Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

2. Сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы, ойыңызды білдіріңіз.

  1. Сіздің таңдаған мамандығыңыз қандай?

  2. Таңдаған мамандығыңыз сізді несімен қызықтырады?

  3. Таңдаған маман иесі болып шыққаннан кейінгі мақсатыңыз не?

  4. Бұл мамандығыңыз бойынша қандай мекемелерде жұмыс істей аласыз?

3. Көп нүктенің орнына тиісті сұрау есімдіктерін қойып, жазыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Сен …… факультетте оқисың? Байланыс инженері …. болуы керек? Радиотехника мамандары ….. айналысады? Радиотехника жетістіктері …….. қолданылады? Радиотехника инженерлеріне ….. талап қойылады?

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Радиотехника

Радио диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындарды генерациялау, күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері және оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым радиотехника деп аталады. Сонымен қатар, радиотехника деп электромагниттік тербелістер мен радио диапазондағы толқындарды радиобайланыста, теледидарда, радиолокация мен радионавигацияда, ғылыми зерттеулерде пайдаланатын техника саласы да аталады.

Радиотехниканың дамуына М.Фарадей, Дж.К.Максвелл, Г.Герц, А.С.Попов, А.Мейснер және тағы басқа ғалымдар үлкен үлес қосты.

Орыс ғалымы В.П.Вологдин жасаған жоғары жиілікті индукторлық машина негізінде 1925 жылы Мәскеу мен Нью-Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды.

Радиотехника негізінде кез-келген қашықтықта радиотелефон байланысын, кескін, сызба және сурет тарату, жедел әрекетті телеграфтық және радиобайланыс орнату мүмкіндіктері пайда болды.

Радиотехниканың үлкен жетістіктерінің бірі – ол электронды есептеуіш машиналар.

2. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә», сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сұрақтар

ИӘ

ЖОҚ

1. Радиотехниканың дамуына ғалымдар М.Фарадей, Дж.К.Максвелл, Г.Герц, А.С.Попов, А.Мейснер үлкен үлес қосты.

2. Электронды есептеуіш машиналар радиотехника жетістіктігі ме?

3. 1925 жылы Мәскеу мен Нью-Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды.

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді мазмұндаңыз. ңіз.

  1. Радиотехника ғылымы нені зерттейді?

  2. Радиотехниканың дамуына қай ғалымдар үлес қосты?

  3. Радиотехника негізінде нені орнатуға мүмкіндік туды?

  4. Радиотехника жетістіктері қайда пайдаланылады?

4. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұнын айтыңыз.

Радиоволны

Радиоволны используются при передаче сигналов для телевизоров, радио и радиотелефонов.

Радары или радиолокаторы используют радиоволны для наблюдения за самолетами и кораблями. Радарный передатчик посылает в пространство специальный пучок радиоволн. Они фиксируются радарным принимающим устройством. На экране возникает изображение, показывающее, где находятся те или иные объекты, и с какой скоростью они движутся.

5. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Радиоэлектронды құрылғылар, айналмалы радиомаяк, дағдыларын игеру, есептеу техникасы, электрлік тербеліс, кеңінен пайдаланып отыр, жұмыс істеу қағидалары, өндірістің дамуы, жоғары дәрежелі, кері байланыс орнату, негізін құрайды, арнаулы техника, жоғары кернеу, техника қауіпсіздігі, негізгі талаптар, білгені жөн, маңызы зор, қазіргі уақытта, кең ауқымды.

6. Сөз тіркестерін аударып, олармен сөйлемдер құраңыз.

Проектирование современной радиоэлектронной аппаратуры, предприятие, производящее радиоэлектронную аппаратуру, основные требования техники безопасности, разработка новых технологий, работа с высоким напряжением, технически грамотный.

7. Сәйкестігін табыңыз.

Сызба

Тәсіл

Есептеуіш

Радиобайланыс

Зерттеу

Жетістік

Шаруашылық

Дайындау

Дәреже

Тәжірибелі

Сауатты

Опытный

Прием

Степень

Достижение

Грамотный

Хозяйство

Радиосвязь

Готовить

Вычислитель

Исследовать

Схема

8. Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.

Александр Мейсснер

Александр Мейсснер (1883 ж) - австриялық өнертапқыш, техника ғылымдарының докторы. Ол радиотолқындарды тарататын антеннаны жетілдіріп, радионавигацияға қажетті айналмалы радиомаякты алғашқы болып ойлап тапты. Сонымен қатар, А.Мейсснер гетеродинамикалық радиоқабылдағыштың жұмыс істеу қағидаларын анықтады. А.Мейсснер 1913 жылы лампалық триод негізінде кері байланысты орнатты. Өшпейтін электрлік тербелістерді ойлап тауып, алғашқы болып, радиотелефондық таратқыш жасады.

Александр Мейсснер

О л кім?

Қай жылы дүниеге келген?

Не істеді?