Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азиза УМК ЭиСАУ-.каз.doc
Скачиваний:
408
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

6 Дәріс. Оқшауланған тиекті мдж транзисторлар

Қарастырылатын сұрақтар:

1. МДЖ транзистор.

2. Оқшауланған арналы транзистор.

3. Қондырылған арналы транзистор.

4. МДЖ транзистор ВАС – ы бойынша режимдерді айыру

Негізгі әдебиет:

1. Ә. Берікұлы. Техникалық электроника. Жоғары оку орындарына арналған оқулық. - Алматы: «Білім», 1995. - 200 б.

2. Прянишников В.А. Электроника: Полный курс лекций. - СПб.: КОРОНА принт, Бином Пресс, 2006. - 416 с.

Қосымша әдебиет:

1. Забродин Ю.С. Промышленная электроника: Учебник для ВУЗов. - М.: Высшая школа, 1982.

МДЖ (металл-диэлектрик-жартылай өткізгіш) деген ат осы транзис-тордың құрылымын көрсетеді. Осыған орай, транзистордың құрылысын зерттейтін болсақ, ол метал, диэлектрик және жартылай өткізгіш қабаттарынан тұратынын байқаймыз. Көптеген жағдайда транзистор кремнийден жасалып, ал диэлектрик ретіне кремний тотығы қолданылады. Сондықтан да ертеректе МДЖ транзисторы МТЖ (металл-тотық-жартылай өткізгіш) деген атпен де белгілі болған.

МДЖ транзисторының бір түрі - индукцияланған арналы транзистордың құрылысы 6.1, а-суретте көрсетілген. Енді осы транзистордың жұмыс істеу принципіне тоқталып өтейік.

Тиекке ток көзінің теріс полюсі қосылса (суретті қараңыз), берілген кернеудің әсерінен тиектің астындағы электрондар одан алшақтай түседі. Табан ретінде қолданылған n-текті жартылай өткізгішінде көміртекте аз болғанмен, олар баршылық та, берілген тиек кернеуінің әсерінен олар оған тартыла түседі (жебе бағғыттарын қараңыз). Кернеудің белгілі бір шамасына жеткенде (ток пайда болу Un деп аталады), кемтіктер тиектің астын ағызбадан құйылмаға дейін толық жабады да, олардың арасында белгілі бір арна (канал) ашылғандай болады (p-қабат). Енді ағызба мен құйылманың аралығына құйылма кернеуін беретін болсақ, онда осы электродтардың арасында ток жүре бастайды (қаралып отыған жағдайда оң кемтіктерді құйылмаға жинау үшін оған теріс кернеу беруіміз керек).

Бастапқы кезде болмаған арнаның кейіннен тиек кернеуінің әсерінен пайда болуын, яғни индукциялануын атап өту үшін бұл транзистор индукцияланған арналы МДЖ транзистор деп аталады. Олардың өндірісте көп тараған түрлері мыналар: КП301, КП304, КП901, КП904, т.б. Бұлардың ішінде КП301, КП304 6.1, а-суретте көрсетілгендей р-арналы аспаптар болып табылады.

6.1 – Сурет

6.1, ә-суретте МДЖ транзисторының екінші түрі - қондырылған арналы өрістік транзистор көрсетілген. Атына сәйкес бұл транзистордың арнасы алдын ала қондырылып, технологиялық әдіспен арнайы жасалынады. Сондықтан да бұл транзистордың тиегіне кернеу берілмей жатып-ақ құйылма тогының пайда болуы мүмкін. Оның үстіне тиекке теріс кернеу беретін болсақ, онда п арнадан алыстатылып, оның өткізгіштігі төмендейді де, құйылма тогының шамасы азаяды; ал кернеу оң бағытпен берілсе, электрондар жан-жақтан арнаға тартыла түсіп, оны заряд тасушыларымен қанықтыра отырып, құйылма тогының шамасын арттырады. Сондықтан да бұл режимді байыту режимі деп, ал алдыңғысын кедейлену режимі деп атайды. Осы тұрғыдан алғанда индукцияланған арналы транзистор тек байыту режиміне ғана жұмыс істей алады деп қаралады.

Қондырылған арналы МДЖ – транзисторларының өндірісте жиі қолданылып жүрген түрлері: КП305, КП306, КП310, КП313, КП350. Бұлардың көпшілігі, 6.1,ә-суретте көрсетілгендей, п-арналы құрылғылар.

Оқшауланған тиекті өрістік транзистордың құйылмалық сипатта-малардың сыртқы түрі p-n өтпелі өрістік транзистордың сипаттамасына ұқсас келеді. Оқшауланған тиекті өрістік транзистордың құйылма тиекті сипаттамаларының өзара айырмашылығы 6.2 – суретте индукцияланған қондырылған каналды түрлерінде арналып көрсетілген.