
салы
.pdfжалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептелген жер салығының сомаларын неше пайызға азайтуды ескере отырып есептейдi?
1)70 пайызға
2)50 пайызға
3)10 пайызға
4)20 пайызға
5)15 пайызға
Жергiлiктi ӛкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi ӛңiрлерге бӛлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бӛлiнген (бӛлiп шығарылған) және казино орналасқан жерлердi қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының неше пайыздан аспайтындай етiп тӛмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар?
1)50 пайыздан
2)70 пайыздан
3)10 пайыздан
4)20 пайыздан
5)15 пайыздан
Жеке тұлғаларға жер салығы бойынша салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын тӛлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн неше жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi
1)30
2)50
3)10
4)15
5)25
61
3 БӚЛІМ. ТҦТЫНУҒА АРНАЛҒАН САЛЫҚТАР.
8 Тақырып . Қосылған қҧнға салынатын салық
1.ҚҚС тӛлеушілер және салық салу объектілері
2.ҚҚС бойынша жеңілдіктер
3.ҚҚС бойынша есепке жатқызу
4.Салықты есептеу және тӛлеу тәртібі
1.ҚҚС тӛлеушілер және салық салу объектілері
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:
-жеке кәсiпкерлер;
-мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;
-қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, ӛкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
-сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшыларымен не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын ӛзге жағдайларда пайда алушылармен сенiмгерлiкпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi ӛткiзу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенiмгерлiкпен басқарушылар;
-Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар.
Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет кӛрсетулерді) ӛткізу бойынша айналым мӛлшері ең тӛменгi айналымнан асатын болса, тұлға ең тӛменгi айналымнан асып кетуi туындаған айдың аяқталған күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына келу тәртiбiмен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық ӛтiнiштi беруге мiндеттi. Ең тӛменгi айналым тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 30 000 еселенген мӛлшерiнен құрайды.
Егер салық салынатын айналым мӛлшерi салықтық ӛтiнiш берiлген жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл үшiн салық салынатын ең тӛменгi айналымнан аспаса, ол тіркелген жерi бойынша салық органына ӛзін қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару туралы ӛтiнiш беруге құқылы. ҚҚС тӛлеуші мұндай құқықты ӛзін ҚҚС бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде 2 жыл ӛткеннен кейін пайдалана алады.
Салық салу объектiлерi болып мыналар табылады:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт.
Қосылған құн салғын тӛлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ӛткізу бойынша (қосылған құн салығынан босатылған, сондай-ақ ӛткізу орны ҚР болып табылмайтын айналымдарды қоспағанда) жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады.
62
Кеден заңдарына сәйкес ҚР-ның аумағына әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын айналым мӛлшері қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағаларды негізге ала отырып, ӛткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет кӛрсетулер) құны негізінде анықталады.
Салық салынатын айналым мӛлшері мынадай жағдайларда түзетілуге жатқызылады:
-тауарлар толық немесе жартылай қайтарылған жағдайда;
-мәміленің шарттары ӛзгерген жағдайда;
-ӛткізілген тауарлар, жұмыстар және қызмет кӛрсетулер үшін баға ӛзгерген жағдайда;
-ӛткізілген тауарлардың (жұмыстар, қызмет кӛрсетулер) тӛленген тӛлем мӛлшері күмәнді болып табылған жағдайда.
Салық салынатын импорт мӛлшері импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құн салығын қоспағаннда, тауарлар импорты кезінде салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер негізінде анықталады.
2. ҚҚС бойынша есепке жатқызу Салық салынатын айналым бойынша бюджетке тӛленуге тиіс қосылған құн
салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген ҚҚС сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Салық ставкасы 12 пайыз
НӚЛДIК СТАВКА БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР
1)Тауарлар экспорты
2)Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет кӛрсетулердi iске асыру жӛнiндегi айналымға:
1)Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны тасымалдауға;
2)Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;
3)халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нӛлдiк ставкамен салық салынады.
2 ҚҚС бойынша жеңілдіктер
Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi қосылған құн салығынан босатылған айналымдарға жатқызамыз:
1)почта тӛлемақысының мемлекеттiк белгiлерiн;
2)акциздiк маркаларды (Салық Кодексінің 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3)уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызмет кӛрсетулердi;
63
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiктi;
5)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге немесе мемлекеттiк кәсiпорындарға ӛтеусiз негiзде берiлетiн негiзгi құралдарды, жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтердi;
6)жерлеу бюроларының салт-жора қызмет кӛрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердiң қызмет кӛрсетулерiн;
7)лотереяларды ӛткiзу жӛнiндегi қызмет кӛрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi;
8)тӛлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есепқисаптарды қатысушыларға жинау, ӛңдеу және таратып беру жӛнiнде қызмет кӛрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық ӛзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет кӛрсетулердi;
9)Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта ӛңдеу" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды қайта ӛңдеу және (немесе) жӛндеу жӛнiндегi қызмет кӛрсетулердi;
10)осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет кӛрсетулердi, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жӛнелту жӛнiндегi жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi; әуежай қызметiне техникалық және аэронавигациялық қызмет кӛрсетулер жӛнiндегi қызмет кӛрсетулердi; халықаралық рейстерге қызмет кӛрсету жӛнiнде теңiз айлақтарындағы қызмет кӛрсетулердi;
11)тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жӛнiндегi қызмет кӛрсетулердi;
12)ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13)егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ ӛндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай ӛндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы тӛлеу бойынша шығыстар еңбекақы тӛлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сӛйлеу, кӛру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, кӛрсетiлетiн қызметтердi ӛткiзу бойынша айналымдарынан және акцизделетiн тауарларды ӛндiру мен ӛткiзу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет кӛрсетулерiн;
64
14)Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет кӛрсетулердi;
15)егер мәмiле шарттарында салық тӛлеушiнiң ӛткiзген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет кӛрсетулерiнiң сапасына кепiлдiк беру кӛзделсе, тауарларды пайдаланудың мәмiледе белгiленген кепiлдiк мерзiмi кезеңiнде, олардың қосалқы бӛлшектерi мен бӛлшектерiнiң құнын қоса алғанда, оларды ӛтеусiз жӛндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет кӛрсету бойынша жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi;
16)тазартылған қымбат бағалы металдарды – ӛз ӛндiрiсi шикiзатынан дайындалған алтынды, платинаны;
17)нотариаттық iс-әрекеттердi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру бойынша қызмет кӛрсетулердi;
18)мыналар:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретiн акцияларының 100 процентi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар тӛлемдiк, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын ӛткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Аталған заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар
1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бiр бӛлiгiн) ӛткiзу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бiр бӛлiгiн) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру, мыналарды:
1)қонақ үй қызмет кӛрсетулерi үшiн пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бiр бӛлiгiн) ӛткiзудi және (немесе) жалға берудi;
2)қонақ үйде тұру бойынша қызмет кӛрсетулердi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Егер осы тармақта ӛзгеше кӛзделмесе, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Мыналар:
1)автомобильдердi, сондай-ақ ӛзге де кӛлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн тӛлем;
2)қонақ үй қызметiн кӛрсету үшiн пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бiр бӛлiгi), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бiр бӛлiгi) орналасқан жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесiн жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылмайды.
3. Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылған ӛткiзу бойынша айналымның мӛлшерi осы Кодекстiң 87-бабында кӛзделген
65
тәртiппен жер учаскелерiн сатқан кездегi құнының ӛсiмi ретiнде айқындалады.
Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге:
1)қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүргiзетiн мынадай банк операциялары және ӛзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген ӛкiлеттiктер шегiнде ӛзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргiзетiн операциялар:
депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
жеке және заңды тұлғалардың ӛздерiне тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мӛлшерi кӛрсетiлген металл шоттарын ашу және жүргiзу;
аударым операциялары; банктiк қарыз операциялары; кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; тӛлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
банктердiң ақшалай нысанда орындау кӛзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi;
банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау кӛзделетiн банк кепiлгерлiгiн және ӛзге де мiндеттемелердi беруi;
банктер жүзеге асыратын факторингтiк және форфейтингтiк операциялар;
2)бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
3)бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет кӛрсетулерi;
4)туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;
5)сақтандыру (қайта сақтандыру) жӛнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерiнiң (сақтандыру агенттерiнiң) қызмет кӛрсетулерi;
6)банкаралық клиринг бойынша қызмет кӛрсетулер;
7)тӛлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жасалатын операциялар;
66
8)зейнетақы активтерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызмет кӛрсетулер;
9)ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет кӛрсетулер;
10)жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табысты бӛлу мен есептеу бойынша қызмет кӛрсетулерi;
11)кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн сату;
12) микрокредиттер беру жӛнiндегi операциялар;
13)ломбардтардың жылжымалы мүлiктi кепiлге алу арқылы қысқа мерзiмдi қарыздар беруi бойынша қызмет кӛрсетулер;
14)кредиттiк серiктестiктер ӛз қатысушылары үшiн жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: тӛлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз операциялары: тӛлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;
кредиттiк серiктестiкке қатысушылар үшiн ақшалай нысанда орындау кӛзделетiн кепiлдiктер, кепiлгерлiктер және ӛзге де мiндеттемелер беру;
15)тазартылған қымбат бағалы металдармен олардың орнын ауыстырмай жасалатын операциялар;
16)қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру жатады.
3. Бағалы қағаздармен, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлестерiмен операцияларды жүзеге асырған кезде ӛткiзу бойынша айналым бағалы қағаздарды, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдардағы қатысу үлестерiн ӛткiзу кезiндегi құнның ӛсiмi ретiнде айқындалады.
Құнның ӛсiмi осы Кодекстiң 87-бабында кӛзделген тәртiппен айқындалады.
Мынадай тауарлар Қосылған құн салығынан босатылатын импорт:
1)ұлттық және шетелдiк валюта банкноттары мен монеталары (мәденитарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2)Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекiтiлген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3)акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен гуманитарлық кӛмек ретiнде әкелiнетiн тауарлар;
4)акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем
67
кӛрсетудi қоса алғанда, қайырымдылық кӛмек мақсатында әкелiнетiн тауарлар;
5)шетелдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген ӛкiлдiктерiнiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы ӛкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6)салық тӛлеуден босатуды белгiлейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;
7)кез келген нысандағы дәрiлiк заттар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрiлiк заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;
Осы тармақшада кӛрсетiлген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
8)почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9)Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгiлерiн шығаруға арналған шикiзат;
10)мемлекеттердiң, мемлекеттердiң үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында кӛрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
Бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi алушының негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет кӛрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
1)тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi алушы сәйкес қосылған құн салығын тӛлеушi болып табылса;
2)шот-фактура жазылған күнi қосылған құн салығын тӛлеушi болып табылатын ӛнiм берушi Қазақстан Республикасының аумағында ӛткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет кӛрсетулердiң шот-фактурасын немесе сәйкес табыс етiлетiн басқа да құжатты ұсынған болса;
68
3)тауарлар импорты жағдайында қосылған құн салығы бюджетке тӛленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
4)қосылған құн салығын тӛлеу жӛнiндегi салық мiндеттемесi орындалған болса;
5)тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою кезiнде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күнi тауарлар қалдықтары бойынша (негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
Мыналар есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады:
1)қосылған құн салығы бӛлiп кӛрсетiлiп, ұсынылған шот-фактуралар бойынша ӛнiм берушiлерге тӛлеуге жататын;
2)сәйкес, қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша тӛлеуге жататын, бiрақ сәйкес айналым жасау күнi айқындалатын лизинг берушiнiң салық салынатын айналым мӛлшерiне келетiн салық сомасынан аспайтын;
3)қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша тӛленуге жататын;
4)есептi салық кезеңiнде алынған мерзiмдi баспа басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралының ӛзге де ӛнiмiнiң құнына келетiн бӛлiгiнде сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша тӛленуге жататын;
5)Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделiп, жүктiң кедендiк декларациясында кӛрсетiлген, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бюджетiне тӛленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
6)тӛлем құжатында немесе салық органы берген және сәйкес қосылған құн салығының тӛленгенiн растайтын құжатта кӛрсетiлген;
7)темiр жол немесе әуе кӛлiгiнде тасымалдаушының - салық тӛлеушiнiң сәйкестендiру нӛмiрi кӛрсетiле отырып берiлетiн жол жүру билетiнде бӛлек жазып кӛрсетiлген;
8)мынадай шарттар: отырғызу талонының болуы;
электрондық билет құнының тӛлену фактiсiн растайтын құжаттың болуы шарттары бiр мезгiлде орындалған жағдайда авиация кӛлiгiнде тасымалдаушының - салық тӛлеушiнiң сәйкестендiру нӛмiрi кӛрсетiле отырып берiлетiн электрондық билетте бӛлек жазып кӛрсетiлген;
9)есеп айырысуы банктер арқылы жүргiзiлетiн коммуналдық қызмет кӛрсетушi қолданатын құжаттарда кӛрсетiлген;
10)қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тiзiмдемесiнде кӛрсетiлген салық сомасы;
11)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша мемлекеттiк материалдық резервтер жӛнiндегi уәкiлеттi орган
69
жазып берген мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта кӛрсетiлген салық сомасы сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Мұндай құжатта:
ӛткiзiлуi бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша "ҚҚС-сыз" деген белгi кӛрсетiледi;
қалған тауарлар бойынша мемлекеттiк материалдық резервке осы тауарларды жеткiзген кезде тӛленген салық сомасының шегiнде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күнi қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кiргенi айқындалса, қосылған құн салығының сомасы кӛрсетiледi.
3. Қосылған құн салығы белгiленген тәртiппен тауарлар, жұмыстар, қызмет кӛрсетулер алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Сәйкес қосылған құн салығы тӛленген жағдайда, тӛленген салық қосылған құн салығын тӛлеу жӛнiндегi салық мiндеттемесi орындалған сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған, босатылған айналым мақсатында бұрын сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылған сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы
1. Қосылған құн салығы, егер:
1)салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi;
2)қонақ үй ретiнде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды;
3)негiзгi құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдердi;
4)тұрғын үй ғимаратындағы жалға алынған тұрғын үй-жайды жӛндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi алумен байланысты тӛленуге жататын болса, есепке жазылмайды.
2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулердi) ӛтеусiз негiзде алған кезде, осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi ӛтеусiз берген тұлғаның тӛлеуге тиiстi қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Мынадай жағдайларда:
1)салық салынбайтын айналымның мақсаты үшiн пайдаланылғандарды қоспағанда, салық тӛлеушi салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет кӛрсетулердiң болуына байланысты сәйкес барабарлық әдiстi қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет кӛрсетулер бойынша;
2)тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (тӛтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
70