Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

2.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

3.Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер сәйкес салық салу объектісіне қосылатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.

Декларацияны табыс ету мерзімдері

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кӛзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Бақылау сҧрақтары:

1.Жеке табыс салығын тӛлеушілер

2.Жеке табыс салығының салық салу объектілері қандай?

3.Тӛлем кӛзінен салық салынатын табыстарға қандай табыстар жатады?

4.Тӛлем кӛзінен салық ретінде қарастырылмайды?

5.Жеке табыс салығын тӛлеуден босатылған тұлғалар

6.Тӛлем кӛзінен салық салынбайтын табыстар түрлері қандай?

7.Мүліктік табысқа қандай табыстар жатады?

8.Басқа да табыстарға қандай табыстар жатады?

9.Жеке табыс салығын тӛлем мерзімдері қандай?

10.Қызметкрлердің табыстарына қандай табыстар жатады?

11.Жеке табыс салығы бойынша декларация қай уақытта тапсырылады? 12.Жеке табыс салығының ставкалары қандай?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.ҚР-ның салық жүйесіндегі жеке табыс салығы бойынша реформаларға салыстырмалы талдау

2.Жергілікті бюджеттер кірістерін қалыптастырудағы жеке табыс салығының рӛлі

3.Жеке табыс салығының бюджетке түсуін талдау

4.ҚР-ғы жеке табыс салығы: проблемалары және жетілдіру перспективалары

121

14 Тақырып . Әлеуметтік салық

1.Әлеуметтік салықты тӛлеушілер және салық салу объектісі

2.Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты тӛлеу ерекшеліктері.

3.Әлеуметтік міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар.

4.Әлеуметтік салықты есептеу және тӛлеу реті

Мыналар салық тӛлеушiлер болып табылады:

1)дара кәсiпкерлер;

2)жекеше нотариустар, адвокаттар;

3)Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

4)Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер

Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бӛлiмшелерi әлеуметтiк салық тӛлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Жұмыс берушiнің сәйкес айқындалған табыс түрiнде резидент қызметкерлерге, сәйкес айқындалған табыс түрiнде резидент емес қызметкерлерге тӛлейтiн шығыстары аталған тӛлеушілер үшін салық салу объектiсi болып табылады.

Егер қызметкерге күнтізбелік ай үшін есептелген табысының жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең тӛменгі мӛлшерінен тӛмен болса, әлеуметтік салық салу объектісі жалақының ең тӛменгі мӛлшері негізінде айқындалады.

Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды.

1)мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын тӛлемдер;

2)Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi тағайындайтын мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;

3)спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн берілетін ақшалай наградалар;

4)ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгiленген

мӛлшерлерде

тӛленетiн

ӛтемдер;

 

 

5)жұмыс берушiнiң қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн тӛлейтiн ӛтемдерi;

6)Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары

Дара кәсiпкерлер және жекеше нотариустар, адвокаттар үшiн, ӛздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.

Егер осы бапта ӛзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.

122

Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар ӛзi үшiн тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк кӛрсеткiштің екi еселенген мӛлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк кӛрсеткiштің бiр еселенген мӛлшерiнде әлеуметтiк салық тӛлейдi.

Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сӛйлеу, кӛру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық тӛлейдi.

4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық ставкалары: Бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен тӛлеу жӛнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нӛлге тең болады.

Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтiк салықты тӛлеу салық тӛлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша тӛленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.

Құрылымдық бӛлiмшелер бойынша тӛленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бӛлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi.

Тӛлеушiлер құрылымдық бӛлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық тӛлеудi құрылымдық бӛлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Тӛлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жӛніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

123

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың тӛртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.

Құрылымдық бӛлiмшелерi бар тӛлеушiлер құрылымдық бӛлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық бӛлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

Бақылау сҧрақтары:

1.Әлеуметтік салықты тӛлеушілер

2.Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері қандай?

3.Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі болып табылмайды

4.Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық ставкалары қандай?

5.Әлеуметтік салықтың тӛлеу мерзімдері қандай?

6.Әлеуметтік салық бойынша декларация қай уақытта тапсырылады?

7.Әлеуметтік салықтың ставкалары қандай?

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.ҚР-ның салық жүйесіндегі әлеуметтік салықтың пайда болу алғышарттары

2.ҚР-ның салық жүйесіндегі әлеуметтік салық бойынша реформаларға салыстырмалы талдау

3.Жергілікті бюджеттер кірістерін қалыптастырудағы әлеуметтік салықтың рӛлі

4.Әлеуметтік салықтың бюджетке түсуін талдау

5.ҚР-ғы әлеуметтік салық: проблемалары және жетілдіру перспективалары

15 Тақырып. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары мен тӛлемдері

1.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың тәртібі

2.Бонустар және оның түрлері

3.Пайдалы қазбаларды ӛндiру салығы

4.Үстеме пайда салығы

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы тӛлемдерi мен салықтары:

1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы тӛлемдерiн; а) қол қойылатын бонусты; б) коммерциялық табу бонусын;

в) тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдердi;

124

2)пайдалы қазбаларды ӛндiру салығын;

3)үстеме пайда салығын қамтиды.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық мiндеттемелерi туындаған күнi Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiмшарт бӛлiгiнде, сондай-ақ сәйкес айқындалған рентабельдiгi тӛмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебеттi және игерiлген кен орындарын (бiр келiсiмшарт шеңберiндегi осындай кен орындарының тобы бойынша қызметтi жүзеге асырған кезде кен орындарының тобын) әзiрлеген кезде келiсiмшарт қызметi бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң бӛлек салықтық есепке алынуын жүргiзуге мiндеттi.

Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi бӛлек салықтық есепке алуды бекiтiлген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерiнiң негiзiнде және осы бапта белгiленген ережелердi ескере отырып жүргiзедi.

Жер қойнауын пайдаланушы бӛлек салықтық есепке алуды жүргiзу тәртiбiн дербес әзiрлейдi және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бӛлiгiнде) бекiтiледi.

Жер қойнауын пайдаланушы алғашқы бекiтiлген салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бӛлiгiнiң) кӛшiрмесiн корпорациялық табыс салығы жӛнiндегi декларацияны табыс ету үшiн осы Кодексте белгiленген мерзiмде ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етедi.

Жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатына (есепке алу саясатының бӛлiгiне) енгiзiлген ӛзгерiстер мен толықтыруларды немесе салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бӛлiгiнiң) жаңа нұсқасы бекiтiлгеннен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етедi.

Келiсiмшарт қызметi бойынша бӛлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдер:

1)корпорациялық табыс салығы;

2)қол қойылатын бонус;

3)коммерциялық табу бонусы;

4)пайдалы қазбаларды ӛндiру салығы;

5)үстеме пайда салығы;

6)осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында айқындалған жер

қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың салық режимдерi негiзiнде осы Кодексте белгiленген тәртiптен ӛзгеше есептелетiн ӛзге де салық және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдер бойынша жүргiзiледi.

125

Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi бӛлек салықтық есепке алуды жүргiзу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тiкелей,

жанама және жалпы болып бөлiнедi.

Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тiкелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелiгiнiң негiзiнде дербес жүзеге асырады.

Тiкелей табыстар мен шығыстар тiкелей себеп-салдарлық байланысы бар келiсiмшарт қызметiне немесе келiсiмшарттан тыс қызметке ғана толық кӛлемде жатқызылуға тиiс.

Жалпы табыстар мен шығыстар келiсiмшарт қызметi мен келiсiмшарттан тыс қызмет арасында бӛлiнуге жатады және тiкелей себепсалдарлық байланысы бар сол келiсiмшарттың және тиiстi үлесiмен келiсiмшарттан тыс қызметтiң табыстары мен шығыстарына жатады.

Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар арасында ғана бӛлiнуге жатады және тиiстi үлесiмен себеп-салдарлық байланысы бар сол келiсiмшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.

2. Бонустар.

Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген тӛлемдерi бонустар болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келiсiмшарттың түрiне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшiн бонустың мынадай түрлерi белгiленуi мүмкiн:

1)қол қойылатын бонус;

2)коммерциялық табу бонусы.

Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген тӛлемi қол

қойылатын бонус болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус тӛлеушiлер болып табылады.

Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбiр келiсiмшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:

1) пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорлары жоқ аумақта геологиялық

барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар үшiн:

мұнай келiсiмшарттары үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 2800 еселенген мӛлшерi;

техногендiк минералды құралымдарды әзiрлеуге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, минералды шикiзат ӛндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық

126

бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 280 еселенген мӛлшерi;

кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар жӛнiндегi келiсiмшарттар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң

40еселенген мӛлшерi;

2)өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн:

мұнай келiсiмшарттары үшiн:

егер қорлар бекiтiлмеген болса, – тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 3000 еселенген мӛлшерi;

егер қорлар бекiтiлген болса, – (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 3000 еселенген мӛлшерiнен кем емес, мұнда:

Қ– А, В, Қ1 ӛнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жӛнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен шикi мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;

Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жӛнiндегi мемлекеттiк комиссияның қорытындысында бекiтiлген және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;

техногендiк минералды құралымдарды әзiрлеуге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, минералды шикiзат ӛндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн:

егер қорлар бекiтiлмеген болса, – тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 500 еселенген мӛлшерi;

егер қорлар бекiтiлген болса, – (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 500 еселенген мӛлшерiнен кем емес, мұнда:

Қ– А, В, Қ1 ӛнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жӛнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен минералды шикiзаттың жиынтық қорының құны;

Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жӛнiндегi мемлекеттiк комиссиясының қорытындысында бекiтiлген және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы минералды шикiзаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;

кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшықтарға арналған келiсiмшарттар үшiн – (Қ1 х 0,01% ) формуласы бойынша, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет

127

туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 120 еселенген мӛлшерiнен кем емес;

3)техногендiк минералды құралымдарды қайта ӛңдеу келiсiмшарттары үшiн - Қ1 х 0,01% формуласы бойынша, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 300 еселенген мӛлшерiнен кем емес.

4)сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) ӛндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 400 еселенген мӛлшерi.

Пайдалы қазбалар қорларының құны Халықаралық мұнай биржасында немесе Лондонның металл биржасында осы пайдалы қазбаларға белгiленген және белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жарияланған күнi "The McGraw-Hill Companies Inс" компаниясының "Platt's Crude Oil Marketwire" анықтамалығында, "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited" баспасының

"Metal-pages" журналында жарияланған биржалық баға бойынша айқындалады.

Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, алынатын және болжанатын қорлардың құны келiсiмшарт қолданысының барлық кезеңiнде жұмыс бағдарламасында кӛрсетiлген ӛндiруге жұмсалған жалпы шығындардың 1,2 коэффициентке ұлғайтылған сомасынан айқындалады.

Қол қойылатын бонус бюджетке мынадай тәртiппен:

1)белгiленген соманың елу процентi – салық тӛлеушiнi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен конкурс жеңiмпазы деп жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде;

2)белгiленген соманың елу процентi – жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей тӛленедi.

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөнiндегi

декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына тӛлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екiншi айдың 15-не дейiн табыс етедi.

Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын келiсiмшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде бастапқыда белгiленген алынатын қорларды арттыруға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн тӛлейдi.

Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен ӛндiрудi кӛздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы тӛленбейдi.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келiсiмшарттар шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жӛнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде келiсiмшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы

128

туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушiлер болып табылады.

Осы келiсiмшарт аумағында осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорларының нақты кӛлемi

коммерциялық табу бонусын салу объектiсi болып табылады.

Осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары кӛлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.

Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қорлары кӛлемiнiң құны Халықаралық мұнай биржасында немесе Лондонның металл биржасында пайдалы қазбаларға белгiленген баға мен тӛлемдi жүзеге асыру күнi "The McGraw-Hill Companies Inс" компаниясының

"Platt's Crude Oil Marketwire" анықтамалығында, "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited"

баспасының "Metal-pages" журналында жарияланған биржалық баға бойынша, белгiленген тәртiппен айқындалады.

Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, алынатын қорлардың құны осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен келiсiмшарттың техникалық-экономикалық негiздемесiнде кӛрсетiлген ӛндiруге арналған жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мӛлшерiне ұлғайтылған сомасының негiзiнде айқындалады.

Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектiсiнiң, салық базасы мен ставкаларының негiзiнде айқындалады.

Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша тӛленедi.

Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган кен орнындағы алынатын пайдалы қазбалар қорының кӛлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей тӛленедi.

Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына тӛлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екiншi айдың 15-не дейiн табыс етедi.

3.Тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлем

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жасалғанға дейiн тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды ӛтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген тӛлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.

Келiсiмшарттарды жасасқанға дейiн тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi төлеушiлер болып табылады.

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi белгiлеу тәртiбi:

129

1. Тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган есептейдi және ол осы баптың ережелерiне сәйкес бюджетке тӛленедi.

Тарихи шығындар сомасының бiр бӛлiгi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншiгiндегi геологиялық ақпаратты сатып алу тӛлемдерi түрiнде бюджетке тӛленуге жатады.

Тарихи шығындар сомасының қалған бӛлiгi тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдер түрiнде бюджетке тӛленуге жатады.

2. Тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдi бюджетке тӛлеу жӛнiндегi мiндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган арасындағы құпиялылық туралы келiсiм жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған ӛнiмдi бӛлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, тарихи шығындар мӛлшерiн айқындайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен қосымша келiсiм жасалған күннен бастап туындайды.

Төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

1. Тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдi жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табудан кейiнгi ӛндiру кезеңiнiң басынан бастап мынадай тәртiппен тӛлейдi:

1) егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемнiң жалпы мӛлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 10000 еселенген мӛлшерiнен кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ӛндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей тӛлейдi;

2) егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемнiң жалпы мӛлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 10000 еселенген мӛлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлемдi жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргiзу жӛнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген кесте бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 2 500 еселенген мӛлшерiнен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын тӛлейдi.

2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен ӛндiрудi кӛздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды ӛтеу бойынша тӛлем тӛленбейдi.

130