агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ
.pdf
арпа) тыңайтудың ең қолайлы жүйесi мынадай: 60 кг P2O5 парға арналған танапты жыртар алдында, 30 кг азотты күздiк бидайды үстеп қоректендiруде және 30 кг азотты арпаны себер алдында беру. Мұндай тыңайту жүйесi қосымша гектарынан 12,3 ц күздiк бидай және 4,8 ц арпа дәнiн жинауды қамтамасыз етедi.
Күздiк бидай түсiмiне алғы дақылдың әсерi құнарлылығы төмен топырақтарда айқын байқалады. Жүргiзiлген ғылыми-зерт- теулерге қарағанда күздiк бидай үшiн жақсы алғы дақыл ретiнде жоңышқа, қант қызылшасы, сүрлемдiк жүгерi, бұршақ тұқымдас дақылдарды пайдалануға болады (84кесте).
84-кесте. Түрлi алғы дақылдың күздiк бидай түсiмiне әсерi (Қазақ егiншiлiк институтының мәлiметi).
Алғы дақылдар |
Өнiм, |
Қосымша өнiм |
|
|
ц/га |
ц/га |
% |
Үнемi бiр жерге тыңайтқышсыз егiлген күздiк бидай |
29,1 |
— |
— |
Сүрлемдiк жүгерiден кейiн |
38,2 |
9,1 |
31,3 |
Үшжылдық жоңышқадан кейiн |
46,6 |
17,5 |
60,1 |
Қант қызылшасынан кейiн |
45,1 |
16,0 |
55,0 |
Бұршақтан кейiн |
47,1 |
18,0 |
61,8 |
Cорт сынау учаскелерiнiң көпжылдық деректерi бойынша дәндi дақылдардан кейiн егiлген күзiк бидай өнiмiнiң мөлшерi гектарынан 26,3-28,7 ц, қант қызылшасынан кейiн 45,1-50,1 ц, бұршақтан кейiн 50,0-54,5 ц болған.
Көпжылдық жүргiзiлген ғылыми тәжiрибелердiң мәлiметтерiн қорытындылай отырып, топырақ типiне, алғы дақыл түрiне және жоспарланған өнiм деңгейiне қарай азот тыңайтқышының мөлшерi 85кестеде берiлген.
85-кесте. Топырақ типiне, алғы дақыл түрiне және жоспарланған өнiм деңгейiне байланысты күздiк бидайға арналған азот тыңайтқышының мөлшерi, әсерлi зат, кг/га (Бәсiбеков Б.С.).
|
Ашық қара қоңыр |
Шалғынды боз |
Кәдiмгi боз |
||||||||||||
|
|
топырақ |
|
|
топырақ |
|
|
топырақ |
|
||||||
Алғы дақылдар |
|
|
|
|
Жоспарланған өнiм деңгейi‚ ц/га |
|
|
|
|
||||||
35-40 |
|
45-50 |
55-60 |
35-40 |
45-50 |
55-60 |
35-40 |
|
45-50 |
55-60 |
|||||
|
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үшжылдық жоңышқа |
30 |
|
45 |
|
60 |
30 |
|
60 |
|
90 |
30 |
|
60 |
|
90 |
Отамалы және |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
дәндi дақылдар |
60 |
|
120 |
|
150 |
90 |
|
150 |
|
180 |
120 |
|
150 |
|
180 |
351
Күздiк бидай өнiмiнiң жоғарылауына тиiмдi әсер ететiн шаралардың бiрi - егiстiктi ерте көктемде азот тыңайтқышымен үстеп қоректендiру және тұқымды себу кезiнде қатар аралығына 1015 кг P2O5 беру. Тыңайтқыш қолданудың бұл екi тәсiлiнiң әсерiнен күздiк бидай өнiмi тәлiмi жерлерде 3-5 центнерге, ал суармалы жерлерде 8-15 центнерге дейiн артады.
Азот тыңайтқышын ерте көктемде үстеп қоректендiруге қолданудың тиiмдi болуының басты себебi топырақ температурасы төмен болғандықтан топырақтағы нитрификация процесiнiң жүруi тежеледi. Қыстан әлсiреп шыққан кезде күздiк бидай қаулап көктеуi үшiн азотты өте керек етедi.
Кейiнгi кездерi күздiк бидай дәнiнiң құрамындағы ақуыз пен ұлпа мөлшерiн арттыру үшiн, оны масақтану - дән салу кезiнде мочевинаның 20 пайыздық судағы ерiтiндiсiмен тамырдан тыс үстеп қоректендiредi.
Азот тыңайтқышын беру мерзiмi оның мөлшерiне байланысты. Егер азоттың жылдық мөлшерi гектарына 150-180 кг болса үш рет бөлiп берiледi. Мұнда 30 кг азотты күзде сүдiгер жыртар алдында, 60-90 кг азот ерте көктемде үстеп қоректендiруде, ал 30 кг азот масақтану - дән салу кезiнде тамырдан тыс үстеп қоректендiруге берiледi. Азоттың орташа мөлшерiн (90-120 кг) екi рет бөлiп бередi (30-60 кг сүдiгер жыртар алдында, 60 кг ерте көктемде үстеп қоректендiруге). Азот тыңайтқышының 60 кг дейiнгi мөлшерiн ерте көктемде үстеп қоректендiру үшiн пайдаланады.
Күздiк бидайға күзде мочевинаны, күкiрт қышқыл аммонийдi, ерте көктемде аммоний селитрасын, тамырдан тыс үстеп қоректендiруге мочевинаның судағы 20%-тiк ерiтiндiсiн қолдану сапалы мол өнiм жинауды қамтамасыз етедi.
Фосфор мен калий тыңайтқыштарының тиiмдiлiгi топырақтағы осы элементтердiң жылжымалы түрлерiнiң шамасына байланысты. Топырақтың жыртылатын қабатының 1 килограмында 30-35 мг жылжымалы фосфор мен 400 мг алмаспалы калий болса, күздiк бидайдың фосфор және калиймен қоректенуiне ең қолайлы жағдай туады.
Сондықтан фосфор, калий тыңайтқыштарының мөлшерiн топырақтың агрохимиялық картограммасы немесе танап паспорты
352
және өнiм деңгейi жөнiндегi мәлiметтердi пайдалана отырып белгiлген дұрыс (86кесте).
Күздiк бидай егiстiгiне 15-20 кг P2O5 түйiршiктi суперфосфат түрiнде тұқыммен бiрге қолданудың маңызы зор. Тыңайтқыш көп мөлшерде берiлетiн қант қызылшасы, жүгерi, көкөнiс дақылдарынан кейiн себiлетiн күздiк бидайға фосфор мен калий берудiң қажетi жоқ, өйткенi күздiк бидай жоғарыда аталған дақылдарға берген тыңайтқыштан қалған фосфорды пайдаланады. Фосфор мен калий тыңайтқыштарын үстеп қоректендiруге пайдалану күздiк бидай өнiмiне жөндi ықпал етпейдi.
86-кесте. Топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий шамасына және жоспарланған өнiм деңгейiне байланысты күздiк бидайға арналған фосфор, калий тыңайтқыштарының мөлшерi.
Топырақтың қоректiк |
|
|
Жоспарланған өнiм деңгейi, ц/га |
||||
затпен қамтамасыз етiлу |
35-40 |
|
45-50 |
|
55-60 |
||
деңгейi |
1 гектарға арналған тыңайтқыш мөлшерi (әсерлi зат, кг) |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
P2O5 |
K2O |
P2O5 |
K2O |
P2O5 |
K2O |
|
Төмен |
60 |
|
40 |
90 |
60 |
120 |
60 |
Орташа |
30 |
|
— |
45 |
40 |
60 |
40 |
Жоғары |
— |
|
— |
15-20 |
— |
15-20 |
— |
Күздiк бидай өнiмiнiң артуына органикалық тыңайтқыштар да өте тиiмдi әсер етедi. Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының деректерi бойынша 20 тонна көң еңгізiлген тәлiмi жердiң гектарынан 1,5-2, ал суармалы жерден 5-6 центнер қосымша өнiм жиналды.
Тыңайтқыштарды қолдану мөлшерi мен мерзiмi күздiк бидай сорттарының түрiне қарай да өзгерiп отырады. Мысалы, Безостая 1 және Мироновская 808 сорттарына минералдық тыңайтқыштардың (N60-120 P60-120) әсерi өндiрiстiк тәжiрибеде сыналды. Мұнда тыңайтқыш әсерiнен Безостая 1 сортынан 15,5-17,1, Мироновская 808 сортынан 10,9 - 12,1 ц қосымша өнiм алынды.
Микротыңайтқыштардың күздiк бидайдың өнiмi мен сапасына да маңызы үлкен. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының тәжiрибесiнде, ашық қара қоңыр топыраққа себiлген күздiк бидайдың Безостая 1 сортын 0,5 пайыздық күкiрт қышқыл мыс пен күкiрт қышқыл мырыш тұздарының ерiтiндiлерiмен ерте
353
көктемде үстеп қоректендiргенде қосымша өнiм 30-30,6 центнер аралығында болды.
8.1.2. КҮЗДIК ҚАРА БИДАЙДЫ ТЫҢАЙТУ
Күздiк қара бидай тамыры 2 м терендiкке дейiн кететiн, топырақ құнарлылығын аса қажет етпейтiн құмды, сазды жерлерде өсе беретiн дақыл. Басқа күздiк дақылдарға қарағанда құрғақшылық пен аязға төзiмдi.
Күздiк қара бидайдың 1 тонна астығы және сондай мөлшердегi сабаны топырақтан шамамен 25-30 кг азот, 10-15 кг фосфор және 20-25 кг калий пайдаланады. Қоректiк заттарды түптену кезеңiнен бастап түтiк шығару кезеңiнде дейiн өте көп мөлшерде пайдаланады.
Азотты ерте көтемде тыңайтқыш түрiнде қосымша беруоның өнiмiн арттырудың бiрден-бiр қолайлы шарасы. Күзде топырақта фосфор мен калийдiң жеткiлiктi болуы оның суыққа төзiмдiлiгiн күшейтедi. Д.Н.Прянишников зерттеуiнше бұл дақылдың топырақтағы фосфорды пайдалануы көптеген дақылдардан жоғары.
Қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi топырақ типiне, алғы дақыл түрiне және жоспарланған өнiм деңгейiне байланысты. Қазақстанның ылғал жеткiлiксiз далалық аймағында азот тыңайтқышының тиiмдiлiгi төмендеп, керiсiнше, фосфор тыңайтқышының тиiмдiлiгi жоғарылайды. Мысалы, таза парға, берiлген 40-60 кг P2O5 күздiк қара бидай өнiмiн 2-2,5 центнерге арттырады. Тұқыммен бiрге қолданған 10-15 кг P2O5 гектарынан 1-1,5 центнер қосымша өнiм жинауды қамтамасыз етедi.
8.1.3. ЖАЗДЫҚ ДӘНДI ДАҚЫЛДАРДЫ ТЫҢАЙТУ
Жаздық астық дақылдарының (бидай, арпа, сұлы) мерзiмi күздiк дақылдарының өнiп-өсу мерзiмiнен анағұрлым қысқа болады. Осыған байланысты жаздық дақылдар азот пен күл элементтерiн күздiк дақылдарға қарағанда анағұрлым өзгеше мөлшерде пайдаланады. Бiр тонна астық өнiмiнде және сондай мөлшердегi сабанында мынадай мөлшерде қоректiк заттар болады (87-кесте).
354
87-кесте. Жаздық дәндi дақылдардағы қоректiк заттар мөлшері, кг.
Дақылдар |
N |
P2O5 |
K2O |
Жаздық бидай |
38 |
10 |
18 |
Арпа |
28 |
12 |
24 |
Сұлы |
32 |
14 |
32 |
Жаздық дәндi дақылдардың егiс көлемiнiң көпшiлiгi Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында орналасқан.
Жаздық дәндi дақылдардың қоректiк заттарды пайдалануының күздiк бидаймен салыстырғанда, өздерiне тән ерекшелiктерi бар. Жаздық бидай түптенуден түтiк шығару кезеңiне дейiн азоттың‚ көктеу-түптену аралығында фосфордың‚ ал сабақтанудан дән толысқанға дейiн калийдiң басым мөлшерiн пайдаланады. Арпаның қоректiк заттарды қабылдауы бастапқы 50-70 күнде қарқынды өтедi де, пiсуге 35-40 күн қалғанда қоректiк заттарды пайдаланауын тоқтатады.
Жаздық дәндi дақылдарға тыңайтқыш әсерi ауа-райына, топырақ типi мен оның гранулометриялық құрамына, алғы дақыл ерекшелiгiне байланысты өзгередi.
Республиканың ғылыми мекемелерiнiң деректерiне жүгiнсек, жаздық бидай егiсiне тұқымды себу кезiнде гектарына берiлген 10-20 кг P2O5 оның өнiмiнiң жоғарылауына айтарлықтай әсер ететiнiн көремiз (88-кесте).
88-кесте. Фосфор тыңайтқышын тұқымммен бiрге қолданудың жаздық бидай өнiмiне әсерi, ц/га.
Топырақ және тәжiрибе |
Алғы |
Тыңайт |
Тыңайтқыш |
|
жүргiзушi мекеме аты |
дақыл |
қышсыз |
қолданудан |
|
|
|
алынған |
алынған |
|
|
|
өнiм |
қосымша өнiм |
|
|
|
|
P10 |
P20 |
Кәдiмгi қара топырақ |
пар |
21‚0 |
1‚8 |
2‚4 |
Солтүстiк Қазақстан аймақтық агрохимия |
сүдiгер |
14‚9 |
1‚5 |
1‚9 |
лабораториясы |
пар |
19,2 |
1,3 |
2,2 |
Ақмола облыстық тәжiрибе стансасы |
сүдiгер |
5,5 |
1,8 |
1,5 |
Оңтүстiк қара топырақ |
пар |
7,1 |
1,5 |
1,9 |
Павлодар облыстық тәжiрибе стансасы |
сүдiгер |
5,4 |
0,5 |
0,7 |
|
пар |
11,9 |
1,5 |
2,0 |
Қостанай облыстық тәжiрибе стансасы |
сүдiгер |
8,8 |
1,0 |
1,0 |
Күңгiрт қара топырақ |
пар |
15,3 |
1,1 |
2,4 |
Қазақ мемлекеттік агротехникалық |
сүдiгер |
13,5 |
0,8 |
0,6 |
университеті |
|
|
|
|
355
88-кесте материалдарынан бiрдей мөлшерде қолданылған түйiршiктi суперфосфаттың тиiмдiлiгi топырақ-климат ерекшiлiктерiне байланысты өзгерiп отыратынын байқаймыз. Мысалы, Павлодар облысы жағдайында Қостанай облысына қарағанда алынатын қосымша өнiм мөлшерi бiршама төмен.
Қазақстанның солтүстiк және орталық аймақтарында жаздық дәндi дақылдар, әсiресе бидай мен арпа, 4 және 5 танапты парлы-астықты ауыспалы егiстiң негiзiн құрайтындықтан оларды тыңайтудың өзiндiк ерекшiлiктерi болады. Жоғарыдағы аймақтың жағдайында астық дақылдарына тыңайтқыш қолдануды топырақта ылғал жинау және оны сақтау жөнiндегi агротехникалық шаралармен ұштастырып жүргiзу қажет.
Бұл ауыспалы егiстерде бiрiншi танап таза пар болғандықтан жаздық дәндi дақылдарға қажеттi мөлшерде нитратты азот және ылғал мол жиналады, ал топырақта жылжымалы фосфор аз болады. Сондықтан фосфор тыңайтқышын қолдануға баса назар аудару керек. Алайда, топырақ жағдайларына байланысты фосфор тыңайтқышының мөлшерi әртүрлi болып келедi (89-кесте).
Бұл мәлiметтерден неғұрлым ылғал аз және құнарлылығы төмен қара топыраққа фосфор тыңайтқышын көп бергенiмен, олардан қосымша өнiм алынбайтынын көремiз.
Ауыспалы егiсте таза пар танабына гектарына 40-60 кг Р2О5 қолданып екiншi, әсiресе үшiншi жаздық дақылдарға 10-15 Р2О5 тұқымды себу кезiнде қолдану өте пайдалы. Оның себебi бiрiншi дақылдан кейiн топырақта пайдаланылмаған фосфордың бiраз мөлшерi химиялық құбылыстың әсерiнен күрделi қосылыстарға ауысады. Оларды келесi егiлетiн дақылдар өздерiнiң бастапқы өсу кезеңдерiнде жақсы пайдалана алмайды, сондықтан тұқымды себу кезiнде берiлген Р10-15 маңызы зор.
Азот тыңайтқышын тәлiмi жерлерде жаздық дақылдарға қолданудың өз ерекшiлiгi бар.
89-кесте. Қара топырақ түрiне қарай қолданылған фосфор тыңайтқышының әртүрлi мөлшерiнiң жаздық
бидай өнiмiне әсерi, ц/га.
Топырақ түрi |
Фосфор тыңайтқышының мөлшерi (әсерлi зат,кг/га) |
|||
|
Тыңайтқышсыз |
Р40 |
Р60 |
Р60 |
Кәдiмгi қара топырақ |
12,5 |
14,0 |
14,5 |
15,4 |
Кебiрленген қара топырақ |
7,5 |
8,4 |
9,1 |
9,2 |
356
Карбонатты қара топырақ |
5,7 |
7,1 |
8,1 |
8,3 |
Оңтүстiк қара топырақ |
10,4 |
12,7 |
13,1 |
12,6 |
Ауыспалы егiсте пар танабында нитратты азот мөлшерi жеткiлiктi болған жағдайда азот тыңайтқышының әсерi төмен болады. Егер нитрат азот топырақ орташа немесе төмен болса, оның мөлшерi пардан кейiн егiлетiн екiншi, үшiншi дақылға жетпейдi. Сондықтан ауыспалы егiсте бұл жағдайда екiншi, көбiнесе үшiншi танапқа егiлетiн дәндi дақылға аз мөлшерде болса да азот тыңайтқышын қолданған дұрыс.
Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс аймақтарында ылғал мөлшерi жеткiлiктi болған жылдары, тұқым себер алдында топырақәа гектарына 30-40 кг азот беру керек.
Қазақ ғылыми-зертеу астық шаруашылығы институты төрт және бес танапты астықты-парлы ауыспалы егiстерiнiң дақылдарына тыңайтқыш қолданудың мынадай үлгiлерiн ұсынады (90-кесте).
90-кесте. Астықты-парлы ауыспалы егiс дақылдарын тыңайту жүйесi.
Ауыспалы |
Дақылдардың |
Тыңайту жүйесiнiң үлгiлерi |
|
|||
егiс түрлерi |
алмасуы |
1 |
2 |
3 |
|
4 |
|
Таза пар |
20-30 т көң |
Р60-100 |
- |
|
- |
5 танапты астықты- |
Жадық бидай |
Р20 |
- |
P20- |
|
P10 |
Жаздық бидай |
- |
- |
N30P10 |
|
N10P20 |
|
парлы |
|
|||||
Арпа |
Р20 |
N30 |
- |
|
N10P20 |
|
|
|
|||||
|
Жаздық бидай |
- |
- |
|
|
- |
|
Таза пар |
20 т көң |
P60-80 |
- |
|
- |
4 танапты астықты- |
Жаздық бидай |
Р20 |
- |
P10 |
|
P10 |
парлы |
Жаздық бидай |
- |
N30 |
N30P10 |
|
N20P10 |
|
Арпа |
Р20 |
- |
P10 |
|
N10P20 |
Бiрiншi үлгiде органикалық тыңайтқыштың (көң) жоспары көрсетiлген. Фосфор тыңайтқышын таза пардан кейiн себiлетiн бiрiншi және үшiншi дақылдарға тұқымды сепкенде беру белгiленген. Мұнда өсiмдiктiң алғашқы кезде өсуi мен дамуына қолайлы жағдай жасалады.
Екiншi үлгiде таза пар танабына фосфор тыңайтқышын қолданып, дәндi дақылдарды азотпен үстеп қоректендiру жоспарланады. Өйткенi, пар танабына берiлген жалғыз фосфор тыңайтқышымен өнiмдi көтеру мүмкiн емес.
Үшiншi және төртiншi үлгiлерде көрсетiлген тыңайту жүйелерiн шаруашылықта тыңайтқыштар қоры жетiмсiз болған
357
жағдайда пайдалану ұсынылады. Үшiншi үлгiде фосфор тұқыммен бiрге азотты үстеп қоректендiру үшiн қолдану белгiленген. Төртiншi үлгiде азот пен фосфор тұқымды сепкенде қатарлап беру ұсынылады. Суармалы егiстiкке егiлген жаздық астық дақылдарына минералдық тыңайтқыштың барлық түрiн қолдану тиiмдi.
Азот пен фосфорға кедей, ал калиймен жақсы қамтамасыз етiлген ашық қара қоңыр топыраққа себiлген жаздық бидайдың гектарынан 30-35 центнер өнiм жинау үшiн тыңайтқыштың ең тиiмдi мөлшерi N60p40-60 болады. Егер 1 кг топырақ құрамында жылжымалы фосфор (Мачигин бойынша) мөлшерi 30 мг-нан жоғары болса фосфор тыңайтқышын берудiң қажетi жоқ. Ал гранулометриялық құрамы жеңiл ашық қара қоңыр топырақтың гектарына 30-40 кг K2O қолданған жөн.
Фосфор тыңайтқышының жылдық мөлшерiнiң 40-45 кг күзде сүдiгер жыртар алдында, 15-20 кг тұқыммен бiрге, азот тыңайтқышының барлық мөлшерiн тұқым себер алдында, топырақ өңдеуде бередi.
Жаздық бидай дәнiнiң құрамындағы ақуыз пен ұлпа мөлшерiн молайту үшiн егiстiкке масақтану кезеңiнде мочевинаның 20%-тiк судағы ерiтiндiсiмен үстеп қоректендiредi.
Суармалы егiншiлiкте арпа мен сұлыға берiлетiн фосфор тыңайтқышы топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерi орташа деңгейде болғанда гектарына 30-40 кг асырылмайды. Егер ауыспалы егiсте арпа жоңышқа үшiн бүркеме дақыл есебiнде себiлсе гектарына N30-90P90-120K60-90 берiледi.
8.1.4. КҮРIШ ДАҚЫЛЫН ТЫҢАЙТУ
Суармалы жерлерде егiлетiн астық дақылдарының iшiндегi күрiш қоректiк заттарға ерекше талап қояды. Тыңайтқыш қолдану басқа дақылдардан гөрi күрiш өнiмiнiң артуына көбiрек әсерiн тигiзедi.
Соңғы жылдары күрiштiң жалпы түсiмi артып келедi, оның басты себебi минералдық тыңайтқыш әсерiмен байланысты. Бүкiл дұниежүзiлiк ФАО бағдарламасының есебi бойынша кейбiр жағдайларда минералдық тыңайтқыш әсерiнен күрiш өнiмi екi есе артқан.
358
Қазақстанда күрiш Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарында өсiрiледi.
Республиканың кейбiр күрiш өсiретiн шаруашылықтары гектарынан 50 центнерден өнiм жинайды. Әрине, бұл күрiштiң түсiмi мол дақыл екенiн көрсетедi.
Күрiш топырақ құнарлылығына жоғары талап қоятын дақыл. Бiр тонна астық пен сондай мөлшерде сабан өнiмiн беру үшiн 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады.
Күрiш қоректену үшiн қажеттi элементтер топырақта жетiспесе оның өнiмi азаяды. Әсiресе, азоттың жетiспеуi күрiшке көбiрек әсер етедi; Фотосинтез процесiнiң өнiмдiлiгi төмендейдi, өсiмдiк сарғыштанып, түптенуi нашарлайды. Азот күрiшке вегетациялық дәуiрiнiң барлық кезеңiнде керек. Алайда, бiр өлшем құрғақ зат түзу үшiн күрiштiң бұл элементтi ең көп қабылдайтын мерзiмi-көктеу мен түтiк шығару аралығы. Күрiшке фосфор элементi де жан-жақты әсер етедi. Бұл элемент топырақта жетiспеген жағдайда өсiмдiкте ақуыздың синтезделуi нашарлайды, жапырағы жарылады, тамырлары нашар өседi, түптенуi кешiгедi, шашақ басының көлемi де кiшiрейедi. Айта кететiн жағдай, күрiшке фосфордың алғашқы кезеңiнде (көктеу) жетiспеуi, оның жақсы жетiлуiне кедергi келтiредi, ал кейiнiрек берген фосфор оның орнын толықтыра алмайды. Сондықтан, күрiштi фосформен бастапқы кезде қамтамасыз ету керек. Күрiштiң басқа дақылдардан өзгешелiгi ол суда еритiн фосфор қосылыстарымен қоса қиын еритiн фосфор, калий, темiр тұздарын жақсы сiңiредi. Басқа қоректiк элементтерге қарағанда күрiш топырақтан калийдi көбiрек алады. Әсiресе, түтiк шығару кезеңi басталарда калийдi көп керек етедi. Сондықтан күрiштi осы мерзiмде калиймен қамтамасыз етсе, соғұрлым тез жетiледi. Барлық тыңайтқыштардың iшiне күрiш өнiмiне неғұрлым көбiрек әсер ететiн азот тыңайтқышы. Қызылорда облысының шалғынды-батпақ топырағында азоттың жеке өзiн қолданғанда күрiш өнiмi 70 пайызға артты.
Күрiш суда өсетiн болғандықтан топырақтан азотты аммоний ионы түрiнде сiңiредi. Күрiш үшiн ең қолайлы, пайдалы әсер ететiн аммоний сульфаты мен мочевина сияқты азот тыңайтқыштары (91-кесте).
359
91-кесте. Түрлi азот тыңайтқыштарының Қызылорда облысының шалғынды-батпақ топырағында күрiш
өнiмiне әсерi (Т. Смағүлов).
Тәжiрибе варианты |
Өнiм ц/га |
Қосымша өнiм |
|
|
|
ц/га |
% |
Фон-Р90 (жай суперфосфат) |
37,4 |
- |
- |
Фон+Naa120 (аммоний селитрасы) |
43,0 |
5,6 |
15,0 |
Фон+Nа120 (аммоний сульфаты) |
56,6 |
19,2 |
51,3 |
Фон+Nм120 (мочевина) |
56,6 |
19,2 |
51,3 |
Фон+Nк120 (карбамиформ) |
40,3 |
2,9 |
5,1 |
Фосфор тыңайтқыштарының күрiш дақылына тигiзетiн әсерi және одан алынатын қосымша өнiм мөлшерi әртүрлi болады (92-кесте).
Азот тыңайтқышының мөлшерi көбейтiлген сайын күрiштiң өнiмi арта түседi. Алматы облысының Ақдала өңiрiнде жүргiзiлген ғылыми жұмыстардың қорытындысында ең жоғары өнiм гектарына 210 кг азот бергенде алынды (93-кесте).
92-кесте. Фосфор тыңайтқыштарының күрiш өнiмiне әсерi (Қызылорда тәжірибе стансасының мәлiметi).
Тәжiрибе варианты |
Өнiм, ц/га |
Қосымша өнiм |
|
|
|
ц/га |
% |
Тыңайтқышсыз |
20,2 |
- |
- |
Р90(термофосфат) |
28,5 |
8,3 |
41,1 |
Р90 (преципитат) |
31,5 |
11,3 |
55,9 |
Р90(жәй суперфосфат) |
32,8 |
12,6 |
62,3 |
Р90 (аммоний суперфосфаты) |
34,2 |
14,0 |
69,3 |
Р90 (фторсызданған фосфат) |
36,1 |
15,9 |
78,9 |
Р90 (аммофос) |
37,3 |
17,1 |
84,6 |
Азот тыңайтқышының мөлшерi алғы дақылға да байланысты өзгередi. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк және Қазақ ғылымизерттеу күрiш институттарының деректерi бойынша, шалғындыбатпақты және боз топырақтарда үшжылдық жоңышқадан кейiн егiлетiн күрiш үшiн 60-90 кг, үшжылдық жоңышқадан соң үшiншi жылы егiлетiн күрiшке 130-150 кг азот беру тиiмдi. Екпе пардан соң бiрiншi жылы егетiн күрiшке N90, үшiншi жылы себiлетiн күрiшке N150 қолдану керек. Егер күрiш дәндi дақылдардан кейiн себiлетiн болса, азот тыңайтқышының мөлшерiн 25-30 пайызға көтередi.
360
