Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

1.Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион ӛткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.

2.Мыналардан:

1)мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары ӛткiзетiн аукциондардан;

2)соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары ӛткiзетiн аукциондардан;

3)мыналарды:

салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату;

салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi сату;

соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бӛлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;

4) мыналарды:

соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;

белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;

белгiленген тәртiппен мемлекетке ӛткен мүлiктi сату жӛнiндегi аукциондардан;

5)банкрот заңды тұлғалардың конкурстық массасын сату жӛнiндегi аукциондардан;

6)мәжбүрлi түрде таратылатын банктердiң, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату конкурстық массасын ӛткiзу жӛнiндегi аукциондардан;

7)Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасындағы сауда-саттықта;

8)бағалы қағаздарды сату жӛнiндегi аукциондардан сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнынан алым алынбайды.

Алым ставкасы аукцион ӛткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) ӛткiзу құнының 3 процентi мӛлшерiнде белгiленедi.

1. Тӛлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

2.Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша ӛткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсiн бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi.

3.Алым тӛлеу алым тӛлеушiлердiң орналасқан жерi бойынша аукциондар (аукцион) ӛткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

4.Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiн жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке тӛленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

171

Бұл ретте бюджетке тӛленген алым сомаларын қайтаруды салық органы олардың тӛленген жерi бойынша алым тӛлеушiнiң салықтық ӛтiнiшi бойынша жүргiзедi.

1.Алым тӛлеушiлер аукциондар (аукцион) ӛткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей, ӛзi орналасқан жердегi салық органдарына алым жӛнiндегi декларацияны табыс етедi.

2.Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде ӛткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ӛзi орналасқан жердегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпаратты табыс етедi.

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым

1.Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезiнде және осы тарауда кӛзделген ӛзге де жағдайларда алынады.

2.Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.

3.Лицензиарлар тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпаратты табыс етедi.

Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым тӛлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiш (бұдан әрi – АЕК) мӛлшерiн негiзге ала отырып белгiленедi

1.Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн алым тӛлеушiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке тӛленедi.

2.Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың бiрiншi жылында лицензия алатын тӛлеушiлер алым сомасын лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тӛлейдi.

3.Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған тӛлеушiлер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейiн тӛлейдi.

4.Алым тӛлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, тӛленген алым сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.

Бұл ретте тӛленген алым сомаларын қайтаруды алым тӛлеушiнiң салықтық ӛтiнiшi бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейiн олардың тӛленген жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.

172

Телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым

1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi – рұқсат) берген кезде алынады.

Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.

2.Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

3.Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бӛлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.

Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс ӛткiзу арқылы бӛлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес тӛленуге жататын алымның есебiне жатқызылмайды.

4.Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым тӛлеушiлер болып табылады.

2. Ӛздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттiк мекемелер алым тӛлеушiлер болып табылмайды.

Алым ставкалары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiш мӛлшерiн негiзге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтерi кӛрсетiлетiн елдi мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгiленедi

1.Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органнан рұқсат алғанға дейiн телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жерi бойынша бюджетке тӛленедi.

2.Алым тӛлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, тӛленген алым сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.

Бұл ретте бюджетке тӛленген алым сомаларын қайтаруды алым тӛлеушiнiң салықтық ӛтiнiшi бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк

173

орган берген құжатты табыс еткеннен кейiн олардың тӛленген жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.

Төлемақылар

Жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақы (бұдан әрi – тӛлемақы) мемлекеттiң жер учаскелерiн ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.

2.Жер учаскелерiн ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленедi.

3.Жер қатынастары жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергiлiктi атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiктерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тӛлемақы тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

1.Жер учаскесiн ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар тӛлемақы тӛлеушiлер болып табылады.

2.Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бӛлiмшелерi тӛлемақыны дербес тӛлеушiлер ретiнде қарастырылады.

Заңды тұлға мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бӛлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша салық органына салық кезеңi басталғанға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi.

3.Мыналар тӛлемақы тӛлеушiлер болып табылмайды:

шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер;

концессия шартында кӛрсетiлген, бiрақ ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын iске асыру мақсатында берiлген жер учаскелерi бойынша концессионер.

Мемлекет ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалануға беретiн жер учаскесi

салық салу объектiсi болып табылады.

Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте, тӛлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мӛлшерiнен кем белгiленбейдi.

1.Тӛлемақы сомасы жер қатынастары жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгiмен жасалған ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.

Тӛлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың

174

аумақтарында жергiлiктi атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiктерi жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.

Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудiң тәртiбi ӛзгерген жағдайларда - жер қатынастары жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергiлiктi атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiктерi тӛлемақы сомасының есепқисаптарын қайта қарайды.

2.Салық кезеңiнде тӛленуге жататын тӛлемақы мӛлшерi есеп-қисаптарда кӛрсетiлген тӛлемақы ставкаларына және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдалану кезеңiн негiзге ала отырып айқындалады.

3.Тӛлемақы мӛлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығы сомаларының мӛлшерiнен кем белгiленбейдi.

4.Ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерiне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық тӛлеушiлер тӛлемақыны есептеудi осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзедi.

5.Осы баптың 6-тармағында аталған тӛлеушiлердi қоспағанда, тӛлемақы тӛлеушiлер ағымдағы тӛлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен тӛлейдi.

Мемлекет жер учаскелерiн ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалануға тӛлемақы тӛлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайларда, тӛлемақы тӛлеудiң келесi (кезектi) мерзiмi тӛлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.

Мемлекет жер учаскелерiн ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалануға тӛлемақы тӛлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 25-i бюджетке тӛлеу мерзiмi болып есептеледi.

6.Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар тӛлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей тӛлейдi.

Жер учаскесi белгiленген мерзiмнен кейiн алынған жағдайда, тӛлемақыны тӛлеу жер учаскесiн ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

7.Ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге жататын тӛлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей тӛленедi.

8.Тӛлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке тӛленедi.

1.Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, тӛлемақы тӛлеушiлер жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы тӛлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.

2.Тӛлемақы тӛлеушiлер ағымдағы тӛлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.

175

3.Салық кезеңi басталғаннан кейiн ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы тӛлемдер сомаларының есепқисабын шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 20-cынан кешiктiрмей табыс етедi.

4.Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы тӛлемдер сомаларының есепқисабымен бiрге жер қатынастары жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгiмен жасалған ӛтемiн тӛлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған кӛшiрмесi табыс етiледi.

Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған кӛшiрмесi тӛлемақы сомалары немесе шарттың талаптары ӛзгерген кезде ғана табыс етiледi.

5.Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi оны бұзған кезде, ағымдағы тӛлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Үстiңгi көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшiн төлемақы

1.Жер үстi кӛздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн тӛлемақы (бұдан әрi – тӛлемақы) жер үстi кӛздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

2.Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

3.Ресiмделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты кӛлемi белгiленген лимиттерден асып түсетiн су пайдалану ретiнде қарастырылады.

4.Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.

5.Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың ӛңiрлiк органдары ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тӛлемақы тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Мынадай:

1) жер үстi кӛздерiнен және теңiз суларынан механикалық және ӛзi ағып жатқан суды алу жӛнiндегi стационарлық, жылжымалы және жүзбелi құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргiзу үшiн су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) балық ресурстарын ӛндiру үшiн;

176

5) су кӛлiгi мұқтаждары үшiн жер үстi кӛздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi – бастапқы су пайдаланушылар) тӛлемақы тӛлеушiлер болып табылады.

1. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылады: 1) мыналарды:

бӛгеттерге және басқа да тiрек гидротехникалық және су реттеушi құрылғыларға шоғырландырылатын су кӛлемiн;

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеудi жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу кӛлемiн;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау кӛлемiн қоспағанда, жер үстi су кӛзiнен алынған судың кӛлемi;

2)ӛндiрiлген электр энергиясының кӛлемi;

3)су кӛлiгiмен тасымалдау кӛлемi;

4)балық аулау кӛлемi.

2. Тӛлемақы кеме тiркемесiнсiз сүректi ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.

1.Тӛлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi ӛкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тӛлемақы есепқисабының әдiстемесi негiзiнде белгiлейдi.

2.Су алудың нақты кӛлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген су пайдалану лимиттерiнен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында кӛзделген тӛлемақы ставкалары осындай асып кеткен бӛлiгiнде бес есе ұлғайтылады.

1.Тӛлемақы сомасын су пайдаланудың нақты кӛлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып, тӛлеушiлер дербес есептейдi.

2.Тӛлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық тӛлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су кӛлемi үшiн ағымдағы тӛлемақы сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 25iнен кешiктiрмей ай сайын бюджетке тӛлейдi.

3.Тӛлемақы сомасы рұқсат құжатында кӛрсетiлген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке тӛленедi.

1.Тӛлемақы тӛлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.

177

2.Тӛлемақы тӛлеушiлер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей декларация табыс етедi.

3.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық тӛлеушiлер тӛлемақы жӛнiндегi декларацияны табыс етпейдi.

4.Декларациялар салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ӛңiрлiк органында куәландырылады.

Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы

1.Қоршаған ортаға эмиссия үшiн тӛлемақы (бұдан әрi – тӛлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.

2.Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – рұқсат құжатын беретiн орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрi – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.

3.Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы кӛздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.

4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тӛлемақы тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

1.Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2.Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бӛлiмшелерi тӛлемақыларды дербес тӛлеушiлер ретiнде қарастырыла алады.

Осындай шешiм қабылданған жағдайда, заңды тұлға құрылымдық бӛлiмшенiң тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органын бұл туралы салық кезеңi басталардан кемiнде он жұмыс күнi бұрын жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың:

1) ластағыш заттар шығарындыларының 2) ластағыш заттар тӛгiндiлерiнiң

3) ӛндiрiс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты кӛлемi салық салу объектiсi болып табылады.

1.Тӛлемақы ставкалары осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескерiле отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда

178

белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiш (бұдан әрi – АЕК) мӛлшерiн негiзге ала отырып айқындалады.

1.Тӛлемақы тӛлеушiлер тӛлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты кӛлемдерiн және белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып дербес есептейдi.

2.Жылдық жиынтық кӛлемi 100 айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi тӛлемдер кӛлемiнде тӛлемақы тӛлеушiлер рұқсат құжатын беретiн орган белгiлеген қоршаған ортаға эмиссиялар лимитiн сатып алуға құқылы. Лимиттi сатып алу рұқсат құжаты есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмей ресiмделген кезде ағымдағы жыл үшiн алдын ала толық ақы тӛлеу арқылы жүргiзiледi.

4.Бюджетке тӛлемақысы уәкiлеттi мемлекеттiк орган оларды мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша енгiзiлетiн ластанудың қозғалмалы кӛздерiн қоспағанда, тӛлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар кӛзiнiң (объектiсiнiң) рұқсат құжатта кӛрсетiлген орналасқан жерi бойынша бюджетке тӛленедi.

5.Тӛлемақы тӛлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты кӛлемi үшiн тӛлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6- тармақтарында аталған тӛлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрмей енгiзедi.

1.Рұқсат құжатын берушi орган мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша декларация табыс етiлетiн ластанудың қозғалмалы кӛздерiн қоспағанда, тӛлемақы тӛлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.

2.Тӛлемақы тӛлеушiлер декларацияны, осы баптың 3 және 5- тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

3.Жылдық жиынтық кӛлемi 100 айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi тӛлемдер кӛлемiнде тӛлемақы тӛлеушiлер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

4.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық тӛлеушiлер тӛлемақы жӛнiндегi декларацияны табыс етпейдi.

Жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

1.Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақы (бұдан әрi – тӛлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

2.Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, ӛсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.

3.Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленедi.

4.Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi тӛнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн тӛлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды

179

табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

5. Мынадай жағдайларда:

1)жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, кӛшiру, жерсiндiру, жасанды кӛбейту және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;

2)жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды жолмен ӛсiрiлген әрi қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн пайдаланған кезде;

3)жануарлар дүниесiн қорғау, ӛсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшiн аулауды жүзеге асырған кезде;

4)халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай залал келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс жануарлар түрлерiн алған кезде тӛлемақы алынбайды.

6. Жануарлар дүниесiн қорғау, ӛсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бӛлiмшелерi ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тӛлемақы тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

1.Тӛлемақы ставкалары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiш мӛлшерi негiзге алына отырып айқындалады

1.Тӛлемақы сомасын белгiленген ставкалар мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағын) негiзге ала отырып, тӛлемақы тӛлеушiлер дербес есептейдi.

2.Тӛлемақы сомасы рұқсат алғанға дейiн жануарлар дүниесiн пайдалану орны бойынша не тӛлеушiнiң орналасқан жерi бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке тӛленедi.

3.Тӛлемақының тӛленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы

1. Орманды пайдаланғаны үшiн тӛлемақы (бұдан әрi – тӛлемақы) мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшiн алынады:

1) ағаш дайындау;

180