Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

9. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар.

10. Мәтінен есімше сөздерді тауып жазыңыздар.

Есімшенің қызметін еске түсіріңіздер.

Есімше 1.етістік (қимыл-әрекетті білдіреді)

2.сын есім (зат, құбылысты айқындайды)

3.зат есім (қимыл-әрекет иесін білдіреді)

4. үстеу (мезгіл мәндес тұлғада болады)

11. Мақалдардың мағынасын түсініңіздер,есімшелерді табыңыздар.

1.Айтысқан ауыл болмас, болыспаған бауыр болмас.

2. Өсетін елдің қарты қазына болар, өспейтін елдің қарты қазымар болар.

3. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра.

12.Төмендегі етістіктерден әртүрлі есімшелер жасаңыздар.

Үлгі: жаз – жазған, жазатын, жазар, жазбас.

Жаз. Көмектес. Кел. Айт. Сөйле. Ізде. Көр. Түсін. Оқы. Жина.

13. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Қаныш Сәтбаев – ғалым, атақты қазақ геологі, қоғам қайраткері. Ол 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Кішкентай Қанышты ата-анасы білімді, дарынды және тәртіпті етіп тәрбиелеген. Ол ауыл мектебінде оқыды. Мектепте өте зерек, қабілетті бала болды. Сонан соң Қ. Сәтбаев Томск технологиялық институтын бітірді. Ол Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланды, Қазақстан ғалымдарының көшбасшысы болды. Ол 1964 жылы қайтыс болды.

Қаныш Сәтбаев әділетті басшы болды және басқалардан отансүйгіштік қасиетімен ерекшеленді.

Пайдалы қазбаларды игеру нәтижесінде салынған жаңа қалалардың бірі – Жезқазған. Мұнда кен-металлургия комбинаты бар. Атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімімен аталатын бұл кәсіпорын – алыптардың алыбы. Жезқазған комбинатының мыстарын туған еліміздің қажеттеріне жаратып, одан әрі алыс, жақын шетелдерге жөнелтіп жатады.

14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология

Алуа:–Нейля, сенің жұмыс кабинетіңде қандай техникалық құралдар бар?

Нейля: –Компьютер, цифрлы фотоапарат, плеер, iPODбар.

Алуа: – Мен кеше notebook сатып алдым.

Нейля: –Компьютеріңді интернет желісіне қостың ба?

Алуа: – Иә, әрине. Жылдамдығы жоғары интернет жүйесіне қостым. Мен интернет материалдарын көп оқимын ғой.

Нейля: – Сен «Power Point» бағдарламасымен жұмыс істей аласың ба?

Алуа: – Әрине, Power Point» бағдарламасын тез үйреніп алдым. Оның пайдасы көп екен. Сол арқылы презентациялар жасап жүрмін.

15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.

16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.

Тірек сөздер: хабар, алу, алмау, ақпарат, желісіне қосу, жүйе, поштаны ашу, поштаны пайдалану, іздеу, интернет желісі, арна, скайпты қолдану, скайп арқылы хабар алу.

17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы

ХХ ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Интернет1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келді. Оны соғыс бола қалған жағдайда бірбірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. 60-жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютержелісінің үзілмеуі үшінарнайы жүйе жасады, тәжірибенің ойдағыдай жүргізілу барысында ARPA net желісі пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютерді ғана біріктірді.

1990 жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Үйден шықпай газет бетін парақтағыңыз келе ме, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдік торды қолдансаңыз болды. Гиперсілтеме жүйесі арқылы қажетті басылымыңызды санаулы минуттар ішінде тауып аласыз. Ғаламшарымыздың кез келген нүктесіндегі ауа райын, ақпараттық агенттіктің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе, Интернет жәрдем беруге әзір. Шалғай елдерге сапар шексеңіз, өзіңізге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлік ойын әуесқойы да –бәрі қажет ақпарат таба алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]