Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Мыналардың арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ:

1)еншiлес ұйымдары, құрылымдық бӛлімшелері бар заңды тұлға;

2)арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлға;

3)басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды

тұлға;

4)құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлға;

5)мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтері.

Аффилиирленген тұлға болып:

- шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) ӛзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;

- басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) ӛзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.

Арнаулы салық режимi салық тӛлеушiлердiң акцизделетiн ӛнiмдi ӛндiру, қайта ӛңдеу және ӛткiзу жӛнiндегi қызметiне қолданылмайды.

Салық тӛлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық ӛтiнiшті табыс етеді.

Бақылау сҧрақтары:

1.Арнаулы салық режимдерінің түрлері қандай?

2.Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдері қалай бӛлінеді?

3.Қандай қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режимдері қолданылмайды?

4.Патент негізінде қандай субъектілер қызмет ете алады?

5.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері қандай?

6.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолдану құқығы бар дара кәсіпкерлер

7.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолдану құқығы бар заңды тұлғалар

8.Бірыңғай жер салығын тӛлеушілер

9.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің

қолданылу ерекшеліктері қандай?

10. Ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимінің қолдану ерекшеліктері қандай?

161

Студенттердің ӛздік жҧмыстарының тақырыптары:

1.ҚР-ның салық жүйесіндегі арнаулы салық режимдерінің пайда болу алғы шарттары

2.Жергілікті бюджеттер кірістерін қалыптастырудағы арнаулы салық режимдерінің рӛлі

3.Шағын бизнесті қолдау үшін арнаулы салық режимімдерін қолдану артықшылыұтары

4.ҚР-ғы арнаулы салық режимдері: проблемалары және жетілдіру перспективалары

5 Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері

есеп 1 Оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін дара кәсіпкердің штатында 10 адам бар (ӛзін қоспағанда).Штаттық кестеге сәйкес 2010 ж 1 тоқсанында әрбір қызметкерге 35 мың.тг. кӛлемінде еңбекақы есептелінген. 2010 ж 1 тоқсанындағы табыс мӛлшері 3 млн.тг. құрады.Міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдарды есептуге арнайы еңбекақы ең тӛменгі жалақы мӛлшерінде алынған.

Табу: 2010 ж 1 тоқсанындағы ЖШС-тің аталған режми бойынша,міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша салық міндеттемесін анықтау қажет.

есеп 2 «Карақат» ЖШС оңайтылған декларция негізінде арайы салық режимі бойынша жұмыс істейді, штатында 18 адам бар.Штаттық кестеге сәйкес ай сайын әрбір қызметкерге 35 мың теңге кӛлемінде еңбекақы есептелінген.2010 ж 1 тоқсанандағы түскен табысы 18 млн.тг. құрады.

Табу: 2010 ж 1 тоқсанындағы ЖШС-тің аталған режим бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша салық міндеттемесін анықтау қажет.

5 Бӛлім тақырыптары бойынша тесттер

Тӛлем кӛздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат

1)патетнт

2)бір жолғы талон

3)куәлік

4)ағымдағы есеп-қисап

5)шот-фактура

Мыналардың қайсысының арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы бар? 1) дұрыс жауабы жоқ

162

2)филиалдары, ӛкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың

3)әртүрлi елдi мекендерде ӛзге де оқшауланған құрылымдық бӛлiмшелерi және (немесе) салық салу объетілері бар салық тӛлеушiлердің

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың 5) құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның

бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың Арнаулы салық режимдері қандай қызмет түрлеріне қолданылмайды:

1)аталғандардың барлығына

2)консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызметтерге

3)мұнай ӛнiмдерiн ӛткiзуге

4)акцизделетiн ӛнiмдi ӛндiруге, шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға

5)жер қойнауын пайдалануға

Мыналардың қайсысы патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолдана алмайтын дара кәсiпкерлер болып табылады?

1)қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын дара кәсiпкерлер

2)жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер

3)салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең тӛменгі жалақының 200 еселенген мӛлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер

4)қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын дара кәсiпкерлер

5)дұрыс жауабы жоқ

Қандай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолдана алмайды?

1)қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 150 адам болатын заңды тұлғалар

2)ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 25 адам болатын дара кәсіпкерлер

3)салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құрайтын дара кәсіпкерлер

4)қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 50 адам болатын заңды тұлғалар

5)салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құрайтын заңды тұлғалар Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық тӛлеуші

салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде неше процент мӛлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi

1)3

2)2

3)1

4)4

5)5

163

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қандай салықты тӛлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн кӛздейдi ?

1)бiрыңғай жер салығын

2)жер салығын

3)жеке табыс салығын

4)корпоративтік табыс салғын

5)дұрыс жауабы жоқ

Бiрыңғай жер салығын тӛлеушiлер салық және бюджетке тӛленетiн басқа да мiндеттi тӛлемдердiң қандай түрлерiн тӛлеушiлер болып табылады?

1) дұрыс жауабы жоқ

2)осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

3)осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақыны;

4)осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;

5)кӛлік салығын және мүлiк салығын

Мыналардың қайсысының ауыл шаруашылығы ӛнiмдерiн ӛндiруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ:

1)аталғандардың барлығының

2)арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның

3)басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның

4)құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның

5)еншiлес ұйымдары, құрылымдық бӛлімшелері бар заңды тұлғаның Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн қандай талапқа сай келетiн дара кәсiпкерлер қолдана алады?

1)салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең тӛменгі жалақының 200 еселенген мӛлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер

2)акцизделетiн ӛнiмдi ӛндiруші дара кәсіпкерлер

3)консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызметтер кӛрсетуші кәсіпкерлер

4)дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 25 адам болса

5)салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңге мӛлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер

164

Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық тӛлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде неше процент мӛлшерiндегi ставканы қолдану арқылы жүргізеді?

1)3

2)4

3)10

4)11

5)5

Қандай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi болып табылатын дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады?

1)дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 25 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса

2)дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 50 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 15 000,0 мың теңгені құраса

3)дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 75 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 30 000,0 мың теңгені құраса

4)қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 50 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса

5)қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 100 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 250 000,0 мың теңгені құраса Қандай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады?

1)қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 50 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса

2)дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 50 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 15 000,0 мың теңгені құраса

3)дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 75 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 30 000,0 мың теңгені құраса

4)дара кәсiпкердің ӛзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 25 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса

5)қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 100 адам болса және салық кезеңi iшiнде шектi табысы 250 000,0 мың теңгені құраса

165

6 БӚЛІМ АЛЫМДАР МЕН БЮДЖЕТКЕ ТӚЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӚЛЕМДЕР

19 Тақырып. Алымдар және тӛлемақылар

1.Алымдар мен оны тӛлеушілер, оларды есептеу және тӛлеу тәртібі

2.Тӛлемақылар мен оны тӛлеушілер

Тiркеу алымдары

1. Тiркеу алымдары (бұдан әрi – алымдар) – уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тiркеу iс-әрекеттерiн жасаған кезде, сондай-ақ осындай тiркеу iсәрекеттерiнiң жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде ӛздерi алатын бiр жолғы мiндеттi тӛлемдер.

2.Тiркеу iс-әрекеттерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (бұдан әрi – тiркеушi органдар) жүзеге асырады.

3.Тiркеушi органдар тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20сынан кешiктiрмей ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпарат бередi.

Тiркеушi органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеу iс-әрекеттерiн солардың мүдделерiнде жүргiзетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алымдар мынадай тiркеу iс-әрекеттерi: 1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi (есепке қойғаны) және филиалдар мен ӛкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ қайта тiркегенi;

дара кәсiпкерлердi;

жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды;

жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе салынып жатқан кеменiң ипотекасын;

радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды; кӛлiк құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi;

дәрiлiк құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi;

мерзiмдi баспа басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттiк тiркегенi (есепке қойғаны); Алымдарды тӛлеуден мыналар босатылады:

1) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде: шаруа немесе фермер қожалықтары;

I, II және III топтағы мүгедектер;

166

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);

2)жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет ӛткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-аналарының бiрi;

бӛлек тұратын зейнеткерлер;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар);

кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;

3)жылжымалы мүлiк кепiлiн, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу кезiнде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет ӛткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-аналарының бiрi;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар);

4)радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттiк тiркеу кезiнде – мемлекеттiк мекемелер;

5)туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет ӛткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз

әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және

167

медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-аналарының бiрi;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар);

кәмелетке толмағандар босатылады.

1.Алымдардың сомалары белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және салық салу объектiсiнiң тiркелген жерi бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тӛленедi.

2.Алымдарды тӛлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, тӛленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.

Бұл ретте бюджетке тӛленген алымдардың сомаларын қайтаруды тӛлеушiлердiң салықтық ӛтiнiшi бойынша олардың тӛленген жерi бойынша аталған тұлғалардың тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенiн растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейiн салық органдары жүргiзедi.

Автокөлiк құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргенi үшiн алым

Қазақстан Республикасының аумағымен автокӛлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi;

3)iрi кӛлемдi және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi;

4)концессияға берiлген ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдiк автокӛлiк құралдарының жүруi үшiн ӛндiрiп алынады.

2. Алым:

1)мыналардың:

жедел медициналық жәрдем қызметiнiң ӛртке қарсы қызметтiң авариялық-құтқару қызметтерiнiң

жол-патрульдiк қызметтiң арнаулы автокӛлiк құралдарының

2)басқа баламалы жол болмаған кезде:

жолаушылар мен жүктердi қала маңы қатынастары мен кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын қатынастарда тұрақты тасымалдайтын автобустардың

белгiлi бiр аудан шегiнде жолаушыларды (жүктердi) тұрақты тасымалдау мақсатында ақылы мемлекеттiк автомобиль жолына жақын жатқан осы

168

ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген автобустардың

белгiлi бiр ауданның шегiнде қозғалыс кезiнде ақылы мемлекеттiк автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеңiл автокӛлiктердiң

су бӛгеттерiмен және темiр жолдармен шектесетiн жақын кӛлiктiк жол айырымдары арасындағы ақылы мемлекеттiк жолдардың учаскелерi (бӛлiгi) шегiнде жүк автокӛлiк құралдарының, дӛңгелектi ӛздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк машиналардың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алынбайды.

3.Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында ӛзгеше белгiленбесе, кӛлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағымен автокӛлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

4.Кӛлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ӛзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым тӛлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпарат бередi.

Қазақстан Республикасының аумағымен автокӛлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым тӛлеушiлер болып табылады.

1. Алым ставкалары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiш (бұдан әрi – АЕК) мӛлшерi негiзге алына отырып, мынадай мӛлшерлерде белгiленедi:

1)халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшiн - АЕК-тiң 2 еселенген мӛлшерi;

2)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтiзбелiк бiр жылға шетелдiк рұқсат ала отырып, тұрақты негiзде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшiн - АЕК-тiң 10 еселенген мӛлшерi;

3)халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшiн - АЕК-тiң 10 еселенген мӛлшерi;

4)iрi кӛлемдi және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокӛлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн алым ставкасы мынаны қамтиды:

169

автокӛлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының жол берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мӛлшерiндегi тӛлемақы ставкасын асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) кӛбейту арқылы жүргiзiледi;

автокӛлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) нақты осьтiк жүктемелерiнiң жол берiлетiн осьтiк жүктемелерден асып түскенi үшiн есепқисап, бұл әрбiр артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштiктелген осьтер үшiн есептеледi және 1-кестеде кӛрсетiлген тиiстi тарифтердi бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) кӛбейту арқылы жүргiзiледi:

1.Егер осы бапта ӛзгеше белгiленбесе, алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн тӛленедi.

2.Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке тӛленедi.

3.Алым сомасын бюджетке тӛлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не кӛлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылау-ӛткiзу пункттерiнде не ӛзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақша аудару жолымен жүргiзiледi.

4.Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын кӛлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейiнгi операциялық күннен кешiктiрмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейiннен бюджетке есепке алу үшiн тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсiмдерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 10 еселенген мӛлшерiнен аз болған жағдайда, ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бiр рет жүзеге асырылады.

5.Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен тӛлеген кезде қатаң есептiлiк бланкiлерiне кӛлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сәйкестендiру нӛмiрi қойылады.

6.Алымдардың тӛленген сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.

7.Отандық және шетелдiк автокӛлiк құралдарының ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүруi үшiн алынатын алымды есептеу, тӛлеу тәртiбiн және бюджетке енгiзу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Аукционнан алынатын алым

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым тӛлеушiлер болып табылады.

170