыр‚ боз топырақта өсiрiлетiн қызанаққа гектарына N15P30K10 еңгізу керек. Қызанақ өсiмдiгiне бор‚ мыс‚ молибден си-яқты микроэлементтердiң тұздарының 0‚01-0‚02%-тiк ерiтiндiлерiн гүлдеу кезеңiнiң аяғында тамырдан тыс үстеп қоректендiру өнiм сапасының жақсаруына әсер етедi.

8.6.3. ҚИЯРДЫ ТЫҢАЙТУ

Қиярдың тамыр жүйесi негiзiнен топырақтың беткi қабатында орналасқандықтан ондағы қоректiк заттарды өте тиiмдi пайдаланды. Вегетациялық дәуiрiнiң басында азотпен қоректенуiнiң жақсаруы қияр жапырақтарының жылдам өсiп-жетiлуiне‚ ал фосформен жеткiлiктi дәрежеде қамтамасыз болуы оның дер кезiнде гүлдеуiне әсер етедi. Қияр өсiмдiгi өзi сiңiрген қоректiк элементтердiң басым көпшiлiгiн (55-60% азот пен фосфор‚ 60-78% калий) жемiс түзу үшiн пайдаланады. Қиярдың бiр ерекшелiгi – органикалық тыңайтқыш бергендi ұнатады. Көң‚ тағы басқа органикалық тыңайтқыштар қолдану топырақтағы микробиологиялық процестердi күшейтедi де, көмiрқышқыл газы көп бөлiнедi. Қиярдан ең жоғары өнiмдi көң мен минералдық тыңайтқыштардың шамалы мөлшерiн бiрге қолдану арқылы алуға болады. Мұнда көң‚ фосфор‚ калий тыңайтқыштарын күзде берген дұрыс. Бiрiншi үстеп қоректендiруде 20-30 кг азотты 3-4 нағыз жапырақ пайда болғанда бередi. Содан соң азотпен үстеп қоректендiрудi әрбiр суару алдында жүргiзедi. Сол уақытта қияр мол‚ әрi ұзақ уақыт өнiм бередi. Қиярға молибден‚ марганец сияқты микроэлементтердi қолдану оның өнiмiнiң сапасын жақсартады.

Түрлi топырақ жағдайында қиярға қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi 110-кестеде көрсетiлген.

384

110-кесте. Көкөнiс дақылдарына арналған минералдық тыңайтқыштардың жылдық мөлшерi (топырақтың фосфор, калиймен қамтамасыз етiлу деңгейi орташа, әсерлi зат, кг/га).

Дақылдар

Жоспарланған

 

Қара топырақ

 

Қара қоңыр топырақ

 

Боз топырақ

 

өнiм, ц/га

N

 

P2O5

K2O

N

P2O5

K2O

N

 

P2O5

K2O

Ерте пiсетiн капуста

300-400

80-100

 

70-90

110-120

90-120

60-70

110-120

120-140

 

50-60

110-120

Кеш пiсетiн капуста

400-500

100-120

 

80-100

120-130

130-160

80-100

120-130

160-180

 

80-100

120-130

Қызанақ

300-400

70-80

 

130-140

60-70

80-90

130-140

60-70

120-150

 

120-130

45-60

Қияр

200-250

50-80

 

40-50

40-50

90-100

60-70

30-40

110-120

 

50-60

25-30

Сәбiз

250-300

50-80

 

70-80

30-40

80-90

60-70

30-40

90-100

 

60-70

30-40

Асханалық қызылша

300-400

60-90

 

70-80

60-70

100-120

70-80

60-70

120-140

 

70-80

50-60

Пияз

200-250

30-45

 

45-60

45-60

45-60

60-70

45-60

70-90

 

45-60

45-60

385

8.6.4. СӘБIЗ‚ ПИЯЗ ТЫҢАЙТУ

Сәбiз бен пияздың басқа көкөнiс дақылдарынан өзгешелiгi - олардың өнiмi жер астында болады. Бұл көкөнiс дақылдары агротехникалық шараларды тиiмдi қолданса гектарынан 500-600 центнерге дейiн өнiм бередi.

Пияз бен сәбiздiң топырақтағы қоректiк заттарды пайдалануының өзiндiк ерекшелiгi бар. Сондықтан оларға бастапқы кезде азотты көбiрек беру керек‚ ал өнiм салуының соңғы кезiнде азот қолдануды азайтып‚ фосфор мен калий берудi күшейткен дұрыс. Фосфор мен калий пияз бен сәбiздiң тез пiсiуiне‚ сапасының жақсы болуына‚ қыста жақсы сақталуына көмектеседi. Пияз органикалық тыңайтқышты бергендi ұнатады‚ ал сәбiзге оны қолданудың қажетi жоқ. Органикалық тыңайтқыштан толық шiрiген көңдi пайдаланған дұрыс. Пиязға көң мен минералдық тыңайтқышты бiрге пайдалану өте тиiмдi. Ол үшiн көң мен калийдiң жылдық мөлшерiн толық‚ азоттың 40-50‚ фосфордың 75-80 пайызын күзде бередi. Ал азот пен фосфордың қалған бөлiгiн үстеп қоректендiруге пайдалану керек.

Сәбiз өзiнен бұрынғы дақылдарға берiлген органикалық тыңайтқыштың қоректiк заттарын жақсы пайдаланады. Бұл жағдайда оған фосфор мен калий тыңайтқыштарын көбiрек берген дұрыс.

Пияз бен сәбiзге микроэлементтер де жақсы әсер етедi. Қазақ ғылыми-зерттеу картоп және көкөнiс шаруашылығы институтының деректерiне қарағанда пиязды өсiп тұрған кезiнде 0‚01-0‚05 пайыздық молибден‚ марганец және бор микроэлементтерiнiң ерiтiндiсiмен тамырдан тыс үстеп қоректендiргенде оның өнiмi 18‚1- 38‚7 центнерге артқан.

Топырақ ерекшелiктерiне байланысты пияз және сәбiз көкөнiс дақылдарына қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi түрлiше болады (110-кесте).

Көкөнiс ауыспалы егiс дақылдарының тыңайту жүйесiн құрғанда олардың топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясының‚ топырақ реакциясының‚ жеке көкөнiс дақылдарына көңнiң‚ минералдық тыңайтқыштардың түрi мен формасының әсерiн және органикалық‚ минералдық тыңайтқыштарды бiрге қолдану тиiмдiлiгiн тағы басқа жағдайларды ескеру керек. Мысалы‚ аммоний селитрасы мен

386

мочевина көкөнiс дақылдарына жақсы әсер етедi. Бiрақта калий селитрасы олар үшiн жан-жақты әсер ететiн тыңайтқыш. Ал суперфосфат басқа фосфор тыңайтқыштарымен салыстырғанда мол өнiм бередi. Қияр‚ сәбiз‚ пияз сияқты дақылдарға калий сульфаты хлорлы калийге қарағанда күштi әсер етедi. Асханалық қызылша‚ қызанақ‚ капуста сияқты өсiмдiктерге құрамында натрий элементi бар калий тыңайтқыштарын пайдалану олардың өнiмiнiң сапасын жақсартады. Әсiресе, көкөнiс ауыспалы егiс дақылдарына органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бiрге немесе ұштастырып қолдану өте тиiмдi. Қазақ ғылыми-зерттеу картоп және көкөнiс шаруашылығы институты Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiкшығыс аймақтарында көкөнiс ауыспалы егiс дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесiнiң мынадай үлгiсiн ұсынады (111‚112кестелер).

111-кесте. Сегiз танапты көкөнiс ауыспалы егiс дақылдарын тыңайту жүйесi.

Ауыспалы егiз дақылдары

Көң‚

Минералдық тыңайтқыштар‚ кг/га

 

т/га

Негiзгi

Тұқымды

Үстеп

 

 

тыңайту

себу

қоректендiру

 

 

 

кезiнде

 

 

 

 

тыңайту

 

Астық дақылдары жабынды

 

 

 

 

сында себiлген жоңышқа

-

N45P75K45

P15

N50

Жоңышқа

-

-

-

-

Қызанақ

-

P60K60

N30P30

N50P30K30

Қияр

30

P45

-

N70P15

Капуста

-

P30K45

N60P20

N60P20K20

Картоп

30

P45K30

N30P15

N35P15

Асханалық тамыржемiстiлер

-

P45K40

N30

N35P15

112-кесте. Суармалы ашық қара қоңыр топырақта орналасқан көкөнiс ауыспалы егiсiн тыңайту жүйесi.

Ауыспалы егiс

Көң

Минералдық тыңайтқыштар (кг/га, әсерлi зат)

дақылдары

 

Негiзгi тыңайту

Тұқымды себу

Үстеп

 

 

 

кезiнде

қоректендiру

Картоп

-

N35P105K60

N15P15

N30

Кеш пiсетiн капуста

30

N40P40K60

N30P20

N30

Қызанақ

-

N60P90K60

P30

-

Ерте пiсетiн капуста

-

P40K45

N60P20

-

Пияз

-

-

-

 

387

Бұл тыңайту жүйесi экологиялық жағынан таза‚ мол өнiм алуды қамтамасыз етедi.

8.6.5. ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСIРIЛЕТIН КӨКӨНIС ДАҚЫЛДАРЫН ТЫҢАЙТУ

Жылыжайда өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарынан өте мол өнiм алуға болады. Сондықтан олардың қоректенуiн реттеудiң маңызы үлкен.

Жылыжайдағы көкөнiс дақылдарына құрамында өсiмдiк пайдаланбайтын немесе өте аз мөлшерде пайдаланатын SO42-‚ Na+ иондары болмайтын жоғары концентрлi және өсiмдiкке зиянды әсер ететiн хлор‚ мышьяк‚ биурет сияқты қоспалар кездеспейтiн тыңайтқыштарды қолдану пайдалы. Тыңайтқышты топырақ типi мен топырақ ерiтiндiсiнiң реакциясына қарай қолданған дұрыс.

Жылыжайда өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарына ең қолайлы саналатын тыңайтқыштарға аммофос‚ диаммофос‚ нитроаммофос‚ мочевина‚ аммоний селитрасы‚ калий сульфаты‚ калий селитрасы жатады. Алайда мочевина құрамында биурет 0‚2-1%-тен жоғары болмауы керек.

Жылыжай көкөнiс өсiмдiктерiнiң азот және калий тыңайтқыштарының құрамындағы осы элементтердi пайдалану коэффициентi 70-80%. Фосфор тыңайтқышының құрамындағы фосфорды пайдалану коэффициентi 30-40%.

Жылыжайда өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарына құрамы әртүрлi топырақ пайдаланылады. Қазақстан жағдайында негiзiнен аймақтық топырақтар (қара‚ қара қоңыр‚ боз) қолданылады. Бұл топырақтардың рН-6‚8-8‚0 тең. Қара топырақта 10%‚ боз топырақта 3%-ке дейiн органикалық заттар болады. Сiңiру комплексiндегi катиондардың 70-80%-ы кальций‚ 20-30%-ы магний үлесiне тиедi. Дегенiмен бұл топырақтардың жеке өздерiн қолдану арқылы мол өнiм алу мүмкiн емес, өйткенi жылыжайға арналған топырақтың су өткiзгiштiгi жақсы‚ суды ұстап тұрушылық және сiңiру қабiлетi жоғары болуы тиiс. Сонымен қатар, құрамында ауру тудыратын зиянкестер болмауы керек. Топырақтың қатты‚ сүйық‚ газ бөлiктерiнiң арақатынасы 1:1:1 болғанда өсiмдiктiң өсiп-дамуына ең қолайлы жағдай жасалынады. Топырақ құрамындағы ауа 15- 20%-дан аз болмауы керек. Жылыжай топырағының физикалық‚

388

агрохимиялық қасиеттерi негiзiнен құрамындағы органикалық заттардың мөлшерiне қарай бағаланады (113-кесте).

Топырақтың көлемдiк массасы 1г/см3 төмен болғаны дұрыс. Топырақтың агрофизикалық қасиеттерiн жақсарту үшiн оған полимерлер‚ тураған сабан‚ ағаш үгiндiсiн қосуға болады.

113-кесте. Жылыжай топырағын құрамындағы органикалық заттардың мөлшерiне қарай топтастыру.

Топырақ құрамындағы органикалық

Қамтамасыз етiлу деңгейi

заттардың мөлшерi‚ %

 

<15

Төмен

16-30

Орташа

31-45

Қолайлы

46-60

Көтерiңкi

60

Жоғары

>60

Өте жоғары

Топырақтағы тұздардың шектi концентрациясы құрамындағы органикалық заттың мөлшерiне байланысты және мына формуламен анықталады:

П = C 2 +15 ;

100

мұнда‚

П- тұздардың шектi концентрациясы‚ %;

С- органикалық заттың мөлшерi‚ %.

Топырақтағы хлордың шектi мөлшерi қызанақ үшiн 0‚024%‚ қияр үшiн 0‚007%-дан аспауы керек. Жылыжайға арналған топырақтың 1 килограмында бор (су cүзiндiсi) - 1мг-нан‚ марганец (0‚1н H2SO4) – 300 мг-нан‚ мыс (0‚1н HСl) – 8 мг-нан‚ мырыш және кобальт (0‚1н HNO3) - 6 мг-нан‚ молибден (Григ бойынша) 0‚5 мгнан жоғары болмауы тиiс.

Жылыжайда өсiрiлетiн өсiмдiктiң қоректенуiн дұрыс реттеу аса жауапты болып саналады.

Азот‚ калий‚ магний элементтерiнiң қолайлы мөлшерiн топырақ құрамындағы органикалық заттың шамасы бойынша мына формулалар көмегiмен есептейдi:

389

N =

C 2 +15

;

K2O =

C 2 +15

;

MgO =

C 2 +15

;

 

 

 

3

 

1,5

 

5

 

мұнда‚

N, K2O, MgO - 100 г. топырақ құрамындағы азот‚ калий‚ магний элементтерiнiң қолайлы мөлшерi‚ мг;

С - топырақ құрамындағы ораганикалық заттың мөлшерi‚ %.

114-кесте. Жылыжай топырағын жылжымалы фосфор мөлшерiне қарай топтастыру.

100 г топырақ құрамындағы

Топырақтың жылжымалы фосформен

жылжымалы фосфор мөлшерi‚ мг

қамтамасыз етiлу деңгейi

< 2

Төмен

2-4

Қолайлы деңгейден төмен

4-6

Қолайлы

6-8

Көтерiңкi

> 8

Жоғары

115–кесте. Жылыжайда өсiрiлетiн қияр мен қызанақ дақылдарына арналған минералдық тыңайтқыштардың мөлшерi‚ г/м2 (әсерлi зат).

Топырақтың

 

 

Қияр

 

 

 

 

Қызанақ

 

 

қоректiк

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

элемент

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

термен қамтама

N

P2O5

K2O

CaO

MgO

N

P2O5

 

K2O

 

CaO

MgO

сыз етiлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

деңгейi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолайлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

деңгейден

8-17

23-45

13-26

10-20

5-8

19-25

23-45

 

57-78

 

20-30

15-25

төмен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолайлы

0-8

0-23

0-13

0-10

0-5

13-19

0-23

 

39-57

 

15-20

10-15

Көтерiңкi

-

-

-

-

-

6-13

-

 

18-39

 

10-15

5-10

Жоғары

-

-

-

-

-

0-6

-

 

0-18

 

-

0-5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негiзгi тыңайтуға арналған қоректiк элементтердiң мөлшерiн 115-кесте бойынша белгiлейдi. Негiзгi тыңайтқыш берiлген соң топырақтағы тұздардың жалпы мөлшерiн анықтайды. Егер олардың концентрациясы шектi мөлшерден жоғары болса топырақты қаныққанша сумен суару керек.

Жылыжайдағы көкөнiс дақылдарының көшетiн 4-5 апта өткен соң үстеп қоректендiредi. Үстеп қоректендiруге арналған минерал-

390