Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tauartanu_1-1.docx
Скачиваний:
141
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
51.32 Кб
Скачать

17. Тауартанудың п.Б.Мен дамуы, басқа ғылымдармен байланысы

Тауартану - тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін зерттейтін ғылыми пән. Бұл ғылым пән үшін тауарлардың тұтынушылық құнын зерттеу маңызды орын алады. Кез келген тауардың тұтынушылық құны болады. Тауарды өндіруге кеткен қажетті қоғамдық енбектің мөлшері оның құнын анықтайды. Тауардың пайдалылығы, адамның кез-келген кажеттілігін қанағаттандыру қабілеті тұтынушылық құн деп аталады. Тауардың тұтынушылық құны оның қасиеттеріне негізделген. Өнімнің қасиеті дегеніміз оны өндіруде, қолдануда және тұтынуда айқындалатын объективті ерекшелігі. Тауардың қасиеттері табиғи және өндіру процессінде, сақтауда өзгеруі мүмкін.

Тауартану ғылым ретінде XVI ғ. ортасында қалыптасты. Бұл кезде шығарылатын тауарлардың көлемі мен түрлері ұлғайды, олар туралы жүйеленген мәлімет пен білім, яғни тауартану қажеттілігі пайда болды. Өнеркәсіптік өндірістің өсуімен тауартану алдында әртүрлі мақсаттар туындады.

Тауартану дамуында үш маңызды кезеңді атап көрсетуге болады: біріншісі - тауартану-сипаттау кезеңі, бұл кезде негізгі көңіл әртүрлі тауарлардың қасиеттері мен қолдану әдістерін сипаттауы бар нұсқауға бөлінді (ХVI ғ. Ортасынан бастап XVII ғ. Басына дейін); екіншісі – тауартану-технологиялық кезең, негізгі мәселе технологиялық факторлардың (шикізат, материал, технология қасиеті) тауар сапасына әсерін зерттеу болды (XVIII ғ. Бастап XX ғ. Басына дейін); үшіншісі – тауартану – қалыптасу кезеңі, оның негізгі мәселесі қалыптастырудың ғылыми негіздерін жасау, тауарлардың тұтынушылық құнын, сапасын, ассортиментін бағалау мен басқару болды (XX ғ. Бастап қазіргі уақытқа дейін).

Тауартанудың негізін салушы профессор М.Я.Киттары (1825-1880) саналады, ол тауартанудың ғылыми негізін салды: курс мазмұны мен пән анықтамасын берді, классификацияны жасап, тауар қасиеттерін сипаттады. Технология мен тауартануды зерттеу химия, физика және басқа табиғи ғылымдарға негізделу керек деп есептеді.

Тауартанудың ары қарай дамуы профессорлар П.П. Петров (1850-1928) жене Я.Я. Никитинский (1854-1924) есімдерімен байланысты. Олар тауартанудың мәнін, мақсаттарын және көлемін анықтады, олардың өндіріс технологиясы мен ауыл шаруашылық және экономикалық ғылымдармен байланысын көрсетті.

Тамақ өнімдерінің тауартануының дамуы профессор Ф.В.Церевитинов (1874-1947) есімімен байланысты. Ол алғаш төменгі температурада жемістер мен көкөністерді сақтау мен ұзақ уақыт тасымалдауда жүретін химиялық процестерді зерттеді. Тауартанудың осы саласына профессорлар В.С.Смирнов, Н.И.Козин, В.С.Грюнер, А.А.Колесник үлестерін қосты.

Тамақ өнімдері қасиеттері және оларға қойылатын талаптар бойынша ажыратылатын болғандықтан, тауартануда әртүрлі ғылымдардың мәліметтері мен білімдері қолданылады. Сондықтан ол техникалық және ғылыми пәндерімен тығыз байланысты. Тауартанудың экономикалық география, статистика, әкономика және сауданы ұйымдастырумен байланысты тауарлардың қозғалысы мн есебін ұйымдастыруға, оларға деген халықтың қажеттілігін анықтауға және т.б. мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]