Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

4)Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары

5)жұмыс берушiнiң қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн тӛлейтiн ӛтемдерi

Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар ӛзi үшiн және әрбiр қызметкер үшiн қандай мӛлшерде әлеуметтiк салық тӛлейдi?

1)ӛзі үшін 2 АЕК және әрбір қызметкер үшін 1 АЕК

2)ӛзі үшін 1 АЕК және әрбір қызметкер үшін 2 АЕК

3)ӛзі үшін 3 АЕК және әрбір қызметкер үшін 1 АЕК

4)ӛзі үшін 5 АЕК және әрбір қызметкер үшін 2 АЕК

5)ӛзі үшін 1 АЕК және әрбір қызметкер үшін 3 АЕК

Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сӛйлеу, кӛру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар қандай мӛлшерде әлеуметтiк салық тӛлейдi?

1)4,5%

2)5,5%

3)5%

4)10%

5)олар әлеуметтік салықтан босатылады

Әлеуметтiк салықты есептеу үшiн салық кезеңi қандай мерзімді құрайды?

1)күнтiзбелiк ай

2)күнтізбелік жыл

3)күнтізбелік тоқсан

4)апта

5)дұыс жауабы жоқ

Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар ӛзi үшiн әлеуметтiк салық салу объектiсі

1)қызметкерлер саны

2)орташа жылдық табыс

3)салық салынатын табыс

4)салық салынатын айналым

5) жұмыс берушiнiң сәйкес айқындалған табыс түрiнде резидент қызметкерлерге, сәйкес айқындалған табыс түрiнде резидент емес қызметкерлерге тӛлейтiн шығыстары

2010 жылға «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтiк аударымдар сомасы қандай мӛлшерді құрайды?

1)5%

2)10%

3)15%

4)3%

5)8%

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нешеге тең болады?

151

1)0

2)10

3)15

4)мұндай жағдай мүмкін емес

5)2 АЕК

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – Бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң қандай мӛлшері бойынша әлеуметтiк салық сомасын есептейді?

1)20 %

2)10 %

3)15 %

4)30 %

5)18 %

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салық қандай мӛлшерде бюджетке тӛленуге жатады?

1)«Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бӛлiгi мӛлшерiнде

2)«Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/4 бӛлiгi мӛлшерiнде

3)«Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының мӛлшерiнде

4)олар әлеуметтік салықты тӛлеуден босатылған

5)«Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарға патент құнының 1/2 бӛлiгін қосу арқылы

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салық қандай мӛлшерде бюджетке тӛленуге жатады?

1)оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бӛлiгi минус әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы

2)оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/4 бӛлiгi минус әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы

3)оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасы минус әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы

4)олар әлеуметтік салықты тӛлеуден босатылған

152

5) оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бӛлiгi қосу әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы Тӛмендегілердің қайсысы жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы

тӛлемдерi мен салықтарына жатпайды?

1)жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақылар

2)пайдалы қазбаларды ӛндiру салығы

3)үстеме пайда салық

4)жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы тӛлемдерi

5)тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдер

Тӛмендегілердің қайсысы жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы тӛлемдерi мен салықтарына жатады?

1)тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдер

2)жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақылар

3)салық салынатын айналым

4)аталғандардың барлығы

5)дұрыс жауабы жоқ

Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi бӛлек салықтық есепке алуды жүргiзу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары қалай бӛлінеді?

1)тiкелей, жанама, жалпы

2)негізгі және қосымша

3)бір реттік, жүйелі, жалпы

4)аталғандардың барлығы

5)дұрыс жауабы жоқ

Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген тӛлемi, бұл

1)қол қойылатын бонус

2)коммерциялық табу бонусы

3)үстеме пайда салық

4)жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы тӛлемдерi

5)тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдер

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жасалғанға дейiн тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды ӛтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген тӛлемдерi, бұл:

1)тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдер

2)коммерциялық табу бонусы

3)үстеме пайда салық

4)жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы тӛлемдерi

5)қол қойылатын бонус

Жер қойнауын пайдаланушының сәйкес кӛзделген түзетулердi ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерiмдерге қатынасы 1,25-тен

153

жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бiр бӛлiгi, бұл

1)үстеме пайда салығын салу объектiсi

2)коммерциялық табу бонусы

3)дұрыс жауабы жоқ

4)жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы тӛлемдерi

5)қол қойылатын бонус

Үстеме пайда салығын салу объектісі, бұл

1)жер қойнауын пайдаланушының сәйкес кӛзделген түзетулердi ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерiмдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бiр бӛлiгi

2)жер қойнауын пайдаланушының сәйкес кӛзделген түзетулердi ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерiмдерге қатынасы 2,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бiр бӛлiгi

3)жер қойнауын пайдаланушының сәйкес кӛзделген түзетулердi ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерiмдерге қатынасы 5-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бiр бӛлiгi

4)дұрыс жауабы жоқ

5)барлық жауап дұрыс

Үстеме пайда салығының тӛлену мерзімі

1)салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15-шi сәуiрiнен кешiктiрiлмейдi

2)салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15нен кешiктiрiлмейдi

3)салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейдi

4)салық кезеңiнен кейiнгi тоқсанның 25-нен кешiктiрiлмейдi

5)салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 25-шi сәуiрiнен кешiктiрiлмейдi Мыналардың қайсысы коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады?

1)уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары кӛлемiнiң құны

2)уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары кӛлемi

3)жылдық жиынтық табысының шегерiмдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бiр бӛлiгi

4)салық салынатын импорт құны

5)дұрыс жауабы жоқ

154

5 БӚЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ

16 Тақырып . Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимі

1 Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары

2.Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

3.Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бӛлінеді: мыналарды:

патент негізінде арнаулы салық режимін; оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын

шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі;

2)шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық

режимі;

3)ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну коопертивтері үшін арнаулы салық режимі.

Салық тӛлеуші осы бӛлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

Патент – тӛлем кӛздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

Берiлген патенттердi (патенттердің телнұсқаларын) тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.

Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен тӛлеудiң, сондайақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің тӛменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:

1)жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;

2)патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;

3)оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей

белгiленген тәртiп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.

Арнаулы салық режимiн мына заңды тұлғалардың қолдануға құқығы

жоқ.:

1)филиалдары, ӛкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;

2)заңды тұлғалар филиалдарының, ӛкiлдiктерінің;

3)әртүрлi елдi мекендерде ӛзге де оқшауланған құрылымдық бӛлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық тӛлеушiлердің;

басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;

155

құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар

Арнаулы салық режимдері мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды:

1)акцизделетiн ӛнiмдi ӛндiруге;

2)консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызметтерге;

3)мұнай ӛнiмдерiн ӛткiзуге;

4)шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

5)жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды.

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн дара кәсiпкерлер қолданады:

1)қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;

2)жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

3)салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең тӛменгі жалақының 200 еселенген мӛлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі. Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк кӛрсетiлмейінше,

патент жарамсыз болады.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мӛлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1)патент құнының 1/2 бӛлiгi мӛлшерiнде - жеке табыс салығы;

2)«Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бӛлiгi мӛлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке тӛленуге жатады.

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нӛлге тең болады.

Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады:

1)дара кәсіпкерлер үшiн:

дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10000,0 мың теңгені құраса; 2) заңды тұлғалар үшiн:

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25000,0 мың теңгені құраса. Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық тӛлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент мӛлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

156

2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең тӛмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мӛлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мӛлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

Оңайлатылған декларация салық тӛлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке тӛлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мӛлшерiнде,

әлеуметтiк

салық

Қазақстан

Республикасының мiндеттi әлеуметтік

сақтандыру

туралы заңнамалық

актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк

сақтандыру

қорына есептелген

әлеуметтiк аударымдар сомасын алып

тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бӛлiгi мӛлшерiнде тӛленуге жатады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нӛлге тең болады.

Оңайлатылған декларацияда тӛлем кӛзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары кӛрсетіледі.

17 Тақырып . Шаруа немесе фермер қожалықтары ҥшін арнаулы салық режимі

1.Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

2.Салық салу объектiсі

3.Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі және тӛлеу реті

Шаруа немесе фермер қожалықтары сәйкес белгіленген арнаулы салық режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпті дербес таңдауға құқылы.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын тӛлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн кӛздейдi және акцизделетiн ӛнiмдердi ӛндiру, қайта ӛңдеу және ӛткізу жӛнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн

157

ӛндiру, ӛзi ӛндiрген ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн қайта ӛңдеу және оны ӛткiзу жӛнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.

Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы беріледі.

Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық ӛтінішті табыс етеді.

Аталған мерзiмде салықтық ӛтініштің табыс

етілмеуі,

салық

тӛлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға

бiрдей белгiленген

тәртiппен жүзеге асыруға келiсімі деп есептеледi.

 

 

Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде ӛзгертуге жатпайды.

Салықтың ӛтiнiшпен бiр мезгілде мынадай құжаттардың:

1)нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының;

2)жер ресурстарын басқару жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерін бағалау құнын айқындайтын актiлердiң кӛшiрмелерi табыс етіледi.

Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалады.

Бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер салық және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң мынадай түрлерiн тӛлеушiлер болып табылмайды:

1)осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;

2)осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

3)осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақыны;

4)сәйкес салық салу объектiлерi бойынша кӛлiк құралдары салығын;

5)сәйкес салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын.

Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн салық салу объектici болып табылады.

158

Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.

Жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бӛлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңi айларының санына кӛбейту арқылы айқындалады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесiн басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.

Жалға алушының бiрыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап жүргізіледі.

Бiрыңғай жер салығын есептеу кезінде жалға берушінің жер учаскесiн нақты пайдалану кезеңiне жер учаскесі жалға берілген ай қосылады.

Бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен тӛлеу жӛнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нӛлге тең болады.

Тӛлем кӛзiнен ұсталатын бiрыңғай жер салығын, әлеуметтiк салықты, жеке табыс салығын, жер бетiндегi кӛздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн тӛлемақыны және қоршаған ортаға эмиссия үшін тӛлемақыны, әлеуметтік аударымдарды тӛлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртiппен:

1)салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы тӛлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2)салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы тӛлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 10 сәуірінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.

Тӛлем кӛзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын тӛлеу жер учаскелерiнің орналасқан жері бойынша жүргiзiледі.

Бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлерге арналған декларацияда тӛлем кӛзiнен ұсталатын бiрыңғай жер салығының, әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жер беті кӛздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін тӛлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін тӛлемақының, мiндеттi

159

зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары кӛрініс табады.

Бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

18 Тақырып. Ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіруші заңды тҧлғалар мен селолық тҧтыну кооперативтері ҥшін арнаулы салық режимі

1.Салық режимін қолдану ерекшеліктері және шарттары

2.Жекелеген салық түрлерiн және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақыны есептеу ерекшелігі

3.Салық тӛлеу және салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмдерi

Ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимi (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн тӛлемдерді, мүлiк салығын, кӛлiк құралдары салығын есептеудің ерекше тәртiбiн кӛздейдi.

Арнаулы салық режимi:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:

-жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіру, ӛзi ӛндiрген осы ӛнiмдi қайта ӛңдеу және ӛткiзу;

-толық кезеңдi (тӛлдi ӛсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның iшiнде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының ӛнiмдерiн ӛндiру, сондай-ақ ӛзi ӛндiрген осы ӛнiмдердi қайта ӛңдеу және ӛткiзу жӛнiндегi қызметiне;

селолық тұтыну кооперативтерінің:

-шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) ӛндірген ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛткізу;

-шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) ӛндірген ауыл шаруашылығы ӛнімдерін қайта ӛңдеу және осы ӛнімдерді қайта ӛңдеу нәтижесінде алынған ӛнімдерді ӛткізу жӛніндегі қызметіне қолданылады.

Селолық тұтыну кооперативтеріне мыналар жатады:

-мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;

-жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін сәйкес қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

160