Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азиза УМК ЭиСАУ-.каз.doc
Скачиваний:
408
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. Қандай жартылай өткізгіш құрылғы тиристор деп аталады және ол қандай материалдан жасалады?

2. Динистор мен семистордың структурасын келтіріңіз, олардың айырмашылығы неде?

3. Тиристордың ВАС-ын сызып оларды динистор ман семистордан аырмашылығын атаңыз?

4. Басқарылатын түзеткіштердің жұмыс істеупринциптері қандай?

4 Зертханалық жұмыс

Биполярлы транзистордың жұмысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты:

  1. Биполярлы транзистордың кірмелі және шықпалы статикалық сипаттамаларын алу

  2. Биполярлы транзистор көмегімен айнымалы кернеуді күшейту үрдісін зерттеу.

Жұмыстың тапсырмасы:

1. Electronics Workbench терезесінде келтірілген электрлік схемасын жинаңыз.

2. Транзистордың кірмелі вольтамперлі сипаттамасын IЭ= F(UБЭ ) алыңыз. Ол үшін шықпалы (UКБ ) кернеудің 5 және 12 В тұрақты мәндері үшін (UБЭ) база эмиттер арасындағы кернеуді кестеге шамалар бойынша өзгерте отырып, эмиттер тогының мәнін 1 кестеге жазып отырыңыз.

3. Транзистордың шықпалы вольтамперлі сипаттамасын IК = F(UКБ) алыңыз. Ол үшін база тогының IБ = 0; 0,2; 0,4; 0,8 mА мәндері үшін, UКБ коллектор мен база арасындағы кернеуді кестедегі мәндерге сәйкес өзгерте отырып коллектор тогының мәндерін 2 кестеге жазып отырыңыз.

4. Алынған нәтижелер бойынша транзистордың крімелі және шықпалы вольтамперлі сипаттамаларын графикте кескіндеңіз

5. Вольтамперлі сипаттамалар негізінде транзисторлардың һ – параметрлерін есептеңіз.

Зертханалық есептің қысқаша мазмұны:

Лабораториялық жұмыс бойынша есеп дайындаңыз. Есеп төмендегілерден тұрады:

1. Жұмыстың аты жазылған титуль парағы.

2. Жұмыстың мақсаты.

3. Лабораториялық жұмыстың тапсырмасы.

4. Құрылғының схемасы және таңдау негіздемесі.

5. Өткізілген эксперименттің нәтижелер кестесі.

6. Транзистордың кірмелі және шықпалы ВАС графиктері.

7. ВАС графиктері негізінде алынған һ – параметрлерінің мәндері.

8. Жұмыстың қорытындысы.

Бақылау сұрақтары

1. Биполяр транзистордың қандай жалғану схемаларын келтіре аласыз?

2. Биполярного транзистор арқылы қандай ток өтеді?

3. Күшейту коэффициенті коллектор және эмиттер тогына қалай тәуелді?

4. Шықпалы сипаттамадағы база тогы мен коллектор тогының коллектор-эмиттер кернеуіне тәуелділігі түсіндіріңіз?

5. Биполяр транзистордың дифференциал кірмелі кедергісі эмиттер тогына

қалай тәуелді болады?

6. Биполяр транзистордың жұмыс нүктесін қалай анықтаймыз?

7. Қай кезде биполяр транзистор қиылу ре­жимінде болады?

8. Қанығу режимінде коллектор мен эмит­тер арасындағы потенциал түсімі қалай анықталады?

9. ЖЭ бойынша жалғанған күшейткіш каскадында кірмелі және шықпалы гармоникалық сигнал арасында фазалар айырымы қандай?

10. ЖЭ бойынша жалғанған транзисторлы каскадтың күшейту коэффициенті қалай анықталады?

5 Зертханалық жұмыс

Өрістік транзистордың сипаттамасын зерттеу

Жұмыстың мақсаты:

  1. Өрістік транзистордың жұмыс үрдісін зерттеу.

  2. Өрістік транзистордың вольт-амперлік сипаттамасын алу және талдау.

  3. Өрістік транзистордың параметрлерін анықтау.

Жұмыстың тапсырмасы:

1. Өрістік транзистордың жұмысын зерттеу үшін әдістемелік нұсқауда келтірілген қажетті кесте және шықпалы ВАС-ы мен беріліс сипаттамасын сызу үшін координата осьтерін жұмыс дәптеріне өткізіңіз (мұнда IҚ - 1 cм = 0,4мА; UТБ-1 cм=0,5В; UҚБ-1 cм=1В). жұмыс дәптеріне өткізіңіз.

2. Өрістік транзистордың жұмысын зерттеу үшін қажетті әдістемелік нұсқаудағы схеманы жұмыс дәптеріне өткізіңіз.

3. Өрістік транзистордың шықпалы ВАС-ын алып, графиктен тіктік коэффициентін анықтаңыз.

4. Өрістік транзистордың беріліс сипаттамасын алып, графиктен дифферециал кедергісін анықтаңыз.

5. Өлшеулерді жүргізіп, нәтижелерді кестеге көшіріңіз.

Зертханалық есептің қысқаша мазмұны:

Лабораториялық жұмыс бойынша есеп дайындаңыз. Есеп төмендегілерден тұрады:

1. Жұмыстың аты жазылған титуль парағы.

2. Жұмыстың мақсаты.

3. Лабораториялық жұмыстың тапсырмасы.

4. Құрылғының схемасы және таңдау негіздемесі.

5. Өткізілген эксперименттің нәтижелер кестесі.

6.Транзистордың шықпалы ВАС-ы мен беріліс сипаттамасының графиктері.

7. Графиктер негізінде алынған өрістік транзистордың параметрлерінің мәндері.

8. Жұмыстың қорытындысы.

Бақылау сұрақтары

1. Өрістік транзистор деп нені атайды?

2. Өрістік транзистордың схемасының қандай қосылу түрлері бар?

3. Өрістік транзистордың кірмелі кедергісінің жоғары болу себебі неде?

4. Өрістік транзистордың биполяр транзистордан айырмашылығы неде?

5. Өрістік транзистордың көмегімен сигналдарды күшейту үрдісі қалай?