Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындап жазыңыз.

3. Тақырып бойынша диаграмманы толтырыңыз.

Радиотехника

мамандығы

4. Мәтінді үлгісін пайдалана отырып, өз мамандығыңыз туралы әңгімелеңіз.

Біздің елімізде мамандықтың қай түрі болмасын жоғары бағаланады. Өйткені мамандық иесінің қайсысын алсаңыз да, олар халқына, еліне қызмет етеді. Мысалы, мұғалім мамандығын алыңыз. Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – мұғалімдер. Өмір жолына бастау сол мұғалімнен тарайды. Мұғалімнің беделі ата-анадан да жоғары. Себебі:

  • мұғалім - таза, пәк, тек тазалықты сүйеді;

  • мұғалім - білімді, көп оқиды;

  • мұғалім - еңбекқор, көп ізденеді, білімін толықтырудан ерінбейді;

  • мұғалім - патриот, балаларды жерін, халқын сүюге тәрбиелейді, адам бойына бүкіл адами қасиеттерді жинауға жалықпайды, тіпті жауын да, жаудың баласын да тәрбиелеуді өзіне міндеттеп, ол міндетін орындауға, одан нәтиже шығаруға ешқашан жалықпайды;

  • мұғалім - ана, өз баласын да, халқының баласын да, яғни жалпы адамзат баласын сүйеді, жақсы көреді, жақсы көргендіктен ешқашан да ерінбейді, шаршамайды. Міне, сондықтан да мұғалімге құрмет көрсеткен орынды.

5. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, мәтінге ат қойыңыз. Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қойып, оған жауап беру арқылы мәтінді мазмұндаңыз.

Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Осыған байланысты, олар әр салаға жіктеледі. Мысалы, экономика саласына қаржыгер, есепші, менеджер керек болса, техника саласына радиоинженер, инженер

- Электрик аса қажет.

Радиотехника мамандығы электронды құрылғыларды жасау және өндіру саласында жұмыс істейтін инженерлерді дайындайды.

Радиоинженер электрондық құрылғыларды жобалайтын және өндіретін зауыттарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жұмыс істейді.

Радиоинженер радиоөнеркәсіптің қазіргі элементтерінің базасын, есептеу техниканы, радиотехникалық жобалаудың дағдылырын білу керек.

Радиоинженер техникалық сауатты және ұқыпты болу керек.

Радиоинженерге физика, химия және математиканың негізгі заңдарын жетік білу аса қажет, өйткені радиотехника осы ғылымдарға негізделеді. Радиоинженер техника қауіпсіздігінің ережелерін де білу және қатаң сақтау керек, өйткені ол төменгі және жоғары кернеулермен жұмыс істейді.

6. Сұрақтарды тыңдап, ауызша жауап беріңіз.

  1. Сіз қай факультетте оқисыз?

  2. Факультет қай жылы құрылған?

  3. Факультеттің деканы кім?

  4. Факультет құрамына қандай кафедралар кіреді?

  5. Оқу орныңыз қай көшеде орналасқан?

7. Сұрақтарға жауап беру арқылы жоғарыда берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңыз.

а) Суретте кімдер бейнеленген?

ә) Олар қай мамандықта оқиды?

б) Олар не істеп жатыр?

в) Студенттер қандай құрылғымен жұмыс істеп жатыр?

г) Құрылғы нені анықтауға арналған?

8. Сұхбатты жалғастырыңыз.

  • Марат, сен не себептен осы мамандықты таңдадың?

  • .................................................

  • Мамандық таңдауда ата-анаңның ықпалы болды ма?

  • .................................................

  • Қазақстанда осы мамандықтың мақтанышына айналған тұлғаларды

білесің бе?

  • ..................................................

  • Болашақта өз мамандығың бойынша жұмыс істейсің бе?

  • ..................................................

  • Қазір көп жастар өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Себебі неде

деп ойлайсың?

  • ...........................................

2 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Біздің университет» (тарихы, бүгіні, ертеңі) тақырыбында ауызша баяндама жасаңыз.