Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

шамасын және тыңайтқыш құрамындағы элементтердi өсiмдiктiң пайдалану коэффицентiн негiзге алады. Есептеу арқылы шығарылған тыңайтқыштың орташа мөлшерiне шаруашылық топырағының агрохимиялық картограммасы немесе танап паспорты бойынша түзету еңгізедi. Мұнда топырақта қоректiк элементтiң мөлшерi жоғары болса, тыңайтқыштың есептеу арқылы анықталған мөлшерiн азайтады, ал керiсiнше топырақ қоректiк затқа тапшы болса, тыңайтқыш мөлшерiн арттырады.

Егер шаруашылықта азот элементiне дайындалған картограмма болмаса, тыңайтқыш мөлшерiне түзетудi топырақ типiне қарай еңгізедi. Ол үшiн шартты түрде қара қоңыр топырақтың азотпен қамтамасыз етiлу деңгейiн орташа деп алады. Бұл топырақтың 1 килограмында шамамен 70-80 мг жеңiл ыдырайтын азот болады. Қара топырақта жеңiл ыдырайтын азот мөлшерi жоғары, өте жоғары (120-130мг), кәдiмгi боз топырақта төмен (50-60 мг), гранулометриялық құрамы жеңiл боз топырақта өте төмен (30-40 мг). Сол сияқты жеке дақылдарға аймақтық ғылыми мекемелерiнiң ұсынысы бойынша дайындалған азот тыңайтқышының мөлшерiн де пайдалануға болады. Ауыспалы егiс бойынша қоректiк заттардың нормативтiк балансын пайдалану арқылы минералдық тыңайтқыш мөлшерiн анықтау. Бұл әдiспен тыңайтқыш мөлшерiн анықтау түсiммен кеткен қоректiк элементтердiң шамасының тыңайтқыш арқылы қайтарылымы топырақтағы қоректiк заттардың шамасына қарай түрлiше болуына негiзделген. Тыңайтқыш мөлшерiн көпжылдық егiстiк тәжiрибелер қорытындысы негiзiнде дайындалып әрi ауыл шаруашылығында кеңiнен қолданып жүрген қоректiк заттардың нормативтiк балансы бойынша есептейдi.

Топырақтағы қоректiк заттардың балансы екi бөлiктен - кiрiс пен шығын баптарынан тұрады. Кiрiс бабына тыңайтқышпен (минералдық, органикалық) еңгізiлетiн, тұқыммен келетiн, бұршақ тұқымдас дақылдар жинайтын қоректiк заттар жатады. Шығын бабына түсiммен бiрге кететiн топырақ пен тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттардың түрлi құбылыс барысында (эрозия, шайылу, денитрификация т.б.) ысырап болатын қоректiк заттар жатады. Қоректiк заттардың балансы толық немесе биологиялық және шаруашылық болып ажыратылады. Биологиялық балансқа кiрiс пен шығынның барлық баптары кiредi. Шаруашылық балансты есептегенде кiрiс пен шығынның негiзгi баптарын

341

пайдаланады. Кiрiс бабының негiзгi бөлiктерiне топыраққа тыңайтқыш түрiнде берiлетiн қоректiк заттар мен бұршақ тұқымдас дақылдар жинайтын азот жатады. Ал жауын-шашынмен, суаратын сумен, тұқыммен келетiн және еркiн тiршiлiк ететiн бактериялар жинайтын қоректiк заттар кiрiс бабының негiзгi бөлiгi болып саналмайды және тыңайтқыш мөлшерiн анықтауда есепке алынбайды. Балансты бүкiл шаруашылық немесе ауыспалы егiс бойынша анықтаумен шектелмей әрбiр дақыл орналасқан танаптағы қоректiк зат балансын бiлу - тыңайтқышты тиiмдi пайдалануға көмектеседi. Баланс мәнiн бiр гектардағы қоректiк заттың килограмм мөлшерiмен немесе пайызбен өрнектейдi. Егер баланстың кiрiсi шығыннан көп болса оң (+), керiсiнше, шығын кiрiстен жоғары болса терiс (-) таңбаларымен белгiлейдi. Мысалы, агрохимия кафедрасының тәжiрибе учаскесiнде малазықтық ауыспалы егiс дақылдары жылдары бiр гектардан 588,1 кг N, 297,5 кг P2O5, 2620 кг K2O пайдаланды. Минералдық тыңайтқыштар беру арқылы қоректiк заттардың топыраққа қайтарылымы гектарға есептегенде мынадай мөлшерде болды: N- 270 кг, P2O5-190 кг, K2O - 240 кг және жоңышқа түйнек бактериялар арқылы топыраққа 68,2 кг азот жинады. Топырақтағы барлық элементтердiң балансы терiс, себебi кiрiске қарағанда шығын мәнi жоғары: N-250 кг/га, P2O5 - 107 кг/га,

K2O - 2380 кг/га немесе N- 57,5%,

P2O5 - 63,9%, K2O - 9%. Баланс

көрсеткiштерiнiң

мерзiмдiк

өзгеруiн “баланстың үдемелi

қарқындылығының

өзгеруi” деп атайды (79-кесте). Орга-никалық

зат пен азотқа бай қара топырақ жағдайында азоттың түсiммен кеткен мөлшерiнiң орнын толтыру 40-50% болса, астық дақылдарынан жоғары өнiм алынады. Ал ылғал жеткiлiктi қара қоңыр топырақ үшiн азоттың қайтарылымы 70-80%, суармалы боз топырақ үшiн бұл элементтiң қайтарылымы 100% болғанда ауылшаруашылық дақылдарынан (әсiресе күрiш, мақта, қант қызылшасы) мол өнiм жинауға болады. Топырақтағы жылжымалы фосфордың мөлшерiне көпшiлiк жағдайда фосфор және органикалық тыңайтқыш қолдану әсер етедi.

Қазақстан топырақтарының бiр килограмында жылжымалы фосфордың мөлшерi 10-100 мг (Мачигин бойынша) аралығында болады.

Топырақтың фосформен қамтамасыз етiлу деңгейi өте төмен немесе төмен болған жағдайда, түсiммен кеткен фосфордан фосфор

342

тыңайтқышының мөлшерi 30-50 пайыз артық болуы тиiс. Топырақтағы фосфордың мөлшерi орташа болса фосфор тыңайтқышының мөлшерi оның түсiммен кеткен шамасын толық өтейтiн дәрежеде болғаны жөн. Егер топырақтың фосформен қамтамасыз етiлу деңгейi жоғары болса, түсiммен кеткен оның мөлшерiнiң 30-40 пайызын тыңайтқыш беру арқылы қайтару керек.

79-кесте. Қазақстан егiншiлiгiнде қоректiк заттардың үдемелi қарқындылығының өзгеруi, кг/га (Пономарева А.Т.).

Жылдар

Тыңайтқыш

Түсiммен кеткен

 

 

Баланс

 

 

 

 

арқылы

 

қоректiк зат

 

кг/га

 

 

%

 

 

топыраққа түскен

 

мөлшерi

 

 

 

 

 

 

 

 

қоректiк зат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мөлшерi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

N

P2O5

K2O

N

P2O5

K2O

N

P2O5

K2O

N

P2O5

K2O

1966-1970

3,9

 

2,7

 

1,9

24,9

 

9,5

 

24,4

21,0

-6,8

-22,5

15,7

28,4

7,8

1971-1975

7,6

 

6,2

 

3,8

25,1

 

9,3

 

26,4

17,3

-3,1

-22,6

30,3

66,7

14,4

1976-1980

10,5

 

7,6

 

5,2

29,5

 

11,5

 

31,8

19,0

-3,9

-26,6

35,6

66,1

16,4

1981-1985

12,5

 

12,0

 

6,6

22,7

 

9,4

 

23,9

-7,9

24,9

-9,0

55,1

127,7

27,6

1986-1988

13,5

 

18,1

 

6,9

27,8

 

11,8

 

28,3

4,30

6,3

-21,4

48,6

153,4

24,4

Түсiммен кеткен калийдiң тыңайтқыш беру арқылы топыраққа қайтарылымы құрамындағы алмаспалы калий деңгейi жоғары болса 25-30 %, орташа болса 35-40%, төмен болса 70-80 % болуы керек.

Қазақстан жағдайында жинақталған материалдарды қорытындылай отырып суармалы аймақтың қара қоңыр және боз топырақтары үшiн фосфор мен калийдiң шамамен алынған нормативтiк балансы дайындалды (80кесте).

80-кесте. Қара қоңыр және боз топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшерiне байланысты ауыспалы егiстегi фосфор мен калийдiң нормативтiк балансы (түсiммен кеткен

элементтiң қайтарылымы % бойынша).

Топырақтағы жылжымалы фосфор және

Ауыспалы егiс бойынша

алмаспалы калий деңгейi

қоректiк заттарды

 

тыңайтқыш түрiнде еңгізу,

 

қайтарылымы % есебiмен

 

P2O5

K2O

Өте төмен

150-200

70-80

Төмен

120-150

60-70

Орташа

100-110

30-40

Көтерiңкi

70-80

15-20

Жоғары, өте жоғары

30-50

берiлмейдi

343

Ауыспалы егiс бойынша жоспарланған өнiм үшiн нормативтiк балансты қолдану арқылы тыңайтқыш мөлшерiн есептеудi мынадай ретпен жүргiзу ұсынылады:

ауыпалы егiстiң әрбiр дақылының жоспарлы өнiмiн белгiлеу,

жоспарланған өнiммен кететiн азот, фосфор, калий мөлшерiн есептеу,

әрбiр танаптағы дақылдың жоспарланған өнiммен кеткен қоректiк заттардың қайтарылымының мөлшерiн анықтау

жеке тыңайтқыш түрiнiң мөлшерiн есептеу.

Ауыспалы егiс түрiне, дақылардың биологиялық ерекшелiктерi мен шаруашылықтағы тыңайтқыш қорына қарай, ауыспалы егiсте тыңайтқышты ең алдымен жоғары түсiм беретiн бiр-екi дақылға бередi. Ал басқа дақылдар берiлген тыңайтқыштың кейiнгi әсерiн пайдаланады. Мысалы, парлы-астықты ауыспалы егiсте көң мен фосфор тыңайтқышын пар танабына қолданып, азот тыңайтқышын пардан кейiнгi екiншi дақылға берген жөн. Қант қызылшалы ауыпалы егiсте фосфор мен калий тыңайтқыштарын қант қызылшасына беру керек, ал күздiк бидай және жүгерi қант қызылшасына берiлген фосфор мен калий тыңайтқыштарының кейiнгi әсерiн пайдаланады. Көңдi көпшiлiк жағдайда жүгерi мен күздiк бидайға қолданады. Бұл әдiспен тыңайтқыш мөлшерiн есептеу жолын қарастырайық. Айталық, қант қызылшасының гектарынан 500 ц тамыр жемiсiн жинау үшiн есептеу жолы алынған (81-кесте).

81-кесте. Тыңайтқыш мөлшерiн есептеу.

Көрсеткiштер

N

P2O5

K2O

Жоспарланған түсiммен кеткен қоректiк заттардың

 

 

 

мөлшерi, кг

200

60

350

Топырақтың қоректiк заттармен қамтамасыз етiлу

 

 

 

деңгейi

орташа

орташа

жоғары

Баланс нормативтерi, %

80

100

25

Нормативтiк балансқа түзету еңгізу арқылы бiр

 

 

 

гектарға берiлетiн қоректiк заттардың мөлшерi, кг

160

60

87

Жоңышқа тамыр қалдықтарындағы азоттың кейiнгi

 

 

 

әсерi, кг

75

-

-

Минералдық тыңайтқыш құрамындағы қоректiк

 

 

 

затзаттарды өсiмдiктiң пайдалану коэффициентi

70

30

70

Бiр гектарға қажеттi минералдық тыңайтқыш

 

 

 

мөлшерi, кг

121

200

124

344

7.5.6. ТЫҢАЙТҚЫШ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ ҮШIН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДIСТЕРДI ҚОЛДАНУ

Тыңайтқыштармен жүргiзiлген егiстiк тәжiрибелердiң негiзiнде өндiрiс әрекетiнiң арнаулы математикалық үлгiсiн дайындайды. Осы математикалық үлгiнi талдау арқылы топырақ қасиеттерiнiң, әсiресе құрамындағы қоректiк заттар мен тыңайтқыш мөлшерiнiң дақыл өнiмiне және жеке тыңайтқыш түрiнiң тиiмдiлiгiне әсерiн анықтайды.

Математикалық үлгiлердi пайдалана отырып түсiмдi болжауға болады және тыңайтқыштарды таратып бөлу жоспарын құру үшiн нормативтер дайындайды.

Тыңайтқыш мөлшерiн анықтауда математикалық әдiстерде электронды есеп машиналарын пайдалану, тыңайту жүйесiнде көптеген мәселелердi шешуде маңызды орын алады.

7.5.7.МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУДЫҢ КЕШЕНДІ ӘДIСI

Соңғы жылдары тыңайтқыш мөлшерiн есептеуде бiрнеше фактор жиынтығын есепке алу ұсынылуда. Бұл факторларға әрбiр топырақ-климат аймақтарында тыңайтқышпен жүргiзiлген егiстiк тәжiрибелердiң нәтижелерi, түсiммен кеткен қоректiк зат шамасы, тыңайтқыш берiлетiн топырақ құрамындағы қоректiк заттардың мөлшерi, топырақ бонитетi, дақылға қолданылатын органикалық тыңайтқыш мөлшерi, алғы дақылдың, биологиялық ерекшелiктерi және топырақтың гранулометриялық құрамы жатады.

Қазақстанның ғылыми мекемелерi әрбiр топырақ-климат аймақтарында өсiрiлетiн дақылдардан жоспарланған өнiм алу үшiн тыңайтқыштың тиiмдi мөлшерiн дайындап өндiрiске ұсынды. Бұл мөлшердi шаруашылықтағы тыңайтқыш қолдану ерекшелiгiн ескере отырып тиiстi түзетуден соң пайдалану керек (82-кесте).

345

82-кесте. Қазақстан Республикасы жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарына арналған тыңайтқыштың ықшамдалған жылдық мөлшерi (әсерлi зат, кг/га).

Дақылдар

Жоспарланған ц/гаөнiм,

Топырақ түрiмен оның құрамындағы

Топырақ құрамындағы

Топырақ құрамындағы

азоттың деңгейiне байланысты

жылжымалы фосфордың

алмаспалы калийдiң деңгейiне

 

 

 

 

қолданылатын азот тыңайтқыштары

деңгейiне байланысты

байланысты қолданылатын калий

 

 

 

ның мөлшерi

қолданылатын фосфор

тыңайтқышының мөлшерi

 

 

 

 

 

тыңайтқышының мөлшерi

 

 

 

 

 

қара

қоңыр

боз топырақ

төмен

орташа

жоғары

төмен

орташа

жоғары

 

 

топырақ

топырақ

 

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жаздық

15

50-60

30-40

10-15

бидай

15-20

60-70

40-50

15-20

 

20-25

70-90

50-60

30-40

 

25-30

90-100

60-70

40-50

30-40

 

30-35

70-80

80-90

90-100

60-70

40-50

60-70

40-60

30-40

 

35

80-90

80-90

100-110

70-80

50-60

60-70

40-60

30-40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күздiк

15

20-30

30-40

15-20

бидай

15-20

30-40

45-60

40-50

30-40

15-20

 

20-25

20-30

30-45

60-70

40-60

30-40

30

20-30

 

25-30

30-40

45-60

70-80

60-80

40-60

30-40

30-45

20-30

20

 

45-65

90-100

120-180

90-120

60-90

45-60

60-90

50-80

40-50

Дәндi жүгерi

30

40-60

70-80

70

50

40

60

 

35-50

60-90

90-110

80-100

50-80

40-60

70-90

50-60

40-50

 

50-70

70-110

110-130

90-120

70-90

50-70

90-110

70-90

50-70

 

70-80

110-130

130-150

120-140

100-120

70-100

110-130

90-110

70-90

Күрiш

40

90-120

80-100

45-60

30

45-60

30-45

 

40-50

120-150

100-120

60-70

40-45

70-90

50-70

 

50

150-170

120-150

70-120

45-70

90-110

70-90

346

Картоп

50-100

35-40

55-80

90-100

60-80

40-60

25-30

60-80

40-60

20-30

 

100-150

40-45

80-90

100-120

80-90

60-70

30-35

80-90

60-80

40-45

 

150-200

50-60

90-110

110-140

90-100

70-90

50-70

90-110

80-90

50-70

 

200-300

70-90

110-145

145-175

100-120

90-100

70-90

110-120

90-110

70-90

Мақта

25

110

90

70

40

40

30

30

 

25-30

110-130

90-100

70-80

40-50

40-50

30-40

30

 

30-35

130-150

100-120

80-100

50-60

50-60

40-50

30-40

 

35-40

150-170

120-140

100-120

60-70

60-70

40-50

30-40

 

40-45

190-220

140-160

120-140

70-90

70-90

50-70

40-50

Қант

350

80-100

100-120

100-110

60-80

40-50

70-80

40-50

30

қызылшасы

350-450

90-120

120-140

110-130

80-110

50-60

80-100

50-70

30-40

 

450-550

120-150

140-160

130-150

110-130

60-70

100-120

70-100

40-60

Асбұршақ,

10-20

40-70

30-50

70-90

30-50

30

соя

20-30

30-50

40-60

40-70

30-40

30-40

 

30-40

15-30

30-50

30-40

30-40

40-50

Арпа

15-20

30-45

30-45

30-45

30-50

20-40

 

20-25

30-60

30-60

30-60

45-60

30-50

20-30

30-45

20-30

 

25-30

45-70

45-70

45-70

60-80

40-60

30-40

30-60

30-45

 

30-45

60-90

60-90

60-90

70-90

50-70

30-45

40-60

30-45

Қияр

150-200

40-50

60-70

100-110

60-90

40-65

15-25

45-60

20-45

15-30

 

200-250

45-50

60-80

100-110

75-90

45-60

20-25

40-60

20-30

20-30

 

250-300

50-55

80-90

100-120

90-95

50-60

25-30

45-70

30-50

30-35

Пияз

150-200

50-55

60-70

90-105

40-70

40-55

30-35

40-45

30-35

20-25

 

200-250

55-60

70-80

105-120

50-75

45-60

25-35

45-50

35-40

25-30

Сәбiз

250-300

50-55

70-80

90-105

80-85

60-65

30-35

40-60

30-50

30-40

 

300-350

55-60

80-90

105-120

85-90

65-70

35-40

45-60

40-50

25-30

Асханалық

250-300

55-60

70-80

105-120

85-90

65-70

30-40

80-90

45-60

30-45

қызылша

300-400

60-65

90-110

120-150

90-100

70-90

35-45

90-100

60-80

45-60

 

400-500

65-70

110-140

150-180

100-110

80-100

45-55

100-110

80-90

60-70

347

Капуста

200-300

75-80

80-100

120-140

90-120

60-90

30-45

100-110

90-100

50-60

 

300-400

80-90

100-120

140-160

100-130

90-100

45-60

110-120

80-90

40-60

 

400-500

90-100

120-140

160-180

130-160

100-120

60-70

110-130

80-90

50-70

 

300-400

70-80

90-100

120-150

120-160

100-130

45-60

60-90

60-70

40-50

 

400-500

70-90

90-100

170-180

120-140

60-70

75-80

65-80

60-70

 

500-600

90-110

110-120

180-190

140-160

70-75

90-100

70-80

50-70

Жоңышқа

50-100

100-130

70-90

40-70

90-100

70-90

40-70

 

100-150

130-140

90-120

60-70

100-120

90-100

70-90

 

150-200

140-160

120-140

70-90

120-150

100-110

90-100

 

200-250

160-180

140-160

90-130

150-180

110-120

70-80

Сүрлемдiк

200

30-50

40-60

60-70

40-60

30-40

20-30

30-40

жүгерi

200-300

45-60

60-90

90-100

60-90

50-60

30-40

40-60

30-40

 

300-400

60-80

80-100

110-130

90-100

60-70

40-50

60-80

40-50

30-40

 

400-600

80-100

100-120

130-150

100-110

70-100

50-60

80-100

50-80

40-50

 

600

120-140

120-150

150-180

110-130

100-110

60-70

100-130

80-100

50-60

Мал азықтық

500-700

90-100

110-120

130-160

100-120

70-90

50-70

70-90

40-60

30-40

қызылша

700-1000

110-120

120-140

140-170

120-140

90-110

70-90

90-100

60-80

40-50

 

1000

120-140

150-160

160-190

150

120

100

120

90

80

Бiр және

20-30

30

30-50

50-60

40-50

20-30

20

30

көпжылдық

30-40

40-50

50-60

60-70

50-70

30-50

20-30

40

20

дәндi шөптер

40-50

50-70

60-80

80-90

70-90

50-70

30-50

40-50

30-40

30

348

8-тарау. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ҚОРЕКТЕНУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСI

Ауылшаруашылық дақылдарынан мол әрi сапалы өнiм жинау үшiн тыңайтқышты тиiмдi қолдану маңызды рөл атқарады. Көпшiлiк ауылшаруашылық дақылдары, әсiресе техникалық, көкөнiс, өнiм түзу үшiн қоректiк заттарды көп мөлшерде керек етедi.

Кәзіргі жағдайда тыңайтқышсыз дақылдар өнiмiн айтарлықтай дәрежеге көтеру мүмкiн емес. Сондықтан игерiлген ауыспалы егiсте тыңайтқыштарды қолданудың тиiмдi жүйесiн пайдалану дақыл түсiмiн атқарудың шешушi шарты болып саналады.

8.1.Дәнді дақылдарды тыңайту

8.1.1.КҮЗДIК БИДАЙДЫ ТЫҢАЙТУ

Күздiк бидай. Қазақстанда өсiрiлетiн негiзгi дәндi дақылдардың бiрi. Күздiк бидай бiздiң республикамыздың негiзiнен оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс аймақтарында өсiрiледi. Агротехникалық шараларды дұрыс және уақтылы жүргiзгенде күздiк бидай жаздық бидаймен салыстырғанда әлде қайда мол өнiм бередi. Күздiк бидай вегетациялық дәуiрi ұзақ болуына байланысты жаздық бидайға қарағанда топырақтан қоректiк заттарды едәуiр молырақ мөлшерде алады. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметi бойынша бiр тонна дәнi және сондай мөлшердегi сабаны топырақтан шамамен 30-35 кг азот, 10-15 кг фосфор, 24-25 кг калий пайдаланады. Әрине, бiр гектардан алына-тын өнiм неғұрлым мол болса, оның топырақтан пайдаланатын қоректiк заттар мөлшерi де көбейедi. Бiрақта күздiк бидай өзiнiң өсу дәуiрiне қоректiк заттарды бiркелкi қабылдамайды (83-кесте).

83-кесте. Күздiк бидайдың қоректiк элементтердi пайдалануы, %.

Өсу кезеңi және даму фазасы

Азот

Фосфор

Калий

 

 

 

 

Күз және ерте көктем

47

30

48

Масақтана бастауы

69

65

68

349

 

Гүлдеу

 

90

93

 

95

 

 

Пiсе бастауы

 

98

97

 

100

 

 

Толық пiсу

 

100

100

 

82

 

 

Бұл дақылдың қоректiк заттарды пайдалануы негiзгi үш

кезеңнен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

Бiрiншi кезең - тұқым өнгеннен

бастап

алғашқы

жапырақ

пайда болу аралығын қамтиды. Бұл кезде ол фосфор элементiн көбiрек пайдаланады, ал азот пен калийдi тұқым құрамындағы сол элементтердiң есебiнен қанағаттандырады.

Екiншi кезеңге - алғашқы жапырақ пайда болу мен гүлдеу фазаларының арасы жатады. Бұл кезеңде өсiмдiктiң вегетациялық мүшелерiнiң өсiп-дамуының қарқынды жүруiне байланысты күздiк бидай топырақтан азот, фосфор, калий тағы басқа қоректiк элементтердi барынша көп алады.

Үшiншi кезең гүлдеу мен толық пiскенге дейiңгi аралықты қамтиды. Бұл кезде дақылдың вегетативтiк мүшелерiнде жиналған қоректiк заттардың дәнге жылжуы қарқынды жүредi де топырақтан қоректiк заттардың өсiмдiкке өтуi баяулайды немесе тоқталады. Алайда осы аталған қоректену кезеңдерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты.

Күздiк бидайға берiлетiн минералдық тыңайтқыш мөлшерiн топырақтағы қоректiк заттардың шамасына, жоспарланған өнiм деңгейiне және алғы дақыл ерекшелiктерiне қарай белгiлеудiң маңызы орасан зор. Күздiк бидай ылғалмен өте нашар (жылдық жауын-шашын мөлшерi 200-220 мм), орташа (300-400 мм), мол (550-600 мм) қамтамасыз етiлген тәлiмi және суармалы жерлерде өсiрiледi. Әрбiр аймақтың ылғалмен қамтамасыз етiлуiне қарай қолданылатын тыңайтқыштың мөлшерi мен мерзiмi өзгерiп тұрады.

Ылғалмен өте нашар қамтамасыз етiлген аймақта күздiк бидайды таза пардан кейiн сепкен дұрыс. Мысалы, Қазақ ғылымизерттеу егiншiлiк институтының (Е. М. Зенкова, М.И. Ру-бинштейн) деректерiне қарағанда Алматы облысының боз топырағында таза пардан кейiн гектарына 384 кг, отамалы дақылдардан кейiн - 180 кг, күздiктен соң - 139 кг нитратты азот қалады.

Жамбыл облыстық тәжiрибе стансасының (М.С.Бәсiбеков) дерегi бойынша жауын - шашынмен орташа қамтамасыз етiлетiн ашық қара қоңыр топыраққа орналасқан төрт танапты астықтыпарлы ауыспалы егiс дақылдарын (пар, күздiк бидай, күздiк бидай,

350