Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азиза УМК ЭиСАУ-.каз.doc
Скачиваний:
408
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Electronics Workbench 5 жүйесінің мақсаты мен мүмкіншіліктері қандай?

  2. Electronics Workbench бағдарлаушы комплексінің интерфейсі жұмыс тәртібі нелерден тұрады?

  3. Electronics Workbench схематехникалық модельдеу жүйесінің жұмыс тәртібі нелерден тұрады?

  4. Радиэлектрондық құрылғыларды Electronics Workbench бағдарламалық комплексі көмегімен модельдеуді мысал ретінде қаралған интегралдаушы және дифференциалдаушы RC – тізбегінің шықпасындағы сигналдың көріністері бойынша қандай қорытынды айтасыз?

2 Зертханалық жұмыс

Жартылай өткізгішті диодтардың волтьамперлік сипаттамаларын зерттеу

Жұмыстың мақсаты:

  1. Тура және кері бағытта кернеу беру арқылы германийлі және кремнийлі диодтардың жұмыс істеу режимдерін зерттеу.

  2. Алынған нәтижелер бойынша жартылай өткізгішті диодтардың вольтамперлік сипаттамасын салу.

Жұмыстың тапсырмасы:

  1. Electronics Work Bench бағдарламасының терезесінде диод схемасын жинаңыз.

  2. Амперметрдің ішкі кедергісін - 1 пОм, вольтметрдің ішкі кедергісін - 10 МОм етіп орналастырыңыз.

3. Үш түрлі еркін түрде таңдалған диодтардың вольтамперлі сипаттамасын алыңыз, мұнда диодтың бірі міндетті түрде «Diods», кітапханасының “Int_shot” моделінің бірі болуы керек.

4. Алынған нәтижелерді кестелерге енгізіңіз.

5. Алынған нәтижелер бойынша вольтамперлі сипаттамасын салыңыз

Зертханалық есептің қысқаша мазмұны:

Лабораториялық жұмыс бойынша есеп дайындаңыз. Есеп төмендегілерден тұрады:

1. Жұмыстың аты жазылған титуль парағы

2. Жұмыстың мақсаты

3. Лабораториялық жұмыстың тапсырмасы

4. Құрылғының схемасы және таңдау негіздемесі.

5. Өткізілген эксперименттің нәтижелер кестесі.

6. Үш диод үшін сызылған ВАС графиктері

7. Диодтардың тура және кері кедергілерінің мәндері

8. Жұмыстың қорытындысы.

Бақылау сұрақтары

1. Тура ток өту кезінде қатерлі қызу болмауы үшін, ал кері ток өту кезінде тесілу құбылысы болмауы үшін диодтың жұмыс режимі қандай болуы керек?

2. Не үшін диодтар 0,2—0,3 В аралығындағы және одан кіші кернеу

сигналдарын түзете алмайды?

3. Алынған сипаттама негізінде 0,6 и 0,8 В тура кернеуге сәйкес келуші

тура кедергілерді есептеңіз.

4. Бірнеше диодтардың өлшенген параметрлерін қолданып, олардың кері

кедергілерін есептеңіз.

5. Сіз тәжірибе өткізген қайсы диодтың сапасы жақсы деп ойлайсыз және не үшін?

3 Зертханалық жұмыс

Тиристордың жұмыс істеу принциптерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты:

1. Тиристордың жұмыс істеу принциптерін үйрену; вольтамперлік сипаттамасын алу және талдау.

Жұмыстың тапсырмасы:

1. Тиристордың жұмысын зерттеу үшін қажетті әдістемелік нұсқаудағы кестені жұмыс дәптеріне өткізіңіз.

2. Тиристордың ВАСын сызу үшін әдістемелік нұсқаудағы келтірілген координата осьтерін жұмыс дәптеріне өткізіңіз (мұнда IA - 1 cм = 5мА;

UA-1 cм=10В;).

3. Тиристордың жұмысын зерттеу үшін қажетті әдістемелік нұсқаудағы схеманы жұмыс дәптеріне өткізіңіз.

4. Өлшеулерді жүргізіп, нәтижелерді кестеге көшіріңіз.

5. Тиристордың ВАСын сызыңыз.

Зертханалық есептің қысқаша мазмұны:

Лабораториялық жұмыс бойынша есеп дайындаңыз. Есеп төмендегілерден тұрады:

1. Жұмыстың аты жазылған титуль парағы

2. Жұмыстың мақсаты

3. Лабораториялық жұмыстың тапсырмасы

4. Құрылғының схемасы және таңдау негіздемесі.

5. Өткізілген эксперименттің нәтижелер кестесі.

6. Жұмыстың қорытындысы.