Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

1 БӚЛІМ. САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1 Тақырып. Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салуды қҧрудың негіздері.

1.Салықтардың экономикалық мәні.

2.Салықтардың атқаратын қызметтері, міндеті.

3.Салық элементтері және салық салу принциптері

1. Әрбір мемлекет ӛзінің, аппаратын қаржыландыруға және ӛз функцияларын жүзеге асыруға кететін ақша қаражаттары мен қаржы базасы болса ғана ол мемлекет болып қалыптаса алады. Бүкіл мемлекеттік аппарат ретінде қызмет ететін, қоғамға пайдалы кез-келген мемлекет ақшамен ӛлшенетін ӛнім шығармайды.

Сондықтан, мемлекет ақша қаражатын 2 түрмен жұмылдырады. 1) жеке меншіктің мемлекетке ӛз еркімен беруі (мысалы: ішкі және сыртқы займдар); 2) мәжбүрлі түрде салық салу.

Салықтың мәнін түсіну үшін салықтар теориясының классигі А.Смиттің еңбектерінің үлкен маңызы бар. Оның кӛз-қарасы алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің салық жүйесінің негізі ретінде қаланды. А.Смит салық жүйесінің келесі қағидаларын атап кӛрсетті:

салықтың заңдылығы (Смиттің ойы бойынша салық – бұл мемлекеттік заң түрінде салынатын және мӛлшерін және тӛлену тәртібін қарастырады);

бірдеңгейлі (кез-келген азамат ӛзінің табысы арқылы мемлекетті қолдау керек);

анықтылық (салық тӛлеушіге тӛлеу уақыты, қалай тӛленетіні және тӛлеу мӛлшері белгілі болуы керек);

үнемділік (салық минималды ұстау түрінде жүргізілу керек);

тӛлеушінің шаруашылық меншігі (салық субъектісі болып тәуелсіз азамат болып табылады, ӛзінің белгілі меншігі бар және ӛзінің шаруашылық қызметінен табыс алады).

К.Маркс салықты ананың сүтіне теңеген, ӛйткені балаға сут қаншалықты қажет болса мемлекетке де салық соншалықты қажеттігін айтқан, ал Ф.Энгльес болса салықты мемлекеттің үш белгісінің біріне теңеген. Сол себептен салықтың маңыздылығын экономикалық теория ойшылдарының барлығымен айтылған.

Қазіргі қоғамда салық қаржы қатынысының мемлекетінің ақшалай табысымен құралғанын кӛрсетеді, оған қатысты келесі функцияларды орындалуға тиіс. Мысалы: әлеуметтік, қорғаныс, табиғатты қорғау және т.б. Экономикалық қатынастардың бірі ретінде салықтар экономикалық базиске жатады және объективті қажетті болып табылады. Сол себептен, салықтар мемлекетке ӛзіне алынған функцияларды, жұмыстарды атқару үшін және салықты жоюды талап ету,ол ӛз-ӛзіңді жоюды талап ету деген сӛз.

11

Салықтың түсуі немесе табыстың кӛбейуі, шаруашылық қызметінің нығайуы, капитал салымының кӛбейуі, сұраныстың, шаруашылық канъюктурасының жандануы дегенді білдіреді. Салықтың кӛтерілуі – ол конъюктураның қызуы мен күресу.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның салық жүйесі, басқа да КСРО құрамында болған елдердегі сияқты жалпы әлемдік дамуға кері бағыт алды ол салықтардан кәсіпорын пайдасын әкімшілік әдіспен сыпырып алу және қаржы ресурстарын мемлекет бюджеті арқылы қайта бӛлуге кӛшті. Қаржы құралдарының толығымен орталықтандырылуы және кәсіпорынның қандай да бір қаржылық мәселелерді шешу еркіндігінен айырылуы шаруашылық жетекшілерін барлық инициативадан құралақан қалдырып, 80-90 жылдардағы пайда болған қаржылық тоқырауға әкеліп соқтырғаны жалпыға мәлім жағдай.

Содан бергі 15-жылға жуық уақыт ішінде еліміздің жалпы экономикалық жүйесімен бірге мемлекеттің негізгі қаржы кӛзі, салық жүйесі де кӛптеген ӛзгерістерге ұшырады, дамыған кӛрші елдердің тәжірбиесіне салыстырмалы түрде қарай отырып салық салудың неше жылдан бері қалыптасып келген қағидаларына сәл де болса сәйкес келетін, салық тӛлеушінің де, мемлекеттің де мүддесіне икемделіп келе жатқан, нарықтық экономиканың талаптарына бейімделе бастаған, тиімді салық заңдылықтары дамып келе жатыр десек артық айтпаға болар едік. Әсіресе 2002 жылдан бастап кӛптеген ӛзгеріске түсіп, толыққанды жұмыс істеп келе жатқан салық жүйесінің артықшылықтарын айтпай кетуге болмайды. Егер салықтар мемлекеттің реттеу құралы, экономикамыздың тұрақты ӛсуіне мүмкіндік беретін, бюджеттің тұрақты түсім кӛзі бола отырып, халықты әлеуметтікэкономикалық жағынан қамтамасыз ететін басты фактор екені белгілі болса, аталған артықшылықтармыз экономикамыздағы үлкен жетістік болып табылады.

Барлық салықтар және ӛзге де міндетті тӛлемдер Республикалық және жергілікті бюджеттің кіріс кӛзі болып табылады.

Салық – мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардан алынатын, мемлекет бекіткен міндетті тӛлем. Салық заңдылығындағы келтірілген анықтамаға сәйкес САЛЫҚТАР - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мӛлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және ӛтеусiз сипатта болатын бюджетке тӛленетiн мiндеттi ақшалай тӛлемдер.

Салықты материалдық тұрғыдан алғанда – бұл салық тӛлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке берілетін белгілі бір ақша сомасы болып табылады.

Экономикалық категория тұрысынан қарағанда салық – салық тӛлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мӛлшерде, , белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.

12

Құқықтық тұрғыдан алғанда – салықтар мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (тӛлеуін) кӛздейтін міндеттеме.

Салық құқығы – мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы

Алым – қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті біржолғы жарна. Немесе алым дегеніміз, белгілі бір құқықты беру үшін тӛленетін міндетті жарна.

Тӛлемақы – қайтарылатын және эквивалентті тӛлем, ол мемлекет азаматтық құқық субъектісі болған жағдайда, азаматтық-құқықтық қатынастарға жанама түрде жүреді. Тӛлемақы сонымен қатар – уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан ӛздеріне ӛтінішпен келген тұлғаларға кӛбінесе материалдық сипаттағы табиғи, кейде, ӛзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектлерді, не болмаса, соларға байланысты рұқсаттарды бергені үшін заңды немесе жеке тұлғалардан эквивалентті түрде алынатын алым.

Мемлекеттік баж – құқықтық маңызы бар қызметтерді жүзеге асырғаны үшін және соған мемлекеттік органдар немесе құзырлы тұлған ӛкілеттілік берген құжаттарды беру кезінде алынатын – міндетті тӛлемақы. Немесе баж дегенміз, мемлекеттік қызметтің орнына құқықтық маңызы бар қызметтерді қолданғаны үшін алынатын міндетті тӛлемақылардың бір түрі.

Кедендік тӛлемақы – кедендік істі жүзеге асыру кезінде алынатын тӛлемдер.

Салықтар, алымдар және тӛлемақылардың ӛзіндік ерекшеліктері

 

 

 

Салықтар

 

 

Алымдар

 

 

 

 

 

Тӛлемақылар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

толығымен

мемлекетті

 

- мемлекеттікаппаппараттың

 

 

- ӛтеулі және баламалы

қаржыландыруға

 

 

шығындарын жабады, ,яғнияғни

 

 

тӛлем, яғни белгілі бір

жұмсалады;

 

 

 

мемлекет заңдыіс-әрекетіс-әрекет

 

 

объектілерді

-

 

ӛтеусіз

және

 

түрінде тұлғаларғақызметқызмет

 

 

пайдаланған кезде

баламасыз болады;

 

ұсына отырыпотырып, сол ,

сол

 

 

тӛленеді;

-

ұзақ

мерзімді және

 

қызметіне тӛлем

тӛлем

 

 

- мемлекеттің

тұрақты

түрде

тӛленіп

 

қабылдайды;

 

 

 

 

 

азаматттық құқыққа

отырады,

 

салық

 

- баламалытӛлемтӛлемболыпболып

 

 

сәйкес азаматтық-

міндеттемесі

тоқтағанға

 

саналады;

 

 

 

 

 

құқықтық қатынастары

дейін жалғаса береді;

 

- бірбіржолғыжолғытӛлемтӛлемболыпболып

 

 

кезінде туындайды;

-

тӛлеу

кезінде

күштеу

 

табылады, яғни бірретқана

 

 

- тұлғалар тӛлемақы

әдісі

қолданылады,

 

тӛленеді;

 

 

 

 

 

тӛлеу арқылы баламалы

тӛлеуші

 

 

салық

 

- қандқандайдабір алымбір

алым

 

 

түрде осы және басқа да

міндеттемесін

 

 

тӛленетін қызметпенқызметпен

 

 

объектілерді

орындамаған

жағдайда,

 

айналысу тұлғалардың ерііктіі

 

 

пайдалануға құқық

мәжбүрлі түрде

ӛндіріп

 

шешімі болғандықтанболғандықтан,

,

 

 

алады.

алу

іс-шаралары

 

 

ерікті тӛлемдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

алымдар ерікті ӛлемдер

 

 

 

 

 

қолданылады.

 

 

болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

«Салық» категориясы ӛзінің болмысында мәжбүрлі тӛлемақы болып табылады, ал «алым», мен кӛлемі ӛтініш берушіге кӛрсеткен қызметі үшін мемлекеттік органның батқан шығынының орнын тӛлтыратын ӛтемақылық сипаты бар. Басқа сӛзбен айтқанда, салықты ӛлшеуші салықтӛлеушінің тӛлеумүмкіндігі болған кезде, алымның кӛлемі қызметтің бағасымен үйлеседі. Мысалы, Қазақстанда ҚР-ның нарығындағы тауарларды сатуға құқық алу үшін алым тӛлеушілер, бекітілген ставкасына сәйкес, базардағы орналасқан аумағының әрбір шаршы метріне тӛлейді. Салықтар мен алымдардың негізгі айырмашылықтары мынада: алым біржолғы тӛлем; ал салықтар тұрақты түрде және ұзақ уақыт алынады, салықтың тағы бір белгісі қайтарымсыз және эквивалентсіз, (экономикалық критерий); алым салыстырмалы түрде эквивалентті тӛлемақы болып табылады – алып тӛлеу арқылы субъект мемлекеттен белгілі бір деңгейде құқық немесе рұқсат алаалады. Салық «жай ғана» тӛленеді, ал алым – мемлекеттік органдардың салық тӛлеушінің пайдасы үшін жасаған қандай да бір қызметі үшін тӛленеді. Тұлғаның мемлекетке қатысты салық тӛлеуге байланысты қарымқатынасы тӛлем субъектісі үшін мәжбүрлі сипатқа ие. Ал, тұлғаның мемлекетке алым тӛлеуге орай қарым-қатынасы ӛзі үшін ерікті сипатқа ие, ӛйткені, алым тӛлеуге міндеттейтін іспен мемлекетке барудың ӛзі еркін түрде жүзеге асырылады.

Салықтың тӛлемақыдан негізгі айырмашылығы сонда, салық қайтарымсыз, эквивалентсіз тӛлем, ал тӛлемақы-қайтарымды және эквивалентті. Яғни, салық қаржылық қатынас, ал тӛлемақы – мемлекет азаматтық құқық субъектісінің рӛлінде жүретін азаматтық-құқықтық қатынас.

2. Салықтардың атқаратын қызметі және міндеті Салықтардың мәнін одан әрі тереңірек түйсіну үшін оның атқаратын

функцияларына тоқталып ӛтуіміз қажет. Салық функциялары – оның мәнін ашу, оның қасиеттерінің айқындалу тәсілі. Қызметтер мемелекет табысын қайта бӛлу құралы ретіндегі аталған экономикалық категорияның қоғамдық міндетті қалай жүзеге асыратындығын сипаттайды. Осыдан келіп бӛлу қатынастарының орталықтандырылған жүйесін қалыптастыратын салықтардың негізгі функцияларының бірі қайта бӛлушілік қызметі туындайды. Қазіргі кездегі әдебиеттерді салықтардың тӛмендегідей функцияларын қарастырады:

Фискалды (бюджеттік, шоғырландырушылық, жинақтаушылық);

қайта бӛлу (әлеуметтік);

бақылау;

қосымша функциялардан тұратын реттеушілік функциясы:

a)ынталандырушы

b)бӛгеу (шектеу)

c)ұдайы ӛндірушілік

Қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бӛлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жӛн.

14

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бӛлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен ӛзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның кӛмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның ӛзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Ӛйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, оларды мӛлшерлемелерінің, алу әдістерінің ӛзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылды. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы ӛндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну кӛлеміне ықпал етеді.

Қайта бӛлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табыстың бір бӛлігі мемлекеттің қарамағына ӛтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ішкі ӛнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады, ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін кӛрсетеді

3.Салық элементтері және салық салу принциптері Салық элементтері:

Салық субъектісі немесе салық тӛлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа да тӛлемдерді тӛлеуші тұлға, алайда рыноктық механизм арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салықты алып жүрушіге қойылуы мүмкін

Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық тӛлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды. Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін тӛленетінін білдіреді.

Салық базасы дегенiмiз салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объектiнiң құн, физикалық немесе ӛзге де сипаттамалары, олардың негiзiнде бюджетке тӛленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi тӛлемдер сомасы айқындалады.

Салық ставкасы салық салу объектiсiнiң немесе салық базасының ӛлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдi есептеу жӛнiндегi салық мiндеттемесiнiң шамасын бiлдiредi.

Салық ставкасы салық салу объектiсiнiң немесе салық базасының ӛлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi (Қосымша 1)

Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық тӛлеушіні бӛлшектеп немесе толығымен салық тӛлеуден босату (Қосымша 2).

Салық кезеңi деп салықтың және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң жекелеген түрлерiне қатысты белгiленген уақыт кезеңi түсiнiледi, ол аяқталған соң салық салу объектiсi, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке тӛленуге жататын басқа да мiндеттi тӛлемдердiң сомасы есептеледi

15

Салықты есептеу тәртібі – бұл тӛлеуге жататын салық сомасын анықтау бойынша тиісті тұлға әрекеттерінің жиынтығы.

Салық есептілігі – салық тӛлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.

Салықтық есепке алу (налоговый учет) - салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықты және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердi есептеу және салық есептiлiгiн жасау мақсатында салық тӛлеушiнiң (салық агентiнiң) осы Кодекстiң талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргiзу процесi.

Салық тӛлеушi (салық агентi) салықтық есепке алуды есепке жазу әдiсi бойынша (метод начислении) жүргiзудi жүзеге асырады.

Есепке жазу әдiсi - есепке алу әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстар, тӛленген уақытына қарамастан, жұмыстарды орындау, қызметтердi кӛрсету, тауарларды ӛткiзу мақсатында тиеп жiберу және мүлiктi кiрiске алу кезiнен бастап есептеледi.

Есепке алу құжаттамасына мыналар жатады:

1)бухгалтерлiк құжаттама;

2)салықтық нысандары;

3)салықтық есепке алу саясаты;

4)салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемесiн есептеу үшiн негiз болып табылатын ӛзге де құжаттар.

Бухгалтерлiк құжаттаманы жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленедi

Салықтық нысандар салық есептiлiгiн (налоговая отчетность), салықтық ӛтiнiштi (налоговое заявление) және салық тiркелiмдерiн (налоговые регистры) қамтиды.

Салық есептiлiгi - салық тӛлеушiнiң (салық агентiнiң) осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық қызметi органдарына табыс етiлетiн, салық тӛлеушi туралы, салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн, мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды есептеу туралы мәлiметтердi қамтитын құжаты

Салық есептiлiгi мынадай түрлерге бӛлiнедi:

1)бастапқы есептiлiк первоначальная - салық тӛлеушiнi тiркелу есебiне қою жүргiзiлген және (немесе) осы тұлға салық тӛлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң белгiлi бiр түрлерi бойынша салық мiндеттемесi, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен тӛлеу бойынша мiндет алғаш туындаған салық кезеңi үшiн тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;

2)кезектi есептiлiк очередная - салық тӛлеушiнi тiркелу есебiне қою жүргiзiлген және (немесе) осы тұлға салық тӛлеушi (салық агентi) болып

16

табылатын салықтың және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң белгiлi бiр түрлерi бойынша салық мiндеттемесi, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен тӛлеу бойынша мiндет алғаш туындаған салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңдерi үшiн тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;

3)қосымша есептiлiк дополнительная - осы ӛзгерiстер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңi үшiн бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiне осы тұлға салық тӛлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң түрлерi бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша ӛзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;

4)хабарлама бойынша қосымша есептiлiк дополнительная по уведомлению - салық органы камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңi үшiн бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiне осы тұлға салық тӛлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың, бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң түрлерi бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша ӛзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген кезде тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;

5)тарату есептiлiгi ликвидационная - салық тӛлеушi қызметiн тоқтатқан немесе бӛлiну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық тӛлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың, бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң түрлерi бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша, сондай-ақ тiркелу есебiнен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi.

Салықтық ӛтiнiш – осы Кодексте белгiленген жағдайларда салық тӛлеушiнiң (салық агентiнiң) ӛз құқықтарын iске асыру және мiндеттерiн орындау мақсатында салық қызметi органына табыс ететiн құжаты.

Салық тiркелiмi – салық тӛлеушiнiң (салық агентiнiң) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтердi қамтитын құжаты.

Салық тiркелiмдерi салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшiн ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.

Салықтық есепке алу саясаты - салық тӛлеушi (салық агентi) қабылдаған, осы Кодекстiң талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжат.

Салықты тӛлеу тәртібі – салық тӛлеушінің мемлекетке салық тӛлемдерін тӛлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.

Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке тӛленетін басқа міндетті тӛлемдерді тӛлеудің мынадай принциптеріне негізделеді: міндеттілік, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы.

17

Салық салудың міндеттілігі принципі бойынша салық тӛлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық кӛлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салық салудың айқындығы принципі бойынша Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық тӛлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Салық салудың әдiлдiгi принципiне сәйкес:

1.Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.

2.Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.

Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципніне сәйкес Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық тӛлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.

Салық заңдарының жариялылығы принципi салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердің ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiстігімен сипатталады.

Бақылау сҧрақтары:

1.Экономикалық тұрғыдан салықтар анықтамасы қандай?

2.Материалдық тұрғыдан салықтар деген не?

3.Құқықтық тұрғыдан салықтарға сипаттама

4.Алымдар деген не?

5.Тӛлемақылар деген не?

6.Салықтар қандай функциялар атқарады?

7.Фискалды функцияның негізгі бағыты қандай?

8.Салық элементтері деген не?

9.Салықтар қандай элементтерден тұрады?

10.Салық есептілігінің қандай түрлері бар?

11.Салық салудың міндеттілігі принципіне сипаттама бер

12.Салық салудың айқындығы принциптері деген не?

13.Салық салудың әділдігі принципі деген не?

14.Салық ставкаларының қандай түрлері бар?

15.Салық салу принциптерін атаңыз

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.Салықтардың пайда болуының теориялық негіздері

2.Қызықты салық түрлерінің қолданылу ерекшеліктері

3.Мемлекеттің кірістерін қалыптастырудағы салықтардың фискалды функциясының қажеттілігі

4.Салықтардың реттеуші функциясының әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы рӛлі

18

2 Тақырып. ҚР салық жҥйесі: қалыптасу кезеңдері мен бҥгінгі жағдайына сипаттама

1.Салық жүйесінің мәні, мазмұны және қызмет ету ерекшеліктері.

2.Салық жүйесінің классификациясы.

3.ҚР салық жүйесінің қалыптасу және реформалану кезеңдері

Салық жүйесі – бұл мемлекет бекіткен және орталықтандырылған, жалпымемлекеттік қаржы ресурстар қорын құру мақсатымен алынатын салықтар мен басқа да міндетті тӛлемдердің, сондай-ақ олардың алу тәсілдерінің, әдістерінің, принциптерінің және салық органдарының қызметтерінің жиынтығы болып табылады.

ҚР-ның салық жүйесі салық кодексіне сәйкес салық қатынастарын және салық органдарының қызметін реттейтін салық түрлерінен, баждардан, жиындардан және де құқықтық нормалардан тұрады.

Салықтарды пайдалану экономикалық басқарудың және кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің коммерциялық жалпы қоғамдық мүддесін біріктіруді қамтамасыз етудің белгілі бір әдісі болып табылады.

Салықтардың кӛмегімен мемлекет қоғамдық функцияларын орындауға керекті ресурстарды ӛз иелігіне алады. Салықтардың кӛмегімен кірістердің бӛлінуін ӛзгеріске түсіретін әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары қаржыландырылады.

Жалпы, салық жүйесі дегеніміз мемлекетпен белгіленген және қаржы ресурстарының орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қоғамдық қорлар салықтар мен басқа да міндетті тӛлемдердің жиынтығы, сондай-ақ салықтарды алудың әдәстері мен тәсілдерінің , нысандары мен қағидаларының және салық қызметі органдарынын тұрады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының салық жүйесінде салық кодексіне сәйкес, 13 салықтар, 6 алымдар, 10 тӛлемақы түрлері, мемлекеттік баж және кедендік тӛлемдер бар.

Олар

Салықтар

1.Корпоративтік табыс салығы.

2.Жеке табыс салығы.

3.Қосылған құн салығы.

4.Акциздер.

5.Экспортқа рента салығы

6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы тӛлемдерi.

7.Әлеуметтiк салық.

8.Кӛлiк құралдары салығы.

9.Мүлiк салығы.

10.Жер салығы.

11.Ойын бизнесі салығы.

12.Тіркелген салық

19

13. Бірыңғай жер салығы

Алымдар

1.Тіркеу алымдары

2.Автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым

3.Аукциондардан алынатын алым

4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.

5.Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық

алым.

6.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.

Тӛлемақылар

1.Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақы.

2.Үстіңгі (Жер бетiндегi) кӛздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн тӛлемақы.

3.Қоршаған ортаға эмиссия үшiн тӛлемақы.

4.Жануарлар әлемін (дүниесiн) пайдаланғаны үшiн тӛлемақы.

5.Орманды пайдаланғаны үшiн тӛлемақы.

6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн тӛлемақы.

7.Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақы.

8.Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондайақ ұялы байланысты бергені үшін тӛлемақы.

9.Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн тӛлемақы.

10.Сыртқы (кӛрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн тӛлемақы.

2. Салық жүйесінің классификациясы. Салықтар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:

1. Ӛндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салықтар.

Тікелей салық – тікелей табыс немесе меншік иеленушілерден алынады. Тікелей салықтар: нақты және жеке болып бӛлінеді Нақты салықтар – мүлікке салынатын салық. Жеке салық – салық тӛлеушілердің табыстарына салынатын салық.

Жанама салық - тауар бағасына тағайындалу арқылы алынатын салық. Жанама салықтар: а) әмбебап жанама салықтар берілген жеңілдіктерді қоспағанда барлық тауарлардан алынады (қосылған құнға салық); б) жеке жанама салықтар тауардың белгілі түрінен алынады (акциз); в) қазыналық монополиялық салықтар мұнда тауарлардың басым бӛлігін мемлекет ӛндіреді және тауарлардың бағасын мемлекет бекітеді; г) кедендік баж – мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан ӛткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және бағалы заттардан алынатын ақшалай тӛлемдері.

20