Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1139
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

7.4.2. ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ

Шаруашылықта минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиеу, түсiру, ұнтақтау, араластыру және топыраққа еңгізу жұмыстарын механикаландыру олардың тиiмдiлiгiн анағұрлым арттырады. Ол үшiн әртүрлi машиналар, механизмдер, қондырғылар пайдаланылады.

Қоймадағы тыңайтқыштарды тиеуге ПЭ-0,8Б; ПБ-35; ПГ-0,2 маркалы тиегiштердi, ұнтақтау үшiн НСУ-4; АИР-30 машиналарын және тыңайтқыш қоспаларын дайындауға арналған СМУ-30 қондырғысын пайдаланады.

Негiзгi тыңайтуға арналған қатты минералдық тыңайтқыштарды егiске шашуға РУМ-8; I-РМГ-4; НРУ-0,5; РМС-6; КСА-3 шашқыштарын қолданады.

Дәндi дақылдар тұқымдарын сепкенде тыңайтқыштарды топыраққа бiрге еңгізу үшiн СЗ-3,6; СЗУ-3,6; СЗТ-3,6; СЗА-3,6 сепкiштердi және сепкiш-культиваторлары мен ЛДС-6 сепкiшсыдыра жыртқышын пайдаланады. Тыңайтқышты тұқыммен бiрге қолдану үшiн жүгерiнi себуге СКНК-8; СБК-4, қант қызылшасын сепкенде ССТ-12А; ССТ-8, көкөнiс дақылдарын еккенде СКОН-4,2 сепкiштерiн қолдану керек. Отамалы дақылдарды КРН-5,6; КРН-4,2 (жүгерi); УМСК-5,6А; КГС-4,8 (қант қызылшасы); КРН-2,8МО; КОР-4,2 (көкөнiс); КОН-2,8ПМ; КПН-4,2Г (картоп) культиваторлардың көмегiмен үстеп қоректендiредi.

Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдануға қажеттi машиналар санын төмендегi формуламен анықтайды:

Q

 

М = H K D

100;

мұнда,

Q - тыңайтқыш қолданылатын егiс көлемi, га; Н - агрегаттың сменалық өнiмдiлiк мөлшерi, га;

К - агрегатты сменалық пайдалану коэффициенті (егер агрегатты бiр смена пайдаланса коэффициент бiрге тең болады);

D - жұмысты орындау мерзiмi, күн.

331

7.5.Тыңайтқыштарды қолдануды қолайландыру әдістері

7.5.1.ТЫҢАЙТҚЫШ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ

Дақылға қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiн белгiлеу тыңайту жүйесiнде маңызды шара болып есептеледi. Өйткенi, өсiмдiктiң қоректiк затты пайдалануы оның биологиялық ерекшелiктерi мен түсiм шамасына, топырақ-климат тағы басқа жағдайларға байланысты өзгередi. Бiр гектар егiстiкке бiр жылға арналған тыңайтқышты оның мөлшерi деп айтады. Ал бiр мезетте еңгізiлуге тиiстi тыңайтқыш мөлшерiн доза деп атайды. Мөлшер мен дозаны тыңайтқыштың килограммен белгiленген әсерлi затымен есптейдi. Органикалық тыңайтқышты тоннамен (т/га) өрнектейдi.

Тыңайтқыш мөлшерi қолайлы, тиiмдi, шектi болып ажыратылады.

Тыңайтқыштың түсiммен қайтарылымы жоғары әрi сапасы жақсы өнiм алуға арналған мөлшерiн қолайлы мөлшерi дейдi. Қазақстанның солтүстiк облыстарында 4-5 танапты астықты-парлы ауыспалы егiс үшiн, гектарына 60-80 кг Р2О5 беру қолайлы мөлшер болып саналады. Фосфордың бұл мөлшерi пар танабына егiлетiн жаздық бидайдан гектарынан 2-2,5 центнер қосымша өнiм жинауға мүмкiндiк бередi.

Бiр гектар егiстiктен мүмкiндiгiнше сапасы жақсы мол өнiм жинауды қамтамасыз ететiн әрi топырақ құнарлылығын ұдайы арттыруға бағытталған, экономикалық жағынан пайдалы тыңайтқыш мөлшерiн тиiмдi, ал ең жоғары мол өнiм алуды қамтамасыз ететiн тыңайтқыш мөлшерiн шектi мөлшер дейдi. Бұл жағдайда өнiм сапасы төмендейдi.

Жеке дақылдар үшiн негiзiнен тыңайтқыштың қолайлы мөлшерiн анықтайды. Бұл мөлшердi анықтау әдiстерiн 4 топқа бөледi:

тыңайтқышпен жүргiзiлген егiстiк тәжiрибелер мен топырақты агрохимиялық талдаудың нәтижелерiн тiкелей пайдалану;

есептiкбаланстық әдiстер;

математикалық әдiстер;

кешенді әдiстер.

332

7.5.2.ЕГIСТIК ТӘЖIРИБЕЛЕР НӘТИЖЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТЫҢАЙТҚЫШ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ

Егiстiк тәжiрибелердiң нәтижелерiн пайдалану тыңайтқыш мөлшерiн анықтаудың ең негiзгi әдiсi. Жоғарыда айтылғандай тыңайтқыш тиiмдiлiгi топырақ пен ауа-райы жағдайларына байланысты.

Осы факторлардың бiр-бiрiне және олардың дақыл түсiмiне тигiзетiн әсерiн тек қана егiстiк жағдайында байқауға болады.

Егiстiк тәжiрибелердi жүргiзуден жинақталған материалдарды ғылыми-зерттеу мекемелерi қорытындылайды да әрбiр аймақ топырағында егiлетiн дақылдарға тыңайтқыш қолдану туралы ұсыныс дайындайды.

Сол аймақта орналасқан шаруашылық осы ұсынысты толық өзгерiссiз немесе өз жағдайына қарай түзетулер еңгізу арқылы пайдаланады.

Тыңайтқыштың орташа мөлшерiн дәлдеу үшiн түрлi әдiстердi қолданады. Ең кеңiнен таралған әдiс - түзету коэффициентiн пайдалану әдiсi. Бұл әдiсте топырақ құрамындағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң мөлшерi ескерiледi (74-кесте).

Көпшiлiк ғалымдар (Соколов, 1970, Синягин, 1975 т.б.) орташа мөлшердi дәлдеу үшiн топырақ құрамындағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң мөлшерiмен шектелiп қана қоймай, тыңайтқыштың кейiнгi әсерiн, тамыр жүйесiндегi элементтердiң шамасын да ескерудi ұсынады.

74–кесте. Суармалы аймақтың қара-қоңыр, боз топырақтарына қолданылатын тыңайтқыштың орташа мөлшерiне арналған түзету коэффициентiнiң мәнi.

Топырақтағы

Дәндi дақылдар

Техникалық,

 

Көкөнiс

 

жылжымалы фосфор мен

мен шөптер

отамалы дақылдар

дақылдары

алмаспалы калий деңгейi

N

P2O5

K2O

N

P2O5

K2O

N

 

P2O5

K2O

Өте төмен

1,2

1,5

1,2

1,5

1,7

1,3

1,3

 

1,4

 

1,5

Төмен

1,1

1,3

1,1

1,3

1,5

1,2

1,2

 

1,3

 

1,2

Орташа

1,0

1,0

1,0

1,0

1,2

1,0

1,0

 

1,2

 

1,0

Көтерiңкi

0,9

0,7

0,7

0,8

1,0

0,8

0,8

 

1,0

 

0,7

Жоғары

0,8

-

-

0,5

0,8

0,5

0,6

 

0,7

 

0,5

Өте жоғары

0,5

-

-

0,1

0,4

0,1

0,5

 

0,2

 

0,3

333

Азот тыңайтқышы мөлшерiне түзету алғы дақыл мен жоспарланған өнiм мөлшерiне қарай жүргiзедi (75-кесте).

Фосфор және калий тыңайтқыштарының мөлшерiне түзету жасау жоспарланған өнiм деңгейi мен топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий шамасына байланысты (76-кесте).

Тыңайтқыштың кейiнгi әсерiн тек қана бiрiншi дақыл үшiн қолдану орынды. Мысалы, гектарына N120P60K60 тыңайтқыш берiлген күздiк бидайдан кейiн егiлетiн жүгерi азоттың 5, фосфордың 15, калийдiң 10 пайызын пайдаланады. Сонда, күздiк бидайға берiлген тыңайтқыштан жүгерi қоректену элементтерін келесі шамада пайдаланады:

120 5 = 6 кг азот;

100

60 15 = 9 кг фосфор;

100

60 10 = 6 кг калий .

100

Егер жүгерi егiстiгiне 20 тонна көң беру жоспарланса, онымен бiрге 100 кг азот, 50 кг фосфор, 120 кг калий топыраққа ендiрiледi. Өйткенi орта есеппен көң құрамында 0,5 пайыз азот; 0,25 пайыз фосфор және 0,6 пайыз калий бар.

Бiрiншi жылы көң құрамындағы қоректiк элементтердiң өсiмдiктiң пайдалану коэффициентi мынадай: N-25%, P2O5-30%

және K2O - 40%.

Демек, 20 тонна көңнен жүгерi 25 кг N; 15кг P2O5; 48 кг K2O пайдаланады.

Сондықтан ғылыми мекемелер ұсынысымен жүгерiге арналған минералдық тыңайтқыш мөлшерi мынадай шамада азайтылады: азот 31 килограмға (6+25), фосфор 24 килограмға (9+15), калий 54 килограмға (6+48).

334

75-кесте. Топырақ пен алғы дақыл түрлерiне және жоспарланған өнiм деңгейiне байланысты азот тыңайтқышының мөлшерi.

Дақыл

Алғы дақыл

Өнiм,

Әртүрлi топыраққа

Ғылыми мекеме,

 

 

ц/га

арналған тыңайтқыш

автор

 

 

 

(ә.з.) мөлшерi, кг/га

 

 

 

 

Ашық

Шал

Кәдiм

 

 

 

 

қара

ғын

гi боз

 

 

 

 

қоңыр

дық

 

 

 

 

 

 

боз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күздiк

Отамалы

35-40

30

45

60

Қазақ ғылыми-

бидай

және

45-50

40

60

70

зерттеу егiншiлiк

 

дәндi

55-60

60

90

90

институты,

 

масақтылар

35-40

60

90

120

Бәсiбеков Б.С.

 

 

45-50

120

150

150

 

 

 

55-60

150

180

180

 

Қант

Жүгерi немесе

300-350

45

50

60

Торшина О.Б.

қызылшасы

қант

350-450

70

80

90

Қазақ ауыл шаруа

 

қызылшасы

450-500

90

110

120

шылық институты

 

 

>500

120

115

130

Пономарева А.Т.,

 

Дәндi

300-350

80

85

90

Елешев Р.Е.

 

масақтылар

350-450

100

110

120

 

 

 

450-500

120

130

150

 

 

 

>500

150

160

180

 

 

 

300-350

90

100

110

 

 

 

350-450

120

130

150

 

 

 

450-500

150

170

180

 

 

 

>500

180

190

200

 

Сүрлемдiк

Дәндi

<300

90

120

150

Қазақ ғылыми-

жүгерi

масақтылар

400-500

120

150

180

зерттеу егiншiлiк

 

 

>600

150

180

200

институты

 

Жүгерi

<300

110

130

160

Бәсiбеков Б.С.

 

 

400-500

130

170

200

Баймағанова Ғ.

 

 

>600

170

200

220

 

Бұл әдiстiң артықшылығы егiстiк тәжiрибе нәтижелерiн математикалық жолмен өңдеуге және түрлi көрсеткiштер арасындағы байланысты анықтауға болады.

Ол үшiн топырақтағы және өсiмдiктегi қоректiк зат мөлшерiнiң, тыңайтқыш мөлшерiнiң, өнiм деңгейi мен сапасының араларындағы байланысты белгiлеген дұрыс.

Тыңайтқыш мөлшерiн бұл әдiспен анықтауда қысқа мерзiмде жүргiзiлген тәжiрибе нәтижелерiн пайдалануға болмайды.

335

76-кесте. Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий шамасына және жоспарланған өнiм деңгейiне байланысты фосфор, калий тыңайтқыштарының мөлшерi.

Дақыл

Өнiм,

Топырақтың қоректiк заттармен қамтамасыз етiлу

 

ц/га

деңгейiне байланысты берiлетiн тыңайтқыш

 

 

 

 

мөлшерi (кг/га ә.з).

 

 

 

 

Жылжымалы фосфор

Алмаспалы калий

 

 

Төмен

Орташа

Көтерiңкi

Жоғары

Төмен

Орташа

Көтерiңкi

Жоғары

Қант қызылшасы

300

90

60

50

45

70

50

40

30

 

350-400

120

90

70

60

90

70

50

40

 

450

150

100

70

50

120

90

70

60

Мақта

20

90

70

60

40

30

20

 

25-30

120

90

70

50

40

30

20

 

35

150

120

90

70

60

40

30

Көкөнiс

200

90

60

40

30

90

60

40

30

 

250-300

120

90

70

50

100

90

70

50

 

400

150

120

90

70

120

100

90

60

Картоп

100

80

50

30

70

60

40

20

 

120-150

100

70

50

40

90

70

50

30

 

200

120

90

70

60

100

80

60

40

Дәндi масақтылар

15

60

30

40

30

20

 

20-25

90

60

45

30

50

40

30

 

35

120

90

70

50

60

50

40

20

Жоңышқа (шөп)

50

200

70

50

30

90

70

60

40

 

60-70

90

90

70

50

120

100

70

50

 

100

120

150

100

70

150

120

90

60

Дәндiк жүгерi

50

60

45

30

90

60

40

30

 

60-70

90

70

50

30

100

80

60

50

 

80

120

100

90

60

120

100

80

70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.5.3. МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУДЫҢ ЕСЕПТIК ӘДIСТЕРI

1901 жылы немiс агрохимигi П. Вагнер тыңайтқыш мөлшерiн егiстiк тәжiрибе көрсеткiштерi мен топырақтан түсiммен кететiн қоректiк заттар туралы мәлiметтердi өзара салыстыру арқылы есептеудi ұсынған.

Кейiн А. Л. Маслова‚ А.М. Надеждин‚ З.И. Журбицкий‚ Д.В. Федоровский‚ Т.Н. Кулаковская‚ Н.А. Сапожников тағы басқалары тыңайтқыш мөлшерiн есептеу әдiсiнiң түрлi варианттарын ұсынған.

336

Алайда‚ барлық есептеу әдiстерi топырақтан түсiммен кететiн қоректiк элементтер мен өсiмдiктiң топырақ пен тыңайтқыштан қоректiк заттарды пайдалауына негiзделген.

7.5.4. ЖОСПАРЛАНҒАН ӨНIМГЕ АРНАЛҒАН МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ МӨЛШЕРIН ҚАРАПАЙЫМ (ЭЛЕМЕНТАРЛЫҚ)

БАЛАНС ӘДIСI БОЙЫНША АНЫҚТАУ

Бұл әдiспен тыңайтқыш мөлшерiн анықтау үшiн, топырақтан түсiммен кететiн қоректiк зат мөлшерi мен өсiмдiктiң топырақ пен тыңайтқыштар құрамындағы қоректiк элементтердi пайдалану коэффициентi ескерiледi.

Мұнда жоспарланған өнiм түзуге топырақтың қорек заттарының жетiспейтiн бөлiгiн органикалық және минералдық тыңайтқыш беру арқылы толықтырады.

Түсiммен кететiн қоректiк зат мөлшерiн тыңайтқыш жөнiндегi анықтамалықтардан алу ұсынылады. Агрохимиялық зерттеу арқылы дайындалған агрохимиялық картограммада немесе танаптық паспортта көрсетiлген топырақтағы қоректiк заттар қорын пайдаланады.

Элементарлық баланс әдiсiмен тыңайтқыш мөлшерiн есептеу үшiн мысал келтiрейiк.

Айталық‚ ашық қара қоңыр топыраққа егiлетiн қант қызылшасының гектарынан 500 центнер тамыр және 600 центнер жүгерi балаусасын алу жоспарланды делiк.

Қант қызылшасы үш жылдық жоңышқадан кейiн себiледi. Жоңышқадан үш жылда гектарынан 300 центнер шөп жиналды.

Қант қызылшасы егiлетiн танаптың 1 кг топырағында 90 мг жеңiл ыдырайтын азот‚ 30 мг жылжымалы фосфор (Мачигин бойынша)‚ 450 мг алмаспалы калий бар.

Жүгерi әрбiр гектарына 120 кг азот берiлген, күздiк бидайдан соң себiледi. Жүгерi егiлетiн танап топырағының әрбiр киолограмында 85 мг жеңiл ыдырайтын азот‚ 25 мг жылжымалы фосфор (Мачигин бойынша)‚ 450 мг алмаспалы калий бар.

Анықтамалық бойынша қант қызылшасының 1 тонна түсiммен топырақтан 4 кг N; 1‚2 кг P2O5 және 7 кг К2О кетедi. Жүгерi үшiн бұл көрсеткiш мынадай: N-3 кг‚ P2O5 - 1‚2 кг‚ К2О - 4‚5 кг.

337

Сондықтан 500 ц қант қызылша өнiмiмен 20 кг N; 60 кг P2O5; 350 кг К2О кетедi.

Жүгерiнiң 600 ц балаусасымен топырақтан 180 кг N‚ 72 кг P2O5 және 270 кг К2О кетедi. Үш жылдық жоңышқаның топырақта қалған тамырының әрбiр тоннасында 10 кг азот болады.

Сонда бiр гектар жоңышқа тамырындағы азот мөлшерi 300 кг екен. Ал жоңышқадан кейiңгi егiлетiн қант қызылшасы бұл азоттың 25 пайызын яғни 75 килограмын пайдаланады.

Жүгерi азот тыңайтқышы берiлген күздiк бидайдан кейiн себiледi дедiк, ал азоттың кейiнгi әсерi төмен.

Сондықтан оны есепке алу мiндеттi емес. Бiрақ жүгерi егiстiгiнiң гектарына 20 т көң беру жоспарланып отыр.

Сонымен қант қызылшасы мен жүгерiге арналған минералдық тыңайтқыш мөлшерiн есептеу барысы 77-кесте түрiнде өрнектелді.

Тыңайтқыштың есептелген мөлшерiн 5-10 килограмға дейiн ықшамдауға болады.

Қант қызылшасына тыңайтқышты мочевина (46% N), қос суперфосфат (40% P2О5), хлорлы калий (55% К2О) түрiнде беру белгiленсе, сол дақылға тиiстi қоректiк заттарды (N, P2O5, K2O) тыңайтқышқа былай ауыстырады:

N = 92 *100 = 200 46

кг немесе 2 ц мочевина

P2O5 = 43*100 = 107,5 40

кг немесе 1,07 ц қос суперфосфат

K2O = 145*100 = 264 55

кг немесе 2,64 ц хлорлы калий

338

77–кесте. Жоспарланған өнiмге арналған тыңайтқыш мөлшерiн есептеу.

Көрсеткiштер

Қант қызылшасы

 

Жүгерi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

N

P2О5

К2О

N

P2О5

К2О

Түсiммен кететiн қоректiк зат, кг/га

200

60

350

180

72

270

1 кг топырақ құрамындағы қоректiк

90

30

450

85

25

450

заттардың мөлшерi (картограмма

 

 

 

 

 

 

бойынша)‚ мг

 

 

 

 

 

 

1 гектар танаптың 0-30 см қабатындағы

351

117

1755

331

98

1755

қоректiк заттардың қоры, кг

 

 

 

 

 

 

Топырақтағы қоректiк заттарды

20

40

15

20

40

15

өсiмдiктiң пайдалану коэффицентi, %

 

 

 

 

 

 

Бiр гектар топырақтағы қоректiк

70

47

263

66

39

263

заттарды өсiмдiктiң пайдалануы, кг

 

 

 

 

 

 

Бiр гектар егiстiкке берiлгенген 20 т көң

-

-

-

100

50

120

құрамындағы қоректiк заттардың

 

 

 

 

 

 

мөлшерi‚ кг.

 

 

 

 

 

 

Өсiмдiктiң көң құрамындағы қоректiк

-

-

-

25

30

40

заттарды пайдалану коэффицентi, %

 

 

 

 

 

 

Көң құрамындағы заттарды өсiмдiктiң

-

-

-

25

15

48

пайдалану мөлшерi, кг.

 

 

 

 

 

 

Үш жылдық жоңышқа егiстiгiнiң тамыр

75

-

-

-

-

-

қалдығындағы азотты өсiмдiктiң

 

 

 

 

 

 

пайдалану мөлшерi, кг.

 

 

 

 

 

 

1 гектарға берiлетiн минералдық (әсерлi

55

13

87

89

18

-

зат) тыңайтқыш мөлшерi, кг

 

 

 

 

 

 

Бiрiншi жылы өсiмдiктiң минералдық

60

30

60

60

30

-

тыңайтқыштан қоректiк заттарды

 

 

 

 

 

 

пайдалану коэффициентi, %

 

 

 

 

 

 

Өсiмдiктiң пайдалану коэффициентiн

92

43

145

148

60

-

ескере отырып 1 гектарға берiлуге

 

 

 

 

 

 

тиiстi минералдық (әсерлi зат)

 

 

 

 

 

 

тыңайтқыш мөлшерi, кг.

 

 

 

 

 

 

339

78-кесте. Боз топырақта егiлетiн күздiк бидайдан 12 ц қосымша өнiм алуға арналған тыңайтқыш мөлшерiн есептеу.

Көрсеткiштер

N

P2O5

K2O

Бiр тонна негiзгi өнiмнiң қоректiк заттарды

32

10

24

пайдалануы, кг

 

 

 

Жоспарланған қосымша өнiмнiң қоректiк

38,4

12

28,4

заттарды пайдалануы, кг.

 

 

 

10 тонна көңмен берiлген қоректiк заттар, кг.

50

25

60

Өсiмдiктiң көң құрамындағы қоректiк

25

30

40

заттарды пайдалану коэффициентi, %

 

 

 

Бiр гектарға берiлген көңдегi қоректiк

12,5

7,5

24

заттарды

 

 

 

өсiмдiктiң пайдалануы, кг

 

 

 

Минералдық тыңайтқыш түрiнде берiлетiн

25,9

4,5

4,8

қоректiк заттардың мөлшерi, кг.

 

 

 

Өсiмдiктiң минералдық тыңайтқыш

60

30

60

құрамындағы қоректiк заттарды пайдалану

 

 

 

коэффицентi, %.

 

 

 

Пайдалану коэффицентiне сәйкес минералдық

43,2

15

8

тыңайтқыш түрiнде берiлетiн қоректiк

 

 

 

заттардың мөлшерi, кг.

 

 

 

Топырақтың қоректiк элементтердiң

өте төмен

орташа

жоғары

жылжымалы түрiмен қамтамасыз етiлу

 

 

 

деңгейi (картограмма бойынша).

 

 

 

Топырақтың қоректiк элементтердiң

1,2

1,0

0,4

жылжымалы түрiнiң деңгейiне сәйкес

 

 

 

қолданылатын түзету коэффициентi

 

 

 

Түзету коэффицентiн ескере отырып

43,2*1,2=51,8

15*1=15

8*0,4=3,2

қолданылатын минералдық тыңайтқыш

 

 

 

мөлшерi (әсерлi зат), кг.

 

 

 

7.5.5. ЖОСПАРЛАНҒАН ҚОСЫМША ӨНIМГЕ АРНАЛҒАН МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ

Жоспарланған қосымша өнiм үшiн тыңайтқыш мөлшерiн анықтауды 1964 жылы Д. В. Федоровский ұсынды. Ол үшiн әрбiр топырақ-климат жағдайында жоспарланған өнiм мөлшерi ғылыми жағынан дәлелденген және нақтылы болу керек. Сондықтан автор соңғы 3-4 жыл бойы тыңайтқыш берiлмеген танаптағы дақыл өнiмiнiң орташа мәнiн пайдаланған. Бұл танаптың топырағының құнарлылығы мен қолданылған агротехника шараларына толық сәйкес болады. Ал жоспарланған өнiмге арналған тыңайтқыш мөлшерiн анықтау үшiн түсiммен кететiн қоректiк заттардың

340