Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Қант қызылшасына тиiмдi әсер ететiн тыңайтқыштарға аммоний селитрасы, мочевина, аммофос, диаммофос, суперфосфат‚ 40-пайыздық калий тұзы жатады.

Қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерiн жоғарылатуда бор, мырыш микроэлементтерi жақсы әсер етедi.

Мысалы, бор жетiспесе қызылша тамыры “өзек ауруы” деп аталатын ауруға шалдығады.

Гектарына 50-10 кг мырыш қолданғанда қант қызылшасының ауруға төзiмдiлiгi жоғарылап, қанттылығы 1,5-2 пайызға артады.

Мырышты қант қызылшасы тұқымын өңдеу үшiн де пайдаланады. Ол үшiн 1 ц тұқымға 1-1,5 кг күкiрт қышқыл мырыш тұзының ерiтiндiсiн бүркедi.

Мырыш тыңайтқышы қызылша өнiмiн 14-40 центнерге дейiн жоғарылатады.

Сонымен қызылша ауыспалы егiсiнде тыңайтқыштарды жүйелi қолдану барлық дақылдардан мол өнiм жинауға мүмкiндiк бередi.

8.2.2. КАРТОП ДАҚЫЛЫН ТЫҢАЙТУ

Картоп аса маңызды тағамдық және малазықтық дақылдар қатарына жатады. Бұл дақыл негiзiнен оңтүстiк облыстарында суармалы жерлерінде, ал солтүстiк аймақтарда тәлiмi жерлерінде өсiрiледi. Картоп қоректiк элементтердiң iшiнен калийдi көп пайдаланады, екiншi орында азот, одан соң фосфор.

Әрбiр қоректiк заттың өнiм түзуде өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы картоптың жер бетiндегi мүшелерiнiң жақсы өсуiне әсер етедi. Картоп фосфорды вегетациялық дәуiрiнде үздiксiз сiңiредi, әсiресе оның өсу кезеңiнiң екiншi жартысына қолдану түйнектiң түзілуiн тездетедi.

Калий әсерi түйнек салу кезеңiнде басталады. Бұл кезеңде топырақта калий неғұрлым көп болса, түйнекте крахмал түзілуi жақсы өтедi, картоп сапасы артады. Жоғары агротехниканы қолданып өсiрiлген картоптың 100 ц түйнегiнде және сондай мөлшердегi жапырағы мен сабағында 50-70 кг азот, 15-20 кг фосфор, 60-80 кг калий болады.

Картоп топырақта қоректiк заттардың мол болуын қалайды. Республиканың барлық топырақ аймағында тыңайтқыш қолдану картоп өнiмiнiң артуына ойдағыдай әсерiн тигiзедi.

371

Оңтүстiк аймақта боз топыраққа еңгізiлген азот орта есеппен гектарынан 46 ц, фосфор-60 ц, калий-14 ц, минералдық тыңайтқыштың толық мөлшерi (NРK) 133 ц қосымша өнiм бердi. Қара топырақты егiсте тиiсiнше - 40, 30, 20 және 62 ц қосымша өнiм алынды.

Мұнан Қазақстан жағдайында азот пен фосфор қолдану картоп өнiмдiлiгiне күштi әсер ететiнiн көремiз.

Картоп дақылына қолданылатын тыңайтқыш нормасы алғы дақыл ерекшелiгiне де байланысты. Отамалы және көкөнiс дақылдарынан соң картоп егiлетiн топыраққа азот тыңайтқышын көбiрек, ал фосфор мен калийдiң жылдық мөлшерiн 20-30 пайызға азайтқан дұрыс.

Егер картоп бақша дақылдарынан немесе сүрлемдiк жүгерiден кейiн отырғызылатын болса, қолданылатын минералдық тыңайтқыш мөлшерiн 15-20 пайызға арттыру керек.

Картоп дақылына бор, мырыш, марганец, микроэлементтерiн қолдану өнiм сапасының жақсаруына көмектеседi.

Гектарынан 150-200 ц өнiм жинау үшiн қара топырақты аймақтағы тәлiмi жерде таза парға егiлетiн картопқа азоттың ең тиiмдi мөлшерi N40 болып саналады. Егер топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшерi төмен болса Р60-7045-55, жоғары болса Р25-30К15-25 қолданған жөн.

Азот тыңайтқышының мөлшерiн күңгiрт қара қоңыр топырақ жағдайында 70-90 килограммға дейiн, ашық қара қоңыр топырақта 90-100 кг дейiн жеткiзу керек.

Қара қоңыр топыраққа берiлетiн фосфор және калий тыңайтқыштарының мөлшерi оның құрамындағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшерiне қарай өзгередi. Ал топырақтың осы элементтермен қамтамасыз етiлу деңгейi орташа болғанда Р70-80К60-70 берген дұрыс.

Қоректiк заттардың мөлшерi жоғары болса фосфор, калий тыңайтқыштарының мөлшерiн 30 пайызға азайтады, керiсiнше, қамтамасыз етiлу деңгейi төмен болса тыңайтқыш мөлшерiн 30 пайызға арттырады.

Суармалы жерлерден гектарынан 200-300 ц өнiм жинау үшiн қара топыраққа 90-100 кг, қара қоңыр топыраққа 120-150 кг, боз топыраққа 150-180 кг азот берiледi. Фосфор мен калий мөлшерi

372

топырақтағы осы элементтердiң мөлшерiне байланысты 40-140 кг болуы керек (100-кесте)

Қазақ ғылыми-зерттеу картоп және көкөнiс шаруашылық институты ашық қара топыраққа Р120 еңгізгенде гектарынан 38,2 ц, N80Р120 бергенде 54,5 ц, ал N80Р120К60 қолданғанда 83,6 ц қосымша өнiм жинады. Картопқа органикалық тыңайтқыш жақсы әсер етедi.

100-кесте. Суармалы жерлерге егiлетiн картоптан жоспарланған өнiм алуға арналған тыңайтқыштың жылдық

мөлшерi ( әсерлi зат), кг/га.

Топырақ

Топырақтағы

 

 

 

Өнiм, ц/га

 

 

 

Р2О5 мен К2О

 

100-150

 

 

200-300

 

 

деңгейi

 

 

 

 

 

 

 

 

N

 

P2O5

K2 O

N

P2O5

K2 O

 

 

 

Кәдiмгi және

Төмен

60

 

100

60

90

120

90

шабынды қара

Орташа

60

 

80

30

90

90

60

топырақ

Жоғары

60

 

40

-

90

60

40

Қарашiрiгi аз

Төмен

70

 

100

70

100

110

100

оңтүстiк қара

Орташа

70

 

80

50

100

90

80

топырақ

Жоғары

70

 

40

30

100

50

60

Күңгiрт қара қоңыр

Төмен

80

 

90

100

120

110

120

және шабынды қара

Орташа

80

 

70

70

120

90

90

топырақ

Жоғары

80

 

30

40

120

50

60

Ашық қара қоңыр

Төмен

110

 

90

100

150

100

140

және қоңыр

Орташа

110

 

70

70

150

70

100

топырақ

Жоғары

110

 

30

40

150

40

70

Боз және құба

Төмен

130

 

90

60

180

110

90

қоңыр топырақ

Орташа

130

 

70

40

180

90

70

 

Жоғары

130

 

30

-

180

50

50

Аллювилi

Төмен

100

 

120

100

130

140

140

шабынды,

Орташа

100

 

90

70

130

100

100

шалғынды топырақ

Жоғары

100

 

40

40

130

60

70

Картоп өнiмiн молайтуда органикалық тыңайтқыш қолданудың да маңызы үлкен. Көңдi 20-30 т мөлшерiнде күзде берген дұрыс. Әсiресе, көңдi картоп-көкөнiс ауыспалы егiсiнде минералдық тыңайтқыштармен ұштастырып пайдалану жақсы нәтиже бередi (101,102-кестелер).

101-кесте. Картоп ауыспалы егiсiне арналған тыңайтқыштың мөлшерi ( таулы суарылмайтын аймақ).

Дақыл

Минералдық тыңайтқыштар

Көң, т/га

 

 

(әсерлi зат) кг/га

 

 

 

N

 

P2O5

 

K2O

 

373

Бiр жылдық бұршақ дақылы

30

90

60

-

Картоп

60

60

60

-

Көкөнiс (капуста, сәбiз, қызылша)

60-120

60-90

60-80

-

Картоп

60

60

-

20-30

Қазақ ғылыми-зерттеу картоп және көкөнiс шаруашылық институты қара қоңыр топыраққа гектарына 25 тонна жартылай шiрiген көң пайдаланғанда өнiм 45 центнерге артқан.

Картопқа тыңайтқыштарды қолданудың тиiмдi тәсiлi - көң‚ фосфор‚ калийдiң барлық мөлшерiн‚ азоттың жылдық мөлшерiнiң 50-70% күзде‚ ал азоттың қалғанын дақылдың шабақтану кезiнде үстеп қоректендiру болып саналады.

102-кесте. Ауыспалы егiсте суармалы қара қоңыр топырақ жағдайында картоптан гектарына 200-300 ц өнiм алуға арналған тыңайтқыштардың мөлшерi.

Дақыл

Минералдық тыңайтқыштар

Көң, т/га

 

(әсерлi зат), кг/га

 

 

N

P2O5

K2O

 

Астық дақылы мен жамылғы шөп

20-30

90-120

60-90

-

Көпжылдық шөп

-

-

-

-

Көпжылдық шөп

-

-

-

-

Картоп

60-90

60-90

60-90

-

Картоп

80-100

30-60

-

20-30

Карбонатты қара қоңыр және боз топырақтарда мырыштың жылжымалы түрi жеткiлiксiз болатындықтан күкiрт қышқыл мырыш пайдалану картоп түсiмiн 13-20 пайызға жоғарылатады. Ол үшiн тұқымдық материалды 0,3 пайыздық күкiрт қышқыл тұзының судағы ерiтiндiсiмен өңдеудi (1 тонна тұқымдық материалға 50 литр есебiнде) немес осы тұздың 0,2 пайыздық ерiтiндiсiмен шабақтану алдында тамырдан тыс үстеп қоректендiредi (1 га егiске 1000-1200 литр ерiтiндi жұмсалады).

8.3. Малазық дақылдарды тыңайту

Мал азықтық екпе шөптер мен табиғи жайылымдықтардың өнiмiн көтеру үшiн түрлi агротехникалық шаралар қолданылады. Солардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi -тыңайтқыштарды тиiмдi пайдалану. Бiржылдық астық тұқымдас шөптердiң iшiнде судан шөбi - ең бағалы малазықтық өсiмдiк. Оның 100 кг шөбiнде орта

374

есеппен 55 малазықтық бiрлiк және 56 кг қорытылатын протеин болады. Судан шөбiнiң бiр тонна құрғақ массасының құрамында 15 кг азот, 5 кг фосфор және 34 кг калий бар. Бұл шөптiң өнiмiне азот және фосфор едәуiр әсер етедi (103-кесте).

103-кесте. Азот тыңайтқышының судан шөбiнiң балаусасы өнiмiне әсерi (Қазақ ұлттық аграрлық университетінің агрохимия және топырақтану кафедрасының мәлiметi), ц/га.

Тәжiрибе

1 кг топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор

варианттары

 

мөлшерi, мг

 

 

18-23

27-31

39-44

48-50

Азотсыз

379

409

382

413

N60

449

447

466

446

N120

548

537

574

508

N180

650

624

642

651

Жүргiзiлген зерттеулерге қарағанда бұл дақылдың өнiмiн және сапасын көтеру үшiн алғы дақылға 100-120 кг фосфор мен калий қолданып, судан шөбiне 120-180 кг азот берген дұрыс. Мұндай тыңайту жүйесi гектарынан 55-650 ц көк балауса жинауды қамтамасыз етедi.

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер бiр орында үш-төрт жыл бойы өсiрiлгенде топырақта гектарына 150-300 кг азот жиналады.

Жоңышқаның бiр тонна шөбiнiң құрамында 25 кг азот, 4,9 кг фосфор, 35 кг калий болады.

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер топырақта фосфор мен калийдiң мол болуын қалайды. Ал азот оларға өте аз мөлшерде қажет болады.

Республиканың әртүрлi аймағында өсiрiлетiн көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерден мол өнiм алу үшiн бiр кг топырақта жылжымалы фосфор мөлшерi 30-32 мг болуы керек (104-кесте).

104-кесте. Тыңайтқыштың жоңышқа шөбiнiң өнiмiне әсерi (Қазақ ұлттық аграрлық университетінің агрохимия және топырақтану кафедрасының мәлiметi).

Топырақтың жылжымалы

Тыңайтқыш мөлшерi,

Үш

Қосымша

фосформен қамтамасыз

кг/га (әсерлi зат)

жылдағы

өнiм,ц/га

етiлу деңгейi, мг/кг

 

өнiм, ц/га

 

Төмен (18-20)

Тыңайтқышсыз

360

-

 

Р270К180

545

185

375

 

 

N180P270K180

 

555

 

195

 

Орташа (30-35)

 

Тыңайтқышсыз

 

415

 

-

 

 

 

P180K180

 

535

 

120

 

 

 

N180P180K180

 

560

 

145

 

 

 

P270K180

 

540

 

125

 

Көтерiңкi (40-45)

 

Тыңайтқышсыз

 

450

 

-

 

 

 

P90K180

 

540

 

90

 

 

 

N180P180K270

 

570

 

120

 

 

 

K180

 

511

 

61

 

Жоңышқа калий

элементiн

жақсы көретiн

өсiмдiк.

Гектарына 60 кг есебiнде калий қолдану өнiмдi 8-11%-ке арттырады. Калийдiң жылдық мөлшерi 100-270 кг/га аралығында болуы керек. Фосфор мен калийдiң жылдық мөлшерiн сүдiгер жыртар алдында бередi. Екiншi және үшiншi жылы өсiп тұрған көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерге фосфор мен калий тыңайтқыштарын қолданудың қажетi жоқ. Тұқымды себу кезiнде гектарына 20-30 кг фосфор тыңайтқышын пайдаланудың маңызы зор, өйткенi ол өсiмдiктiң тамырының тез өсуiне, тереңдеуiне көмектеседi.

105-106-кестелерде шалғынды-қара қоңыр, боз топырақтарға орналасқан малазықтық ауыспалы егiс дақылдарын тыңайту жүйесi берiлген.

105-кесте. Шалғынды-қара қоңыр топырақта орналасқан малазықтық ауыспалы егiс дақылдарына тыңайтқыш

қолдану жүйесiнiң үлгi схемасы.

Ауыспалы

Топырақтың

Жоспар

Тыңайт

Оның iшiнде берiледi

егiс

жылжымалы

лан

қыштың

Сүдiгер

Тұқым

Үстеп

дақылдары

фоформен

ған

жылдық

жыртар

ды себу

қоректен

 

қамтамасыз

өнiм,

мөлшерi,

алдында

кезiнде

дiруге

 

етiлу

ц/га

кг/га

 

 

 

 

деңгейi.

 

(әсерлi зат)

 

 

 

Арпа +

Төмен

45+70

N60P270K180

N60P240K180

P30

-

жоңышқа

Көтерiңкi

45+70

N60P90K180

N60P90K180

-

-

 

Жоғары

45+70

N60K180

N60K180

-

-

Жоңышқа

Төмен

120

-

-

-

-

 

Көтерiңкi

125

-

-

-

-

 

Жоғары

130

-

-

-

-

Жоңышқа

Төмен

120

-

-

-

-

 

Орташа

125

P60

-

-

P60

 

Көтерiңкi

130

-

-

-

-

Малазықтық

Төмен

895

N270P150K90

N180P120K90

P30

N90

қызылша

Көтерiңкi

1012

N270P50K90

N180P50K90

-

N90

376

 

Жоғары

1012

N270K90

N180K90

-

N90

Сүрлемдiк

Төмен

811

N180P150K60

N110P120K60

N10P30

N60

жүгерi

Орташа

843

N180P100K60

N110P70K60

N10P30

N60

 

Көтерiңкi

850

N180P100K60

N110P70K60

N10P30

N60

Судан шөбi

Төмен

600

N180P20

N120

P20

N60

(балауса)

Орташа

630

N180P20

N120

P20

N60

 

Жоғары

650

N180

N120

 

N60

106-кесте. Гранулометриялық құрамы жеңiл боз топырақта орналасқан малазық ауыспалы егiс дақылдарына тыңайтқыш

қолдану жүйесiнiң үлгi схемасы.

 

Топырақтың жылжымалы фосформен қамтамасыз етiлу деңгейi

 

Тыңайтқыштың жылдық мөлшерi, кг/га (әсерлi зат)

Өнiм iшiнде берiледi

Ауыспалы егiс дақылдары

Жоспарланған өнiм, ц/га

Топырақ жыртар алдында

Тұқым себер алдында культивациялауға

Үстеп қоректендiруге

 

 

 

 

 

 

 

Арпа +

Төмен

25-30 (арпа)

N90P180K180

P180K180

N90

-

жоңышқа

 

 

 

 

 

 

Жоңышқа

Жоғары

250-280

 

 

 

 

 

 

(жоңышқа)

 

 

 

 

Жоңышқа

Жоғары

320360

 

 

 

 

 

 

(жоңышқа)

 

 

 

 

Арпа + жүгерi

Төмен

25-30 (арпа)

N120P180K120

P180K120

N60

N60

 

Жоғары

300-350

N120P120K120

P120K120

N60

N60

 

 

(жүгерi)

 

 

 

 

Сорго

Төмен

600-650

N90P180K120

P180K120

N60

N30

 

Жоғары

650-700

N90P180K120

P180K120

N60

N30

Сорго

Төмен

600-650

N90P120K120

P120K120

N60

N30

 

Жоғары

650-700

N150P90K150

P90K150

N90

N60

 

 

 

 

 

 

 

8.4. Майлы дақылдарды тыңайту

8.4.1.КҮНБАҒЫС ДАҚЫЛЫН ТЫҢАЙТУ

Күнбағыс бағалы майлы, техникалық дақыл, оның негiзгi егiс көлемi Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының қара және күңгiрт қара қоңыр топырақтарында орналасқан. Күнбағыстың тамыр жүйесi топырақтың астыңғы қабатындағы қоректiк заттарды

377

жақсы пайдаланады. Агротехникалық шаралар дұрыс қолданылған жағдайда күнбағыс отамалы дақыл ретiнде топырақта азот пен күл элементтерiнiң молырақ жиналуына себепшi болады. Осының нәтижесiнде ауыспалы егiсте күнбағыстан соң егiлген дақыл мол өнiм бередi. Бiр тонна ұрық және сондай мөлшерде сабақ-жапырақ алу үшiн орта есеппен күнбағыс 60 кг азот, 25 кг фосфор, 180 кг калий пайдаланады. Күнбағыс өзiнiң қарқынды өсу кезеңiнде азотты өте көп қабылдайды да фосфор мен калийдiң небәрi 25 пайызын сiңiредi. Ал гүлдеу мен дән салу кезеңдерiнде фосфор мен калийдiң 20 пайызын пайдаланады.

Әртүрлi қоректiк элементтер күнбағыстың өсуiне, дамуына және түсiмiне түрлiше әсер етедi. Азот күнбағыстың вегетативтiк мүшелерi мен тостағаншасының iрi болуына көмектеседi, бiрақ шамадан тыс берiлген азот дәнiнiң майлығын төмендетедi.

Фосфор оның жер бетiндегi мүшелерi мен тамырының дамуына жақсы әсер етедi, топырақтағы ылғалды үнемдi пайдалануға жағдай жасайды. Калий фотосинтездiң өтуiне және көмiрсулардың синтезделуiне себепшi болады.

Бiздiң Республиканың топырақ-климат жағдайында күнбағыс ұрығының өнiмi, қолданылған тыңайтқыш түрi мен мөлшерiне қарай 20-25 пайызға артады. Мысалы, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжiрибе стансасының деректерi бойынша қара топыраққа N45-60 P60-90 K45-60 еңгізгенде күнбағыс ұрығының өнiмi гектарынан 3,2 ц (22%) өстi. Тұқым сепкенде қатар аралығына Р20 қолданғанда күнбағыс ұрығының өнiмi гектарынан 2,2-2,5 центнерге жоғарылады.

Шығыс Қазақстан облысының таулы шалғынды далалық аймағында N60P90K90, тау етегiндегi далалық аймақта N45P60K60, құрғақшылық-далалық аймақта N30P90K90 тыңайтқыш қолдану тиiмдi болып саналады. Ал олардың нақты мерзiмi алғы дақыл қолданылатын тыңайтқыштар ерекшiлiктерiне және топырақ түрлерiне қарай анықталады.

Күнбағыс кейбiр аймақтарда сүрлем үшiн де өсiрiледi. Сүрлемдiк күнбағыстың тыңайту жүйесi сүрлемдiк жүгерiнi тыңайтумен бiрдей болады.

378

8.5.Талшықты дақылдарды тыңайту

8.5.1.МАҚТА ДАҚЫЛЫН ТЫҢАЙТУ

Мақта-вегетациялық дәуiрi ұзақ (100-170 күн) талшықты дақыл. Сондықтан ол топырақтан қоректiк заттарды көп алады. Мақта бiр тонна өнiм және сондай мөлшерде сабақ-жапырақ түзу үшiн топырақтан 40-50 кг азот, 12-15 кг фосфор, 50-70 кг калий пайдаланады екен. Мақтаның қоректiк заттарды сiңiруiнде өзiндiк ерекшiлiктерi бар. Вегетациялық дәуiрiнде көктеуден шанақтануға дейiн 7% азот, 5% фосфор, шанақтанудан гүлдеуге дейiн 46% азот,35% фосфор, гүлдеуден пiсе бастағанға дейiн 44% азот, 50% фосфор, ал өсу дәуiрiнiң соңына дейiн 3% азот, 10% фосфор сiңiредi. Егер көрсетiлген кезеңдерде топыраққа қажеттi мөлшерде азот немесе фосфор жетiспесе, мақтаның өнiмi төмендеп, сапасы нашарлайды. Мақта өсiмдiгiн бастапқы өсу кезiнде (өну мен алғашқы жапырақ пайда болу аралығы) азот және фосфор элементтерiмен қажетiне қарай қамтамасыз ету оның 12-15 күн ерте пiсуiне әсер етедi.

Мақта өсiрiлетiн Қазақстанның топырағы негiзiнен күңгiрт боз, кәдiмгi боз және ашық боз болып келедi. Бұл топырақтар қарашiрiк пен азотқа өте тапшы, калийге бай. Орта есеппен жоғарыда аталған топырақтарда 1-2,5% қарашiрiк, 0,05-0,15% жалпы азот, 0,17-0,19% жалпы фосфор болады. Боз топырақтың барлық типшелерiнде жылжымалы фосфор аз, калий мөлшерi көп болады. Мiне сондықтан да, азот пен фосфор тыңайтқыштарын молырақ қолдануға ерекше мән берген дұрыс.

Мақта егiсiнде тыңайтқыш ретiнде жоңышқаның алатын рөлi үлкен. Мақтарал тәжiрибе стансасының көпжылдық деректерiне сүйенсек мақта бiр орында көп жыл егiлгенде оның өнiмi 20 ц болса, үшжылдық жоңышқадан кейiн егiлгенде 43 ц, ал үшжылдық жоңышқадан кейiн екiншi жылы егiлгенде 42,6 ц болған.

Мақта жоңышқадан кейiнгi танапқа жақын орналасса, соғұрлым оған азот тыңайтқышын азырақ, ал керiсiнше, фосфор мен калийдi көбiрек қолдану керек.

Қазақстан Республикасында топырақтағы қоректiк заттың мөлшерi мен жоспарланған өнiм деңгейiне сәйкес мақта дақылына

379

арналған тыңайтқыш мөлшерiн дайындаудың (107, 108-кестелер) кестесi берiлдi.

Мақтаға органикалық тыңайтқыш пайдаланудың маңызы зор. Көңдi ауыспалы егiсте (7-9 танапты) соңғы танаптарға гектарына 20-40 т есебiнде қолданған дұрыс.

Тыңайтқыштарды қолдану мерзiмi мақтаның қоректiк заттарды пайдалануымен тығыз байланысты болу керек. Мақта егiсiнде азот тыңайтқышының жылдық мөлшерiн 3-4 рет бөлiп пайдаланған дұрыс. Мұнда оның 20-30% сүдiгер жыртар алдында, 70-80% екi-төрт жапырақ пайда болғанда, шанақтану, гүлдеу кезеңдерiнде үстеп қоректендiру үшiн қолданады. Фосфор мен калийдi пайдалану өзгешерек болады. Фосфордың 70-75%, калийдiң барлық мөлшерiн күзде сүдiгер жыртар алдында бередi, ал фосфордың қалған мөлшерiн тұқымды себу кезiнде пайдаланған дұрыс.

Мақта дақылына аммоний селитрасы, мочевина, суперфосфат, фторсызданған фосфат қолданады.

Мақтаның өнiмi мен сапасына микротыңайтқыштардың да әсерi бар. Мақта егiсiн микротыңайтқыштармен үстеп қоректендiргенде (гектарына 1-9 кг) қосымша 1,3-4,7 ц өнiм алынады. Микроэлементтердiң тұзын мақта тұқымын өңдеу үшiн де қолдануға болады.

Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерi мен озат шаруашылық тәжiрибелерi ауыспалы егiсте тыңайтқыш қолдану мақта өнiмiнiң артуына, топырақ құнарлылығының жақсаруына қолайлы әсер ететiнiн көрсетiп отыр. Мақта ауыспалы егiсiнде өсiрiлген жоңышқа топырақтағы органикалық заттар мен азот мөлшерiн көбейтедi, оның агрохимиялық, физикалық қаиеттерiн жақсартады.

Мақтаға тыңайтқышты дұрыс пайдалану оның өнiмiн жоғарылатумен қатар шиттi мақтаның технологиялық сапасын да жақсартады.

380