
салы
.pdfТӛмендегілердің қайсысы ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық салу объектiлерi болып табылады?
1) ойын үстелi
бiр ойыншымен ойын ӛткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2)бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын ӛткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
3)ойын ӛткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
4)ойын жолы
5)бильярд үстелi
Ойын бизнесіне салық бойынша салық салу объектiлерi айдың 15-iнен кейiн берiлген кезде ойын бизнесіне салық қалай есептеледi?
1)белгiленген ставканың 1/2 мӛлшерiнде
2)белгiленген ставка бойынша
3)белгіленген ставканың 2 еселенген мӛлшерінде
4)белгіленген ставканың 1/4 мӛлшерiнде
5)белгіленген ставканың 3 еселенген мӛлшерінде
Ойын бизнесіне салық бойынша салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн берiлген кезде ойын бизнесіне салық қалай есептеледi?
1)белгiленген ставка бойынша
2)белгiленген ставканың 1/2 мӛлшерiнде
3)белгіленген ставканың 2 еселенген мӛлшерінде
4)белгіленген ставканың 1/4 мӛлшерiнде
5)белгіленген ставканың 3 еселенген мӛлшерінде
Ойын бизнесіне салық бойынша салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде ойын бизнесіне салық қалай есептеледi?
1)белгiленген ставканың 1/2 мӛлшерiнде
2)белгiленген ставка бойынша
3)белгіленген ставканың 2 еселенген мӛлшерінде
4)белгіленген ставканың 1/4 мӛлшерiнде
5)белгіленген ставканың 3 еселенген мӛлшерінде
Ойын бизнесіне салық бойынша салық салу объектiлерi айдың 15-iнен кейiн шығып қалған кезде ойын бизнесіне салық қалай есептеледi?
1)белгiленген ставка бойынша
2)белгiленген ставканың 1/2 мӛлшерiнде
3)белгіленген ставканың 2 еселенген мӛлшерінде
4)белгіленген ставканың 1/4 мӛлшерiнде
5)белгіленген ставканың 3 еселенген мӛлшерінде
Есепті кезең үшінші тоқсан болса салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына ойын бизнесi салығы бойынша декларация қай уақытта табыс етілуі қажет?
1)15 қараша
2)15 ақпан
3)15 мамыр
4)15 қазан
5)15 тамыз
91
ҚҚС бойынша есепке тұру үшін ең тӛменгі айналым мӛлшері қандай соманы құрайды?
1)30000 АЕК
2)40000 АЕК
3)50000 АЕК
4)100000 АЕК
5)10000 АЕК
Тӛмендегілердің қайсысы ҚҚС салық объектісі болып табылады?
1)салық салынатын айналым, салық салынатын импорт
2)салық салынатын табыс, тӛлем кӛзінен салық салынатын табыс
3)тауарлардың нақты кӛлемі, ӛткізілген ӛнімнің нақты құны
4)салық салуға жатпайтын тӛлемдерді қоспағанда, табыс түрінде қызметкерлерге тӛленетін жұмыс берушінің шығындары
5)дұрыс жауабы жоқ
Қосылған құн салығын тӛлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ӛткізу бойыынша жасаған айналымы, бұл:
1)салық салынатын айналым
2)салық салынатын импорт
3)салықтан босатылған айналым
4)салық салынатын табыс
5)аталғандардың барлығы дұрыс
Кеден заңдарына сәйкес ҚР-ның аумағына әкелінген тауарлар, бұл:
1)салық салынатын импорт
2)салық салынатын айналым
3)салықтан босатылған айналым
4)салық салынатын табыс
5)аталғандардың барлығы дұрыс
Салық салынатын айналым мӛлшері қандай жағдайларда түзетілуге жатқызылады?
1) аталғандардың барлығы дұрыс
2) мәміленің шарттары ӛзгертілген жағдайда
3)ӛткізілген тауарлар, жұмыстар және қызмет кӛрсетулер үшін баға ӛзгерген жағдайда
4)ӛткізілген тауарлардың (жұмыстар, қызмет кӛрсетулер) тӛленген тӛлем мӛлшері күмәнді болып табылған жағдайда
5)тауарлар толық немесе жартылай қайтарылған жағдайда
ҚҚС ставкалары қандай?
1)12%; 0 %
2)15%; 0 %
3)20%; 10 %; 0 %
4)12%; 10 %
5)13%; 0 %
Нӛлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға қайсысы жатады?
1)аталғандардың барлығы
2)тауарлар экспорты
92
3)ҚР-ның аумағынан экспортталатын және ҚР-ның аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдау
4)ҚР-ның аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдау
5)халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдау Тӛмендегілердің аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет кӛрсетулердің қайсысы қосылған құн салығынан босатылған айналымдарға жатпайды?
1)дұрыс жауабы жоқ
2)почта тӛлемақысының мемлекеттік белгілері
3)акциз маркалары
4)тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жӛніндегі қызмет кӛрсетулер
5)ұлттық валюта банкноттары мен монеталары
Тӛмендегілердің қайсысы есепке жатқызылмайтын ҚҚС болып табылады?
1)аталғандардың барлығы
2)салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулерді алумен байланысты қосылған құн салығы
3)қонақ үй ретінде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды алумен байланысты қосылған құн салығы
4)негізгі құрал ретінде сатып алынатын жеңіл автомобильдерді алумен байланысты қосылған құн салығы
5)дұрыс жауабы жоқ
Тӛмендегілердің қайсысы ҚҚС-нан босатылатын қаржылық қызмет кӛрсетулерге жатпайды?
1)дұрыс жауабы жоқ
2)аударым операциялары
3)депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу
4)шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру
5)бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта ӛңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар бюджетке тӛлеуге жатқызылатын ҚҚС сомасы неше пайызға азайтылуға жатқызылады?
1)70%
2)50%
3)40%
4)20%
5)80%
Барабарлық әдіс бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС қалай анықталады?
1)жалпы айналым сомасындағы салық салынатын айналымның үлесі мӛлшерінде
2)жалпы айналым сомасындағы салық салынбайтын айналымның үлесі мӛлшерінде
3)жалпы айналым сомасындағы салық салынатын табыстың үлесі мӛлшерінде
93
4)салық салынатын табыс сомасындағы салық салынатын айналымның үлесі мӛлшерінде
5)дұрыс жауабы жоқ
Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде ҚҚС тӛлеушінің таңдауы бойынша есепке алудың қандай әдістері қолданылады?
1)бӛлек есептеу және барабарлық әдістер
2)тура есептеу және жанама әдістер
3)негізгі және қосымша әдістер
4)тура есептеу және барабарлық әдістер
5)бӛлшектеп есептеу, толық есептеу және барабарлық әдістер Тӛмендегілердің қайсысы ҚҚС бйынша есепке алуға жатқызылмайтын сома болып табылады?
1)салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет кӛрсетулерді алумен байланысты қосылған құн салығының сомасы
2)қосылған құн салығы бӛлiп кӛрсетiлiп, ұсынылған шот-фактуралар бойынша ӛнiм берушiлерге тӛлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы
3)қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша тӛленуге жататын қосылған құн салығының сомасы
4)есептi салық кезеңiнде алынған мерзiмдi баспа басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралының ӛзге де ӛнiмiнiң құнына келетiн бӛлiгiнде жазылған шот-фактуралар бойынша тӛленуге жататын қосылған құн салығының сомасы
94
4 БӚЛІМ. ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР
11 Тақырып. Корпоративтік табыс салығы
1.Тӛлеушiлер, салық салу объектілері
2.Жылдық жиынтық табыс және шегерімдер
3.Аванстық тӛлемдерді есептеу
4.КТС тӛлеу мерзімдері мен есептеу тәртібі
1. Мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы кӛздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтiк табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
Ойын бизнесi салығын, тiркелген салықты тӛлеушiлер сәйкес қызмет түрлерiн жүзеге асырудан түсетiн табыстар бойынша корпоративтiк табыс салығын тӛлеушiлер болып табылмайды.
Корпоративтiк табыс салығын салу объектiлерi мыналар болып табылады:
1)салық салынатын табыс;
2)тӛлем кӛзiнен салық салынатын табыс;
3)Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.
Салық салынатын табыс сәйкес түзетулердi ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен белгеленген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Жылдық жиынтық табыс:
- Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңiнiң iшiнде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
- Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасындағы кӛздерден алған табыстардан тұрады.
Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретiнде қарастырылмайды:
1)жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiктiң құны;
2)эмитент ӛзi шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша
сомасы;
3)мүлiктi ӛтеусiз негiзде беретiн салық тӛлеушi үшiн ӛтеусiз берiлген мүлiктiң құны. Ӛтеусiз орындалған жұмыстардың, кӛрсетiлген қызметтердiң құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер кӛрсетуге байланысты шеккен шығыстар мӛлшерiнде айқындалады;
4)салық мiндеттемесiнiң мӛлшерiн азайту сомасы;
5)басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының
95
бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есепте табыс деп танылатын активтердiң және (немесе) мiндеттемелердiң құнын ӛзгертуге байланысты туындайтын табыс;
6) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтердi қайта бағалауға арналған резервтердi азайту есебiнен бӛлiнбеген пайданы арттыру.
2. Жылдық жиынтық табыс және шегерімдер
Жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстар
1. Жылдық жиынтық табысқа салық тӛлеушi табыстарының барлық түрлерi:
1)ӛткiзуден түсетiн табыс;
2)құн ӛсiмiнен түсетiн табыс;
3)туынды қаржы құралдары бойынша табыс;
4)мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс;
5)күмәндi мiндеттемелер бойынша табыс;
6)банктердiң және лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерiнiң) мӛлшерлерiн азайтудан түсетiн табыс;
7)сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерiн азайтудан түсетiн табыс;
8)талап ету құқығын басқаға беруден түсетiн табыс;
9)кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм бергенi үшiн алған табыс;
10)тiркелген активтердiң шығып қалуынан түсетiн табыс;
11)табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және ӛндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетiн табыс;
12)кен орындарын әзiрлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзiрлеу салдарын жою жӛнiндегi iс жүзiндегi шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетiн табыс;
13)бiрлескен қызметтi жүзеге асырудан түсетiн табыс;
14)егер бұрын бұл сома шегерiмге жатқызылмаса, негiзсiз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, танылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, ӛсiмпұлдар және басқа санкция түрлерi;
15)бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған ӛтемақылар;
16)ӛтеусiз алынған мүлiк түрiндегi табыс;
17)дивидендтер;
18)депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар;
19)оң бағамдық айырма сомасының халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және
96
қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;
20)ұтыстар;
21)әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыс;
22)кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатудан түсетiн табыс;
23)сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын ӛзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табыс;
24)осы тармақтың 1)-23) тармақшаларында кӛрсетiлмеген басқа да табыстар енгiзiледi.
Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық тӛлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:
1)тәуекелдiк инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары тӛлейтiндi қоспағанда, дивидендтер;
2)жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алған банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және тӛтенше жарналарының сомасы;
3)Сақтандыру тӛлемдерiне кепiлдiк беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi, қосымша және тӛтенше жарналарының сомасы;
4)жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру тӛлемдерiне кепiлдiк беру қоры ӛздерiнiң ӛтелген депозиттер мен тӛленген кепiлдiктi және ӛтемақылық тӛлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алған ақша сомасы;
5)Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
6)Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
7)Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
8)Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлесi бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9)мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын ӛзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табыс;
10)мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры мақта ӛңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
97
11)астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
12)мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепiлдiк тӛлемдерiн жүзеге асыру жӛнiндегi талаптарды қанағаттандыру тәртiбiмен алатын ақша сомасы алып тасталуға жатады.
2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық тӛлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен ӛзге әдiске ауысқан кезде салық тӛлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзiлген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.
Салық тӛлеушi тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың ӛзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнiң басынан бастап жүргiзедi.
Шегерімдер
Сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық тӛлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
Шегерiмге жатқызылған шығыстардың мӛлшерi белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
Шегерiмдердi салық тӛлеушi ӛзiнiң табыс алуға бағытталған қызметiне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердiң шығыстарын қоспағанда, олар iс жүзiнде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және тӛлем кӛзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
Белгiленген ставканың сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың кӛбейтiндiсi
алу
корпоративтiк табыс салығының тӛмендегі есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
Бюджетке тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы бұл салықты тӛлем кӛзiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде тӛлем кӛзiнен ұтыс, сыйақы түрiндегi табыстан ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелерi тӛлем кӛзiнен депозиттер бойынша сыйақы түрiндегi табыстан ұсталған корпоративтiк табыс салығы бойынша, қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымға, коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Егер тӛлем кӛзiнен сыйақы түрiндегi табыстан ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы бюджетке тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасынан артық болса, табыс кӛзiнен ұсталған корпоративтiк
98
табыс салығының сомасы мен бюджетке тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейiнгi он салық кезеңiн қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерiнiң бюджетiне тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы бiрте-бiрте азайтылады.
Ауыл шаруашылығы ӛнiмiн ӛндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтынушылар кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық тӛлеушi корпоративтiк табыс салығын есептеудi 70 пайызға тӛмендете отырып жүргiзедi.
3. Аванстық тӛлемдер сомасын есептеу
Салық тӛлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдердi белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңi iшiнде есептейдi және тӛлейдi.
Мыналар аванстық төлемдердi есептемеуге және төлемеуге құқылы:
1)егер осы тармақта ӛзгеше кӛзделмесе, түзетулер ескерiле отырып, алдыңғы салық кезеңiнiң алдындағы салық кезеңiндегi жылдық жиынтық табысы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк кӛрсеткiштiң 325000 еселенген мӛлшерiне тең сомадан аспайтын салық тӛлеушiлер;
2)жаңадан құрылған салық тӛлеушiлер - әдiлет органында мемлекеттiк (есептiк) тiркеу жүзеге асырылған салық кезеңi iшiнде, сондай-ақ кейiнгi салық кезеңi iшiнде;
3)салық тӛлеушiлер ретiнде салық органдарында жаңадан тiркелген Қазақстан Республикасында қызметiн филиал, ӛкiлдiк құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - салық органдарында тiркеу жүзеге асырылған салық кезеңi iшiнде, сондай-ақ кейiнгi салық кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша.
Аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңi iшiнде тең үлестермен тӛленедi.
Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасының есепқисабы есептi салық кезеңiнiң бiрiншi тоқсаны үшiн есептi салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрiлмей, салық тӛлеушi орналасқан жердегi салық органына табыс етiледi.
Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасы ӛткен салық кезеңi үшiн аванстық тӛлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердiң жалпы сомасының төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi.
Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең iшiнде тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасының есеп-
99
қисабын есептi салық кезеңiнiң екiншi, үшiншi, тӛртiншi тоқсандары үшiн салық тӛлеушi оны табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде табыс етедi.
Алдыңғы салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық тӛлеушiлер алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде салық органына ағымдағы салық кезеңiндегi корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, аванстық тӛлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге мiндеттi.
Салық тӛлеушiлер есептi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн, есептi салық кезеңiндегi табыстың болжамды сомасын негiзге ала отырып, есептi салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы.
Корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында кӛрсетiлген түзетулер ескерiле отырып, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасының терiс мәнi болмауы керек.
Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн тӛлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңiнiң 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiлуi мүмкiн.
9. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезде салық тӛлеушi аталған декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн аванстық тӛлем сомасын ӛткен салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдер сомалары есеп-қисабында есептелген аванстық тӛлемдердiң жалпы сомасынан айқындалған орташа айлық аванстық тӛлем мӛлшерiнде тӛлейдi.
Салық тӛлеушiлер корпоративтiк табыс салығын тӛлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтiк табыс салығын тӛлеудi тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.
Салық тӛлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық тӛлемдердi бюджетке айқындалған мӛлшерде ағымдағы айдың 25-iнен кешiктiрмей, ай сайын енгiзуге мiндеттi.
Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық тӛлемдер сомасы есептi салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жӛнiндегi декларация
100