Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беру арқылы мәтінді мазмұндаңыз.

3. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұндаңыз. Закон «о связи » рк

Глава ІІ.

Статья 7. Национальный оператор связи

Национальным оператором связи является оператор сети общего пользования, взявший на себя обязательство обеспечения предоставления услуг связи в любом населенном пункте. Положение о национальном операторе связи утверждается Правительством Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңыз.

Рессей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында жасалған Халықаралық келісімді ........................................................ мақсатымен, 2006 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасының ........................ ұлттық КаzSat ........... спутнигі геостанционарлық орбитаға шығарылды. Спутниктің ........... салмағы 1092 кг. Қызмет көрсету аумағына Қазақстан, Орталық Ресей, Кавказ және Орта Азия мемлекеттері ....... . КаzSat байланыс спутнигі ............. байланыс қызметімен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Қажетті сөздер: жатады, тұңғыш, жоғары сапалы, жалпы, жүзеге асыру, байланыс.

5. Мәтінде берілген тәртіп бойынша сөйлемдерді жазыңыз.

Жалпы ережелер, заңның, берілген, осы, І тарауында.

Оған, абонентпен, келісімшарт жасалып, абоненттік желі, абоненттік нөмір, абоненттік код беріледі, байланыс қызметін көрсетуге байланысты.

Байланыс саласының атқарушы және олардың іс- әрекеттерін реттейтін органдары туралы, айтылады, ІІ тарауда, және.

6. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз.

1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының ІІ бабында берілген Негізгі ұғымдарды теріп жазып, мағынасын түсіндіру.

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Менің мамандығым

Қазақстанның солтүстігінде автоматтық электрбайланыс мамандарын дайындау бұрын жүргізілмеген. Мұндай мамандармен бізді жақын жердегі Рессей оқу орындары қамтамасыз етті. Бірақ КСРО-ның құлдырағанынан кейін байланыс саласындағы жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі қатты сезілді. Сондықтан Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетикалық факультетінде 1992 жылы «Автоматтық электробайланыс» мамандығы ашылды. Осы жылдар ішінде кафедра көптеген инженер-энергетик, байланыс және жылу энергетикасы мамандарын шығарды. Студенттерді даярлауда үлкен үлес қосқан және қазіргі уақытқа дейін өз көмектерін көрсетіп жүрген Ақмола облысының байланыс мекемелері. Телекоммуникация мекемелері түлектерді жұмысқа орналастырып қана қоймай, эксплуатациялық және диплом алдындағы тәжирибелерден өтуін ұйымдастырады. Аталмыш кафедра «Торап жүйелері және байланыс жүйесі», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша электрондық және микропроцессорлық басқару жүйелері мен компьютерлік коммуникациялық технологиялар бағытында мамандар дайындайды.

Дайындықтан өткен мамандар электрондық, микропроцессорлық және компьютерлік құрылғыларды жобалау, жасау, оларға қажетті бағдарламалар жазу, өндіріске еңгізумен шұғылданады.

Бұл мамандар электрониканы толық меңгеріп, компьютерлік техника мен технологиялардың жетік маманы болып шығады.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет нысандарына электроника саласының ғылыми-зерттеу, жобалау институттары, электрондық және компьютерлік техниканы баптау, микропроцессорлық құрылғыларды жасау мекемелері мен зауыттары, энергетика, телекоммуникация және банк жүйелері мекемелері жатады.